Студопедия — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ






Халықаралық ынтымақтастық Институт қызметінің бір бағыты болып табылады. Институт сейсмикалық ықпалдың, топырақ пен құрылыстың өзара ықпалдасуының есепті үлгілерін әзірлеуде Германия фирмаларымен, Македония Республикасының сейсмология және сейсмикалық төзімді құрылыс институтымен, Бохумдағы Рур университетінің инженерлік-құрылыс конструкциялары институтымен және т.б. бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Темір-бетон конструкциялар, белсенді сейсмикалық қорғау және сейсмикалық оқшаулау жүйелері саласында бірлескен зерттеулер, сейсмикалық төзімді құрылыс, инженерлік сейсмология, жер сілкіністерінің салдарын талдау саласында ақпарат алмасу, арнайы бағдарламалар бойынша оқыту үшін студенттермен, мамандармен алмасу жүреді.

Институт ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңес жұмысына тұрақты негізде қатысады, соның ішінде ҚҚЫҮК-нің (құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңес) 2013 жылдың қазан айында Челябинск қаласында (РФ) өткен XXXV отырысына қатысты.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі ретінде ҚМҒТК (құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сәйкестікті бағалау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия) жұмысына қатысады.

2010 жылдың 18 қарашасындағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар даярлау жұмысы жүргізілуде.

Кеден одағының «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жобасын әзірлеуде Қазақстан Республикасының тұрақты негіздегі өкілдігін қамтамасыз етеді.

Жыл сайын құрылыстағы техникалық реттеу проблемаларын талдауға, Кеден одағының техникалық реттеудегі бірыңғай қағидаттары аясында интеграциялануды есепке ала отырып, оларды шешу перспективаларына арналған «Құрылыстағы техникалық реттеу» халықаралық конференцияларының жұмысына қатысады.

2011 жылдың наурыз айында Брюссельдегі Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетте (CEN-CENELEC) Қазақстанда еуропалық нормативтер базасын қабылдау мәселесі бойынша таныстырылым өткізілді. «CEN еуропалық стандарттарын қабылдау туралы рамалық келісімге» қол қойылды. Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы аумағында Еурокодтарға теңдестірілген EN ҚР ҚН құрылыс нормаларын (0-9) қолданудың мүмкіндігі туралы «CEN» қорытындысы алынды.

Институт қабырғасында жыл сайын «Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасы аумағында Еурокодтар мен сілтемелік стандарттарды қолдану жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады және өткізіледі, онда CEN елдері мен Қазақстан Республикасында бірыңғай Еуропалық есептеу қағидаттарын (Еурокодтарды) қолдану және пайдалану; Халықаралық және өңірлік ISO және EN стандарттарын Еуропалық одақ елдері мен Қазақстан Республикасында үйлестіру, жобалаушылар мен құрылысшыларды, жоғары оқу орындары оқытушыларын бірыңғай Еуропалық есептеу қағидаттары (Еурокодтар) бойынша даярлау және біліктіліктерін арттыру мәселелері пысықталады.

Және, әрине, Институт Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясының жалпы жиналыстарына белсене қатысады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 520. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия