Студопедия — Студент білу керек
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Студент білу керек






1. Элементтердің валенттілігін, молярлық массасын;

2. Құрам тұрақтылық заңын, массалар әрекеттесу заңын;

Студент істей білуі керек

1. Студенттерді ерітіндіні дайындап және олардың концентрациясын есептеуді;

2. Күрделі заттардың және элементтің химиялық эквиваленті, олардың молярлық

массасын анықтауды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Кіріспе бөлімі. Химиялық зертханадағы қауіпсіздік техника ережелері.

2. Элементтің химиялық эквиваленті және эквивалентік молярлық массасы.

3. Оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың, тұздардың эквиваленті және эквиваленттік молярлық массасы.

4. Ерітінділердің кұрамын көрсету тәсілдері: еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, титр.

5. Тірі ағзадағы ерітінділердің манызы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері Студенттердің химия пәнінен бастапқы білім деңгейлерін тексеру. Топ студенттерімен танысып, сабақтың тақырыбы бойынша талдау (шағын топтар, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, тестпен жұмыс және т.б.). Химиялық зертханадағы қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру. Зертханалық жұмысты орындау және оның есебін тапсыру.

ХИМИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Лабораторияда жұмыс істеу ережелері

1. Топтың студенттері жиналғанша, кезекші студент лаборанттан лабораторияны қабылдап алу керек.

2. Студенттер лабораторияға халаттарын киіп кіреді, сабаққа керек құжаттардан басқанын бәрін лаборант көрсеткен жерге қояды (сумкаларды, бас киімді, т.б.)

3. Лабораториялық жұмысты орындағанда студенттердің алдында керексіз нәрселер болмау керек, төгілген сұйықтықтарды дереу сүртіп алып, жұмыс орнын таза үстау керек. Жұмыс аяқталғанда орынды бастапқы ретіне келтіріп, су құбырының кранын жауып, аспаптарды тоқтың көзінен алып, жарықты өшіру керек.

4. Реактивтердің сауыттарын тығындаулы күйде сақтап, тек қажетті кезінде ғана ашу керек және тығындарын ауыстыруға, артық алынған реактивті қайтадан сауытқа құюға болмайды, себебі реактив ластанып, пайдалануға жарамай қалуы мүмкін.

5. Құрғақ реактивтерді таза және құрғақ қалақшамен немесе пробиркамен алады.

6. Күміс, сынап, бром, йод бар ерітінділерді арнаулы сауыттарға ғана төгуге болады.

7. Топ студенттері лабораториядан кезекшінің рұқсатымен, ал кезекшілер лаборанттың рұқсатымен кетеді.

Сақтану ережелері

1. Реактивтердің ү артығы улы заттар болғандықтан, барлық қолданылатын реактивтерді "улы зат" деп сақтану керек.

2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды шкафтың ішінде орындау керек.

3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады.

4. Сілті металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға салып сақтайды.

5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды.

6. Заттарды иіскегенде, сұйықтықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды.

7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткеде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцентпен алу керек.

Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылды, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды.

Лабораторияда тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды.

Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет.

Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді.Пробиркада сұйықтық көп болса, алдымен бәр пробирканы жылтып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылтып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады.

Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады.

Жедел көмек көрсету

Концентрленген қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәргерге бару керек.

Сілтілер тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 904. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия