Студопедия — Балалардағыжұлынми салдану вирусы.Жіктелуі, этиология, эпидемиология, кл, диаг, емі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Балалардағыжұлынми салдану вирусы.Жіктелуі, этиология, эпидемиология, кл, диаг, емі.






ПОЛИОМИЕЛИТ –жұлынның алдыңғы мүйізшелерінің қозғалтқыш нейрондарына және бас ми бағанының (бас қаңқасы нервтерінің ядролары) қозғалтқыш нейрондарына троптық әсері бар вируспен шақырылған жедел инфекциялық ауру, аталған құрылымдардың деструкциясы бұлшық еттердің атрофиясына және параличіне алып келеді. Жіктелуі: А. Салданбаған формасы: абортивті, менингеальді. Б. Салданған формасы: жұлындық, понтиндік, бульбарлы, бульбожұлындық, понтожұлындық, бульбо-понтожұлындық. Этиологиясы: қоздырғыш құрамында РНК сы бар вирус. Семейство Picornaviridae рода Enterovirus. 3 серотипі бар (I - Брунгильд, II - Лансинг, III - Леон). Қоздырғыш жұлынның сұр затының мотонейрондарын және бас нервтерінің қозғалтқыш ядроларын зақымдайды. Вирус аурудың жедел кезеңіндегі науқастардың, дені сау вирус тасымалдаушылардың, аурудан жазылғандардың мұрынжұтқыншақ шырышты қабатынан бөлініп шығады. Вирустың ену жолы жұтқыншақ, тонзиллоэктомиядан кейінгі жалған миндалиндер болуы мүмкін. Вирус хим агенттерге тұрақты,бірақ жылуға және кептіруге сезімтал. Эпидемиология: Инфекция қоздырғышының көзі болып ауру адам немесе вирус тасымалдаушы саналады. Вирус қоршаған ортаға ауызжұтқыншақ бөліндісімен немесе фекалимен шығарылады. Вирустың бөлінуі инфицирленгеннен кейінгі 2-4 күннен басталып, ауызжұтқыншақпен бөлінуі бірнеше күнге, ал фекалимен бөлінуі 4-7 аптаға созылады. Негізгі берілу жолы- фекальды-оральды. Сонымен қатар ауалы-тамшылы жолмен де берілуі мүмкін. полимиелит көбіне 5 жасқа дейнгі балаларды зақымд. 200 жағдайдың біреуінде қайтымсыз паралич дамиды. осы салданған науқастардың 5-10 пайызы тыныс алу б/еттерінің параличінен қайтыс болады. Клиникасы: Полиомиелит вирусына 4 реакция байқалады: 1. вирусқа қарсы тұрақты иммунитеттің қалыптасуы; 2. виремия кезіндегі симптомдар, ОЖЖ-нің зақымдануынсыз жүреді (абортивті жағдай); 3. Науқаста айқын симптомдардың көрінуі, алайда параличтер дамымайды; 4. Параличтердің қалыптасуы жүреді. Препаралитикалық стадия. Осы стадияның ағымында 2 фазаны ажыратады. 1ші фазада дене қызуының жоғарылауы,бас ауру, ұйқышылдық н/е ұйқысыздық,тершеңдік, жұтқыншақтың гиперемиясы, асқазан-ішектік бұзылыстар(анорексия, құсу, диарея) байқалады. Бұл фаза1-2 күнге созылады. Кейде уакытша сауығу болуы мүмкін н/е 2ші фазасына бірден ауысып кетеді. Бұл кезде айқын бас ауру ж/е арқа,аяқ-қолдың ауруы,бұлшықеттердің әлсіздігі болады. Салдану болмаса науқас жазылады. Жұлынмилық сұйықтықта қысым жоғары, плеоцитоз(1 мкл 50-250) болады. Алғашында полиморфонуклеарлар мен лимфоциттер кездеседі, ал 1 апта өткен соң тек лимфоциттер анықталады. Белок ж/е глобулиндер жоғарылайды. Глюкоза мөлшері қалыпты.Аурудың 2-аптасында ликворда белок мөлшері жоғарылайды. Бұл стадия 1-2аптаға соз. Паралитикалық стадия. Жұлындық формасы: аяқтарда ауырсыну,бұлшықеттердің қысымға жоғары сезімталдығы байқалады. Салдану жайылмалы н/е шектелген болуы мүмк. Ауыр жағдайларда кимыл-әрекет жасау мүмкін емес. Аса ауыр емес жағдайлада асимметриялық салдану байқалады: дененің 1 жағында б/еттер қатты зақымданады,1 жағында сау сақталады. Салдану алғашқы 24 сағат ішінде максимальды дәрежесіне жетеді. Өрлемелі формасында салдану аяқтардан жоғары қарай жайылады және тыныс алу бұзылыстарының қосылуымен қауіп төндіреді. Салданудың төмендеген формасы да кездеседі. Тыныс алу бұзылысын ерте анықтау үшін қабырғааралық бұлшықеттер мен диафрагма қызметін бақылау қажет.Жақсару 1 аптадан соң басталады. Терең ж/е тері рефлекстерінің төмендеуі н/е жойлуы болады. Бағаналық форма(полиоэнцефалит): мимикалық б/еттердің,тіл, жұтқыншақ көмейдің салдануы байкалады. Кейде көзқозғалтқыш б\еттер зақымданады. Бас айналу, нистагм болуы мумкін. Тыныс алу, журек-кантамырлық орталықтардың да зардап шегуі мүмкін. Диагностика:

· Айқын клиникалық симптомдардың болуы;

· Жұлын сұйықтығының өзгеруі;

· Нәжістен, сілекейден, мұрынжұтқыншақ шырышынан, қаннан полиовирустың бөлінуі,

· Вирусқа қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы;

· Зақымдалған б\еттер қызметінің ақырын, біркелкі емес қалпына келуі тән. Алайда бұл көрініс жедел салдану пайда болған соң 2-3 патадан кейін ғана пайда болады.

Емі: тыныштық беру; Тыныс алуы бұзылмаған науқ-ға рибонуклеаза б/е. Жедел кезеңінде көп сұйықтық ішке береді. Люмбальды пункция диагностикалық мақсатта және емдік мақсатта пайдаланылады. Ауырсынуды басу үшін ж/е тыныштандыру үшін анальгетиктер ж/е седативті препараттар(диазепам). Жеңіл пассивті қозғалыстар жасауға болады. Антибиотиктер пневмонияның алдын алу үшін, тыныс алу бұзылыстары бар науқастарға тағайындалады.Егерде науқаста салдану дамитын болса, онда жедел кезеңінде науқас жұмсақ төсекте жатуы керек, аяқ-өолдары еркін орналасуы қажет, ол үшін арнайы жастықта мен құм салынған қапшықтар пайдаланылады. Сауығу кезеңінде физикалық жаттығулар жасау керек. Резидуальды кезеңде контрактуралар анықталса тенотомия немесе басқа хирургиялық араласу жүргізіледі. Прозерин, дибазол, витаминдер, метаболитикалық ерітінділер, физиотерапия тағайындалады. Тыныс алу жетк.болса ИВЛ жасалады.Бульбарлы паралич кезінде көмейге сұйықтық немесе секрет түсіп кету қауіпі болады.Науқас төсекте дұрыс жатуы керек, оны бүйірімен орналастырады, бірнеше сағаттан соң келесі бүйіріне ауыстырып отырады. Төсектің аяқ жағын 15°-қа жоғарылатады.Отсоспен секретті алып тастайды. Науқасты назогастральды зон арқылы тамақтандырады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2236. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия