Студопедия — Билет 9. 1) Эпилепсия: тырыспа немесе ұстамалардың басқа түрімен сипатталатын, тұлғалық өзгерістер кездесетін созылмалы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет 9. 1) Эпилепсия: тырыспа немесе ұстамалардың басқа түрімен сипатталатын, тұлғалық өзгерістер кездесетін созылмалы






1) Эпилепсия: тырыспа немесе ұстамалардың басқа түрімен сипатталатын, тұлғалық өзгерістер кездесетін созылмалы ағымды ауру. Эпилепсия ежелден белгілі. Жіктелуі: этиологиясына байланысты: біріншілік (идиопатикалық), екіншілік (мидың орг.зақымдалуынан немесе ішкі мүш.дің бұзылыстарынан). Біріншілік эпил. этиологиясы белгісіз жеке нозологиялық форма болып табылады. Эпилепсия негізінде мидағы пайда болған патологиялық белсенді нейрондар ошағы жатыр. Олардан миға тұрақты импульсация беріліп тұрады, егер электрлік автивтілік бүкіл миға берілсе, екі жартышарына да, онда эпил.лық ұстаманың генерализденген түрі, егер тек жарты шарына немесе белгілі бір бөлігіне берілсе парциальды немесе фокальды (ошақты) д.а. Генерализденген ұстама ес жоғалтумен жүреді, үлкен тырыспалы ұстама (тонико-клоникалық) және абсанстарға (есін 2-10 с жоғалтады) бөлінеді. Парциальды ұстама: қарапайым (моторлы, сенсорлы, вегетативті) және күрделі (екіншілік ес бұзылысымен). МКБ бойынша эпилепсия G40 деп белгілінеді, G40 тың өзі бірнеше түрге бөлінеді, мысалы G40.5 Кожевник эпилепсиясы. Эпилепсиялық статус: парциальды немесе генерализденген ұстамалар 30мин.тан асса немесе бірінен соң бірі жалғасқан ұстамалар тоқтамаса дамиды. Ұстама түріне тәуелді клиникалық көрінісі: Үлкен тырыспалы синдром көбінесе кенеттен дамиды, бірақ оның алдында аура болады. Аураның келесі түрі бар: вегетативті, моторлы, психикалық, сөйлемдік, сенсорлы. Ауралар: сенсорлы: ол өзара бөлінеді келесі түрлерге, көру аурасында науқас искра, найзағай т.б. көреді, гемианапсия, амавроз болу мүмкін, иіс аурасында жаман иіс т.б. сезу, есту аурасында әр түрлі дыбыстарды, психикалық аурада қорқыныш, үрей сезімі, вегетативті аурада тахикардия, кеуде тұсындағы ауырсыну т.б. Моторлы аурада автоматты қозғалыстар, сөйлеу аурасында еріксіз дыбыстар шығару болады. Севситивті аурада науқас парестезияларды т.б. сезеді. Аура бірнеше минутқа созылады, кейін науқас есін жоғалтып, құлап түседі. Құлағанда науқас дыбыс шығарады, жағымсыз, шыңғырғандай, ол дауыс саңылауының тарылып, кеуде және диафрагма б/еттерінің жиырылуына байланысты. Одан кейін бірден тоникалық тырыспалар п.б: дене және аяқтар жазылып, басы артқа немесе жанға бұрылады, тынысы тоқтап, мойын веналары ісінеді, бетте цианоз артып, жақ сүйектері тырысады. Тырыспаның тоникалық фазасы 15-20 с жалғасады. Сосың клоникалық тырысулар басталады, кеуде, арқа, мойын, қол-аяқтары толчкообразды қозғала бастайды. Клоникалық фаза кезінде де тынысы тоқтап, ауызга сілекей толып, тілі артқа кетеді, адам тұншыға бастайды. Ұстама аяқталғанда ауыздан көбік шығып, цианоз қайта бастайды. Көбік қан аралас болу себебі, ұстама кезінде тіл тістеп алуы мүмкін. Барлық б/еттер босансиды. Бұл кезде науқас ешқандай тітіркендіргіштерге жауаап бермейді, көз қарашығы кеңейіп, барлык қалыпты рефлекстер жоғалады, кейде еріксіз зәр шығару болады. Науқас есі күңгірттенген күйге ауысып, ұйықтайды, кейін астеникалық синдромға шағымданады. Эпилепсияда бұдан басқа кіші ұстамалар болады, науқас ол кезде аз уақытқа ғана есін жоғалтады, бірақ құламайды. Бетте осы кезде мимикалық б/еттердің тырысуы болып, науқас бір нүктеге тесіліп қарап тұрады. Ұстамада кейде науқас еріксіз қимылдар істейді, ұстамадан шыққанда есінде түк болмайды. Яғни бұл абсанстар. Эпилептикалық статус (эпистатус) — эпиұстамалар бірінен соң бірі жалғасып 30 минуттан асады, ұстама арасында науқас есін жинап үлгермейді. Статус эпилепсия асқынысы ретінде немесе жеке оның манифестті көрінісі ретінде бола алады. Этиологиясы мен эпидемиологиясы: антиэпилепсиялық дарілерді тұрақты қабылдамау, басми жарақаты, ми ісіктері, ми қанайналым жедел бұзылысы, улану, ауыр инфекциялар т.б. Эпистатус 100 000 тұрғынның 18-20нда дамиды. Жиі жас балалар мен егде жастағыларда дамиды. Клиникасы: Эпистатустың үлкен және кіші ұстамалы түрлері бар. Үлкен эпиұстамалар бірінен соң бірі жалғасып 30 минуттан асады, ұстама арасында науқас есін жинап үлгермейді. Патологиялық жағдай науқас өміріне қауіп төндіреді. Тоникалық- клоникалық тырыспалар жоғарыда айтылғандай гипертермия және ацидозды тудыртады. Кіші ұстамалар абсанс түрінде, тұрақты тырыспалар б/ет қозғалысысыз, бірақ ес жоғалтумен өтеді. Ол бірнеше сағ.қа созылады. Эпистатустан шыққандағы көрініс жоғарыдағыдай. Диагностикасы: клиникасы айқын болса да негізгі әдіс ЭЭГ. Ол арқылы эпистатустың тырыспалы немесе тырыспасыз түрін ажыратамыз. Емі: жедел көмекті қажет етеді: бүйіріне жатқызып, тіл жұтылып қалмауын болдыртпау. Ауыздан протез, шырыштарды шығару. Стационарда реанимацияға ауыстыру. Тырыспаға қарсы диазепам (седуксен, валиум) т/і (20 мг) 2 ампуланы — 4 мл 0,5% седуксен ерітіндісімен 16 мл 40% глюкоза ерітіндісін (баяу енгізу!). Седуксенді б/етке енгізуге болады, ламотриджин таб 5мг 25мг 50мг 100мг, конвулекс 100мг в/в. Дегидратациялық терапия фуросемид (лазикс) 1—2 мл 2% ерітіндіні б/етке. Жүрек гликозидтерінен коргликон 1 мл 0,06% ерітіндісі немесе дигоксин 0,5—1 мл 0,025%ерітіндісі.

f. 2) Жүйке жүйесінің вертеброгенді зақымдалуы. Вертеброгенді зақымдалу перифериялық жүйке жүйесінің бұзылысына кіреді. Вертеброгенді зақымдалуға басым остеохондроз, спондилоартроз жатады. Жіктелуі: орналасу деңгейіне байланысты: 1. Мойын деңгейі 2. Кеуде деңгейі 3.бел — сегізкөз деңгейі. Клиникалық көрінісіне байл.: компрессионды, рефлекторлы. Компрессионды бөлінеді: жұлындық, түбіртектік, тамырлық. Олар өзара викарлыққа жатады. Рефлекторлы бөлінеді: жүйке- тамырлық, б/ет тоникалық, нейро- дистрофиялық, олар кеш бұзылысқа жатады. Викарлы да, кеште өзара миоадаптивтіні құрайды. Компрессионды грыжа салдарынан дамиды, яғни қысылу орын алады.Ал рефлекторлы түрінде буын аппаратындағы нервтер тітіркеніп, ауырсыну түбіртек жолымен таралып, б/еттердің спазмын тудыртып, содан ауырсыну дамиды. Этиологиясы мен эпидемиологиясы: тұрақты механикалық жүктеме, гиподинамия салдарынан дамыған зат алмасу бұзылыстары, генетикалық предрасположенность, омыртқа жарақаттары, егде жас (қанмен жабдықталуы нашарлайды). Жас артқан сайын остеохондроз бен спондилоартроз саны артады. Еркектер 50 жастан асса 90%, әйелдер 50 жастан асса 90% кездеседі. Клиникасы: деңгей бойынша қарастырса: мойынның рефлекторлы б/ет тоникалық синдромы кезінде ауырсыну мойынның артқы, бүйір бетіне беріліп, мойынды бүйірге бұрғанда, ротациялағанда ауырсынады. Жанындағы б/еттерге иррадиация береді. Ауырсыну стенокардиялық ұстамаға ұқсайды, сипаты орташа болады. Ал мойын компрессионды синдромында ауырсыну грыжа мөлшеріне, локализациясына байланысты, ауырсыну күші жоғары болады, қозғалыста күшейеді. Б/еттердің әлсіздігі болу мүмкін. Кеуде аймағындағы бұл синдромдар жоғарыдағыдай болады. Бел аймағындағы рефлекорлы ауырсыну, яғни люмбаго ауыр физ.жүктемеден кейін немесе ыңғайсыз қозғалыстан кейін дамиды, кенеттен п.б. Ауырсыну жөтелсе, түшкірсе т.б.күшееді. Аталған барлық ауырсынулар омыртқа жотасының қисаюына, б/ет атрофиясына алып келеді. Диагностика: рентенологиялық зерттеу кеңінен қолд. Остеохондроздың рентгендік белгілері: омыртқааралық саңылаудың тарылуы, остеофиттер, грыжалар т.б. Диагнозды нақтылау үшін КТ,МРТ. Рефлекторлы ауырсыну синдромын соматикалық ауруларды ажырату керек. Емі: Жедел сатысында физ.жуктемені азайту. Арнайы корсет, белдеулермен иммобилизациялау. Қабынуды басу үшін НПВС (диклофенак). Миорелаксанттар. Жедел саты өткеннен кейін физиотерпиялық ем (магнитті алаң, анальгетиктермен электрофорез т.б.). Жеделдеу сатысында ЛФК, емдік массаж т.б. Ремиссия сатысында емдік-реабилитациялық шаралар, рецидив профлиактикасы, дозаланған физ.ем. Хир.ем: егер консервативті ем 3айда нәтиже бермесе, КТда остеофит немесе т.б.болса – операция.

g. 3) Сана бұзылыстарының синдромы. ДЕЛИРИЯ: естің күңгірттенуімен жүретін жедел психоз. Делирия жағдайында науқастар шынайы галлюцинацияларды көреді. Науқас ешкімді естімей, галлюцинациялармен жүреді. Делирия ағымында бірнеше ерекшеліктер бар. Психоз жедел басталғанымен, асқынуы кешке, түнге қарай болады. Психоз басталмай тұрып, аура ұқсайтын сезім болады: үрей, мазасыздану, жалпы гиперестезия. Үрей түнге қарай артып, ұйықтар алдында, ұйықтағаннан кейін галлюцинациялар болады. Түнге қарай психоз қозады, қабырғадан әр түрлі суреттер көрініп, үй заттары бетәлпет алғандай болады. Асқынғанда науқастарда деперсенолизация (басқа жүргендей болады). Делирия ұзақтығы 2-5 күн. Психоз аяқталғаннн кейін науқас ұйықтайды. Делирия алкогольден кейін, интоксик.т.б.дан кейін дамиды. Делирия МКБ бойынша F1*4. АМЕНЦИЯ: естің терең күңгірттенуімен жүретін психикалық бұзылыс. Делириядан ұзақ болады. Науқас аментивті жағдайда қозған күйіне қарамастан, қатты шаршаған күйде болғандықтан жатады, белсеңсіз болады. Стационарда дәрігер сұрақтарын естиді, бірақ өз галлюцинациялық әлемінде болады. Делириямен салыстырғанда ауыр және ұзақ өтіп, науқасты қатты әлсіретеді. ОНЕЙРОИДЫ естің күңгірттенуі: науқаста әр түрлі фантастикалық галлюц.лар болып, олар жоғарғы жылдамдыкпен ауысып отырады. Бірақ онейроидты күңгіртткену ерекш- науқас өзін сырттан көргендей болады (3D). Ағымы жиі кенеттен дамып, психоз кезінде науқас сыртқы ортамен контактке түспейді, психоздан шыққанда шаршаған күйде болады. Онейроидты бұзылыс жиі шизофрения салдарынан дамиды.

h. 4) Биполярлы аффективті бұзылыс: МКБ бойынша F31, биполярлы бұзылыстың синонимі маниакальды-депрессивті психоз. Биполярлы деп атау себебі маникальды да депрессиялық та симптомдар кездеседі. Бұл патология кез келген жаста бола алады, бірақ жиі 20 жастан кейін. Әйелдер мен еркектерде бірдей кездеседі. Клиникасында кезектесіп отыратын осы симптомдар болады, маниакальды бұзылыс келесі триадамен жүреді: гипертимия (көңіл к көтерілуі), қозғалыс артуы, сөйлеу артуы, ал депрессияда келесі триада: гипотимия (көңіл к төмендеуі), қозғалыс және сөйлеу төмендеуі. Биполярлы афф.бұз ағымы периодты рецидивтермен болады. Дерт асқынған сайын рецидив саны артып, жоғарғы циклділікке ие болады. Диагностикалық критерииі: мания, гипомания, депрессияның бірізділікті кездессуі. Емі: базисті терапияға лития препарттары, карбамазепин, антипсихотикалық заттар. Депрессия кезінде антидепрессантар, маниак.психозда қозу болса седативті т.б.

5) Алкогольдік делирия: МКБ бойынша F10.4. Психозға жатады, естің күңгірттенуі иллюзия-галлюцинациялармен қосарланып жүреді. Психоз ұзақтығы 3-5 күн. Алкогольдан кейінгі отмена синдромынан кейін дамып, абстиненция азайғанда психозда қайтады. Клиникасында: продромальды кезеңде (абстиненция кезінде) тремор, гиперемия фонында науқастар қозған, активті күйде болады. Эмоциональды лабильділік тән: біресе үрей, біресе эйфория. Кейін парейдолиялық иллюзия дамып, ұйқысы үзілісті. Келесі кезеңде есту, көру галлюцинациялары басталады (паутина, ұзын жыландар, құрттар т.б). Осындай күй бірнеше тәулікке созылғандықтан, науқас толық ұйықтамай жүреді, ол кейін астеникалық синдроммен жалғасуы мүмкін.


6) 1) Гомолатеральды гемианопсия.

2) ишемиялық инсульт, вертебробазил.бассейнде(артқы милық артерия). Оң жақ шүйде бөлігі.

3) Ишемический инсульт.

4) холестерин, ЖҚА, БХ, ЭКГ, артерияны дуплексті сканирлеу

5) Базисті және спецификалық терапия. Базисті асқыныстарды алдын алу үшін (гипотензивті АҚ 200/120, маннитол – ісіну, су-электролит алмасуын жақсрту, веналар тормбозының профил.). Специяикалық – тромболизис алғашқы 3 сағ, антиагреганттар, нейропротекторла – глицин, вазобелсенді заттар– кавинтон, реополиглюкин, пентоксифиллин).

 

Билет

1.Полиневропатия. Классификациясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагостикасы, емі. Полиневропатия – перифериялық нервтердің диффузды зақымдануымен сипатталатын, перифериялық парездер, сезімталдықтың бұзылуы пайда болатын, трофикалық және вегетатаивтік-тамырлық бұзылыстардың аяқ-қолдаң төменгі бөліктерінде басым байқалуымен сипатталатын аурулар тобы. Классиф. 2 топқа бөлінеді: аксонопатиялар (аксондардың осьтік цилиндрлері зардап шеккенде),демиелинзирленген полиневропатия (миелинді қабық зақымданғанда). Аксонопатия – әдетте токсикалық ж/е метаболитикалық зақымдану н/е генетикалық ақау болғанда дамиды. Демиелинзирленген полиневропатия – жиі аутоиммунды н/е тұқымқуалау салдарынан дамиды. Клин. Демиелинзирленген полиневропатия кезінде ірі миелинизирленген қозғалыс ж/е сезімтал проприоцептивті талшықтар зақымдалады,миелинзирленбеген вегетативті беткей сезімтал талшықтар зақымдалмайды. Бұл кезде сенситивті атаксия,вибрациялық сезімнің жоғалуы болады. Беткей сезімталдық салыстырмалы сақталады. Аяқтың дистальды бөлігінде, кейде проксимальды бөлігінде парездер болады. Бұлшықет атрофиясы,жалпы әлсіздік болады. Этиологиясын жойғаннан кейін 6-10 аптада миелин қабығы қалпына келеді. Аксонопатия кезінде көбіне ауырсыну ж/е температураны сезіну бұзылады,амиотрофия жылдам дамиды. Алғашқы кезеңінде терең сезімталдық сақталады. Емі. Этиологиялық (м-ы, инфекциядан дамыса-антибиотик). Ауыр кезінде өмірге қажетті мүшелерді сақтауға арналған емдік шаралар жүргізіледі ж/е дезинтоксикациялайтын препараттар тағ. Полиневропатияның түріне қарамастан В тобындағы витаминдер,аскорбин қышқылы қолд. Ауырсну аса айқын байқалса новокаин электрофарезі,УЖЖ,индуктотермия,ультрадыбыс қолд. Бірінші күннен бастап дибазол қолд. Неврологиялық симптомдардың үдеуі тоқтағанда антихолинэстераздық преп.тағ. 4 бөлімді ванналар тағайындалады.

2.Жүйке жүйесінің вегетативті аурулары. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.

1. Вегетативті бұзылыстар - тұрақты және пароксизмальды симптомдармен көрінеді.

Этиологиясы- жедел және созылмалы инфекциялар, интоксикация, бас–ми жарақаты, ми ісіктері, ми қанайналымының жеткіліксіздігі, созылмалы психикалық жарақат, эндокринді бұзылыстар, ішкі мүшелердің жедел созылмалы аурулары.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2508. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия