Студопедия — Іс-әрекет пен эмоционалды-еріктік аймақтарындағы бұзылыстар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Іс-әрекет пен эмоционалды-еріктік аймақтарындағы бұзылыстар






Ерте балалық шақ аутизмі.Аутизм әртүрлі қалыптарда көрініс табады:

1) қоршаған ортадағы оқиғаларға ешбір жауап қайырмау;

2) қоршағанды белсенділікпен қабылдамау;

3) аутисттік қызығушылықтармен ғана ісі болу;

4) тілдесуді ұйымдастыра алмау, басқалармен байланысқа түсе алмаудан
қиналу.

Ерте балалық шақ аутизмі бар балалардың 4 тобы анықталған, қоршаған орта және адамдармен әр топтағы балалар әртүрлі қарым-қатынас жасайды. Бірінші топтағы балаларға анық жайсыз қалып және әлеуметтік белсенділіктің жоқтығы тән. Екінші топтағы балалар қоршаған ортамен байланысқа белсендірек түседі және олардың қарым-қатынастағы сезімталдылығы төмендеу. Үшінші топтағы балалардың аутисттік қорғаныс тәсілі қоршаған ортаны қабылдамау емес, стереотипті түрде көрініс табатын өзінің тұрақты қызығушылықтарымен айналысу. Төртінші топтағы балаларда аутизмнің жеңіл түрі байқалады. Бірінші орынға олардың жоғары деңгейлі әсерленулері шығады, байланыстардағы тежелеу /бала кішкентай болсын кедергіге немесе қарсылыққа кезіккенде байланыс аяқталады/.

Ерте балалық шақ аутизмнің белгілерін талдауда дамудың ерекше этиологиялық механизмдерінің зақымдануы туралы болжам пайда болады, ол өзіндік сақтандыру ырықсыз сезімдерінде және қорғаныстың аффективті механизмдерінде, анасына полярлы қатынаста, күлу қалыптасуының, көздер контактінің, эмоционалдық синтония қиындықтарында көрініс табады.

Балаларда қошаған ортаны тануға бағытталған адекватты емес, атависттік ерекшеліктер бақыланады: затты жалау, иіскеу.

Ерте балалық шақ аутизм жағдайындағы алғашқы бұзылыстар: жоғарғы сенсорлық және эмоционалдық сезімталдылық /гиперстезия/, қуаттылық потенциалының әлсіздігі. Екінші деңгейлі бұзылыстар: аутизм, өз тітіркендіргіштерінің интенсивтілігімен зақымдандыратын, қоршаған ортадан қашу, тағыда стереотиптік, аса құнды қызығушылықтар, қиялдау, ұмтылыстардың тежелмеуі - өзіндік «жасырыну» жағдайында пайда болатын, аутистикалық кедергіні түйсіктермен сыртқы әсерлер кемшілігін толықтыру арқылы тұрақтандыру, алдамыш орын толықтыру аутостимуляторлық құрылымдар.

Жақындарына деген эмоционалдық жауап қайтаруы әлсіз -«аффективтік қорғаныс», көру және есту тітіркендіргіштеріне жауап қайтару жеткіліксіз, сондықтан бұл балалар соқыр және керең балаларға ұқсайды.

Ерте балалық шақ аутизмнің клиникалық дифференциациясы емдік-педагогикалық жұмыстың және әлеуметтік болжамның ерекшелігін анықтауда үлкен маңызға ие.

Ерте балалық шақ аутизмнің ауырлық деңгейіне байланысты классификациясы этиологиялық немесе патогендік принцип бойынша құрылады. Аутизмнің анық емес көрінісі - параутизм - Даун синдромында байқалады. Параутизм орталық жүйке жүйесінің ауыруы, мысалы гаргоилизм жағдайында да пайда болуы мүмкін. Бұл ауру негізінде бір топ бұзылыстар анықталады: байланыстыратын жолдың, орталық жүйке жүйесінің, көру ағзаларының, тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалардың ауытқулары. Баланың мойны, денесі, аяқ-қолдары қысқа, көкірегінің қаңқасы зақымдалған, ішкі ағзаларында өзгерістер бар. Түрлі деңгейлі ақыл-естің кемістігі көру, есту ауытқуларымен және ерте балалық шақ аутизм түрі бойынша қарым-қатынас бұзылыстарымен бірігеді.

Леш-Ниханның синдромы - ақыл-естің кемістігімен, ырықсыз қозғалыс түрінде көрініс табатын моторика бұзылыстары, спастикалық церебралды сал

ауруынан тұратын тұқымқуалаушылық ауруы. Мінездейтін көрсеткіштері болып іс-әрекеттегі анық бұзылыстар табылады — аутоагрессия /бала өз-өзін жарақаттауы/.

Ульрих-Нунанның синдромын баланың сыртқы келбетінен анықтауға болады: монголоидты кескінді емес көздер, тар жоғары жағы, төменгі жағының кішкентай болуы, төмен орналасқан құлақтары, қабақтарының түсіңкілігі. Аяқ-қолдары, қаңқасында өзгерістер, дистрофиялық жалпақ тырнақтар, терісінде пигменттік дақтар байқалады. Интеллектуалдық бұзылыстар барлық жағдайларда кездеспейді.

Реттің синдромы - тек қыздарда ғана кездесетін психоневрологиялық ауру. Мінездейтін көрсеткіші - бірқалыпты қолдар қимылдары /үйкеу, кері жаққа бұру/. Біртіндеп қыздың бет-әлпеті де өзгереді: бет-әлпеті ерекше «тірі емес» сияқты, көзқарасы қимылсыз, бір нүктеге ғана бағытталған болады. Өте төмен психикалық тонус тән, жауаптары импульсивті және адекватты емес.

Ерте балалық шақ шизофренияда аурудың үздіксіз ағымды түрі басым болады: баланың психикасы біртіндеп құлдырайды, аутизм түрі бойынша жекетұлғалық өзгерістер өсе түседі.

Аутизм церебралды сал ауруы бар, нашар көретін және соқыр, соқыр-кереңдер және басқа да дамудағы ауытқушылықтары бар балаларда табылады. Бала қарапайым тұрмыстық дағдыларды меңгермегенмен ол үшін маңызды іс-әрекет түрлерінде қажетті психомоторлық даму деңгейін көрсетеді.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 5248. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия