Студопедия — Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың стратегиялары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың стратегиялары.






Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек беру концепциясын құруда бірқатар теориялар мен зерттеулер негізгі (маңызды) орын алады:

1) психофизикалық бұзылыстары бар баланың психологиялық-педагогикалық даму заңдылықтары, оның күрделі әлеуметтену процесінің нәтижесі (Т.А.Власова, Л.С.Выготский, В.И.Лубовский, Д.Б.Эльконин).

2) дизонтогенез жағдайында даму арнайы түзете-дамыту ортасын құруды қажет етеді (К.С.Лебединская, В.В.Лебединский, И.Ю.Левченко, В.И.Лубовский, Е.М.Мастюкова, М.С.Певзнер, В.Г.Петрова, С.Я.Рубинштейн, У.В.Ульенкова).

Инклюзивті мектепте мұғалім мен ата-аналардың өзара байланыстары келесі принциптерге негізделуі керек:

1) сыйластық пен түсіну;

2) мәлімет пен іскерліктермен алмасу;

3) шешімдер қабылдауға қатысу;

4) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалдығын қабылдау.

Мұғалімдер мен ата-аналарға қойылатын талаптар:

1) баланың жетістіктері жайлы білуі үшін ата-аналар мұғалімдермен жиі кездесуі керек;

2) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалды білім алу «жолын» құруда ата-ана белсенділік таныту керек;

3) мұғалімдер баланың «жеке даму картасын» жүргізуі керек: жетістіктері- оқу және тәрбиеленуде;

4) баланың жеке даму бағдарламасына (оқу/тәрбиелеу) қатысты бірқатар міндеттерді ата-аналар атқаруы тиіс;

5) әр тоқсан соңында ата-аналар баласының жетістіктері жайлы мәліметтерді алуы керек;

6) ата-аналар сабаққа қатыса алады;

7) тәрбиелік іс-шараларға шақырылуы керек;

8) іс-шаралады өткізуде ата-аналардың көмегіне жүгінуге болады;

9) ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі қажет;

10) мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек;

11) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арнап арнайы педагогтар, психологтар, мұғалімдер семинарлар, тренингтер өткізулері қажет;

12) мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы ата-аналар комитетіне қосылу керек;

13) мұғалімдерге арналған семинар,тренингтерге ата-аналар қатыса алады;

14) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір, тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы мүмкін;

15) мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне баруы керек, сонда баланың жақындары арасында қалай өзін сезінетіні жайлы мәліметі болады;

16) (мұғалім - ата-ана) екі жақты нақты міндеттерді атқаруда келісім-шарт жасалып, қол қойылып, жауапкершілікпен жұмыс жасалуы тиіс.

 

 


 

       
   

 


Пысықтау сұрақтары

1. «Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасының қызметтерін сипаттаңыз.

2. Мүмкіндігі шектеулі баланың жекетұлғалық дамуы мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынасындағы бағыттылықтарды анықтаңыз.

3. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының негізгі психологиялық портреттеріне мінездеме беріңіз.

4. Даму мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасында тәрбиелеу модельдерін сипаттаңыз.

5. Ата-аналарда даму мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты қандай ұстанымдар бар?

6. «Бала - ата-ана» қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтауда қандай әдістерді қолдануға болады?

7. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлеріне сипаттама беріңіз.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 9168. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия