Студопедия — СИЛЛАБУС. Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СИЛЛАБУС. Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек

Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады.

Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді

Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.

Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті % мәні Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D- 1,0 50-54
F   0-49 Қанақаттанарлықсыз
I (Incomplete) - - Пән аяқталмаған (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
P (Pass) - - «Есептелінді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
NP (No Рass) - - «Есептелінбейді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
W (Withdrawal) - - «Пәннен бас тарту» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AW (Academic Withdrawal)     Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AU (Audit) - - «Пән тыңдалды» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
Атт-ған   30-60 50-100 Аттестатталған  
Атт-маған   0-29 0-49 Аттестатталмаған  
R (Retake) - - Пәнді қайта оқу

 

«Есеп және аудит» кафедрасының

мәжідлісінде қарастырылды

2014ж. «14» 06 № 38 хаттамасы

 

«Есеп және аудит» кафедраның

меңгерүшісі, э.ғ.д., доцент: Байдильдина А.М.

 

Лектор - э.ғ.д., доцент: Асқарова Ж.А.

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Есеп және аудит кафедрасы

    Экономика және бизнес жоғары мектебі Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді № 15 хаттама «15» 06 2014 ж. ЭБЖМ деканы ___________ Ермекбаева Б.Ж.

Мамандық «5В051100 – Маркетинг 2 курс, 5В050600 – Экономика» 2 курс,

СИЛЛАБУС

Модуль № 9 «Негізгі міндетті»

«Sta 2306 Статистика»

семестр (осенний), 3 кредит, пәннің түрі (міндетті)

 

 

Дәріскер:

э.ғ.к., доцент Аскарова Ж.А.

Телефондары: жұмыс (3-327-3773337 (1403), үй 2753300, ұялы +77022143988)

e-mail: [email protected]

пр.Аль-Фараби,71, УК 3Б, 229 каб.

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):

Ноянов М.Е., магистр э.н., преподаватель, д.т. 2273808, моб.т. +8701 8151818, e-mail: [email protected]

пр.Аль-Фараби,71, УК 3Б, 229 каб.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері: «Статистика» пәнінің негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін, сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Міндеттері: - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесін, құрылымын және өсіңкілігін зерттеу кезінде түрлі статисткалық әдістерін қолдана білу;

- жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжай жасай білу;

- статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып- үйрену және оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу;

- мәліметтерді есептеу кезінде есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білу;

- ұлттық шоттар жүйесін, салааралық балансты құру, өндіріс тиімділігін талдау; халықтың өмір сүру деңгейін және оған әсерін тигізетін себептерді талдай білу;

- халықаралық стандартқа сәйкес статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді білулері керек:

- Қазақстан Республикасындағы статистиканың ұйымдастырылуын;

- мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін;

- статистикалық өзара байланыстарды талдау әдістерін;

- статистикалық бақылау жүргізуді, бақылау бағдарламасын жасауды және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық зерттеулер жүргізуде басқа да әдістер мен тәсілдерді қолдануды, қорытынды жасауды;

- абсолюттік, қатысты және орташа шамаларды қолдану, есептеу жолдарын үйрену және мәліметтерді график арқылы бейнелеуді үйрену;

- динамикалық қатарды талдауды және индекстік әдісті қолдануды үйрену;

-қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеуді үйрену және оған талдау жасау;

- халықтың санын, құрылымын және еңбек ресурстарының көрсеткіштерін оқып білу;

- экономикалық процестің негізгі нәтижесін динамикасын талдай білу;

- өндірілген өнімді тұтыну мен қор жинауды және оған талдау жасауды үйрену;

- ұлттық шоттар жүйесін құруды оқып-үйрену;

- табыстардың бөліну процестерін зерттей білу және т.б.

Пререквизиттері:

экономикалық теория;

математика;

философия.

Постреквизиттері:

қаржылық талдау;

басқарушылық талдау.




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ | 

Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 495. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия