Студопедия — ІІ нұсқа
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІ нұсқа






1.Төмендегі қосылыстардың формулаларындағы элементтер таңбаларының үстіне валенттілігін көрсетіңдер.

BaO, NH3, Al2O3, K2O

2.Алюминий оксиді құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер.

3.Зат мөлшері 2 мольге тең амммиактың массасы есептеңдер

4. Сызбанұсқа бойынша коэффиценттерді қойып теңестіріңдер

Cu+O2→CuO, Cu(NO3)2→CuO+NO2+O2

5.Химиялық реак. Теңдеуі бойынша 27 г су айырылғанда түзілген оттектің массасын есептеңдер

Үйге тапсырма беру:Қайталау

 

Оқушылардың бақылау жұмыстарын бағалауы

 


-орындай аламын


-сенімді емеспін

 


-орындай алмаймын

 

 

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары______________________

 

Мұғалімнің аты-жөні   №______ орта мектебі
Сыныбы   40 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сутек – химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты Сутек атомының, сутек молекуласының, жай зат ретінде сутектің құрамын, құрылысын, қасиеттерін сипаттайды. Сандық сипаттамаларын анықтайды. Табиғаттағы кездесуін талдай отырып, изотоптарының құрылысын біледі.
Күтілетін нәтиже Сутектің құрылысына, сандық сипаттамаларына толық талдау жасай біледі.
Негізгі идеялар Сутек – жеңіл, жанатын, иіссіз, түссіз, табиғатта кең таралған, белсенді газ.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, «Аялдама» әдісі
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. ІІ. Негізгі кезең.Жаңа сабақ: Синтетикалық каучук (көксағыз) 1. Тірек сөздер тақтада ілініп тұрады: Сутектің периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы. Жай зат, күрделі зат, химиялық элемент, изотоп. Осы сөздерді ІҮ топқа бөлеміз. 2. «Аялдама» әдісі. І топқа Сутектің периодтық жүйедегі орны.; ІІ топқа Сутектің табиғатта таралуы; ІІІ топқа жай зат, күрделі зат, химиялық элемент; ІҮ топқа изотоп беріледі. Тірек білім мен біліктер.Сутек, оның физикалық қасиеті, химиялық реакция. Тотықсыздандырғыш. Виртуалды тәжірибе: а/ сутегінің оттегінде жануы; ә/ Сутегінің тазарғанын тексеру; б/ Сутегінің ауада және оттегінде жануы; Судың түзілуі. Жасалған тәжірибелерден шығатын қортынды: Сутегі –жанғыш зат оттегімен қосып жандырғанда қопарылыс береді. Топтарға мынадай сұрақтар беріледі: Сутегі күрделі заттың құрамында оттегімен әрекеттеседі ме? Құрамында оттегі бар қандай күрделі заттарды білесіндер?
Сутегінің қасиеті Сутегінің қолданылуы
  1.Өте жеңіл газ     2. Оттегінде жануы /жалынның температурасы 2500°C/     3.Бейметалдармен қосылуы /мысалы, хлор, азот/     4.Металдарды тотықсыздандыру: WO3+3Н2=W+3Н2О   Атмосфераны зерттеу үшін шарзондтар толтырылады   Металдарды қосу, отын ретінде ерекше құрылысты іштен жану двигательдерінде қолданылады   Қышқылдарды алу /мысалы, тұз қышқылы/, аммиакты /NH2/ және азот тыңайтқыштарын алу үшін   Кейбір металдарды алу үшін  

Кестенің оң жағын кітаппен өздігіннен жұмыс істеу арқылы оқушылар өздері толтырылады. Мұғалім жазған жуаптарын тексереді.

Үйге тапсырма. §31. 3,4,6 –жаттығулар. Темір /ІІ/, алюминий АІ, литий /Lі/ металдармен тұз қышқылын арасындағы реакция теңдеулерін жазындар.

 

 

Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар әр топтың тапсырмасына барып тапсырманы топта талдап өз ойларын постерге түсіріп кетеді. Соныңда әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Жұмыстары бағаланады.   Оқушылар зерттеу жұмыстарын интернет желісінен, оқулықтардан іздейді.    
         

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары __________

 

Мұғалімнің аты-жөні   №_____ орта мектебі
Сыныбы   41 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы.
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты Сутектің әр түрлі заттармен реакцияласу жағдайларын көреді. Сутектің физикалық және химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, қолданылу салаларын талдайды.
Күтілетін нәтиже Сутектің химиялық қасиеттеріне сүйене отырып реакция теңдеулерін жазуға қалыптасады. Теңдеуді теңестіруге жаттығады.
Негізгі идеялар Сутек – белсенді газ, сондықтан әр түрлі жай және күрделі заттармен реакцияға түседі.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар. «Галлереяға саяхат» әдісі
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Лездеме сұрақтар» Қай топ сұрақтарға көбірек жауап береді? 1.Сутектің таңбасы қандай? 2. Сутекті ашқан кім? 3. Сутекті не себепті жеңіл газ дейміз? 4. Периодтық жүйеде нешінші топта орналасқан? 5. Жай зат ретінде сутекті сипатта. 6. Химиялық элемент ретінде сутекті сипатта. 7. Сутектің агрегаттық күйі қандай? 8. Сутектің қолданылу салаларын талда. 9. Сутектің табиғатта таралуына сипаттама бер. ІІ. Кіріспе кезеңі. Виртуалды зертхана. Сутектің химиялық қасиеттері. Сутектің қолданылу салалары. ІІІ кезең Негізгі кезең.Жаңа сабақ: Жоғары молекулалы қосылыстар 1- тапсырма «Галлереяға саяхат» әдісі І топқа:Сутектің физикалық қасиеттеріне сипаттам бер. ІІ топқа: Сутектің химиялық қасиеттеріне сипаттама бер. ІІІ топқа: Сутектің алыну жағдайларын талда. 2- тапсырма.Топпен жұмыс: І топқа: Сутектің жай заттармен реакцияларын талдаңдар. ІІ топқа: Сутектің күрделі заттармен реакцияларын талдаңдар. ІІІ топқа: Сутекті алу жолдарын талдаңдар. ІҮ кезең Қорытынды 1. Есеп. Бір ыдысқа 22,4 мл, екіншісіне 44,8 мл сутек жиналды. Ыдыстардағы сутектің массасын және мөлшерін есептеңдер. 2. Мөлшері 0,05 моль және 30 моль болатын сутектің массасын және көлемін (қ.ж.) есептеңдер. 3. Реакцияға 44,8 л сутек қатысқан болса, неше грамм су түзіледі?   Үйге тапсырма: қосымша есептер. БағалауЖұптық бағалау. Критериалды бағалау Рефлексия   Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді     1)Ассоциация әдісі арқылыоқушылар сутек туралы білімдерін жүйелейді. 2)Оқушылар алдымен топта талдайды, Бір оқушы постерде қорғайды. Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.   3)Оқушылар реакция теңдеулерін жазып, сутектің химиялық қасиеттеріне анықтама береді. 4)Оқушылар есепті шығарады. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды, жұмыстары бағаланады.      
         

 

 

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________

 

Мұғалімнің аты-жөні   №_______орта мектебі
Сыныбы   42 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау. Сутектің бинарлы қосылыстары.
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты Жай зат пен күрделі зат құрамында элементтің тотығу дәрежелерінің анықтайды. Теңдеулер жүйесі арқылы тотығу дәрежесін табуды үйренеді.
Күтілетін нәтиже Бинарлы қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін табуды үйренеді.
Негізгі идеялар Тотығу, тотықсыздану процестері. Тотығу дәрежесі мәні бір элемент атомының екінші элемент атомына ығысқан электрондар саны. Бинарлы қосылыс – екі элементтен тұратын күрделі заттар.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар«Интервью» әдісі  
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Интервью» әдісі Мұғалім сабақ барысында «нтервьюге» шығаратын оқушылардың орындықтарына стикер жабыстырып кетеді.Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға фишка сыйға тару етіп отыруға болады. Сонында фишканың санына қарай оқушыларды бағалайды. Шыққан оқушы жауап бере алмаған жағдайда сыныптан көмек сұрайды. Сұрақтар: 1. Сутекті жинаудың неше әдісі бар? 2. Сутектің физикалық қасиетеріне талдау жаса. 3. Сутекті алу жолдарын ата, реакция теңдеулерін жаз. 4. Сутектің жай заттармен әрекеттесуіне мысалдар келтір. 5. Сутектің күрделі заттармен әрекеттесуіне мысалдар келтір. 6. Сутекті қандай жағдайларда қолданамыз? 7. Сутекті бір ыдыстан екінші ыдысқа қалай құюға болады?   ІІ. Кіріспе. Химиялық элементтер туралы ертегі. Ертегі сутектің физикалық қасиеттерін сипаттайды. ІІІ кезең Негізгі кезең.Жаңа сабақ:Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау. Сутектің бинарлы қосылыстары. Оқушылар топқа бөлінеді. Әр опқа мынадай жазудағы таратпа материал беріледі. Сутекті оттекпен әрекеттесу теңдеуін мысалға алып, теңестіру керек. Есіңде сақта! Оттек жай зат ретінде қатысатын барлық реакция теңдеулерінде, бірінші кезекте сол және оң жақтағы оттек атомдарының саны, содан кейін ғана басқа элементтер саны теңестіріледі. Жай заттарда тотығу дәрежесі әрқашан 0 – ге тең. Тотықтырғыш – электрон алатын элемент; Тотықсыздандырғыш – электрон беретін элемент. Тотықтырғыш тотықсызданады, тотықсыздандырғыш тотығады. Бұдан соң бейнеролик арқылы арқылы Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7. Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады: 1. Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді? 2. H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар. 3. Иондық,атомдық және молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2 ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады S0 + 2е = S-2 тотықсызданады Mg-тотықсыздандырғыш, S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады. Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6 Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді: Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі: 1. Химиялық теңдеуді құру. 2. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу. 3. Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу. 4. Электрондық баланс теңдеуін құру. 5. Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою. 6. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру. 7. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу – тотықсыздандыру процесін анықтау. Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау. 1. Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру: AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 = 2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.H2S + CI2 = HCI + S; HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O; Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау. БағалауТоптық бағалау Рефлексия   Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді   Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.   Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды, жұмыстары бағаланады.    
         

 

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________

 

Мұғалімнің аты-жөні   №_______орта мектебі
Сыныбы   43 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш туралы түсінік. Тотығу – тотықсыздану реакциялары.
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты Сутектің химиялық қасиеттеріне сүйене отырып реакция теңдеулерін жазу арқылы тотығу дәрежелерінің өзгеруін анықтайды. Тотықтырғыш пен тотқсыздандырғышты ажыратады. Электрондарды беру және алу механизмдерін есте сақтайды.
Күтілетін нәтиже Электрондық баланс тәсілімен танысады. Оны қарапайым теңдеулерге пайдалана бастайды. Нәтижесінде тотығу – тотықсыздану реакцияларын таниды.
Негізгі идеялар Тотығу, тотықсыздану процестері. Тотығу дәрежесі мәні бір элемент атомының екінші элемент атомына ығысқан электрондар саны. Бинарлы қосылыс – екі элементтен тұратын күрделі заттар.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар«Интервью» әдісі  
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау. Сутектің бинарлы қосылыстары. Оқушылар топқа бөлінеді. Әр опқа мынадай жазудағы таратпа материал беріледі. Сутекті оттекпен әрекеттесу теңдеуін мысалға алып, теңестіру керек. Есіңде сақта! Оттек жай зат ретінде қатысатын барлық реакция теңдеулерінде, бірінші кезекте сол және оң жақтағы оттек атомдарының саны, содан кейін ғана басқа элементтер саны теңестіріледі. Жай заттарда тотығу дәрежесі әрқашан 0 – ге тең. Тотықтырғыш – электрон алатын элемент; Тотықсыздандырғыш – электрон беретін элемент. Тотықтырғыш тотықсызданады, тотықсыздандырғыш тотығады. Бұдан соң бейнеролик арқылы арқылы Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7. Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады: 4. Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді? 5. H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар. 6. Иондық,атомдық және молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2 ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады S0 + 2е = S-2 тотықсызданады Mg-тотықсыздандырғыш, S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады. Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6 Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді: Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі: 8. Химиялық теңдеуді құру. 9. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу. 10. Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу. 11. Электрондық баланс теңдеуін құру. 12. Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою. 13. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру. 14. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу – тотықсыздандыру процесін анықтау. Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау. 2. Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру: AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 = 2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.H2S + CI2 = HCI + S; HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O; Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау. БағалауТоптық бағалау Рефлексия   Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді   Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.   Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды, жұмыстары бағаланады.      
         

 

 

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________

 

Мұғалімнің аты-жөні   №_______орта мектебі
Сыныбы   44 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сан есептерін шығару  
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты Сутек тарауына байланысты және тотығу – тотықсыздану реакцияларына байланысты сандық есептерге жаттығады.  
Күтілетін нәтиже Математикалық біліктілік қалыптасады, химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізе алады
Негізгі идеялар  
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар«Интервью» әдісі  
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі Тірек білім мен біліктер.Сутегі, оксид, қышқыл, тұз окидтері. Олардың индикаторға әсері. Масса, мольдік массамен есептер шығару. Сабақты эксперименттік есептер шығару үшін тақтаға оқушылар шақырылады. 1. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып, сутегін алыңдар. Сутегі жанғанда су түзілетінін дәлелде. Реакция теңдеуін жаз. 2.Ыдыста тұз қышқылы бар екенін бірнеше жолдармен анықта. Реакция теңдеуін жаз. 3.Қышқылдың химиялық қасиетін түсіндіретін реакциялар жаса, олардың маңызын түсіндір. Реакция теңдеуін жаз. 4.Темір /ІІ/ сульфатын алу реакциясын жүргіз және жеке бөліп ал. Оқушылармен әңгімелесу мына сұрақтар арқылы жүргізіледі 1.Бейорганикалық заттардың қандай кластарын оқып үйреңдіндер? Олардың қандай ұқсастығы және ерекшелігі бар. 2.Окидттерге, қышқылдарға тұздарға анықтама беріңдер. 3."Бейорганикалық қосылыстар" жинақтамасын пайдалана отырып, қосылыстардың аттарын ата, қай класқа жатқызасын, мысал келтр. 4. а/ оксидттерді; ә/ тұздарды алудың екі түрлі жолын реакция теңдеуімен көрсет. Қосымша дидактикалық материалдар бойынша сан есептерін шығару жұмыстары жүргізіледі. 1) 8г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі? 2) Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады? 3) Массасы 6,5г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады? 4) 1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер? 5) Оттегінде 54г алюминий жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай? 6) Массасы 360г алюминий сульфидін алу үшін, оған жұмсалған алюминий мен күкірттің массасын есептеп шығар. 7) 8г мыс(ІІ) оксидінен мысты жеке бөліп алу үшін, қанша грамм сутегі жұмсалады? 8) 8г сутегі жанғанда түзілетін судың массасы және зат мөлшері қанша? 9) Реакцияға 16г оттегі түскенде судың қандай зат мөлшері шығады? 10) Реакциядан 9г су түзіледі. Реакцияға түскен сутектің массасын және зат мөлшерін табыңдар. Сабақты қорытындылау ретінде оқушыларға өзіндік жұмыс тапсырамыз. Сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жаз.   БағалауТоптық бағалау Рефлексия Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді   Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.   Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды, жұмыстары бағаланады.   Оқушылар жұмысты жеке және жұптасып орындайды.    
         

 

 

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________

 

Мұғалімнің аты-жөні   №_______орта мектебі
Сыныбы   45 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: №4 бақылау жұмысы.  
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты Тарау бойынша алған білімдерін қолдана біледі.
Күтілетін нәтиже Математикалық біліктілік қалыптасады, химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізе алады
Негізгі идеялар  
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар  
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі 1. Берілген теңдеуден орынбасу реакциясын көрсетіңдер: А) 2H2 + O2 = 2H2O B) 2N + 2H2O =2NaOH + H2 C) 2H2O =2H2 + O2 D) C + O2 = CO2 2. Күкірт (ІҮ) оксидінде оттектің индексі қанша? А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 3. Массасы 4г мыс (ІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін неше моль сутек қажет болады: А) 1 моль В) 0,1 моль С) 0,05 моль Д) 2 моль 4. Тұз қышқылымен әрекеттеспейтін металл қайсысы: А) мырыш В) магний С) темір Д) мыс 5. Қышқылдың формуласын көрсетіңдер: А) Ca3(PO4)2 B) H2SO4 C) CaO D) KNO3 6. Қай заттар орынбасу реакциясына түскенде магний сульфаты мен сутек газы түзіледі? А) магний оксиді мен күкірт қышқылы В) магний мен су С) магний мен күкірт қышқылы Д) магний мен оттек 7. Натрий фосфатындағы натрийдің индексі қанша? А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4     БағалауТоптық бағалау Рефлексия Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді   Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.   Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды, жұмыстары бағаланады.   Оқушылар жұмысты жеке және жұптасып орындайды.    
         

 

 

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________

 

Мұғалімнің аты-жөні   №_______орта мектебі
Сыныбы   46 сабақ Күні:
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы. №6 зертханалық тәжірибе.  
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаты Судың табиғатта таралуы жөнінен талдау жасайды. Судың сапалық және сандық құрамымен танысады. Судың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысып, қолданылу салаларына ассоциациялық карта құрастырады.
Күтілетін нәтиже Судың сандық және сапалық құрамын біледі. Физикалық және химиялық қасиеттерімен біліп, өмірде қолдана біледі.
Негізгі идеялар Су – тіршіліктің көзі.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.
Сабақтың түрі Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар  
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі Тірек білім мен біліктер.Заттардың агрегаттық күйлері, қоспаларды ажырата және бөле білу біліктері, заттың құрлысы мен құрылымы, суда заттардың еруі. Оқушылардың географиядан, табиғаттанудан алған білімдеріне сүйене отырып, бұл сабақты әңгімелесумен бастаған жөн. Әңгіме төмендегі сұрақтар төңірегінде болады. 1.Судың қандай агрегаттық күйлерін білесіңдер? 2.Табиғаттағы судың таралуына, оның тіршіліктегі маңызына мысалдар келтір. 3.Табиғи суда қандай қоспалар болуы мүмкін? Себебін түсіндір. 4.Суды қандай мақсатта тазарту қажет деп ойлайсыңдар? Бұл сұрақты талдағанда оқушылар таза судың кеңінен қолданатындығын, оның адам өмірінде, тұрмыста, өнеркәсіпте орны ерекше екендігін қорытындылайды.   Бұл сабақта ерекше көңіл аударатын мәселе судың еріткіш екендігіне мысалдар арқылы көз жеткізу. Оқушылар судың түрлі заттарды ерітетінін табиғаттану курсынан білетіндігін ескере отырып, негізгі жұмыс "ерітінді" ұғымының мәнін ашуға бағытталады. Ол үшін төмендегі сөйлемдер қандай мағына ұқтыратыны талданады. 1. Тұз, қант және басқа заттар суда ериді. 2. Су көп заттарды ерітеді. 3. Суда заттардың еру құбылысы жүреді. 4. Су –жақсы еріткіш. 5. Ерітінді тұнбай, біркелкі болып тұрады. Мұнда еріткіш ретінде судың қандай рөл атқаратындығы, заттардың еруі қалай жүретіндігі түсіндіріледі. Сонан соң тотиянның суда еруін көрсету қажет. Тәжірибені жүргізу барысында еруді жылдамдататын жағдай ескеріліп, оқушылар заттың еруі; а) ерітіндіні араластырғанда: ә) қыздырғанда; б) зат пен еріткіш бетінің жанасуын арттырғанда; в) еритін заттың тығыздығы еріткіштің тығыздығынан артық болғанда тез жүретіндігін қорытындылайды. Оқушылардың табиғаттану курсынан заттардың шексіз ерімейтіндігін білетінін ескере отырып, қанықпаған және қанық ерітіндіге анықтама бергеннен кейін заттың ерігіштігі туралы ұғымды түсіндіру қажет. Ол үшін " заттардың ерігіштігі ерітінді қанық болуы үшін берілген температурада судың белгілі мөлшерінде заттың қандай массасы ери алатынын көрсетеді " –деген анықтамаға талдау жасалады. Мысалдар келтіре отырып, заттар суда еритін, аз еритін, ерімейтін болып бөлінетіндігін қорытындаланады. Өтілген материалдарды бекітуге арналған сұрақтар: 1. Суды тазартудың қандай әдістері бар? Олар қандай жағдайда қолданылатынына мысалдар келтр. 2. Тұрмыста қолданылатын заттардың судағы ерітіндісіне мысалдар келтір. 3. Алтын мен мұнай көзін іздеуге қарағанда табиғи су көзін табуға 4. ерекше күш пен еңбек жұмсалатын себебі неде? Дәлелді жауап беріндер. 5. Географиядан, биологиядан алған біліміне сүйене отырып, төмендегі ойлардың мәнін түсіндіріңдер: а) су –біздің ғаламшарымызда жер бедерін түзуші негізгі геологиялық фактор; ә) су -өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуының негізі: б)өзендер, көлдер, мұхиттар азық –түліктің және минералды заттардың энергия мен жылу көздерінің, қатынас жолдарының, жер бетіндегі ауа райының, климаттың және егін шығымының анықтауышы; в) табиғатты аялау, оның байлықтарын қорғау міндеттерін өзің қалай орындайтының туралы хабар дайында. Үйге тапсырма беру: § 36-37. БағалауТоптық бағалау Рефлексия Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді   Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.   Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды, жұмыстары бағаланады.   Оқушылар жұмысты жеке және топпен орындайды.    
         

 

 

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ___







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2073. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия