Студопедия — Лекция 6.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 6.






Тақырыбы:Тәрбиенің мақсат, міндеттері, әдістері.

Жоспары:

1. Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері.

2. Қазіргі кездегі тәрбие тұжырымдары, дәстүрлі және инновациялық тұғырлар

3. Тәрбие беру стильдері

4. Тәрбие әдістері, классификациясы

5. Дүниеге көзқарас, маңызы, қызметтері, түрлері, ішкі құрылымы

Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері

Тәрбие - қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан,эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жас өспірімді дамытып қалыптастыру.

Тәрбиенің түп мақсаты- қоғамның нарықтық қатынасқы көшіру кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгілінген XXI ғасыдағы құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.

Қазіргі кездегі тәрбие тұжырымдары, дәстүрлі және инновациялық тұғырлар

Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді.

Е.В. Бондаревскаяның тәрбие тұжырымдамасына сәйкес мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы тұлғаға бағдарланған тәрбие дегеніміз - баланың денсаулығын нығайту процесі, оның табиғи қабілеттерін (ақылын, құлықтық және эстетикалық сезімдерін, қажеттіліктерін, адамдармен, табиғатпен, өнермен қарым-қатынасын жасауда алғашқы тәжірибесін жинақтауын) дамыту процесі. Бұл жас кезеңінде педагогикалық әдіс-тәсілдердің үйрету, сөз және үлгі арқылы әсер ету, қарым-қатынас, өмірді сезім арқылы тану мен мәдениет құндылықтарын тану, эстетикалық және құлықтық сезіну және т.б. түрлерін пайдалауға болады.

Тәрбиенің тұлғаға бағдарланған тұжырымдамасын жақтаушылар Ш.А.Амонашвили, М.Н. Берулава, Е.В. Бондаревская, Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманская және т.б.

Е.В. Бондаревская тұлғаға бағытталған тәрбиелеу парадигмасына төмендегілерді ұсынады:

· білім беруде адамның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара ерекшеліктерін есепке алу;

· балаға ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас: баланы қолдау, оны дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі тәрбиелеу,баланың өзінің жеке тұлғасының қалыптасуына, оның адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдайлар туғызу;

· адамды қалыптастыратын функцияларын анықтау (ізгіліктік, мәдениеттілік, әлеуметтік);

· адамның өмірге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру (аксиологиялық, когнитивтік, шығармашылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық компоненттер);

· түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға бағытталған педагогикалық технологиялар.

· оқушының өз бетінше ізденісін, шығармашылығын қалыптастыратын оқыту әдіс-тәсілдерін, құралдарын, оқыту технологиясын дұрыс таңдау, оны жүзеге асыру.

Тәрбие беру стильдері

Тәрбие жүйесі өзара байланыстылық, иерархиялық, құрылымдылық, көпдеңгейлілік, компоненттілік, шарттылық сияқты белгілерімен ерекшелінеді. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынас стильдері: авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін, прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік. 25-суретте тәрбие жүйесінің даму кезеңдері ашылды.

Тәрбие әдістері, классификациясы

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан-салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан - жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.

Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников және т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды.

Дүниеге көзқарас, маңызы, қызметтері, түрлері, ішкі құрылымы

Дүниеге көзқарас - қоғамдық сана мен тұлға санасының ең жоғарғы деңгейі. Дүниеге көзқарас ұғымы біртұтас дүниені жалпылама ұғынумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге осы біртұтас дүниемен қарым-қатынас жасаудың жалпы өлшемдерін, басқаша айтқанда, дүниеге белгілі бір қарым-қатынас өлшемдерін белгілеп, міндеттейді.

Дүниеге қарым-қатынас дегеніміздің өзі адамның дүниеге тұрмыстық, практикалық-қызметтік қарым-қатынасы. Дүниеге көзқарас осы қарым-қатынастан туындайды. Ол — нақтылы процестің жемісі. Осы тұрғыдан келгенде дүниеге көзқарас дүниеге қарым-қатынаспен салыстырғанда кейін пайда болған. Алайда пайда болып, қалыптасып алған соң ол дүниеге қарым-қатынасты бағыттаушы ықпалға ие болады, осылайша олартарихтың өн бойында өзара бірін-бірі түзете отырып, қоғамдық-адами өмірдің біртұтас процесінде бірін-бірі толықтыратын, біріне-бірі көшетін процесс болып табылады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4132. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия