Студопедия — Жасуша шырынының құрамы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жасуша шырынының құрамы.






Жасуша шырынының химиялық құрамы өсімдік түріне байланысты, бірінде қышқыл, екіншісінде сілті, үшіншісінде бірқалыпты. Шырындағы судың мөлшері 70-95%.

1. Органикалық қышқылдарға қымыздық, алма, лимон, шарап қышқылдары жатады. Қымыздық қышқылдары рауғаш, атқұлақ, қымыздық өсмдіктерінің жапырақтарында көп болғандықтан, әсіресе піспеген жемістерде қышқылтым дәм басым. Алма қышқылы алма, шетен, шие, қызанақ, мүкжидек жемістері мен рауғаш жапырағының сағағында көп. Лимон қышқылы лимон, қызыл қарақат, мүкжидек жемістері мен темекі жапырағында кездеседі. Шарап қышқылы жүзім мен таңқурай жидегінде 0,3%-ға дейін болады.

2. Көмірсулар қанты көп болғандықтан жасуша нырыны – дәмі тәтті, қоректік заттар қоры болып есептеледі. Фотосинтез кезінде түзілген ерімейтін алғашқы крахмал біртіндеп глюкоза(жүзім қанты) айналып, жасуша шырынында тез еріп жасуша қабықшасынын өтіп жапырақтан жемістерге, түйнектерге жеткізіліп, соңы клахмалға айналады. Глюкоза ағзадағы энергия көзі, медицинада кеңінен қолданылады. Жеміс қанты (фруктоза) піскен жемістерде болатындықтан жақсы піскен жеміс дәмі тәтті болады. Сахароза (қызылша қанты) қызылша жемтамыры, борыққамыс сабағы, қарбыз, қауын жемістерінің жасуша шырынында 20-23%-ға дейін кездеседі, суда жақсы ериді.

3. Иілік заттар вакуольдің жасуша шырынындағы күрделі органикалық заттарға жатады. Мысалы, эвкалипт ағашының қабығында 50%, емен қабығындағы 15-20%, тал қабығында 9-13%, шайдың жапырағында 15-20%, бадан жапырағы мен тамырсабағында 20%, терек, емен бүршіктерінде 20%, алма, жүзім, алмұрт жемістері де иілік заттарға бай. Иілік заттарды медицинада дененің, шырышты қабығы қабынғанда емдеуге пайдаланса, тері илеу өнеркәсібінде теріні жұмсарту үшін қолданады.

4. Алкалоидтар – жасуша шырынында болатын түссіз, өте ащы, улы, құрамында азот бар күрделі органикалық сілтілі зат. Спиртте, эфирде жақсы ериді, газ, сұйық, қатты зат түрінде кездеседі. Алколоидтар өсімдік түрі немесе туысының латынша атымен аталады, мысалы, темекі алколоиды никотин (никотиана), көкнәр алколоиды папаверин (папавер), т.б. медицинада кеңінен қолданылады. Шай жапырағы мен кофе ағашының тұқымындағы кофеин орталық жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдалы. Оның көп түрлерін ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктер мен жыртқыш хайуанаттарға у есебінде жұмсайды. Хина ағашының қабығынан алынатын хитинді безгекке, көкнәрдағы папаверин мен морфинді ұйықтатуға, ауруды бәсеңдету үшін пайдаланады.

Көптеген өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың өте улы болатыны, құрамындағы алколоидқа байланысты, мұндай өсімдіктерге алқа тұқымдастар, көкнар тұқымдастар мен сарғалдақ тұқымдастар жатады.

5. Токсинді заттар адам денсаулығына өте қауіпті. Үпілмәлік тұқымыдағы «рицин», аққараған ағашының қабығындағы «робин» - токсинді заттарға жатады. Бактриялар сіріспе, дифтерия, іріңді жара ауруын туғызатын токсин бөледі. Тосин суда жақсы ериді, жоғары температурада ыдырайды.

6. Бейоргнаикалық заттар жасуша шырынында азот, фосфор қышқылдарының тұзы түрінде жиналды. Әсіресе магний, калий, кальций, темір тұздары мен бор, марганец, қалайы, мыс, йод микроэлементтері күнделікті тағамның құрамына кіруі қажет. Картоп, орамжапырақ, қызанақ, сары өрік, шабдалы, баклажанда калий көп.

Бүлдірген, қауын, саңырауқұлақ (түлкіжем, қайың түбінде өсетіндер), бидай, күріш, асхана қызылшасы, қияр, пияз, қызанақ, үрмебұршақ, асбұршақ, соя темір жеткілікті болғандықтан асқа көбірек пайдалану керек.

Жасуша ішіндегі қосындылар – жасуша тіршілік әрекетінің нәтижесінде жиналатын зат алмасудың ақырғы өнімі. Олар қатты және сұйық күйде вакуольде, цитоплазмада, түрлі органоидтарда жиналады да, қорға жиналатын қоректік және қалдық заттар деп 2-ге бөлінеді. Қорға жиналатын заттар өсімдік өсіп, даму кезінде қоректенуіне жұмсалады. Қор заттарына көмірсулар, нәруыздар, майлар, ал қалдық заттарға қымыздық қышқылының кристалдары жатады. Өсімдік жасушасында жиналған көмірсулар крахмал, инсулин, гликоген, қант.

1. Крахмал кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтардан басқа өсімдіктердің жасушаларында дән түйіршік түрінде қоректік қор зат есебінде кездеседі. Крахмал дәндері түссіз, пішіндері өсімдік түріне байланысты шар, таяқша, көп қырлы болып келеді. Лейкопласта пайда болған кездегі негізгі орталығы өте майда болғанымен ұдайы жаңа қабаттары түзілетіндіктен біртіндеп көлемін ұлғайтады. Бір тәулікте екі қабатты түзеді.

Картоп түйнегіндегі крахмал дәндері жұмыртқа пішіндес болса, бидай, қарабидай, арпанікі шар тәрізді, күріш пен жүгерінікі көп қырлы, сүттігенде таяқша тәрізді, т.б.

Крахмал дәндерінің құрамында крахмал, су, аз мөлшерде фосфор қышқылы болады. Крахмал суда ерімейді, ыстық суда ісініп жарылып желімтектенеді, қышқыл мен сілтіде глюкозаға айналады, йод тамызса көгереді. Құрғақ крахмалды 200ºС-қа дейін қыздырғанда суда еритін, йодтың әсерінен көгермейтін желімге (декстрин) айналады. Өсімдіктертің жасушаларында көмірсулар тек крахмал түрінде ғана қорға жиналмайды. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің (нарғызгүл, жералмұрты (топинамбур) түйнектерінде, шашыратқы, бақбақ тамырларында) жер асты мүшелерінде 12%-ға дейін суда жақсы еритін түссіз зат инсулин жасуша шырынында еритінді күйінде кездеседі, йодпен әсер еткенде көгермейді, қыздырғанда қойыртпақтанбайды.

Бактериялар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында хлоропластар болмайтындықтан көмірсулар (гликоген (жануарлар крахмалы) түрінде қорға жиналады. Гликоген суда ериді, цитоплазмада қоймалжың күйде сақталады.

Бір тәулікте түзілген крахмал қолайлы жағдайда түнге қарай қантқа айналып ерітінді күйге көшіп, жапырақтан өсімдіктің басқа мүшелеріне ығысады. Әр түрлі ұлпаларда болатын лейкопластар қант еріндісін соңғы крахмалға айналдырады. Ол түрлі мүшелерге крахмал дәні ретінде қорға жиналады.

2. Нәруыздар жасушада пішіндері төрт қырлы, алты қырлы кристалл күйінде цитоплазмада, жасуша шырынында болады. Суда және қышқыл мен сілтінің әлсіз ерітіндісінде ерімей тек ісініп бөрітеді. Нәруыз әсіресе өсімдік тұқымында қорға жиналады. Тұқым әбден піскен кезде кебу болатындықтан вакуольде жиналған нәруыздар дән тәрізді дөңгелек болып сақталып қалады. Мұндай нәруызды алейрон дәндері дейді. Тұқымдары нәруыздарға бай өсімдіктерге бұршақ тұқымдастар (үрмебұршақ, асбұршақ, жасымық, соя, жоңышқа, беде, сиыржоңышқа, т.б.) мен майлы өсімдіктер (үпілмәлік, күнбағар, қарасора, көкнәр, жаңғақ, т.б) жатады. Нәруыз астық тұқымдастар қауызының астыңғы жағына қорға жиналады, ал ортаңғы бөлімін крахмал дәндері толтырып тұрады. Сондықтан қауызымен қоса тартылған ұнның құрамында қоректік заттардың бәрі болғандықтан І сортта ұн құнды болып есептеледі. Жоғарғы сортты ұн негізінен тұқымның ортаңғы бөлімінен таратылатындықтан нәруызды заттар мен витаминдер аз болады, құндылығы да әлдеқайда төмен.

Ұн – крахмал дәндері, алейрон дәндері және жасуша қабықшасының қосындысынан тұратындықтан крахмал илеп сумен әбден жуса, крахмал дәндерінің бәрі жуылып кетеді де, тек алейрон дәндері қалады. Қолмен ұстағанда созылғыш, желімдей жабысқақ екені байқалады, сондықтан оны «клейковина» дейді. Тұқымындағы нәруызды микроскоппен анық көру үшін кез келген жібітілген тұқымның өте жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, әр түрлі химиялық реактивтермен бояп көруге болады. Мысалы, тотяйынның сілтілі ерітіндісі (медный купорос) нәруызды сия-көк, азот қышқылы сары, азотты сынап тұзды қызыл түске бояйды.

3. Май өсімдіктің барлық мүшелері жасушасының цитоплазмасында түссіз немесе сары түсті тамшы түрінде кездеседі, дегенмен тұқым мен жемісте көбірек.

Бидай дәнегінде 2%, жүгері мен сұлыда 6%, мақта, күнбағыс, соя, зығыр тұқымында 40%, жер жаңғағында 50%, үпілмәлікте 53%, жаңғақты өсімдіктердің тұқымында 65%-ға дейін май болады. Қысқа қарай ағаш сүрегіндегі крахмал біртіндеп майға, көктемде май қантқа айналып, өсімдіктің өсетін мүшелеріне қарай жылжиды. Майлар – көміртегі, сутегі, оттегінен тұратын күрделі органикалық зат. Олар суда ерімейді, спиртте нашар ериді, ал бензин, эфир, хлороформда жақсы ериді. Құрамында глицерин мен май қышқылы болғандықтан сілтімен әсер еткенде көпіреді. Оған себеп сілтімен әрекеттесіп глицерин мен май қышқылына ыдырап тұз (сабын) түзеді. Сабын суда жақсы ериді. Егер сілтінің орнына күйдіргіш натрийді қосса – қатты сабын, күйдіргіш калийді қосса – сұйық сабын (жасыл сабын) алынады.

Өсімдіктер тыныс алғанда майлар көмірсулар сияқты тотығып өсімдікке қажетті энергия бөледі, ағзадағы көмірсулар майға айналады. Майлар техникада, тамақ өнеркәсібінде, медицинада кеңінен қолданылады.

4. Қалдық заттар. Жасуша ішіндегі қосындылардың қалдық ретінде шығарылатынына қымыздық қышқылы, кальций кристалдары (кальций оксалаты – СаС2О4) мен эфир майы жатады. Өсімдіктерде жануарлардағыдай керексіз заттар шығаратын арнаулы мүше болмағандықтан, цитоплазмадағы тіршілік әрекетінің ақырғы өнімі жасуша вакуольінде кальций оксалаты немесе кальций корбанаты түрінде өсімдік ұлпалары мен мүшелерінде түзіліп, күзде түскен жапырақтармен, сылынып түскен қабықтармен бірге ауық-ауық сыртқа шығарылады. Тұз кристалының пішіндері таяқша, ине тәрізді жеке-жеке немесе майда кристалдар бір-бірімен бірігіп жатады, сондықтан кристалдар да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: а)жеке кристалдар; ә) ине тәрізді топтары (рафидтер); б)жұлдыз тәрізді кристалдар, бір-бірімен бірігіп кеткен (друздар); в) майда кристалдар топтары.

А. Жеке кристалдар тік төрт қырлы, алты қырлы, сегіз қырлы, үшбұрышты болады. Олар жасушада кейде екіден, төрттен бірігіп айқасып жатады. Меңдуанының қурай бастаған жапырағы мен пияздың ең сыртқы қоңырқай түсті кебу жапырағының жасушаларындағы кристалдар бір-бірден ұзынша төрт қырлы болып көрінеді.

Ә. Ине тәрізді жіңішке, бір-біріне қатарласа топтанып жатқан (тұтасып бірікпеген) кристалдарды (рафидтер) бөлме өсімдігі алоэ, гиацинт жапырақтары мен інжугүл тамырсабағынан көруге болады.

Б. Жұлдыз тәрізді кристалдар, бір бірімен бірігіп кеткен (друздар) сасық меңдуананың жапырағында, емен қабағында, рауғаш тамырсабағында кездеседі. Рауғаштың тамырсабағын әбден кептіріп ұнтақтағанда да кристалдар сол күйінде сақталады. Олар бөлме өсімдігі бегонияның жапырақ сағағы көлденең кесіндісінен анық көрінеді.

В. Майда кристалдар топтары құм тәрізді белладонна, темекі жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда майда кристалдар топтары толтырып жатқан жасушалар басқа жасушаларынан күңгірттеу, сондықтан ондай жасушаларды кристалды қапшықтар деп те атайды. Кристалдың пішіні өсімдік түріне байланысты болғандықтан дәрі әзірлеу үшін шикізіат алынатын дәрілік өсімдіктерді жасушаларына қарап ажыратады. Егер шикізат үшін таңдап алынған өсімдіктер қате алынса дереу кристалдарының пішінінен анықтайды. Мұндай шикізаттан дәрі жасау өте қауіпті.

5. Эфир майлары өсімдік жасушаларының цитоплазмасында жасуша аралықтарында, шайыр және эфир майы жолдарында тамшы күйінде кездеседі. Олар жасушалар арқылы арнайы бездер мен безді түктерге өтеді. Эфир майлары органикалық қосылыстардың жиынтығы жапырақта, сабақта (жалбыз, эвкалипт, т.б.), гүл күлтелерінде (раушан, жасмин), жемісте (бүлдірген, құлпынай, таңқурай, өрік, лимон, мандарин), тұқымында (анис, кориандр, сәбіз, укроп), тамырда (колюрия), тамырсабақта (құртқашаш), көктемгі бүршіктерде (терек, аткаштан), түктерінде (қазтамақ) жиналады. Өсімдіктердің аңқыған хош иістері эфир майларына байланысты болады. Олар өте аз мөлшерде бөлінетіндіктен раушан гүлінен 1 грамм эфир майын алу үшін 2 кг-нан артық гүл қажет. Эфир майы суда ерімейді, тек спирт, эфир, бензинде ғана ериді, тез ұшқыш. Дәрі жасау үшін медицинада, бояу заттары, парфюмерия, тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Биологиялық маңызы: анқыған иістері жәндіктерді алыстан-ақ еліктіреді, жәндіктер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге өте пайдалы және кейбір өсімдіктердің жағымсыз иістері зиянды микроағзалардан зақымданудан, малға жем болудан қорғайды.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3194. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия