Студопедия — ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Тыныс алудың мәні және маңызы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Тыныс алудың мәні және маңызы






Жоспар:

1. Тыныс алудың мәні және маңызы

2. Омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы және тынысалу.

Тыныс алудың мәні және маңызы. Астың қорытылуы кезінде органикалық заттардың жай заттарға ыдырауы және олардан ағза жасушаларына, ұлпаларына, әр түрлі мүшелеріне тән органикалық заттардың қайтадан түзілуі үшін оттегі керек.

Ағзада үздіксіз жүріп жататын тіршілік процестері өте күрделі құбылыс. Бір заттар түзіліп жатса, екіншілері ыдырап жатады. Түзілген заттардың ішінде көп түзіліп немесе сырттан келіп ағза үшін қажетсіз, тіпті зиянды боп келетіндері де бар. Мысалы, көмірқышқыл газы. Ағзалардың басым көпшілігі оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Осы құбылысты тірі ағзаның тыныс алуы немесе ағзадағы газалмасу дейді.

Ағзада тынысалу үздіксіз жүреді. Белгілі бір себептен тынысалу тоқтаса, ағза тұншығып, тіршілігін тоқтатады. Мұны сендер бастауыш сыныптан білесіңдер, күнделікті өз тәжірибелеріңнен де жақсы сезінесіңдер. Адам 1 минутта 15-18 рет тыныс алып, дем шығарады.

Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағзаларды аэробты тыныс алатын ағзалар дейді. Ал басқа жануарлардың ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразит жануарларды анаэробты, яғни оттегісіз тыныс алатын ағзалар дейді. Мұндай ағзаның тыныс алуының негізгі мәні аэробтылардың тыныс алуы мәнімен бірдей. Тек ыдырау, синтез процестері оттегінің қатысынсыз жүреді.

Оттегі ағзаға екі түрлі жағдайда сіңеді. Ауадағы оттегін құрлық жануарлары газ күйінде, ал суда тіршілік ететіндердің көпшілігі оттегін суда еріген күйде сіңіреді.

Омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы және тынысалу. Гидрада тынысалу мүшесі жоқ. Суда еріген оттегін бүкіл денесімен сіңіреді. Көмірқышқыл газы дене жабындысы арқылы сыртқа шығарылады. Газалмасу гидра денесінің әр жасушасында өтеді.

Ал шұбалшаңда (жауынқұрты) оттегі дене сыртының сілемейленіп тұратын жұқа тері жабыны арқылы қанға сіңіріледі де, қанмен денедегі барлық жасушаларға тасымалданады. Қанмен келген оттегі жасушаға өтеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы қанға сіңіп, сыртқы тері жабыны арқылы сыртқа шығарылады.

Көпжасушалы жануарлардың ішінде ұлудың да тыныс алуды қамтамасыз ететін арнайы мүшелер жүйесі бар. Құрлық ұлуындағы (жүзім ұлуы), сол сияқты суда тіршілік ететін тоспаұлу денесінің бақалшақ жиегімен түйісетін алдыңғы арқа жағында орналасқан тыныс саңылауы – сондай мүше. Осы саңылау арқылы шапанша (мантия) қуысына ауа кіріп, осы қуыстағы қантамырларымен торланған шапанша қатпары – шапанша қалтасында қанға сіңеді. Оттегіне байытылған қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тасымалданады. Денеде түзілген көмірқышқыл газы қанмен бірге шапанша қуысына келіп, тыныс саңылауы арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Қосжақтаулы былқылдақденелілерде шапанша қуысы дененің екі бүйіріне қараған жағында орналасып, көлденеңінен тілімделген екі жұп тақташалары болады. Әрбір тақташада көптеген кірпікшелер бар. Кірпікшелердің үздіксіз қозғалысы судың ағынын туғызады. Су ағыны дененің артқы жағындағы шапаншаның төменгі кішкене саңылауы (сифоны) арқылы ішке құйылады. Сәл жоғарырақ орналасқан жоғарғы саңылау (сифоны) арқылы сыртқа шығады. Төменгі саңылау – су кіретін сифон, жоғарғы саңылау – су шығатын сифон деп аталады. Осы екі сифонның жұмысы арқасында шапанша қуысын су ағыны үздіксіз шайып тұрады. Суда еріген оттегі осы «желбезек» арқылы қанға сіңеді де, денедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады.

Шаршылы өрмекші денесінің баскөкірек пен құрсақ арасында орналасқан қос өкпе – ауа қапшығы арқылы тыныс алады. Қапшықтардың арасы көптеген жапырақ тәрізді қатпардан тұрады. Бұл жапырақшаларда қанайналымы үздіксіз жүреді де, оттегімен қанығып, денеге тасымалданады. Сонымен бірге құрсақтарында тыныс саңылауына ашылатын екі шумақ демтүтікшелері бар.

Қоңыздар (қиқоңыз, зауза, сүңгуір қоңыз, т.б.) хитинді демтүтіктері арқылы тыныс алады (88-сурет). Қоңыз көкірегі мен құрсағының екі қапталын бойлай ұсақ саңылаулар (тыныс саңылаулары) орналасқан. Осы саңылаулардан дененің ішіне қарай хитинді демтүтікшелері жалғасады. Олар тармақталып, бүкіл ішкі мүшелерді торлайды. Тіпті аяқтардың, мұртша сезім талшықтарының ұшына дейін жетеді. Құрсақ бұлшықеті жиырылғанда ауа демтүтіктен сығылып, сыртқа шығады. Бұлшықет босаңсығанда, сырттан ауа сорылып, оның бүкіл тармақтары ауаға толады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 987. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия