Студопедия — Ақпараттық блок. Цитоплазма. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлініп тұрады, жасушаның жартылайсұйық ортасын
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ақпараттық блок. Цитоплазма. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлініп тұрады, жасушаның жартылайсұйық ортасын






Цитоплазма. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлініп тұрады, жасушаның жартылайсұйық ортасын құрайды. Эукариот жасушасының цитолплазмасында ядро және басқа да әртүрлі органоидтар орналасады. Ядро цитоплазманың ортасында орналасады. Ядродан малекулалардың алмасуы немесе оған өтуі белсенді тасымалдау жолмен жүреді. Белсенсіз диффузия және белсенді тасымалдау ядролық-саңылау кешені арқылы жүзеге асады.

Цитоплазмада әртүрлі қосындылар, вакуоль, сонымен қатар жасуша қаңқасын түзетін ұсақ түтікшелер және жіпшелер бар. Цитоплазманың құрамындағы негізгі заттар ақуыздар. Цитоплазмада зат алмаудың негізгі процестері жүреді, ол ядроны және барлық органоидтарды бір-бірімен байланыстырады.

Эндоплазмалық тор. Цитоплазманың барлық ішкі аймағы көптеген ұсақ каналдармен және қуыстармен толтырылған, олардың қабырғалары плазмалық мембрана құрылысына ұқсас мембранадан тұрады. Бұл каналдар тармақталып, бір-бірімен бірігіп тор түзеді, ол эндоплазмалық тор деп аталады.

Эндоплазмалық тор құрылысы бойынша бірдей емес. Оның екі типі белгілі кедір-бұдырлы және тегіс. Кедір-бұдырлы тордың бетінде рибосомалар орналасады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембраналарында рибосома болмайды. Эндоплазмалық тор әртүрлі қызмет атқарады. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың негізгі қызметі – ақуыз синтезіне қатысу, ол рибосомада жүзеге асады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембранасында липид және көмірсулардың синтезі жүреді. Барлық бұл өнімдер канал және қуыстарда жинақталады, содан кейін жасушаның әртүрлі органоидтарына тасымалданады. Эндоплазмалық тор жасушаның негізгі органоидтарын бірі-бірімен байланыстырады.

Рибосомалар. Рибосомалар барлық ағзалардың жасушаларында кездеседі. Бұл микроскоптық денешік, домалық пішінді диаметрі 15-20 нм. Әрбір рибосома мөлшері әртүрлі екі бөліктен тұрады, кіші және үлкен.

Бір жасушада мыңдаған рибосома болады, олар кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың мембранасында немесе цитоплазмада бос күйінде кездеседі. Рибосоманың құрамына ақуыз дәне РНҚ кіреді. Рибосоманың қызметі – ақуыз синтезі. Ақуыз синтезі - күрделі процесс, тек бір ғана рибосомамен синтезделмейді, бірнеше ондаған рибосоманың тобымен жүзеге асады. Рибосоманың бұндай тобын полисома деп атайды. Эндоплазмалық тор және рибосомалар, және мембараналарда орналасқан ақуыз транспортировкасын және биосинтезінен тұратын тұтас аппарат бірлігі болып табылады.

Митохондрия Жарық микроскопы арқылы жақсы көрінеді. Митохондрияның ішкі құрылысы микроскоп арқылы зерттелген. Митохондрия екі мембранадан тұрады – сыртқы және ішкі. Сыртқы мембранасы тегіс, ешқандай қатпар және өсінді түзбейді. Ішкі мембранасы, керсінше, митохондрияның қуысына бағытталған көптеген қатпарлар түзеді. Мембрананың ішкі қатпарларын қыртыс (кристалар) деп атайды (лат. «криста» - қыртыс, өсінді) Әртүрлі жасушалардағы митохондриядағы қыртыстың саны әртүрлі. Олар 10-100 дейін болуы мүмкін, әсіресе қыртысытар жасушада белсенді қызмет атқаратын митохондрияда көп, мысалы бұлшық еттік. Бұл қыртыстар митохондрияның ауқымын ұлғайтады. Егер де ферменттер митохондрияның беткі жағымен байланысты болса, көптеген ферментативті реакциялар эффективті түрде өтеді.

АТФ митохондрияда синтезделеді. Бұл процесс цитозольдан енетін, көптеген ферменттердің қатысуын қажет етеді. Митохондрияның басқа органеллалардан ерекшелігі өзіне тән ДНҚ бар, ол ядролық ДНҚ ерекше және ерекше митохондриялы гендерді кодтайды.

Жаңа митохондриялар жасушадағы бұрыннан бар митохондриялардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.

Эукариот жасшаларында табылған көптеген пероксисомалар – жекеленген органеллалар, мембранамен қоршалған. Олар оттегін пайдаланудағы негізгі орын болып табылады, сонысымен олар митохондриямен ұқсас болып келеді. Пероксисомалардың көлденең кесіндісі домалақ пішінді

Пероксисомадағы жоғары концентрациядағы каталаза ферменттері сутегі пероксидің (Н 2 О 2 ) оттегі.және суға ыдырайды. Детоксикация реакциясы жоғарғы мөлшерде жүретін, бүйрек және бауыр жасушалары үшін бұндай тотығу реакия типі өте маңызды.

 

Студенттің өзіндік жұмысы:

1 Жұмыс. Альбомға кестен толтыру «Негізгі органоидтар. Құрылысы Қызметтері».

Для этого подобрать соответствующие строению органелл их функции заполнить 3 колонки таблици:

Негізгі органоидтар Құрылысы Қызметтері
     






Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1948. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия