Студопедия — Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы.






 

«Адамзаттық күштің маңыздысының бірі - адамгершілікке ұмтылу». Осыдан біздің ішкі тұрақтылығымыз бен тіршілік етуіміз басталады. Біздің өмірімізде адамгершілік қана біздің қылықтарымызға әсемдік пен сенімділікті береді. Оны жігерлендіру мен оның мағынасын анық түсінуге көмектесу - білім берудің басты мақсаты. Альберт Эйнштейн

Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының иегері, XXI ғасырда гүлденіп өсіп, әлемдік деңгейдегі қуатты мемлекеттер қатарына қосылмақшы. Қазақстанның туын аспандатып, тұтқасын ұстар тірегі жан - жақты білімді жоғары мәдениетті ұрпақ. Сондықтанда жаңа білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», - деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс еді.

К. Маркс пен Ф. Энельс өздерінің ғылыми еңбектерінде социолистік қоғамның адамына қажетті мынадай адамгершілік салаларын тәрбиелеуді ұсынды: Отанды шын жүректен сүю, дүние жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру; социолистік гуманизм, шын мәніндегі ұжымшылдық.

Н.А.Добролюбов: «нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді. Сондықтан мектеп адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін халықпен, оның өмірімен өте тығыз байланысты болуға тиіс, халықтан нәр және әсер алып отыруға тиіс», - деді. Адамгершілік тәрбиесіне қатысты көзқарасында ол ұлттық тәлім - тәрбиенің оның іргетасы болатындығын дәлелдейді. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрыпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді.Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Адамгершілік - қоғамдық өмірдің жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып, жаңа сипат алып отырады. Адамгершілік тәрбиесінің негізі - адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз - адамдардың бір - біріне деген міндеттері мен қатынасын айқындайтын мінез - құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. «Адамгершілік» термин сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латынша адамдық сөзі(moralis) - мораль. «Адамдық» - бұл, өзінің күнделікті іс - әрекетінде, өзінің мінез - құлқымен адамдармен қарым - қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды».

Адамгершілік тәрбие дегеніміз - оқушылардың бойында мінез - құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір - біріне, отбасына, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.[7]

Е.С.Богданова мен Н.А.Каировтар оқушылардың адамгершілік деңгейін адамгершілік сана, сезім және мінез - құлық деңгейі ретінде қарастыруды ұсынады:

-Адамгершілік тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі практикалық іс-әрекетінің барлығына енгізілуі керек. Сонымен қатар, олардың эмоциялық және интеллектуалдық жағын да қамтыған жөн.

-Адамгершілік тәрбиесі - адамгершілік мінез - құлық, сезімдер мен түсініктерді тәрбиелеу.

-Адамгершілік тәрбиенің түп қазығы балалардың бір - біріне қарым- қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру.

-Тәрбие баланың адамгершілік мінез - құлық нормаларына сәйкес балалар ұжымында өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие бола алатындай дәрежеде құрылу керек.

-Жеке тұлғаның адамгершілік дербестігі кең түрдегі қарым - қатынас арқылы қалыптасады. Тәрбие оқушылардың өз мінез - құлқының адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.[5]

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарына Коменский: ата - ананың, мұғалімдердің, жолдастарының үлгісін, балаларға ақыл-кеңес беру, адамгершілік мінез - құлыққа қарсы күресті жатқызды.Коменский адамгершілік тәрбиесіне төмендегідей негізгі талаптарды қойды:

-адамгершілік қасиеттерді кішкентай кезден бастау керек;

-адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іс - әрекетпен тәрбиелеу;

-балаларды бүлінген адамдардың қауымынан және кез - келген басқа да адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру.

Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек. Ол арна - рухани тәрбие. Яғни адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез - құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады. Адамгершілік қылықтар мен іс–әрекеттер – жеке тұлғаның адамгершілік дамуының анықтаушы шарты. Адамгершілік тәрбиенің негізіне қоғамның тарихи даму үрдісінде қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар, моральдық нормалар жатады. Адамгершілік тәрбие үрдісін ұйымдастыру принциптерін ғылыми негіздері этика ғылымына сүйенбеу мүмкін емес, яғни этика ғылымы жеке адамды адамгершілік жағынан қалыптастыру әртүрлі факторлар мен жағдайлардың әсерінен іске асатын күрделі де, жан-жақты үрдіс. Жас жеткіншек әртүрлі ішкі және сыртқы, қоғамдық және табиғи факторлардың әсерінен дамиды.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, рухының жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық. Адамгершілік сезімдер адамдардың бірлесе жасаған әрекеттер негізінде туып, дамиды да осы қоғамда үстемдік етіп отырған адамгершілік ережелеріне бағынады. Адамгершілік сезімдердің ерекшелеріне олардың әсерлігі, яғни олар өзінің барлық күші мен энергиясын кездескен қиындықтарды жеңуге жұмсап, мақсатқа жетуге мәжбүр ететін күш пайда болады.

Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орны, жауапкершілігін түсініп, өзін жетілдіру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін - өзі дамыту, жетілдіру. [6]

Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттері рухтан туындайды да, барлық жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан, оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың күресі жүріп жатады. Жақсыны немесе жаманды таңдап жататынымыз да содан.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.(Шәкәрім)

Бұл екі таңдаудың қалау - қажеттіліктері мен азығы бар. Қайсысы қуаттырақ, үстем болса, ақыл соның талабын қанағаттандырады, соған қызмет жасайды. Тұлғаның жақсы - жаман болып жетілуінің себебі де осыған байланысты. Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарын бұзу жамандық жасағанмен бірдей екенін сезіну қажет. Адам жеке - жеке бөлшектерден құралмайды. Бірыңғай үйлесімді қалыптасады. Бұл - моральдық бір қасиетті тәрбиелемей, екіншісіне көшу мүмкін емес деген сөз. Осыған орай тұлға бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттер қалыптасады. [2]

Рухани –адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу обьектісі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр» деген болатын. Адам өмірінің «алтын бесігі» - мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, ізеттілік құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл - парасатына азық ете білу үшін әрбір ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқа салт-дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды жан - жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген,рухани жаны таза болу шарт. Ол рухани - адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алған жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез - құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.[8]

Рухани - адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез - құлқы мен іс - әрекетін анықтайды.

Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек. [5]

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4063. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия