Студопедия — Группа ФК-У
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Группа ФК-У

1. Білімгердің сабаққа саналылықпен, шын ниетімен қатысуы.

2. Білімгер оқу үрдісінде белсенділік танытулары, «субъект-субъект» қатынасын ұстауы қажет.

3. Үй тапсырмасын өз уақытында сапалы орындау.

4. Тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды бағасы төмендетіледі.

5. Сабақтан себепсіз қалмау, қалған жағдайда себебін анықтайтын анықтама қағазын көрсету. Жіберілген сабақтарды оқытушымен келісілген уақытта өту.

6. Сабақ уақытында бос әңгімемен айналыспау, газет оқымау, телефонды сөндіру, сағыз шайнамау. Сабаққа кешікпеу.

7. Білімгерлердің институттың ішкі тәртіп ережесін сақтауы қажет.

8. Институт қабырғасында болашақ мұғалімге жат барлық жаман әдеттерден аулақ болу.

9. Толеранттық және «полимәдениеттілік» тәрбиені ұстау, коммуникативті болу.

10. Оқытушылар мен курстастарына қатысты педагогтік әдеп пен этиканы ұстану.

11. Пунктуальды және міндетті бола білу.

12. Сабаққа күнделікті қатысу.

13. Барлық сабақтарда кері байланысты қолдау.

14. Сабақтан себепсіз қалудан қашу.

15. Алкоголдік ішімдіктер қолданбау.

10.1. Академиялық мінез-құлық пен этика саясаты

ЖОО-ның ішкі тәртіп негізінде, білімгердің этикалық кодексі негізінде төмендегіше анықталады: 1. Оқытушы, жолдастары мен қызметтестермен сыйластықта болуы керек.

2. Институт, факультеттің барлық тәрбиелік іс-шараларына ат салысу.

3. Институттағы мінез-құлық мәдениетін қолдау.

4. Оқу корпусында тазалық сақтау

10.2. Сабақтарға қатысу саясаты

1. Сабақтан қалмау.

2. Әр сабаққа дайындалу.

3. Белсенді түрде сабақта өзін-өзі көрсету.

4. Сабақтан қалғаны үшін келесі айып түрлері салынады:

- себепсіз сабақта болмағаны үшін 50 балл алынады;

- семинар сабағында болмағаны үшін 50 баллдан алынады;

- курс компоненттері міндетті және оқытушы белгіленген уақытта өткізіледі;

- кешіккендерден тапсырмалар қабылданбайды.

 

Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

 

Оқулық және оқу құралының атауы Білімгерлер контингенті Бар (данамен)
Кітапханада Оқу залында Кафедрада
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.        
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.       -
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.        
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.        
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.       -
  Коджаспирова Г.М. Педагогика. –М.: Гардарики, 2007. -528 б.       -
  Пидкасистый П.И. Педагогика. -М.: Высшее образование, 2007.       -
  Ситаров В.А. Дидактика. –М., 2002.       -
  Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Гардарики, 2007       -
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.       -
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.       -
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.       -
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.       -
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.       -
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. – Алматы, 2005.       -
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.       -
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.       --
  Қалиев С.Майғаранова Ш.Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы.-А, 2001.       -
  Подласый И.П. Педагогика. – М.: Высшее образование. 2007.       -
  Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. –Алматы, 2008.       -
  Бекмагамбетова Р.К. Дидактика. –Алматы, 2010.       -
  Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2004.       -

 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Ф 15-38/2-098
Оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы Жалпы педагогика және психология кафедрасы беттің беті СМЖ «Оқу әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011 Баспа 1.Дана №1

Лекциялық кешен

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

Лекция 1. Тақырыбы:Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде

Жоспары:

1. Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік

2. Педагогиканың даму кезеңдері

3. Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері

4. Педагогиканың категориялық аппараты

5. Педагогика ғылымының салалары мен басқа ғылымдармен байланысы

Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік

«Педагогика» ұғымы «пайдагогос» («paіda» - бала,«gogos»- жетектеуші) деген грек сөзінен шыққан. Педагогикалық еңбектерде бұл ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған делінген.

Ертегі Грецияда қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепке оқымысты басқа құл оқытқан.

Қоғамның дамуына байланысты баланы оқытатын тұлғаның рөлі түбірімен өзгерді. Бүгінде «баланы өмірге жетелеу» өнері ретінде қабылданатын бұл ғылым, баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсіндірілетін болды.

Сондықтан да баланы тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым педагогика деп аталады.

Педагогика - бұл адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады.

Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.

Педагогиканың даму кезеңдері

Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. ХХ ғасырдың ортасына дейін педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретінде танылды.

Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері

Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын жəне оның бағыт-бағдарын көрсетеді.

Сонымен қатар педагогиканың атқаратын қызметтерін ғалымдар теориялық және технологиялық (практикалық) деп екіге бөледі.

Педагогиканың категориялық аппараты

Педагогиканың негізгі ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.

Педагогикалық ұғымдардың негізгісі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.

Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И.Песталоцци.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Педагогиканың жеке категорияларына «даму», «өзін-өзі тәрбиелеу», «ептілік», «дағды», «қалыптасу», «жеке тұлға», «әлеуметтену», «қайта тәрбиелеу», «педагогикалық процесс», «іс-әрекет» ұғымдары жатады.

Педагогикалық ғылымдардың жүйесі

Педагогика ғылымының жүйесін немесе салаларын жіктеу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдары педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде.

 

Лекция 2. Тақырыбы:Педагогиканың әдіснамалық және аксиологиялық негіздері.

Жоспары:

1.Педагогика ғылымының әдіснамасы,философиялық негіздемелері

2. Педагогикалық зерттеу әдістері, оларды жіктеудің өлшемдері

3. Педагогикалық зерттеулердің құрылымы, логикасы

4. Педагогиканың аксиологиялық негізі, құндылықтар жүйесі

5. Педагогикалық неология, праксиология

Педагогикалық ғылымының әдіснамасы, философиялық негіздемелері

Әдіснама - әдістер туралы ілім. Әдіснама-грек сөзінен алынған «зерттеу» деген мағына білдіреді, яғни «әдіс туралы ғылым». Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды және ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салды.

Әдіс термині гректің «мetodos» деген сөзінен алынған, ол «білімге жол ашу» дегенді білдіреді. Әдіс қандай жоба, жол көмек арқылы мақсатқа жетуді анықтайды, шешеді немесе дәлелдейді. Әдіс – ұсынады, өзімен әртүрлі тану жолдарын және практикалық операцияны, жан-жақтығылық білімдерді көрсетеді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г.Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық, технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Жалпы ғылымдық әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолдануы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Нақтылық ғылыми әдіснама қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.

Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, позитивизм, неопозитивизм, т.б.

Педагогикалық зерттеу әдістері, оларды жіктеудің өлшемдері

Педагогикалық зерттеудің әдістеріүш топқа бөлінеді: теориялық, эмпирикалық, әдіснамалық зерттеу әдістері.

Педагогикалық зерттеулердің құрылымы, логикасы

Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі.

Зерттеу ізденістерінің логикасы педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштерден: зерттелуге тиіс проблема, тақырып, зерттеу өзектілігі, нысан, пәні, мақсат, міндеттері, болжам, қорғалуы тиіс идеялар, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.

Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың модельдері ұсынылады.

Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.

Болжам жобалау - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.

Педагогиканың аксиологиялық негізі, құндылықтар жүйесі

ХХ ғасырдың 80-жылдарында инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттары анықталынды, әсіресе алдыңғы қатарлы озат іс-тәжірибенің мән-мағынасын ғалымдар В.А.Кан-Калик, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В.Кухарев, Я.С.Турбовской, Ф.Ш.Терегулов, Л.М. Фридман, К.Н. Волков, Ш.Т.Таубаева және т.б. ашты және олардың негізгі түрлері анықталынды.

Педагогикалық неология, праксиология

Педагогикадағы «жаңаның» мағынасы, мәні, формасын анықтау педагогикалық неологияның; пәні болып табылады, неология педагогикадағы инновациялық процестің мәнін ашып көрсетуге көмектеседі. Сол себепті педагогикада «инновациялық процесс» пен «педагогикадағы жаңалық» ұғымдары бір-біріне синоним ретінде қарастырылады.

Аксиологияның негізгі ұғымы құбылыстың мәдени-әлеуметтік мағынасын ашатын «құндылық» болып табылады. Тәжірибеге жүгінсек, аксиология үшін құнды нәрсе тек қана педагогикалық және ғылыми-педагогикалық құбылыстардың құндылығын анықтау ғана емес, сондай-ақ оларды бағалау критерийлерін де анықтау: жаңашылдық деңгейі, өзектілігі, теориялық және практикалық құндылықтары. Педагогикалық құндылықтарды бағалау критерийлері өте күрделі, себебі жаңалықтың өмірге келуі мен оны жүзеге асырудағы субъектінің рөлі өте маңызды болып табылады.

Праксиологияның негізін қалаған поляк ғалымы Т.Котарбинский болды, ол адамның барлық іс-әрекетінің заңдылықтарын анықтап, соның негізінде адами іс-әрекеттердің жалпы ережелерін ашуға тырысты. Праксиология іліміне сәйкес, жаңаны практикаға ендіру мәселесі мен оның әртүрлілігіне жаңаша қарау қажет.

Құндылықтар: Адам, Өмір, Денсаулық, Отбасы, Отан, Еңбек, Білім, Мәдениет, Бейбітшілік, Жер, Адамзат, Даму, Ар-ұят, Еркіндік, Бақыт, Еңбек, Өмір, Ақиқат, Жақсылық, Әділеттілік, Табиғат, Қоғам, Таным, Теңдік, Бауырластық, Сұлулық, Қарым-қатынас, Ойын.

Қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді.

Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығы арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезінде оқушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, адамгершілік құндылық бағдарына ие болады. Бұдан келіп, оқушы өз бойындағы өзін-өзі айқындаудың адамгершілік құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарын және адамгершілік құндылық бағдарлары негізінде іс-әрекеттері мен қарым-қатынасы ұйымдастыруын салыстырады, әрекеттер мен мінез-құлыққа талдау жасау барысында ол адамгершілік құндылықтарды анықтап, оның өзін-өзі айқындап жүзеге асады.

Лекция 3. Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдіс.

Жоспары:

1. Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері.

2. Тұтас пед. процестің заңдылықтары мен принциптері.

3. Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші, педагогикалық жағдаят, шешу жолдары

Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері

Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні - әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. Педагогикалық процесс – негізгі, біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді.

Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.

Біртұтас педагогикалық процестің атқаратын қызметтері

Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:

ü ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);

ü тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі)

ü дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);

ü аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);

ü əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу.

Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері

Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К.Гончаров, А.Г.Калашников, С.В.Грехтенберг). Біршама кейін педагогикалық процестің оқу процесінде заңдылықтарын В.И.Загвязинский, Г.И.Щукина, Н.И.Болдырев, Н.Н.Петухов және т.б. зерттей бастады.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарға талдау жасай келе, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттеген ғалымдар: И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, т.б.

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларын принциптер деп атайды.

Біртұтас педагогикалық процестің принциптері - нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады. Қай педагогикалық процесс болмасын, өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді.

Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші, педагогикалық жағдаят, шешу жолдары

Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.

Педагогикалық жағдаят педагогикалық шындыққа тән көпжақты болады, нақтылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны, мәні, тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, қалыптасудың қас қағым сәті арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысы мен дамуын көруге мүмкіндік туады.

Лекция 4. Тақырыбы: Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьектісі және субьектісі.

Жоспары:

1. Жеке тұлға қалыптастырудың философиялық-әдіснамалық негіздері

2. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар

3. Тұлғаның дамуының қозғаушы күштері, іс-әрекеті, құндылық бағдары

4. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың дамуы мен ерекшеліктері

5. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері

 

Жеке тұлға қалыптастырудың философиялық-әдіснамалық негіздері

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені ол айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты.

Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретіндегі индивид. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид.

Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар

Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық жеке тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады.Тәрбие - жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.

Тұлғаның дамуының қозғаушы күштері, іс-әрекеті, құндылық бағдары

Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың дамуы мен ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысында болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және отбасы олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.

Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бұл кезде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналар балалардың күш-қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте- бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет

Бастауыш м ектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен ерекшеліктері

Оқушылардың түрлі іс - әрекеттерін жүзеге асыру үшін, оларды барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет: кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын ғана болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әртүрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.

Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйектері қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жартышарының функциялары дамиды. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері

Жеткіншектік шақта балалардың денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Жеткіншек шақ - ең қиын, ең тынышсыз, ұшқалақ шақ, балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, саяси ой-өрісі кеңиді, өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талаптанады. Үлкендермен қарым-қатынас, мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау орын алып жатады.

Жасөспірімділік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс -әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.

Лекция 5. Тақырыбы:ҚР білім беру жүйесі

Жоспары:

1. Қазіргі білім беру жүйесінің құрылымы, мақсаты, міндеттері, дамыту бағыттары, факторлары, мемлекеттік саясатының ұстанымдары

2. Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесі.

3. Шағын жинақты мектеп, ерекшеліктері.

4. Білім беру мазмұнын белгілейтін Қазақстандық және халықаралық құжаттар. ҚР «Білім туралы» Заңы. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

5. Инклюзивті және үздіксіз, қосымша білім беру

Қазіргі білім беру жүйесінің құрылымы, мақсаты, міндеттері, дамыту бағыттары, факторлары, мемлекеттік саясатының ұстанымдары

ХХ ғасырда барлық салада интеграциялану үдерістері қызу жүріп жатыр. Бұл құбылыстардан Қазақстан білім беру жүйесі де сырт қалмауы керек. Әлемдік өркениетке ел қатарлы, уақыттылы және байыпты түрде кіргеніміз дұрыс.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесі.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушының таным белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Шағын жинақты мектеп, ерекшеліктері.

Соңғы 15 жылда негізгі ШЖМ-ның саны 2 есеге көбейді. Әрбір төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында білім алады.

Шағын жинақталған мектептердің басты мәселесі-қосалқы сыныптарда оқу өткізудің қолайсыздығы,арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы, кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

Шағын жинақталған мектептердің қызметін жетілдіруде,сапалы білім беруде инновациялық технологияларды қолдану арқылы біріктірілген сыныптарда мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту мәселесіне, яғни интеграцияға ерекше назар аударылып отыр.

Білім беру мазмұнын белгілейтін Қазақстандық және халықаралық құжаттар. ҚР «Білім туралы» Заңы. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болады.

Инклюзивті білім беру. Үздіксіз білім беру. Қосымша білім беру

Инклюзивті білім беру төмендегідей принциптерді басшылыққа алады:

- адамның құндылығы оның қабілеттеріне байланысты болмайды;

- әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

- әрбір адам қарым-қатынас жасауға және іс-әрекет жасауға қабілетті;

- әрбір адамның бір-біріне деген қажеттілігі орын алады;

- әрбір адам өзін қолдауға және достыққа мәжбүр;

- әртүрлілік адамның өмірінің барлық жақтарын арттыра түседі.

2 БӨЛІМ. ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ

Лекция 6. Тақырыбы:Тәрбиенің мақсат, міндеттері, әдістері.

Жоспары:

1. Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері.

2. Қазіргі кездегі тәрбие тұжырымдары, дәстүрлі және инновациялық тұғырлар

3. Тәрбие беру стильдері

4. Тәрбие әдістері, классификациясы

5. Дүниеге көзқарас, маңызы, қызметтері, түрлері, ішкі құрылымы

Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері

Тәрбие - қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан,эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жас өспірімді дамытып қалыптастыру.

Тәрбиенің түп мақсаты- қоғамның нарықтық қатынасқы көшіру кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгілінген XXI ғасыдағы құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.

Қазіргі кездегі тәрбие тұжырымдары, дәстүрлі және инновациялық тұғырлар

Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді.

Е.В. Бондаревскаяның тәрбие тұжырымдамасына сәйкес мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы тұлғаға бағдарланған тәрбие дегеніміз - баланың денсаулығын нығайту процесі, оның табиғи қабілеттерін (ақылын, құлықтық және эстетикалық сезімдерін, қажеттіліктерін, адамдармен, табиғатпен, өнермен қарым-қатынасын жасауда алғашқы тәжірибесін жинақтауын) дамыту процесі. Бұл жас кезеңінде педагогикалық әдіс-тәсілдердің үйрету, сөз және үлгі арқылы әсер ету, қарым-қатынас, өмірді сезім арқылы тану мен мәдениет құндылықтарын тану, эстетикалық және құлықтық сезіну және т.б. түрлерін пайдалауға болады.

Тәрбиенің тұлғаға бағдарланған тұжырымдамасын жақтаушылар Ш.А.Амонашвили, М.Н. Берулава, Е.В. Бондаревская, Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманская және т.б.

Е.В. Бондаревская тұлғаға бағытталған тәрбиелеу парадигмасына төмендегілерді ұсынады:

· білім беруде адамның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара ерекшеліктерін есепке алу;

· балаға ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас: баланы қолдау, оны дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі тәрбиелеу,баланың өзінің жеке тұлғасының қалыптасуына, оның адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен қарым-




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Социально-экономические потребности общества в подготов­ке подрастающих поколений к жизни как объективная предпо­сылка возникновения и развития педагогической теории

Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2362. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия