Студопедия — БАКТЕРИЯЛАР
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

БАКТЕРИЯЛАР






Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар (Мамонов және т.б., 1992) қарастырады.

Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар - бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.

Ыналар

Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады.

Қорытынды: Микроорганизмдер бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi болып келедi:

Үйге тапсырма: І бөлімді қайталау, жұмыс дәптерін орындау.

 

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесімен танысу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық;: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: І бөлімді қайталау, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрлық жер шары бетiнiң 30 % жуығын алып жатыр, қалған бөлiгi теңiздер мен мұхиттар.

Өзен, көл және теңiз суларында өсiмдiктер көптеп кездеседi. Ұсақ жасыл өсiмдiктер суда қалқып жүредi, кейбiр тұтасып өскендерi су түбiн жауып жатыр, осы өсiмдiктердiң көпшiлiгi балдырлар деп аталады, олар кәдiмгi гүлдi өсiмдiктерден ерекше. Балдырлар негiзiнен су өсiмдiктерi, дегенмен кейбiреулерi жер бетiнде кездеседi: топырақта, ағаш дiңiнде т.б.

Альгология (немесе фикология) балдырлар жөнiндегi ғылым. Бүкiл жер бетiне таралған олар, фотоавтотрофты ағзалар ретiнде табиғат тiршiлiгiнде орасан зор рол атқарады. Суда олар органикалық заттар жасаушы (түзушi) ретiнде болғандықтан – қорек тiзбегiнiң алғашқы буыны. Келесi бiр үлкен маңызы балдырлар судағы жануарлар мен өсiмдiктер үшiн фотосинтез кезiнде суға оттегiн бөледi. Оларда көбiнесе хлорофилден басқа да пигменттер болады. Сондықтан олар сарғыш, қоңыр, қызыл түстi де болады. Әрине, жасыл балдырлар да көп.

Үлкен су қоймалары түбiнде өсетiн балдырлар – жасыл түстi жiңiшке жiп тәрiздi. Балдырлардың тамыры болмайды, сондықтан олар су түбiне кiшкене өсiндiлерi – ризоидтары арқылы бекiнедi. Олардың өткiзгiш түтiктерi бар сабақтары, жапырақтары, гүлдерi, жемiстерi мен тұқымдары болмайды. Мықты сүрегi, тiн талшықтары жоқ балдырларды су демеп ұстап тұрады. Судың қозғалысы мен балдырлар тербелiп тұрады.

Қазір жер бетінде 500 мыңдай Қазақстанда 5600 дей өсімдік түрі бар, олар туыстық белгілеріне қарай топтастырылып жүйеленген.

Қорытынды: Өсімдіктердің барлығына тән ортақ белгілері болады. Басқа тірі ағзалар тәрізді зат алмасу, қоректену, тыныс алу, көбею, тітіркену үдерістеріне қатысады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.

 

Үйге тапсырма: § 13 48-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

 

 

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Біржасушалы балдырлар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балдырлар туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық;: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 13 48-бет сурет салу, сабақты оқып келу.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны –хламидомонада. Ол кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады. Осындайды «гүлдеген«су деп атайды. Сулардың осылай «гүлдеуi«хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi.

Хломидомонада жасушасы сопақша немесе алмұрт пiшiндi болып келедi.. Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесiн қозғалысқа келтiретiн екi талшығы болады. Бұл жануарлар ағзаларына тән туыстық белгi. Жасушасы сыртынан целлюлозалы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және iрi тостаған тәрiздi хроматофоры бар.

Жасушаның алдыңғы бөлiмiнде екi жырылғыш вакуоль және жарық сезгiш көзше орналасқан. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. Жиырылғыш вакуоль артық суды бөлiп шығарады.

Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық заттармен қоректенбейдi, дайын органикалық заттарды бүкiл денесiмен сiңiрiп те қоректенедi. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады

Көбеюi екi жолмен жүредi – жыныстық және жыныссыз. Жаз айларында қолайлы жағдайлар туғанда жыныссыз көбейедi. Бұл үрдiс көбiнесе түнде жүредi, хламидомонада тоқтап талшығын тастайды (жоғалтады), бөлiнiп 2,4 кейде 8 ұсақ жасушаларға (хламидомонадаларға) айналады. Оларды зооспаралар деп атайды. Зооспоралардың талшықтары болғандықтан өз беттерiмен қозғала алады. Сонымен хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралары арқылы жүредi. Споралар аналық жасушаның қабықшасы жарылғаннан кейiн кiшкене хламидомонада түрiнде суға жүрiп шығады. Суда бiраз жүзiп жүрiп аналық жасушаға дейiн үлкейiп өскен соң жыныссыз көбеюге кiрiседi.

Жынысты көбею күннiң суытып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз кезең басталғанда жүредi. Аналық жасушада 2 талшықты гаметалар түзiледi.

Олар аналық жасушаның қабықшасынан шығып басқа хламидомонаданың гаметаларымен жұптасып қосылады. Осының нәтижесiнде тығыз қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi.

Хлорелла (Chlorella) – бiр жасушалы көзге көрiнбейтiн ұсақ жасыл балдыр..

Егер бiр тамшы жасылсуды микроскоппен қарасақ көптеген түссiз шар тәрiздi денелердi көруге болады. Олардың iштерiнде жасыл хроматофоры да көрiнедi.

Бұл хлорелла өсiмдiгi. Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де көруге болады.

Қорытынды: Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады.

Үйге тапсырма: § 14 52-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Көпжасушалы жасыл балдырлар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балдырлар туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық;: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 14 52-бет сурет салу, сабақты оқып келу

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Бiр жасушалыдан басқа суда көп жасушалы балдырлар да көп. Осы балдырлар iшiнде ұйысқан тұтас жiп тәрiздi балдыр улотрикс бар.

Улотрикс ағыны қатты сулардың беткi қабатында кездеседi. Оның өсiндiсi тұтасқан шым тәрiздi болады. Олар сумен тербелiп жиектерде, жарларда және су астындағы тастарда бекiнедi. Улотрикстiң жақсы тiршiлiк етуi үшiн үнемi ауа ағыны қажет, сондықтан балдыр жағаға жақын өседi.

Улотрикс қысқа цилиндр тәрiздi жасушалардан тұрады. Ол жасушалар бiр қатарда тiзiлiп орналасып жiпше түзедi.

Талломның барлық жасушалары бiрдей құрылысты. Ризоиды түссiз ұзын болып созылған жасуша. Су түбiндегi тасқа осы ризоидтарымен бекiнедi. Жасуша қабықшасы целлюлозадан тұрады. Улотрикстiң ересек жасушаларында ядросы, хроматоффорасы бар цитоплазма жасуша қабырғаларына қарай орналасқан. Жасушасында хроматофоры бiреу.

Аса көп таралған көп жасушалы балдырлардың бiрi – спирогира (Spirogyra). Кез келген тоғанда, немесе өзек тоқтауларында кездесетiн жасыл үстi қолға ұстағанда тайғақ тәрiздi болатын салындыны кездестiруге болады. Осындай салындының көпшiлiгi спирогира жiпшелерiнiң жиынтығы, олар суда еркiн жүзiп жүредi. Жiпшелерi шырышты қапшықпен жабылған.

Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр. Жiпшесiндегi жасушалары бiр қатарға орналасқан. Көпшiлiк жасушалары бөлiнедi, соның арқасында жасушалар саны артады. Спирогира жасушалары (клетчатка) жасунықты қабықшамен қапталған. Цитоплазмасы жасуша қабықшасына ығыстырылған жасуша ортасында ядрошығы бар iрi ядро орналасқан. Жасуша iшi үлкен бiр вакуольмен толы. Бiр немесе бiрнеше таспа тәрiздi хроматофоры жасыл түстi болып келедi.

Тұщы суларда кездесетiн көпшiлiк балдырлардың бiрi кладофора (Cladophora) Кладофора теңiздерде де жиi кездеседi. Спирогира сияқты кладофора да жiп тәрiздi балдыр, бiрақ оның құрылымы күрделi болып келедi. Көпшiлiк жағдайда кладофора жiпшелерi тармақталып су түбiне бекiнiп тұрады, әсiресе жас өсiмдiктерi. Үлкейген өсiмдiктер суда жүзiп жүредi.

Хроматофорлары iрi тор тәрiздi болып келедi. Осы балдырдың бiр қызықты ерекшелiгi әрбiр жасушасы көп ядролы. Бұндай ерекшелiк жоғары сатыдағы өсiмдiктерде ешқашан болмайды.

Қорытынды: Жасыл балдырлар әртүрлi құрлықтағы су қоймаларында кең таралған, сондықтан тiрi күйiнде оларды зерттеу қолайлы. Жасыл балдырлар бiр жасушалы, көп жасушылы және колониялы болады. Көп жасушалы балдырлардың денесi сабақ, жапырақ болып бөлiнбегендiктен таллом деп аталады. Жасуша қабықшасы целлюлозалы (жасунықты). Хлорофилi бар пластидтер хроматофор деп аталады. (Гректiң «хромос» – бояу, «форос» -тасыушы деген сөздерiнен). Хроматофорларда крахмал жинақталады. Хроматофорлар әртүрлi формалы. Кейде iрi бiр-бiрден немесе бiрнешеу, кейбiреулерiнде – ұсақ, дән тәрiздi, өте көп. Балдырдың түр-түсi хлорофилден басқа каротин және ксантофиллдерге де байланысты.

 

Үйге тапсырма: § 15 57-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

 

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Теңіз балдырлары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балдырлар туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық;: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 15 57-бет сурет салу, сабақты оқып келу

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Теңiздер мен мұхиттар балдырлары әртүрлiлiгiмен сипатталады. Олардың көпшiлiгi аса iрi, бiрақ жағалаудағыы таяз жерлерге, әсiресе 30-50 м тереңдiкте тiршiлiк етуге бейiмделген. Осындай балдырлардың жағалаулардағы көптiгi сонша, тiптi су асты ормандары деп атауға болады.

Дүние жүзiлiк мұхит су өсiмдiктерiнiң қызықты өкiлдерiне толы. Жаңа Зеландия және Отты Жер мен көршiлес оңтүстiк елдiктiң теңiздерi iрi, алып балдырларымен аты шыққан аймақтар.

Оңтүстiк жартышар теңiздерiнде ең iрi балдыр алмұртты макроцистис кездеседi. Оның жалпы ұзындығы 150 деп 300 м дейiн және одан асады. Макроцистис дегенiмiз «iрiжасушалы«дегендi бередi. Шынында осы балдырдың жасушалары iрi болып келедi, басқа өсiмдiктермен салыстырғанда тiптi алып жасушалар.

Алмұртты макроцистистiң ешқандай да алмұрты жоқ, бiрақ оның алмұрт тәрiздi көптеген томпақтары бар. Осы томпақтардың iштерi қуыс, сыртқы тығыз қабығы оған су өткiзбейдi, сондықтан бұл балдырлар жүзiп, қалқып жүре алады.

Ламинариялар теңiз капустасы деген атпен белгiлi, олар адамдарға үлкен пайда келтiредi. Азия, Еуропа және Американың көптеген елдерiнде ламинарияларды тамаққа, малға азыққа, өндiстiк өңдеуге пайдаланылады. Олардан альгинат, маннат, ламинарин сияқты құнды препараттар алынады. Әсiресе Қытай мен Жапонияда ламинарияны өте ертеден және кеңiнен пайдаланылады. Олардан көкөнiстiк уылдырық, салаттар, консервлер тiптi кәмпиттер жасайды.

Теңiздер мен мұхиттарда әртүрлi қызыл балдырлар немесе багрянкалар көптеп кездеседi. Олар солтүстiк теңiздерде де мекен дейдi, бiрақ негiзгi мекенi оңтүстiк жылы аймақтар.

Багрянкалар өз көлемдерi бойынша еш уақытта қоңыр балдырға жете алмайды және теңiз толқындары таралмайтын терең жерлерде өседi.

Багрянкалардың денелерi өте нәзiк, осал. Олардың түстерi алуан түрлi, ашық қызылдан тiптi қараға дейiн болады. Осы түстерiнiң әртүрлiлiгi олардың кескiнiмен бiрiгiп су асты патшылығының әсемдiгiн бередi. Өйткенi багрянкалар кейде жiп тәрiздiлерi, кейде жапырақ тәрiздi қабаттама, кейде мүк топтамасындай, ал кейде нәзiк тарамдалған ергежейлi ағаштай болады.

Қоңыр балдырлар (PHAEOPHYTA) негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.

Қорытынды: Балдырлардың адам үшiн практикалық маңызы зор. Мысалы Солтүстiк теңiздегi мекендейтiн балдырлардың бiрi – хондрус. Оны құрғатылған күйiнде тыныс жолдары ауруларын емдеуде дәрi ретiнде пайдаланады. Басқа багрянкалардан таза микроорганизмдер культурасын алу үшiн дүние жүзiнiң барлық зертханаларында пайдаланылатын агар-агар өңдiредi. Осы агар-агар тамақ өндiрiсiнде, және кинофотопленка жасауда да аса қажеттi шикiзат болып табылады. Кондитерлер, нан пiсiрушiлер агар-агарды аздап қамырға қосады, сонда әртүрлi бәлiштер (пирожный), бисквиттер мен нандар ұзақ уақыт қатпай сақталады.

Үйге тапсырма: § 16 60-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

 

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мүктәріздес өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық;: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 16 60-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.

Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.

Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» - бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.

Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Мүктердiң аса кең тараған екi өкiлiн қарастырамыз. Олар: жасыл мүк - көкек зығыры мен шымтезек мүгi.

Жасыл мүк - көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)

Жалпы сипатамасы. Көкек зығыры топырақтың бетiн кiлемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктердi оңай ығыстырады. Бойына ылғалды көп сiңiредi. Бұл орманның батпаққа айналуына себепшi болады. Көк зығыры екi үйiлi өсiмдiк (6 – сыныпты еске түсiрiңдер). Аталық өсiмдiк көп жылдық, ал аналық өсiмдiк бiр жылдық болады. Көк зығырының биiктiгi 40 см шамасында болады. Сабағы бұтақтанбайды, оның сыртын қалың, майда жапырақтар жауып тұрады. Сабағының құрылысы өте қарапайым. Сабақтың қабықшасының астында тiрек ұлпасы орналасады. Сабақтың ортасында қарапайым өткiзгiш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекiнедi.

Қорытынды: Мүк тәрiздiлер жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi былайша жүзеге асады. Аталық өсiмдiктiң жоғарғы ұшында аталық жыныс клеткалары болады. Аналық өсiмдiктiң сабағының жоғарғы ұшында аналық жыныс клеткалары жетiледi. Осы жыныс клеткаларының қосылу нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады

 

Үйге тапсырма: § 17. 66-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау

 

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мүктәріздес өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық;: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 17. 66-бет сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Жалпы сипаттамасы. Шымтезек мүгi (сфагнум - Sphagnum) ылғалды, батпақты жерлерде, әсiресе солтүстiк ендiктерде кездеседi (15-сурет).

Шымтезек мүгi – сабағы жиi бұтақталған көпжылдық өсiмдiк. Көкек зығырынан және басқа да мүктерден айырмашылығы – оның ризоиды болмайды. Су мен онда ерiген минералды тұздарды сабақ арқылы сiңiредi. Сабағында ақшылдау-жасыл түстi жапырақтары бар. Шымтезек мүгiнiң жапырағының клеткалары екi түрлi болады: 1) ұзын, жiңiшке, хлорофилл дәндерi бар жасыл түстi тiрi клеткалар; 2) iшiнде цитоплазмасы жоқ өлi клеткалар. Жасыл клеткаларда фотосинтез процесi жүредi және олар арқылы жапырақтан сабаққа органикалық заттар өтедi. Екiншi өлi, түссiз клеткалар сәл iрiлеу келедi, оларда көп мөлшерде су жиналады. Бұл клеткалардың қабықшалары ғана сақталған.

Осындай түссiз өлi клеткалар сабақтардың да сыртын жауып тұрады. Олар суды топырақтан, оңай сiңiредi және ұзақ уақыт өз бойында ұстауға қабiлеттi келедi. Содан соң бiртiндеп бойындағы суды тiрi клеткаларға өткiзедi. Осы қасиеттерiне байланысты шымтезек мүгi бойына өз салмағынан 30-40 есе артық су жинайды.

Шымтезек мүгi орманды жерлерде, көкек зығырының арасында өседi. Қай жерде шымтезек мүгi өссе, сол жердiң топырағының ылғалдығы жоғары болады. Ылғалдылығы жоғары топырақта ауаның жетiспеуiнен ағаштар нашар өседi. Мұндай жерлерде шымтезек мүгi керiсiнше қалың болады. Нәтижесiнде орман алқабы бiртiндеп батпаққа айналады.

Көбеюi. Шымтезек мүгi көкек зығыры секiлдi жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Шымтезек мүгi бiр үйлi, қос жынысты өсiмдiк. Жынысты көбейгенде аталық жыныс клеткалары сабақтың бұтақталған жерiндегi жапырақтардың қолтығында жетiледi. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялады. Аналық жыныс клеткалары қысқарған сабақтардың бұтақтарында орналасады.

Аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Осы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан кiшiлеу қауашақ жетiледi. Оның iшiнде көптеген споралар түзiледi. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Споралар пiсiп – жетiлген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Жерге түскен споралардан табақша тәрiздi өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелерде көптеген бүршiктер түзiледi, олардан келешекте шымтезек мүгi жетiледi.

 

Қорытынды: Шымтезектiң түзiлуi. Шымтезек мүгiнiң сабағы жыл сайын шамамен 2-3 сантиметрге өсiп отырады. Сабақтың төменгi бөлiгi жыл өткен сайын бiртiндеп өле бастайды. Сабақтың өлi бөлiгi батпақты топырақта оттектiң жетiспеуiнен өте баяу шiридi. Нәтижесiнде олар шымтезекке айналады. Шымтезек мүгi судың бетiнде де қалың болып өсе алады. Мысалы, су өсiмдiктерi өте қалың болып өсетiн терең көлшiктерде шымтезек мүгiнiң қатысуымен салынды түзiледi.

 

Үй тапсырмасы: § 18. сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау

 

 

Күні:_____________ Сыныбы: 7 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Плаунтәріздес өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Плаунтәріздес өсімдіктер туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық;: Ботаника ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы: § 18. сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау

III Жаңа сабақты түсіндіру:

Плаун тәрiздiлер ерте дәуiрде пайда болған. Олардың казiргi кездегi өкiлдерi көп жылдық мәңгi жасыл шөптесiн өсiмдiктер. Жойылып кеткен түрлерiнiң iшiнде ағаштарыда кездескен. Қазiргi кезде плаундардың 100 – дей түрi белгiлi. Плаун тәрiздiлер тең және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Тең споралы плаун тәрiздiлердiң кең тараған өкiлiне шоқпарбас плаун(плаун булововидный – Lycopodium clavatum) жатады.

Ол қарағайлы ормандарда жиi кездеседi. Плаунның сабағы жерге төселiп, тiк және басқа өсiмдiктерге сүйенiп өседi. Төселiп өсетiн сабағынан жоғары қарай ұсақ жапырақтары бар, өркендерi, төмен қарай қосалқы тамырлары жетiледi. Күзге қарай жоғары бағытталып, тiк өсетiн өркендерiнiң ұшында екiден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетiн масақтары дамиды. Плаунның сабағының iшкi құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа қабық жауып тұрады. Оның астында жақсы жетiлген қабық қабаты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тiрек ұлпасы бар. Сабақтың ортанғы бөлiгiн шеңберлi шоқ алып жатады

Көбеюi. Шоқпарбас плаун вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегететивтi көбеюi төселiп өсетiн өркендерiнiң үзiндiлерi арқылы жүзеге асады. Мұндай үзiндiлердiң жас клеткаларынан қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетiледi. Осылайша бiр өсiмдiктен бiрнеше жас плаун пайда болады. Кейбiр түрлерi (басқа ағашқа жабысып өсетiндер) өркендерiнiң ұшында пайда болатын бүршiктерi арқылы вегетативтi көбейедi. Бүршiк толық жетiлген соң үзiлiп (0,5м қашықтыққа) түсiп, қолайлы жағдайда өнедi. Мұндай бүршiктер өркенде жылына бiр рет түзiледi. Жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетiледi. Плаунның спора түзетiн масағының өсiне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкiр спорофилдер бекидi. Спорофилл –түрi өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрiздi спорангийлер орналасады. «Спорангий» споралар дамитын орын, олардың iшiнде көптеген ұсақ, сары түстi споралар жетiледi. Споралардың барлығының пiшiнi мен мөлшерi бiрдей. Пiсiп – жетiлген споралар спорангийлердiң қабықшасының жарылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Плаун тәрiздiлердiң кейбiреулерi (мысалы, Selaginella) әртүрлi споралы өсiмдiктер болып келедi.

Жынысты көбеюi жерге түскен споралардың өнуiнен басталады. Плаун спораларының өнуiнiң екi типi белгiлi. Жер үстi және жер асты типтерi. Бiрiншi жағдайда споралар жерге түскен соң бiрнеше күннен кейiн жер үстi өскiншелерiн бередi. Бұл өскiншелер жартылай сапрофит ретiнде қоректенедi. Олардың жерге төселiп өскен ашықтау – жасыл түстi өскiншелерiнiң астында саңырауқұлақтардың жiп шумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жiп шумағынсыз өскiншелер өспей қурап қалады. Осылайша жартылай жерге енiп жататын өскiншелер бiр жаздың өзiнде пiсiп жетiледi.

Қорытынды: Плаундар барлық жасыл өсiмдiктер секiлдi фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және топырақ түзу процесiне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрi - дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбiн қайнатып, тұнбасын iш жүргiзетiн, несеп айдайтын және өттi тазартатын дәрi ретiнде медицинада қолданылады.

 

Үйге тапсырма: § 19. сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 867. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия