Студопедия — Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.






Етістіктің аналитикалық формасы— сынарларының бірі негізгі етістіктен, екіншісі көмекші етістіктен жасалып, грамматикалық мағына білдіретін етістік тіркесі. Етістіктің аналитикалық формасы мағыналары тең емес сынарлардың тіркесінен жасалады. Лексикалык мағына негізгі етістікте ғана болады. Етістіктің аналитикалық формасы даяр аналитикалық форманттардан жасалады. Мысалы: біле сал, тұра бер, жұлып ал.

Қазақ тілінде сөз табының грамматикалық сипаты жағынан үлкен бір ерекшелігі – оның күрделі етістік деп аталатын грамматикалық (лексикалық, немесе лексика-семантикалық емес) түрінің болуында. Күрделі етістік деген ұғым күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т.б. сияқты ұғымдардан грамматикалық сипаты жағынан мүлде бөлек, я кез келген екі я одан да көп түбірден (сөзден) құрылған етістіктің бәрі бірдей күрделі етістік бола бермейді, тек негізгі етістік пен көмекші етістіктің белгілі тәсіл арқылы тіркесіп барып, бір сөздің (етістіктің) мәнінде жұмсалып, етістіктің белгілі грамматикалық категориясын жасайтын түрі ғана күрделі етістік бола алады. Атап айтқанда, негізгі етістік көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі,) есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек), шартты рай (-са, -се) тұлғаларына көмекші етістіктер және негізгі етістік түбірге -ғы, -гі, - қы, -кі қосымшаларының тәуелденген тұлғасына кел көмекші етістіктің тіркелісінен жасалып, бір ғана етістіктің орнына жұмсалатын (көмекші етістік грамматикалық қана мән үстеп, белгілі бір категорияның көрсеткіші болу яғни грамматикалық тұлға – қосымша мәнінде қолданылатын) етістіктің түрі күрделі етістік болып табылады. Яғни екі я одан да көп сөзден (түбірден) құралған етістіктердің бәрі бірдей күрделі етістік бола бермейді. Мысалы, таң қалды, қаулы қылды, әңгіме етті, зар қақты, сай келді, ән салды, жәрдем етті, қабыл алды, айғай салды, бет қойды, жақсы көрді, еңбек сіңірді тәрізді есім сөз бен көмекші етістік немесе тарс етті, зыр қақты, мыңқ етпеу, тақ-тұқ етті, шақ етті

тәрізді еліктеуіш сөз бен көмекші етістік тіркесінен жасалған да күрделі (тіркесті) түбір етістіктер бар. Бұл топтағы етістіктің ерекшеліктері сол – бұндағы көмекші етістіктер, ең алдымен, етістікпен емес есім (еліктеуіш) сөзбен тіркеседі, екіншіден, оған тек грамматикалық мән-мағына үстеп қоймайды, сөзжасам қызметін атқарады, есім (еліктеуіш) сөздерді етістікке айналдырады, сөйтіп, сөзжасам қосымшаларының міндетін атқарады, грамматикалық мән шеңберінен шығып қалады: таң қалды -таң-дан-ды, әңгіме етті -әңгіме-ле-ді, зар қақты -зар-ла-ды, ән салды -ән-дет-ті, жәрдем етті -жәрдем-дес-ті, қабыл алды -қабыл-да-ды, айғай салды -айғай-ла-ды, бет қойды -бет-те-ді, еңбек сіңірді (етті) - еңбек-тен-ді, тарс етті, -тарсыл-да-ды, мыңқ етпеді, мыңқыл-да-мады т.б. белгілі дәрежедегі параллельдерді салыстыруға болады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3825. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия