Студопедия — Етістіктің рай категориясы.Рай категориясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Етістіктің рай категориясы.Рай категориясы






Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модалъдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы болып табылады.

Етістік модальдылық мәнге өте бай сөз табы. Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеу-

шінің көзқарасы, пікірі, бағасы (анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б.) қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық (категориялық) көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамтый алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, адам-су, білгіш-сіну, жетім-сіреу, білген-су, жүр-іңкіреу, кел-гіштеу сияқты сөздер қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік қана емес, сонымен бірге -сы, (-сі), -сін (-сын), -сір, (-сыра), -іңкір (-ыңқыра), -гіште (-ғышта) т.б. қосымшалар қимылға бәлдену, тыраштану „әлденемедегі бола қалып, болып көріну", бәлсіну, менсінбеу, бұлдану, зартұту, зәрулік, тапшылық көру, тең еместікті сезіну, қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық, жағымсыздық сипаты, қимылдың күшейтпелі, үдей түсу мәні т.б. сияқты модальдық реңктер үстейді.

46. Салт-сабақтылық категориясы. етістіктің салттылық-сабақтылық мәні оның, біріншіден, семантикалық сипаты, екіншіден, тумысынан тән ерекшелігі екенін баса көрсеткен жөн. Мысалы, негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру туынды түбір деп танылып жүрген ойлау (ой-ла), шегелеу (шеге-ле), ескеру (ес-кер), арқалау (арқа-ла), утіктеу (үтік-те), күрделі (тіркесті) түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру, әңгіме қылу т.б. етістіктер сабақты және әр түрлі тұлға түрлері де, оқы-ған, оқы-дым, оқып-сың, жазып-ты, жаз-ады, көр-гісі келді, ойла-ма-ған, үтікте-йді, жек көр-месе, келемеж ет-кісі келді, әңгіме қыл-ған-сыз т.б. сабақты етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы да тура объектіні тікелей талап етеді; бұған кімді? нені? деген сұрақ қойылады да онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады: кітапты (нені?) оқу, оқып, отыру, отыр-ған-мын, бала-сын (кімді?) ойлау, ойла-ған, ойла-маған, ойлап отыр, өсекшіні (кімді?) немесе артық сөзді (нені?) жек көру, жек көр-етін-сіз, жек көр-гісі келді т.б. бұдан салт етістікті де, сабақты етістікті де тудыратын грамматикалық тұлға, топ бүтіндей жоқ екен деуге болмайды. Мысалы, етіс жұрнақтары мен кейбір сөзжасам қосымшалары салт етістік немесе сабақты етістік жасау қызметін де атқарады, бірақ бұл парадигмалық жүйе сипаты дәрежесіне жете алған жоқ, сондықтан бұлар сабақтылық-салттылық категориясының грамматикалық тұлғалану жүйесі бола алмайды. Бұл жағынан келгенде етістіктің салттылық сабақтылық семантикалық түрлік ерекшеліктері зат есімнің жалпы есім-жалқы есім, адамға байланысты зат, адамнан басқа атауларға байланысты зат, сын есімнің сапалық-қатыстық немесе сапалық сын есімнің түр-түсті және сапалық сын – көлемдік сын т.б. түрлеріне ұқсас келеді. Салт-сабақты етістіктердің семантикалық сипатының басым болу қасиетіне қарап, кейбір зерттеушілер, біріншіден, салт етістікті сабақты етістікке және сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қосымшаларды сөзжасам қосымшалары деп, екіншіден, салттылық-сабақтылық белгіні етістіктің полисемиялық немесе омонимиялық сипатын ажырататын критерий деп те ұсынады, яғни бірдей айтылатын етістіктер әр уақытта тек сабақты немесе тек салт мәнінде болса, онда ол көп мағыналы етістік те, бірде салт, бірде сабақты болса, омоним яғни бөлек-бөлек сөз (етістік) деп бөледі.

47. Етістік түбірдің ерекшеліктері. Қазіргі қазақ тілінде етістік – ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Ең алдымен, ол ерекшелік етістіктің бір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір тұлғасы (негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың жекеше 2-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі екінші жақтық бұйрық райы болады да, басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -й-ған, -ып, -с, -ды, -пты т.б. (Т. -С, 72). Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан қарағанда етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі болып ол тұлғаларда келгенмен, шақ, рай т.б. грамматикалық категориялардың арнайы формалары қосылмағанның өзінде сол категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2-жақтың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып сен опы (біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады" (X. — ЕЛГЕ, 35). Демек, 2-жақ бұйрықтық оған қоса келер шақтық мағына етістік түбіріне тән болып, етістіктің түбірі деген ұғым сонымен қоса түлғасы да етістіктің 2-жақ бұйрық рай деген ұғыммен бір болып белгіленеді.

48.Сөздерді таптастыру принциптері. Сөздер семантикалық (лексикалық емес, грамматикалық) сипаттарының, түрлену жүйесінің, синтаксистік қызметтерінің ортақтығына қарай топталады. Әдетте қазақ тіліндегі сөз топтары атаушы немесе мағыналы (знаменательные слова) сөздер, көмекші сөздер (служебные слова) болып, кейде оған үшінші топ одағай сөздер қосылып бөлінеді. „Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдық) белгілеріне (?) қарай, ең алдымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар – атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер. Морфологиялық белгі я белгілер сөздерді атаушы, көмекші, одағай сөздер деп бөліп жіктеуге негіз, тірек бола алмайды. Бұл – бір. Екіншіден, семантикалық белгі деген де нақты, дәл емес, өйткені лексикалық семантика бар да, олай болса ол лексикалық мағынаға негізделеді, онда лексикалық немесе лексика-семантикалық белгі деп нақтылаған жөн болар еді, сондай-ақ грамматикалық семантика бар, олай болса ол – грамматикалық мағынаға негізделеді.Үшіншіден, сөз таптары сөздердің грамматикалық (лексикалық емес) сипаттарына негізделген ортақ белгілері арқылы біріктірілетін грамматикалық топтары, сондықтан лексикалық семантикасы негізінде немесе лексика-семантикалық сипаты, белгілері арқылы жіктелген сөздер тобы сөз табы бола алмайды.

49. Шылаудың түрлері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Шылаулар – семантикалық сипаты жағынан лексикалық мағынасы жоқ, белгілі бір сөздердің жетегінде (шылауында) жүріп, оған әр түрлі мән, грамматикалық мағына үстейтін сөздер. Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:

1.Шылаудың толық мағынасы болмайды.

2.Сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

3.Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.

4.Шылаулар түрленбейді және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Шылаулар – лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінде туған көмекші сөздер.

Шылаулардың көпшілігі сөйлемде сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұрады. Осындай мағыналық (грамматикалық), қызметтік ерекшеліктеріне қарай шылаулар: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып үшке бөлінеді.

Жалғаулықтар тең дәрежедегі бірыңғай сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді байланыстырып, олардың арасындағы әр түрлі қатынастарды білдіреді. Олар:

а) ыңғайлас жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, әрі, да, де, та, те;

ә) талғаулықты жалғаулықтар: әлде бірде, біресе, кейде, яки, не, немесе, болмаса, мейлі, күй;

б) қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйтпегенде;

в ) себеп-салдар жалғаулықтар: өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, сол үшін;

в) ұштастырғыш жалғаулықтар: ал, ендеше, яғни;

г) шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.

Септеуліктер сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтаса (бірін екіншісіне бағындыра) байланыстырып, өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап етіп, әр түрлі грамматикалық, мезгілдік, мекендік қатынастарды білдіреді. Сөздің түбір я негіз тұлғасымен тіркесетін септеуліктер: үшін, (ермек үшін, бару үшін, бермек үшін, отырмас үшін), сайын (жиналыс сайын, барған сайын), сияқты, секілді, сықылды, тәрізді (бала сияқты, көрге тәрізді, бармақ сияқты) туралы, турасында, жайында, жайлы, жөнінде (өмір жайлы, айтыс жөнінде), арқылы (әуе арқылы, сөйлеу арқылы), бойы, бойымен, бойынша (өмір бойы, қалғыған бойымен), шамалы, шақты, қаралы (отыз шақты, жүз шамалыға мың қаралы).

Барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, т.б (үйге дейін, күзге салым, жүзге тарта, мыңға жуық).

Шығыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: гөрі (одан гөрі), бері (кешеден бері, ауылдан бері, келгеннен бері), кейін, соң (жұмыстан кейін, барғаннан соң), бұрын (үлкеннен бұрын), бетер (одан бетер).

Көмектес септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: қатар, бірге (айтумен қатар, барумен бірге). Сөйтіп, шылаулар екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі – түбір я белгілі септік тұлғадағы зат есім, сын есім, есімдік, есімше, тұйық етістік тұлғаларымен тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып мезгілдік, мекендік, амалдық, сбептік, мақсаттық, қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. Демеуліктер сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырмайды, өздері тіркесетін сөздерге әр түрлі қосымша мағына (реңк) үстейді. Сол мәндеріне қарап сұраулық демеуліктер (ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше: келді ме? бала ма? сен ше?), күшейткіш демеуліктер (- ақ;: қазір-ақ, - ау: балам-ау, ай: жаман-ай, қайтсін-ай: да, де, та, те:сен де бір кірпіш дүниеге ), күмән, болжам мәнді демеулік тер (ғой, қой:келедіғой; -ды,-ді, -ты,-ті:барған - ды, мыс,-міс:болыпты-мыс), шектік демеуліктер (қана, ғана: адам ғана, қысқа ғана), қомсыну мәнді демеуліктер (екеш, құс екеш) деп бөлінеді.

50. Шырай түрлері. Жай шырай мәселесі. Ең алдымен, бірден көзге түсетін ерекшелік-грамматикалар мен оқу құралдарында шырай түрлерін жасауға негіз болатын тұлға деп көрсетілетін жай шырай түрін жеке шырай деп бөліп көрсетеді. Тек шырай түрлеріне негіз болатын, ал өзі шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтын, сөйтіп, басқа түрлермен тепе-тең парадигмалық жүйе жасай алмайтын тұлға ол категорияның ішіне, шеңберіне кіре алмайды. Дәл осындай жағдай етіс категориясындағы негізгі етіс деген ұғымға да қатысты. Сөйтіп, бұл жерде жай шырай деген ұғым сапалық сын есім деген ұғыммен барабар, ал жай шырай дегеннің ондай қасиеті бұл еңбектерде ашық көрсетіледі: заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептеледі (ЫА. ҚҚТ, 196). Сонда сапалық сын есім тұлғасы мен жай шырай деген ұғым бір болса, ол бір ұғымды, біріншіден, екі түрлі атағаннан не ұтамыз? Екіншіден, категориялық түрлену тұлғаларына негіз болатын тұлға (сапалық сын есім деген ұғым да, тұлға да ол категорияға (шырай түріне) енбейді. Мысалы, тәуелдік категориясына негіз болатын тұлға – зат есімнің түбірі.

51. Грамматикалық форма және сөз формасы. Грамматикалық форма, бір жағынан сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі болып есептелсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі болып табылады. Яғни белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі, оның бір түрі арқылы беріліп отырады. Мысалы, тәуелдік мағына (оңаша түрі) 1-жақта –ым,-ім,-м, 2-жақта -ың,-ің,-ң, сыпайы - ыңыз,-іңіз, -ныз,-ңіз, 3-жақта –сы,-сы,-ы,-ы, тұлғалары арқылы беріледі. Міне, осындай мәндегі тұлға грамматикалық форма деп аталады. Әрине, грамматикалық мағынаны білдірудің басқа да грамматикалық формасыз тәсілдері, мысалы, лексикалық мағынаның жалпылануы, сөздердің сөйлеу процесінде бір-бірімен таза аналитикалық қарым-қатынасқа түсуі, т.б. тәсілдер де бар.Грамматикалық форма деген ұғыммен байланысты қолданылатын тағы бір ұғым – сөз формалары.. Сөз формасы деген ұғымның бұл мәні әр уақытта дұрыс түсініле де бермейді. Мысалы, А.Ысқақовтың;сөз формасы дегенді төмендегіше талдауымен келісуге болмайды: „тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын (жалғастыратын), сөзден сөз тудыратын, демек, кейбіреулері жаңа сөз тудыратын, кейбіреулері тек сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін (форма тудыратын) қосымшалардың қай-қайсысын алсақ та, олар өздері жалғанған сөзді бір грамматикалық категориядан екінші басқа бір грамматикалық категорияға көшіретін, я болмаса жалпы грамматикалық категорияның ішіндегі жалқы ка-тегорияларды іштей бірінен-біріне аударатын формалар ретінде қызмет етеді", „синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларын категориялық маңыздары мен қызметтеріне қарай сөз жалғастыратын (сөз жалғастырғыш) формалар, сөз түрлендіретін (сөз түрлендіргіш я форма тудырғыш) формалар және сөз ту-дыратын (сөз тудырғыш) формалар деп үш салаға бөлген дұрыс" дейді.

52. Грамматикалық форманың түрлері. Қазақ тілінде грамматикалық форма дегенге белгілі бір грамматикалық топтағы сөздердің (сөз табының) түрлену, өзгеру жүйесі болып табылатын, парадигмалық сипаттағы тұлғалары, форма тудырушы қосымшалары (форма тудыратын журнақтар мен жалғаулар) жатады. Өйткені олар сөз табының парадигмалық сипаттағы тұлғалары, ең алдымен, белгілі бір грамматикалық категориялық грамматикалық мағына білдірумен байланысты, екіншіден, грамматикалық мағына біреу ғана емес, түрлену жүйесіне байланысты әрі тектес, ыңғайлас, әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы мәндегі грамматикалық мағыналардың бірлігінен тұрады. Грамматикалық форма, бір жағынан, сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі болып есептелсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің жолы болып табылады. Яғни белгілі бір грамматикалық категориялық грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі я оның бір түрі арқылы беріліп отырады.

53.Сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшалардың айырмашылықтары, өзіндік белгілері. Қосымшаларды сөзжасам қосымшалары және форма тудырушы қосымшалар деп екі үлкен топқа бөлудің ғылыми да, практикалық та мәні бар. Сондықтан сөз тудыруға байланысты қазақ тілі грамматикаларында беріліп жүргендей жұрнақ терминін алмай, оның орнына сөзжасам қосымшалары деп берген жөн болар еді. Бірақ сөзжасам қосымшаларының ерекшеліктері бұнымен ғана шектелмейді. Ол қосымшалардың құрамдық (жалаң, құранды), мағыналық (моносемиялық, полисемиялық, мағыналас, омоним т.б. ерекшеліктері мен қолданыстық, тілде өмір сүру (өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз сондай-ақ төл-кірме, көне-жаңа, тірі-өлі т.б.) сипаттарына байланысты ерекшеліктерін былай қойғанда, бір сөз табының аясында ғана (есім сөздерден есім тудыратын қосымшалар) және бір сөз табынан екінші сөз табын тудыратын қасиеттері мен кейбір функциялық сипатын айта кеткен жөн. Қазақ тіліндегі қосымшалардың осылай жіктелуі олардың түбірге (сөзге) жалғану тәртібінен де байқалады. Сөзжасам қосымшалары форма тудырушы қосымшалардан сөзге бұрын жалғанады. Тек функциялық қосымшалар ғана ондай орын тәртібін бұзуы мүмкін. Форма тудырушы қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі мынадай: әдетте ең алдымен модификациялық жұрнақтар, одан кейін грамматикалық жұрнақтар жалғанып, ең соңында жалғаулар қосылады.

57. Күрделі етістік пен аналитикалық етістіктер. Күрделі етістік деген ұғым күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т.б. сияқты ұғымдардан грамматикалық сипаты жағынан мүлде бөлек, я кез келген екі я одан да көп түбірден (сөзден) құрылған етістіктің бәрі бірдей күрделі етістік бола бермейді, тек негізгі етістік пен көмекші етістіктің белгілі тәсіл арқылы тіркесіп барып, бір сөздің (етістіктің) мәнінде жұмсалып, етістіктің белгілі грамматикалық категориясын жасайтын түрі ғана күрделі етістік бола алады. Бірақ ғалымдардың күрделі етістіктерді түсінуі біркелкі емес. И.Мамаиовтың;анықтауынша, жоғарыда көрсетілген есім (еліктеуіш) мен көмекші етістіктің тіркесінен құралғандар күрделі етістік емес, тіркесті түбір етістікке жатады, ал еді көмекші етістігі тіркескен, күрделі формалар" да күрделі етістікке жатпайды. „еді көмекші етістігі есім сөздермен де етістік формаларымен де тіркесіп, күрделі өткен шақ формасын жасайды, яғни тіркескен сөздеріне өткен шақтық мағына үстейді,... етістіктің басқа формаларымен өзгермейді. Ал күрделі етістік етістіктің барлық формаларымен түрленеді және оның құрамындағы көмекші етістіктер әр түрлі грамматикалық мағына білдіреді. Күрделі етістік көсемше формаларымен көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Күрделі етістіктің құрамындағы алдынғы көсемше түріндегі сыңары лексикалық мағынаға ие болады да, соңғы сыңары көмекші етістік оған грамматикалық мағына үстейді және етістіктің басқа формаларымен түрленетін конструктивтік қызмет атқарады". Ал А. Ысқақов былай анықтайды: „егер тіркестегі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен парапар бола тұра (тең түскенімен), бір-бірінен жекеленбей, біртұтас лексикалық мағына (тұлға) құраса, ондай тіркес жай күрделі тіркес деп саналады (алып бар, алып қайт, кіріп шық;, оқып бер, алып кет т.б.); егер тіркестегі компоненттердің біреуі ғана негізгі мағынасын сақтап, өзгелері өз лексикалық мағыналарын я солғындатып, я жоғалтып, тек көмекші болып, грамматикалық қызмет атқарса, ол сараламалы (аналитикалық) етістік деп немесе күрделі етістіктің сараламалы түрі деп танылады (айтып жібер, келе қой); егер етістікті тіркестің бірінші жетекші компоненті есім, есімше, көсемше, рай формалы сөздердің бірі болып, оған көмекші етістік (еді, екен, формалары-) дәнекер болса, ондай тіркестер суреттемелі етістік я күрделі етістіктің суреттемелі түрі саналады (бала едім, жас екен, берсе игі еді); егер етістікті тіркестің алғашқы компоненті есімдер,соңғы компоненті етістіктер болғанымен, аралас қолданыла жүріп, сол компоненттері орын жағынан әбден тұрақталып, не лексикалық, не идиомалық тұлғаға айналса, ондай тіркес тұрақты етістік саналады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3315. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия