Студопедия — Келер шақ есімшелердің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлем.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Келер шақ есімшелердің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлем.






Сабақтас құрмалас сөйлем құруға –ар, ер, тын, тін тұлғалы есімшелер қатысады.

–ар, -ер тұлғалы есімше жатыс септік жалғауын жалғап байланысады. (барарда, келерде).

–ар кезде (келер кезде).

–тын, -тін тұлғалы есімше жатыс септік жалғауын (келетінде) байл.

 

1-билет

1.Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына.Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пен объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.[1]

Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді. Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.

Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді.[1]

Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ.

Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде қалыптасқан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты әлем тілдері бір-бірінен:

Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;

Бір грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде — 7, кейбір дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);

Белгілі бір категориялардың қандай сөз таптарына кіретініне қарай жіктеледі.

Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единица) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде эр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан

2. Етістіктердің мағыналары

Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады:

амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т. б.);

қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т. б.);

қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т. б.);

ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б.);

өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т. б.);

бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т. б.);

көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т. б.);

бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра т. б.);

дыбыс-сес етістіктері;

көру-есту етістіктері;

мінез-құлық етістіктері

деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады.

Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды

омоним естістіктер,

синоним етістіктер,

антоним етістіктер

деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.

Дара етістіктер - тек кана сөз түбірінен немесе бөлінбейтін негізінен түратын етістіктер (қаз. бар, кел, ал, т.б.)

Статистикалық етістіктер - халды (қаз. аурып жатырмын), катынасты (қаз. сәкестену), сапа- лар мен қасиеттер көрсетуін (қаз. шөп көгіріп көрмеді) белгілейтін етістіктер.

Фазалық етістіктер - кимылдың бір фазасын (басын, жал- гасын, аягын) белгілейтін етістіктер.

Финитивті етістіктер - жіктеу формадағы етістіктер.

Хамзалы етістіктер - түбір құрамында көмейден шығатын дыбыс(хамза) бар араб тіліндегі етістіктер.

 

Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады. Қазақ тілінде толық лексик. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі К. е. мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (К. е.), қой (негізгі етістік) – айтып (К. е.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (К. е.). Лексик. мағынасынан айырылып, К. е. мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). К. е. негізгі етістікке есімше,көсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр. Әдеб.: Оралбаева Н., Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары, А., 1975; Исаев С., Қазақ тілі, А., 1993; Қазақ тілі, А., 1996. Қазақ тілінде етістіктердің біразы әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде қатар жұмсала береді. Жоғарыда берілген сөйлемдерде жатып, болма, болсаң дегендер көмекші етістік болса, қонақтар жатып қалыпты, сен үйде болма, үйде болсаң, жұмыс істе деген сөйлемдерде олар — негізгі етістіктер. Керісінше айтқым келеді, таудан асып барады т. б. дегенде келеді, барады — көмекші етістік те, айтқым, асып — негізгі етістіктер.
Қазақ тілінде тек төрт етістік бар. Олар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деп, десе, деген, дер). Бұлар тек қана көмекші етістік мәнінде ғана қолданылады, негізгі етістік болып жұмсалмайды, өйткені бұлар — лексикалық мағынасынан бүтіңдей айырылып қалған етістіктер. Мысалы: Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес (М. Ә.). Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп еді (Ы. А.)

Билет

1. Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:

а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);

ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;

б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.

Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Еліктеу сөздер

Шылау

Одағай

Еліктеу сөздер қазақ тілінде бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частицы орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылаусөзтабына біріктіріледі.

Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.

А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

2. Салт етістік [1] — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі. Салт және сабақты етістіктердің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ, негізгі ерекшелік етістіктің ішкі мағыналық құрылымында. Етістіктің салт не сабақты болуы мағыналарының нысанға бағытталуына байланысты болғандықтан, Салт етістік сабақты етістікке, керісінше, сабақты етістік салт етістікке айнала алады. Салт етістікті сабақтыға айналдыруда -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т секілді өзгелік етіс жұрнақтары (ағаш өсті — ағашты өсір; орындықта тұр — орындықты тұрғыз, т.б.), алсабақты етістікті салт етістікке айналдыратын -ыл, -іл, -л, -н тәрізді ырықсыз, өздік етіс жұрнақтары (сабақты оқы — сабақ оқылды; кітапты ал — кітап алынды, т.б.) үлкен рөл атқарады.[2] Зерттеушілер мұндай қосымшаларды сөзжасам қосымшалары дейді, ал салт және сабақтылық белгіні етістіктің полисемдік немесе омонимдік сипатын ажырататын шарт ретінде ұсынады. Яғни бірдей айтылатынетістіктер әр уақытта тек салт не тек сабақты мәнде болса, онда ол көп мағыналы етістік те, бірде салт, бірде сабақты болса, омоним ретінде танылады.[3] Салт және сабақтылық қасиет түбір етістікке ғана емес, туынды, күрделі етістіктерге де тән.[

Сабақты етістік [1] — табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік түрі. Табыс септікті тура толықтауышты меңгеру немесе меңгере алмау қасиетіне қарай етістіктер салт және сабақты болып бөлінеді.[2]Салт және сабақтылық категориясы етістіктің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан құбылыс. Оның субъекті мен объектінің грамматикaлық (синтаксистік) қатынасын өзгертіп отыратын ішкі семантикалық мазмұны болады.[3] Мысалы, құданы шақыр, ақиқатын біл, қымызды сапыр. Салт және сабақты етістіктер жіктелімі ежелден қалыптасқан құбылыс. М.Қашқари “Диуани лұғат ат-түрк” сөздігінде бір етістіктің бірде салт, бірде сабақты тұлғада жұмсалуына көптеген деректер келтірген. Мысалы, Ол меңе үстерді — Ол мені жеңуге тырысты. Ол қылмыш ышын үстерді — Ол істеген ісінен тануға тырысты.[4] Мұндай тілдік деректер 11 ғасырда сабақты және салт етістік категорияларының көрініс тапқанын көрсетсе, екінші жағынан, қазіргі тілімізде де бір етістіктің бірде салт, бірде сабақты мәнде қолданылуы кең етек алғанын танытады. Сабақты етістіктер жасауда өзгелік етіс жұрнағы ерекше қызмет атқарады.[5] Қазақ тіліндегі салт етістіктер өзгелік етіс жұрнағы арқылы сабақты етістікке айналады. Мысалы, жеткіз, көндір, қуант, т.б

 

Билет

1. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Адамзат және ғаламзат есімдері

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Жалпы және жалқы есімдер

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.

Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)

үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)

өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)

газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер"; т. б.)

географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)

қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)

тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).

 

2. Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.

Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:

ол онан жөн сұрады;

олар бір-бірінен жөн сұра с ты;

ол онан жөн сұра т ты;

онан жөн сұра л ды;

ол өзі сұра н ды

деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.

Сондай-ақ: тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын;
  жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын
  айт, айтыс, айттыр, айтыл
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.

Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:

негізгі етіс,

ортақ етіс -с (-ыс, -іс),

өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір),

ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),

өздік етіс -ын (-ін, -н)

 

Билет

1. Зат есімнің көптік категориясы

Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы, елу кітап, отыз студент дегенде кітаптың да, студенттің де саны белгілі, ал кітаптар, студенттер дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес.

Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде -тер, дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді.

Ғылымда тілдің осы ерекшелігін көрсететін арнайы категория бар. Оған жекелік – көптік категориясы жатады, әрі бұл категория зат есімге қатысты, өйткені жекелік, көптік ұғымдар затқа ғана қатысты айтылады.

Зат есімнің жекелік – көптік мағынасы ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда (1962,1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұларда жекешелік мағынаға көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А.Ысқақовтың оқулығында да көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, "тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады (63,40)". Одан әрі А.Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалдармен дәлелдеген, бірақ "көптік жалғау категориясы" деген ұғымның сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған проф. С.Исаев "ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылған. Екіншіден, "көптік жалғау категориясы" деген термин "грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы" деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады (28, 64)",- деп қарсылық білдіреді. Көптік ұғым бар жерде жекелік ұғым да болатындығы даусыз. Жекелік мағына зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде беріледі, бірақ оның қосымшасы жоқ. Осы бір – біріне қарама- қайшы екі ұғымның жиынтығы арқылы және жекеліктің арнайы тұлғасы болмай, көптік ұғым көптік жалғау арқылы берілуінен көптік категориясының сипаты ашылады. Осымен байланысты С.Исаев "Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады (28, 55)",-дей келіп, көптік категориясын осы еңбегінде "Сан-мөлшер (көптік) категориясы" деп атаған.

"Қазақ грамматикасында" (2002) "Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден – бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан басқа да амал – тәсілдері бар (32,454)",- деп көрсетіліп, тек қана көптік мағынаның арнаулы қосымшасы – көптік жалғауының ерекшеліктері сөз болған.

Көптік ұғымның ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:

а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.

Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы бірнешеу:

- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сұт, ұн т.б.).

- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б.).

- әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат атаулары (көбелек, қоңыз, түлкі т.б.).

- өсімдік аттары (арпа, сұлы, жусан т.б).

- адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс- әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілікт.б.).

ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т.б. Ал мұны С.Исаев "сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу (көп) екенін түсінеміз (28,66)",-дей келіп, көптік мағынаның осылайша берілуін аналитикалық тәсіл деп атаған. А.Ысқақов сөздердің қосарлануы арқылы да (бала-шаға, кәрі-жас т.б.) көптік ұғым білдіріледі деп есептеп, оны лексика-синтаксистік тәсіл деп атаған (6,41).

б) Көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады. Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп жүрген үш-төрт түрі кездеседі:

- тіліміздегі көне құбылыс ретінде саналатын, яғни орхон-енисей жазбаларында көптік жалғау ретінде жұмсалған – т қосымшасы бар. Бірақ бұл қосымша сол кездің өзінде "атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан- тарқат, тігін- тігіт секілді азын- аулақ сөздердің құрамында кездескен. (10, 88)".

- сондай-ақ біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында кездесетін - з, (-ыз, -із) формалары да көптік мағынаны білдіреді деп есептеледі. Бірақ бұл қосымшалар "әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына жалғанатын қосымша болған".

- 1-жақ жіктік жапғау тұлғасы -қ, -к қосымшасы ерте кезде көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болған деп есептеледі (біз болдық, келдік т.б.) (63,42).

- қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер). Сондықтан бұл форма заңды түрде көптік жалғау деп саналады.

Бірақ көптік жалғау сөзге жалғанған кезде көптіктен басқа да стильдік мән үстейді. Мысалы, Үй маңындағы ағаштар ерекше бір шөберлікпен егіліпті. (Ғ.Мұстафин). Осы сөйлемдегі ағаштар нақты ағаштың санын емес, осы сөз арқылы аталатын заттардың тобын, жинағын, яғни үй айналасына отырғызылған ағаштарды жалпылап тұр.

Немесе, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп еріп еді (М.Әуезов). Мұндағы үлкен сын есімін -дер көптік жалғауы әрі заттандырып, әрі оған көптік мағына үстеп тұр.

Осындай көптік жалғаудың семантикалық мағынасы да, стилистикалық рөлі де ғалымдар еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, А.Ысқақов көптік жалғаудың 12 түрлі ерекшелігін (63,43- 46) көрсеткен.

Көптік жалғаудың С.Исаев көрсеткен тағы бір ерекшелігі- оның сөз байланыстырушылық сипатының болмауы. Сондықтан ғалым көптік жалғауын осы сипатына қарап, "қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын (28,69)",-дейді. Мысалы, Қолдың саласындай тарамданған арықтардың біреуі бара- бара ұлғайып... қарауытқан сай болды (Б.Майлин). Зеректік, ойшылдық, сезімталдық- ана сүтімөн бірге бітетін қасиеттер (І.Есенберлин). Осы сөйлемдердегі арықтардың, қасиеттер сөздеіріндегі-тар, -тер көптік жалғауы сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, өйткені бұл жалғауларды алып тастағаннан сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды. Қолдың саласындай тарамданған арықтың біреуі бара-бара ұлғайып... қарауытқан сай болды. Зеректік, ойшылдық, сезімталдық- ана сүтімен бірге бітетін қасиет. Бұл сөйлемдердегі көптік жалғауы арықтың, қасиеттің көп екендігін көрсетіп, көптік ұғым қосып тұр.

Бірақ, көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғаумен келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады екен: сендер студентсіңдер, сіздер студентсіздер т.б

 

2. Болымдылық және болымсыздық категориясы — іс-әрекеттің болуы я болмауы туралы хабардар ететін етістіктің формалары. Болымдылық етістіктің түбір, туынды және күрделі формалары арқылы беріледі (айт, көмектес, бере сал), болымсыздық сол формаларға арнаулы -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары жалғану арқылы жасалады (айтпа, көмектеспе, бере салма). Етістік негіздеріне жалғанатын езге формалардың бәрі де (есімше, көсемше, рай, жіктік жалғаулары) осы болымсыз түр қосымшасынан кейін қолданылады (айтпаса, айтпаған, айтпас-ты т. б.). Болымсыздық қосымшасы стильдің талабына сай күрделі (аналитикалық) етістіктердің біреуіне ғана жалғанып та болымсыздық мән бере береді (алмай қойды, ала қоймады, таба қоймады т. б.). Күрделі аналитикалық етістіктердің жетекші етістігіне де, көмекші етістігіне де болымсыздық қосымшасы қатар жалғанатын болса, болымсыздық мән жоғалып, керісінше іс-әрекеттің орындаушысы арқылы табандылықпен іске асқаны көрсетіледі (алмай қоймады, таппай қоймады). Болымсыздық мән етістіктің есімше формаларына -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, - пек, -қан, -кен, -ған, -ген, -атын, -етін, -йтын, -йтінқосымшалар және емес, жоқ сездері тіркесу арқылы да беріледі (барар емес, барған жоқ, алатын емес т. б.). Болымсыздық есімдіктері де сөйлемде бастауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық қызметтің бірінде келіп, болымсыздық мәнді айқындай түседі (ешкім келмеді, ешқандай болмай шықты, ешбір жұмысты істемеді т. б.)

 

5 билет

1. Семантикалық топтары

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Сапалық сын есімдер

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]

Қатыстық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов)

2. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес грамматикалық категориясы ретінде түркітануда және қазақ тіл білімінде XX ғасырдың екінші жартысында ғана танылса да, қимылдың жасалуындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін зерттеушілердің назарына ертеден-ақ ілінген. Ы.Мамановтың сыпат категориясына байланысты ойларын сарапқа салғанымызда, ғалым, ең алдымен, сөз мағынасына емес, сөз формасына баса назар аударғанын байқаймыз. Мұны ғалымның мына пікірінен білуге болады: «Қалып етістіктерінде шақтық форма жоқ, тек шақтық мағына бар». Ғалым қалып етістіктерінің бойындағы шақтық мағына оларға телулі шақтық мағына емес, олардың бойында шақтық мағынадан басқа да (айталық, қимыл-күйді білдіру – етістіктік мағына; қимылдың өту сипатын білдіру – аспкетуалдылық мағына т.б.) мағыналар бар. Ғалымның бұл пікірін басқа ғалымдар еңбектерінде айтылмаған ерекше жаңалығы деп атауға болады. Сонмен қатар, көсемше формалы етістіктердің қалып етістіктерімен өзге толымды етістіктер арқылы сыпат категориясын жасауы туралы ойлары аналитикалық формалы етістіктер жайындағы күрделі зерттеуге негіз болған. Қимылдың жасалу кезеңдері мен тәсілі бойынша етістіктерді жіктеуі қазіргі грамматика талаптарына толық сай келмегенмен, функционалды грамматика тұрғысынан құнды пікір екендігін көрсетіп отыр.

Функционалды грамматикада қимылдың өту сипаты немесе амалдың өту сипаты деп аталып жүрген ұғым «аспектуалность» терминімен аталады. Қалып етістіктері осы аспектуалдылық мағынаны білдіруде маңызды рөл атқарады. Олар осы функционалды семантиканы беретін бірден бір тілдік құрал болып табылады. Қалып етістіктерінң фунуционалды-семантикалық өріс жасаудағы қызметі функционалды грамматика мамандарының зерттеулерінде айтылып жүр.

 

6 билет

1. Сын есімнің шырайлары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.

Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықт







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3980. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия