Студопедия — Сібір хандығы 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сібір хандығы 3 страница






Шайбани мемлекеті, Шайбани мемлекеті — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет (1500 — 98). Орталығы алғашында Самарқанд, 1560 жылдан Бұхара қаласы болды. Шайбани мемлекетінің құрылуы бұрын Дешті Қыпшақта тұрған көшпелі өзбек тайпаларынан шыққан Мұхаммед Шайбани ханның Мауераннахрды жаулап алуымен тығыз байланысты. Шайбани мемлекеті Каспий т-нен Тянь-Шаньға, Сырдариядан Орталығы Ауғанстанға дейінгі аумақты қамтыды. 1510 жылы Иран шаїы, Сефеви әулетінен шыққан Исмаил Қ Шайбани ханды талқандағаннан кейін Шайбани әулеті екі өзбек мемлекетіне бөлінді. Бірі — Мауераннахрдағы Шайбани мемлекеті де, екіншісі — оған тәуелді емес Хиуа хандығы (орталығы Үргеніш, кейіннен Хиуа) болды. Темір әулетінің бұрынғы хорасандық иелігі Иранға қарады. Көшпелі өзбектердің Дешті Қыпшақтан Мауераннахрға ауысуы нәтижесінде Шайбани әулеті қазіргі қазақ даласындағы ықпалынан айрылып, далалық жерлерде қазақ хандарының билігі орнады. Көшпелі өзбектердің отырықшы халықтың арасынан қоныс тебуі егіншіліктің біршама құлдырауына және суландыру құрылыстары жұмысының бұзылуына әкеп соқтырды. Жерді сыйға тарту, мұрагерлік жолмен меншіктену құқығы кең тарады. Шайбани мемлекетінде ірі жер иеленушілер, сопы шейхтары мен үлкен вакуфтарды иемденген мұсылман дінбасылары болды. Жердің бір бөлігі хан меншігі болып есептелді. Бұл жерді пайдаланған шаруалардан салық — харадж алынды. Барлық өзбектерді өз қол астына біріктірген Абдолла ханның тұсы Шайбани мемлекетінің гүлденген кезі болды. Ресей, Қазақ хандығы, Сібір хандығы мен Үндістандағы Ұлы Моғолдармен қатынас орнатылды. Бірақ үздіксіз әскери жорықтар мен билеуші топтардың арасындағы тартыстардың қолөнер мен саудаға тигізген зиянды зардабы зор болды. Шайбани мемлекетінің тұсында Мауераннахр мен Хорасанның түркі тілдес халқына “өзбектер” деген этнонимі бекіді. Абдолла хан тұсында мемлекет астанасы Бұхара болды да, кейінгі деректерде Шайбани мемлекеті Бұхар хандығы деп аталды. Бұхара қаласы ірі мәдени орталыққа айналды. 16 ғасырда Шайбани мемлекетінде белгілі ақын-жазушылар Хожа Хасан Нисари, Зайниддин Уасифи, Камал әд-Дин Бинаи, Абдурахман Мушфики, т.б. өмір сүрді. Шайбани мемлекетіне арналған Бинаидың “Шайбанинама”, “Футухат-и хани”, Мұхаммед Салихтың “Шайбанинама”, Хондемирдің “Хабиб-ас-сияр” тәрізді тарихи шығармалары да осы 16 ғасырда жазылды.

Сібір хандығы

19.. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІV-ХV ғғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси өзгерістерден туған занды қүбылыс. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай ордасы жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, халықтардың жіктелуіне жағдай жасады.

XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілхайыр хандығының қурамындағы қазақ халқының бір бөлігі Барақ ханның інісі Керей мен баласы Женібектің теңірегіне топтасып Сырдарияның теменгі сағасына, Қаратау қойнауының шығыс бөлігіне шоғырланды. 1465-1466 жылдары Жетісудың батысындағы Шу мен Талас өзендерінің өңіріне Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар мен тайпалар квшіп барып Казақ хандығының шаңырағын көтереді. Жасының және жолының үлкендігіне қарай алғаш хан Керей болды. Қазақ хандығының қүрылуына байланысты шығыста Моғолстан, оңтустік батыста Әбілхайыр хандығы құрамындағы қазақ рулары мен тайпаларының Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі бурынғыдан бетер күшейіп, қазақ хандығының шекарасы бірте- бірте кеңейе түсті. Алғашқы қазақ хандары Сырдария бойындағы қалаларды ездеріне қаратуға тырысты. Оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін Әбілхайыр еулетімен соғыс Керей ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін үстаған Бүрындық хан (1430-1511 жж.) мен Женібекгің баласы Қасым хан (1511-1523 жж.) тусында да толастамады.

Қасым хан тусында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығайып, жері кеңейіп, хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік- батыста Сырдарияның оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейін созылды. Қасым хан тусында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. XVI ғ. 20 жылдары Қасым хан қайтыс болған соң Жошы урпағының өзара талас- тартысы қазақ хандығын біраз елсіретті. Өзбектер мен моғол билеушілері қазақтарға қарсы одаққа бірікті. Сырдария бойындағы қалалар қолдан шығып кетті.

Әлсіреген хандықты біріктіруге XVI ғасырдың екінші жартысында Қасым ханның баласы Ақназар хан өз үлесін қосты. Ол ноғай мырзаларының көбін өзіне тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Ол ойраттар мен моғолдарға қарсы шығып, Жетісудың шығысы мен оңтүстігіндегі жерлерді қорғап, Сырдария бойындағы Сауран мен Түрікстанды қайтарды.

20.. Қазақ халқының қалыптасуы көне заманнан - алғашқы қауымдық қурылыстың ыдырауы кезеңінен бастау алады. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың үрпағымен араласқан түрікгер Қазақстан жеріндегі этно- демографиялық жағдайға өзгеріс екелді. Ертефеодалдық мемлекеттер мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, түркі тілінің халықаралық негізгі тілге айналуы, мәдениет пен діннің уқсастығы этникалық жағынан біртутастықты жеделдетті.

XIII ғ. басындағы монғол басқыншылығы Қазақстан жерінде жергілікті рулар мен тайпалардың бір халық болып қалыптасуына бір шама кедергі жасады. ХІУ-ХУ ғасырларда шаруашылық, қалалар қалпына келіп, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылыс барған сайын күшейе түсті. Қазақстанның ежелгі тайпалары өздерінің табиғи, экономикалық және саяси қалыптасқан жағдайларына байланысты үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Ұлы, Орта және Кіші жүз. Қазақ жүздерінің ерқайсының көшіп- қонатын жолдары мен жерлері болды. Осыған қарамастан олардың тілі мен материалдық медениетінде ешбір айырмашылық болмады.

XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық жерін мемлекет етіп біріктіру халықтың қалыптасу барысын тездетті. Женібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қарамағындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады.

Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:

а) ішкі аумақтық тұтастық;

ә) этностық туыстық;

б) шаруашылық-мәдени бірлік;

в) саяси басқару ортақтастығы.

Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.

Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.

Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.

Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады.

21. Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, Сырым Датүлының кетерілісі Қазақстанда хандық билеу жуйесінің әлсірей бастағанын керсетті. 1319 ж. Абылайдыңүлы Уали қайтыс болғаннан кейін Орта жузге хан тағайындалмады. 1322 ж. патша үкіметі Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский дайындаған Тібір қырғыздарының Жарғысын" бекітті. Жарғыға сай Орта жузде хандық билік жойылып, жаңа әкімшілік басқару жүйесі ендіріліп, Орта жуз қазақтары Сібір қырғыздарының облысы деп аталды. Обылыс сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округке Ертіс өзенінің арғы жағындағы қазақтар енді. Ішкі округтерге Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Аягөз, Ақмола, Күсмурын, Көкпекгі, Атбасар енді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округтерді басқару аға сүлтан басқарған округтік приказдарға жуктелді. Аға султандарды тек султандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Осылайша біртіндеп аға султан орыс әкімшілігінің сойылын соғатын қуралға айналды.

Округ - 15-20 болыстан, болыс - 10-12 ауылдан, ауыл - 50-70 шаңырақтан қуралды. Болысты - болыстық султан, ауылды - ауылдық старшина басқарды. Аға султандар үш жылға сайланды. Болыс султандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Ауыл старшиндары да үш жылға сайланып отырды.

Қазақстанның оңтустік аудандарында да хандық билік әлсіреп, қазақтар Сыр бойындағы қалалардан айырылып, өлке билігі әуелі Жүніс қожаға, кейін Қоқан хандығына өтеді.

Саяси куйзеліс Кіші жузде де орын алды. Патша үкіметі бекіткен әуелі султан Айшуақ, кейін Жантөре басқарған хандық кеңестің Кіші жуз қазақтарының арасында беделі болмады. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында Кіші жуздің едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына барып қоныстанып, Нуралы баласы Бөкей басқарған хандық құрды

Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.

Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.

XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.

«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:

 

1. Жер дауы заңы (земельный закон)

 

2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)

 

3. Әскери заң (военый закон)

 

4. Сот заңы (судебный закон)

 

5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)

 

6. Құн заңы (закон о Куне)

 

7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)

 

22.Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)

23. XVI - XVII ғғ. Қазақстан өлкесінде Сығанақ, Түрікстан, Сауран, Отырар, Сайрам, Жент және т.б. қалалардың өркөндеуі, қазақ халқының дамуына, хандықтың нығаюына үлкен әсерін тигізді. Олардың ішінде Түрікстан қаласы қазақ хандығының астанасы болады. Қалаларда көбінесе сарай маңындағылармен және ескерлерімен хандар тұрды. Қазақ қоғамында хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің басшысы болып саналды. О/лтандар мен билер ханға жүгінді. Руларды сүлтандар биледі. Казақ хандарында турақты ескер болған жоқ. Тек сырттан қауіп туған жағдайда жасақ қурылып отырды. Оған ербір жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Қоғамда материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін қураған шаруалар еді. Малшылардан зекет, егіншілерден үшыр салықтары жиналды.

Қазақ халқы өте ауыр көзендерді басынан кешірсе де өзінің ертеден қалыптасқан медени мүраларын сақтап қалды. Халықтың квсібінде: үсталық, зергерлік, кен өндіру, етікшілік, былғары илеу, тігіншілік, үй салу т.б. қол өнері басым болды.

Қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сыр бойындағы қалалар айырықша рөл атқарды. Осыған қарамастан ислам діні, ер түрлі саяси қайшылықтарға байланысты, халық арасында, есіресе далалық өңірде, терең тамыр жая қойған жоқ. Сондай-ақ қазақ халқының арасында алуан турлі ауыз едебиеті кең өріс алды. Сол кездегі ауыз едебиетінің өкілдері - Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулар. Олар сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау көзендерін, халықтың өмірі мен түрмысын, батырлардың ерлігін жырға қосты. ХУІ-ХУІІ ғғ. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмүндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен ру шежіресі жасалды. Осы кездегі қазақ тарихи едебиетінің маңызды ескерткіші Қадырғали Жалаиридің "Жами ат-тауарих" шығармасы.

24. Қазақ халқының материалдық мәдениеті осы аймақты мекендеген ертедегі көшпелі тайпалар мәдениеті мен орта ғасырларда өркендеген отырықшы және қалалық мәдениеттің дәстүрлерін жалғастырды. Ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазбалар XV ғасырдан кейін Қазақстан жерінде қалалар құлдырап кетті деген пікірді өзгертуге мүмкіндік берді. Жергілікті құрылыс мәдениетінің жоғары дәрежеде болғанына XV—XVIII ғасырлардағы Яссы (Түркістан), Сауран, Отырар, Сығанақ, Сайрам тәрізді қалалар, Орталық Қазақстандағы Домбаул, Алашахан, Жошыхан ғибадатханалары, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстаудағы сәулет ескерткіштері куә. Осы сәулет үлгілерін салуда халықтық мәдениеттің озық және тапқыр шеберлері жарасымдылықтың, үйлесімдік пен тұтастықтың шешімдерін таба білген. Ислам діні тірі жанды суретке түсіруге тыйым салғаны белгілі. Сонда да қыш құмыра әшекейлеріндегі түбі сонау сақтардың «аң» стилінен басталған қазақтың ою-өрнектері тіршілік иелерінің нобайын бейнелеген. Мысалы, Жошыхан ескерткіші тек өнер туындысы ғана емес, ол дәуір тынысын, дүние тылсымын жеткізіп тұрған ғимарат. Белгілі сәулетші Т. Бәсенов: «Өзін талдап түсінуге қуат болатын қазақ сәулет өнерінің ою-өрнек қазынасы жинақталған өзінше бір музей» (Памятники архитектуры в районе Сам. — Алматы, 1947. — С. 39), — деп жазады. Бұл жерде айта кететін тағы бір жай бар. Кейбір мәдениет зерттеушілері Қазақстан жеріндегі ғимараттар Орта Азия сәулет көшірмесі дегенге саятын пікір айтады. Егер біз ғимараттарға көрік беретін күмбезге назар аударсақ, байқайтын нәрсеміз, күмбездік шатыр жабын мен шаңырақтың құрылымдық бірлігі. Шығыстанушы А.Н. Бернштам күмбезді дарбазалы сәулеткерліктен кейін бүкіл Орта Азия сәулет өнерінің өзегі болған үш нәрсені — құрылыстың күмбезді қаңқасын, портал мен ойма қыштардан құрастырылатын декордты ерекше бөліп қарап, мұндағы күмбез идеясы мен оны тұтас жүзеге асыру көшпелі-малшы қауым мекендеген солтүстіктен алмасқан деп есептеген. Алайда қазақ хандығының қалалық мәдениетінің одан әрі өркендеуіне сыртқы жағдай онша қолайлы болмады. Жоңғар шапқыншылығы, Орта Азия хандықтарының толассыз шабуылы, ең бастысы — батысынан және шығысынан шыққан екі империяның — Ресей мен Қытайдың жаугершілік саясаты салдарынан қазақ халқы отырықшылықтан гөрі жылжымалы киіз үйге қайтадан көбірек қөңіл бөлді.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 836. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.034 сек.) русская версия | украинская версия