Студопедия — Сібір хандығы 4 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сібір хандығы 4 страница






 

25. Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:

Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.

Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).

Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.

XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.

Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.

Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жаңакент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек.

Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған.

Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.

Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.

Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.

XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.).

XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап біл

 

26: Қазақ хандығындағы Тәуке тусындағы біршама тыныштық ұзаққа созылмады. Қазақ жерлеріне жоңғарлардың шапқыншылығы қайтадан 1710- 11, 1713 және 1713 жж. етек алды. 1723 ж. олар қазақ тарихына "Ақтабан шубырынды" деген атпен енген шешуші шабуыл жасап, қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жуздің Жетісудың халқына тусті. Жау араға көп уақыт салмай Орта жуз бен Кіші жуздің жеріне жетті. Босқынға үшыраған халық Орта Азияға қарай шубырды. Осы ауыр жылдарда қазақтың қаралы ені 1,Елім-ай" дүниеге келді.

Жаппай босу, аштық қазақтардың қайрат-жігерін уштады. 1726 ж. Кіші жуздің айтулы батырларының бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жуздің Ошақты руынан шыққан Санрық батыр бастаған қазақ жасақтары Бүланты өзенінің жағасындағы мҚара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Жеңіске қол жеткен жер кейін ғҚалмақ қырылған" деп аталды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына тарап, алты алаштық рухын көтеріп оларды күреске шабыттандырды.

1729 ж. кектемде Балқаш көлінің маңында қазақтың үш жузінің біріккен қолы қалмақ ескерлеріне екінші рет куйрете соққы берді. Бүл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Жоңғарлардың ескері Іле өзені бойымен Шығысқа қарай шегіне бастады. Бірақ осы туста Тәуке ханның баласы Орда иесі Болат хан қайтыс болып, қазақ хандары Ордадағы билікке таласып, жоңғарлар толық талқандалудан аман қалады.

27. Қазақ даласының Ресей экономикасы үшін алатын орыны ерекше болды. Өйткені Орта Азияға баратын жолдар Қазақстан арқылы етті. Ресей мемлекеті қазақ хандықтарына барған сайын кеп көңіл аударып, Петр І-нің нусқауымен қазақ жерін зерттеу жумысы басталды. 1716 ж. Омбы, 1717 ж. Железинск қамалы, 1713 ж. Семипалатинск қамалы салынды. Осылайша Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындай түсті. Енді ол Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойластырды. Бұл кезде қазақ хандығының ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ер жуздің өзінің ханы болды. Өз кезегінде ру басшылары мен султандары хан билігіне бағынбай, беліне бастады. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейін Кіші жуз ханы Әбілқайыр, Ресеймен мәмілеге келуді ойластырып, 1731 ж. ақпан айында Ресейге Сейітқүл Күндағүлүлы мен Күтлымбет Қарштайүлы бастаған елшілік жібереді. Әбілқайырдың елшілігі Ресей үкіметі үшін кутпеген олжа болды. Орыс патшасы Анна Иоанновна Әбілқайырдың Кіші жузді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы үсынысын қабыл алып, Қазақстанға А.И.Тевкелов басқарған елшілік жібереді.

Әбілқайырдың бүл шешімін Кіші жуздің ру басылары толық қолдай қойған жоқ. Барақ сүлтан түбірінен қарсы болса, Богенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанымең Кіші жуздің дербестігін сақтап қалуға тырысты. Тіпті, орыс елшісін елтіруге бел байлағандар да болды. Осыған қарамастан 1731 ж. қазан айының 10-ы жүлдызында Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Әбілқайырдың бүл шешімі қазақ өлкесінің Ресей құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды. Екі жақтың да көздеген мақсаты болды. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауына сүйеніп, езінің қарсыластарын влсіретуге тырысты. Патша үкіметі Кіші жүз ақсүиектерінің алауыздығын пайдаланып өзінің әкімшілік және саяси шараларымен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды көздеді.

28. Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.

Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.

18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағұлов Сейітқұл мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей сыртқы істер министрлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731). (Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі). Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антты 1738, 1740, 1742 қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әртүрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр, сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (Цэренмен) астыртын байланыста болды.

29. Абылай (Әбілмансұр) хан — (1533—1537) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. 1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.

30, Кіші жүз Ресейге қосылған соң орыс мемлекеті, шекаралық аймақтарда әскери бекіністер салумен қатар, қазақтарға алым-салықты көбейтіп, патша екімшілігінің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, ездерін бағынышты етіп үстағысы келді. Әскери бекіністерге көшіріліп екелінген орыс казактары қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасап, малдарын айдап екетіп, адамдарына зорлық-зомбылық керсетті. Каспий теңізінің солтустік батысындағы қүнарлы жерлер орыс помещиктеріне берілуі қазақтардың дестүрлі мал жайылымын мейлінше тарылтты.

Осының бері халықтың наразылығын күшейтіп, Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачее бастаған шаруалар соғысына қатысуына себеп болды. Патша үкіметінің билігін елсірету мақсатымен сүлтандар Ералы, Досалы, Айшуақ кетерілісшілерге қолдау көрсетті. Пугачее кетерілісі жеңілгеннен кейін де қазақтардың қозғалысы тоқтамады. Оны Сапура Матенқызы, Досалы және Сейдалы о/лтандар басқарды. Қазақтардың бас көтеруінен үрейленген патша үкіметі 1775 ж. 7 қарашадағы жарлығымен қазақтарға қыста Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ертіс пен Жайық өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі мен Сағыз өзендері төңірегіндегі жайылымдарды пайдалануға рүхсат етті. Бірақта жергілікті жерлердегі орыс екімшілігі жоғарыдағы қазақтарға берілген жеңілдіктерді жүзеге асырмауға немесе шектеуге тырысты. Осыған байланысты 1733 ж. күзінен Кіші жүзде Байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датүлы бастаған жаңа көтеріліс басталады. Сырым Датүлы патша ескерлерімен ашық соғысқа бармай, партизандық үрыс жүргізді. Жазалаушылар көтерілісшілерді кездестіре алмағандықтан қазақтардың бейбіт ауылын тонады. Ол ез кезегенді кетерілісшілердің қатарын есіріп, 1735 ж. көтеріліс Кіші жүздің басым бөлігін қамтыйды. Патша үкіметі амалсыздан көтерілісшілермен келіссөз бастауға межбүр болады. Көтерілісшілер Иүралы ханды тақтан тайдыруды, Жайық пен Еділ арасындағы жерді қайтаруды талап етеді.

31, Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.

Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.

Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.

Екіншіден, Орал қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.

Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші күздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын. Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.

1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.

1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша — Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.

32, КІШІ жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзеңдерінің төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың аяына дейін Астрахань даласы деп аталды. Мұнда кешпелілердің тұрақтары аз болды, онда көбінесе Астрахань татарлары, қалмақ және қазақтар тұрды. Жеке қазак қоныстары және шаруа дворлары Жайық өзені мен теңіз жағалауын бойлай орналасты. ХVШ ғасырдың соңында жердің тарылуына қазақтардың екі өзен аралығындағы ежелгі қоныстарына қызығуы күшейді. Ертеде қысқы мерзімде тек сұлтандардың жылқы үйірлерін өткізсе, енді Сырым Датұлының көтерілісін басып тастағаннан кейін көшу процесін бақылау қиын болды. Үкімет қазақ көшпелі ауылдарының талаптарына құлақ алып, ішкі территорияға көшуге рұқсат берді, өйткені бұл жерлер 1771 ж Еділ қалмақтары Жокғарияға қашқаннан кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші Жүздегі әлеуметгік күрестің шиеленісін басуды ойлады. Қазақтардың екі озйн аралығына тұрақты қоныстану ниеті патшалықтың отарлау саясатына сейкес келді, ол Кіші жүз күшін әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жөне қазақтардан салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). 1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл — қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.

1841 ж. желтоқсанның 6 Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі — қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.

33, 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды. Орта жүздің әкімшілік құрылымы:







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 727. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия