Студопедия — Химиялық қоспа заттармен улану
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Химиялық қоспа заттармен улану






 

Химиялық қосындылардың ішінде аспен араласатын, күшті әсер ететін және денсаулыққа өте қауіптісі өте көп. Кейінгі кезде ауыл шаруашылығы үшін химиялық заттарды көп қолданылғандықтан, бұлармен улану да көбейді. Халық шаруашылығы үшін қолданылатын химиялық амалдың пайдасымен қоса, залалдары да көп. әсіресе, химиялық қосындыларды дұрыс тасып, сақтап және қолданбаса, олармен улану жиілей түседі.

Ауыр металдардың тұздарымен (мыс, мырыш, қорғасын) улану, осы заттардан жасалған ыдыстарды дұрыс пайдалана білмегендіктен болады.

Қалайланған, мырыштанған ыдыстардың ішіне органикалық қышқылдары көп азық түлікті (көкөніс, квас, т.б.) сақтаса, металлдар еріп, тамақпен араласады.

Қорғасын тұздары, барлық металдармен уланудан ауыр, өйткені, өте аз өлшемде организмге түсіп, оның ішінде жинала береді. Кейін созылмалы астан ұшынудың науқасына айналады.

Арнайы нышандары: қызыл иектің қорғасын каймасы (свинцовая кайма), терінің кіршік ақ түске боялуы, эритроциттің азаюы (эритропения), шала сему (парезі), қорғасындай шаншу т.б.

Тұрмыста мұндай улану қыш құмыраға асты сақатағанда болады. Өйткені мұндай құмыраны қорғасын аралас затпен жылтыратады (глазурь). Сондықтан құмыра санитарлы тексерістің бақылауында болуға тиісті.

 

НИТРИТТЕР МЕН НИТРАТТАР

 

Көкөністің азоты көп тыңайтқыштармен өңдеген жерде әсіресе, нитриттер мен нитраттар пайда болады. Бұл улармен көбінде жасөспірімдер мен балалар уланады. Себебі, нитриттер ішектің ішінде нитраттарға айналып, қанмен араласып, метгемоглобинемияны тудырады. Бұл уланудың негізгі нышандары кілегей қабықшаның, терінің өзгеруі, оттегінің жетіспеуі. Профилактикасы көкөністердегі нитриттер мен нитраттардың шамасын өте сезгіш (индикатор) қағаздармен анықтап отыру. Балаларды экологиялық таза көкөністермен қамтамассыз ету.

 

ПЕСТИЦИДТЕР (ауыл шаруашылығының улы химикаттары)

 

Ең қауіптісі дәріленген тұқымды қателесіп, азық-түлік орнына пайдалану. Өйткені тұқымды дәрілегенде сынапты органикалық меркуран және гранозан сияқты құрамында этилмеркулхлорид (2процент) бар дәрілер қолданылады. Этилмеркулхлоридтің куммулятивтік (жиналу) қасиеті бар және улық әсері өте басым. Ең көріністі нышандары: жалпы әлсіздік, қимылсыздық (адинамия), жүдеу, бастың ауыруы, ұйқы бұзылуы, бүйрек пен бауыр қызметтерінің әлсіреуі т.б. улану үшін бірнеше тәулік бойы үзбей дәріленген астықтан жасалынған нанды (0,5) жесе болды.

Профилактикасы – дәріленген астықты бөлек сақтау, оның кездейсоқ астық дақылдармен араласпауын бақылау. Дәріленген астықты толық және қатаң есепке алу. Оны егу үшін тез қолдану.

ТАМАҚТЫҚ ҚОСЫМШАЛАР, азық-түлікті консервілеуге, иісін және дәмін жақсартуға қолданылады. Тамақтық қосымшалардың денсаулыққа залалы болуы мүмкін, сондықтан оларды қолдану, дайындай және пайдалану санэпидстанцияның қатаң бақылауында болуға тиісті.

БЕЛГІСІЗ СЕБЕПТЕРМЕН АСТАН ҰШЫНУ – азық-түлікке байланысты ет пен қанның қызыл түйіршіктерінің уыздарының зәрмен шығатын ұстамалы ауруы (алиментарная пароксизмальная миоглобинурия – гафская, юксовская, сартландская болезнь) кейбір көлдердің балықтарын (алабұға, таутан) ас үшін пайдаланғанда болады.

Мұндай аурулар алғаш рет 1924 ж Германияда Фритгаф көлінің жағалауындағы балықшылар арасында байқалған. Сондықтан бұл ауруды Гафф ауруы деп атайды. Науқастық,, кенеттен бұлшық еттердің қатты түйіліп ауыруынан басталады, кейде асқазан мен ішектің қабынуына ұқсайды, дененің қарысуы да мүмкін, бүйректе бүлінеді. Бірақ, осы күнге дейін, кейбір балықтардың қай жылдары улы болатыны белгісіз.

Сонымен астан ұшынудың әр түрлі себептері (этиологиясы) болғанмен, олар кенеттен пайда болуымен және ауыр зардаптарымен сипатталады. Осы науқастанудың себептерін организмге қатерлі микроорганизмдердің, олардың токсиндерінің және улы заттардың тамаққа түсу жағдайларын білу, қатал санитарлы-эпидемиялық бақылау, халықтың жоғарғы дәрежелі мәдениеттілігі көп жағдайда астан ұшынудың алдын алуға пайдасын тигізеді.

Микробсыз астан ұшынудың негізгі профилактикасының қағидалары мыналар:

1. әр түрлі зиянды қоспаларды аспен араластыруды болдырмау

2. белгілі бір жағдайда улы болатын азық-түлікті ас үшін пайдаланбау

3. саңырақұлақтармен және улы өсімдіктермен уланбас үшін, халық арасында олардың түрлерін, улану себептерін айқындап, үгіт жүргізу. Базарда сатылатын саңырауқұлақтар мен өсімдіктерге азық-түлікті бақылау станциясы қатал тексеру жүргізуге тиісті.

Арамшөптермен уланудың (токсикоз) профилактикасы мынада:

1. арамшөптерді құртуға арналған барлық агротехникалық шараларды қолдану, егін-жайдың тазалығын сақтау

2. егінді уақытында жинап алу

a. азықтық астықты арамшөптердің тұқымынан толық тазалау

b. халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т.б.

уылдырық шашатын балықтарды, көгерген және өскімділері өскен картофельдерді, қыста қардың астында қалған астықты азық-түлік ретінде пайдаланбау.

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).

  1. Студенттердің өздік жұмысы:

- Тамақтан уланған науқасты зерттеу әдістемесі (Қосымша 2).

  1. Оқытушымен жұмыс.

- жүргізілген әдістер бойынша мәліметтерді талдау

- тақырып бойынша қорытынды жасау

  1. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 3).

 

8. Ұсынылған әдебиеттер:

 

Негізгі: 1. Большаков А.М. Общая гигиена. Уч. пос. для вузов. Для системы послевуз. образования врачей.- М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006 г.

2. Пивоваров Ю.П. Гигиена и основы экологии человека, 2008 г.

3. Архангельский В.И. Руководство к практическим занятиям по военной гигиене: учеб.пособие. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.

4. Бектурганов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық: оқулық / Р.С. Бектурганов, М.Ш. Сералиева. Шымкент: Нұрдана - LTD,2010 ж.

Қосымша: 1. Глиненко В.И. Гигиена и экология человека, 2010 г.

2. Гигиена: жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Ү. И. Кенесариев [и др.]. - Алматы, 2010 ж







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2424. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия