Студопедия — Билет № 4
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет № 4






1.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым,тарихы.

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.

Оқушылар ұжымы немесе қарапайым тілмен айтсақ – балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады.Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.

Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін — дворяндар үйелмендерінде сақталды.

Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.

Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.

Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіңе көтерінкі талап қойды. Сондықтаң оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы XVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.

XVII ғ. Я. А. Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің «Великая дидактика» кітабында сынып-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сыныпта оқушылардың белгілі кұрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып-сабақ формасы деп аталды.

Я. А. Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.

Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында-ХІХ ғ. басында Анғлияда пайда болды, оны оқытудың белль—ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған қызметкері А. Белль және мұғалім Д. Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар—топ басқарушылары жүргізеді.

Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдын үдемелі педагогтары А. Дистервектің, К. Д. Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек, оқытудың, дамыту тәсілдерін қорғайды.

XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтарды АҚШ-тағы, Германиядағы оқытудың әр түрлі формаларымен (даль-тон-план, лабораториялық бригадалық форма винетка-план, трамп-план, иена-план т. б.) байланысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет мектептерінде пайдаланылды. Мысалы, даль-тон-план (АҚШ, Дальтон қаласы) сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні: оқушы өз бетемен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармеи дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон планның негізгі мақсаты ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу.

2.Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары,міндеттері.

Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары.

Оқушылар ұжымын қалыптастыру

Тақырыптың жоспары:

1. Жастар қозғалысының даму жолдары және мақсаты.

2. "Атамекен","Жұлдыз" бағдарламаларының маңызы мен мазмұны.

3. Көрнекті педагогтар ұжым туралы

4. Ұжымның нығаюы, даму кезеңдері.

5. Балалар ұжымының өзін-өзі басқару мәселелері. И.П.Ивановтың коммунарлық методикасы.

6. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

1. Жастар қозғалысының әр түрлі тарихи кезеңдері мен даму жолдары бар

XX ғасырдық бас кезеңінде балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұл ұйымдардық негізгі идеяларын жасаған ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941жж). Оның идеялары 1847 жылы шыққан "Инструкция для скаутов" атты кітаптатолық жарияланған.

Скаутизм - мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендік рухына тәрбиелеу.

1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашңы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II Николайдың жарлығы бойынша "Русский скаут" қогамы құрылды. Негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухына тәрбиелеу.

1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардық I, II және IV съездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар таратылып, олардың орнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.

1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының өсуі, скауттың ұйымдарының ықпалы төмендеуіне әсер етті. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялық моральды бойнелеп келді. Скаут мүшелерінен өз басшыларына, ата-аналарға, мемлекетке бағынуды талап етті. Осыған байланысты кои жылдар бойы КСРО-ғы жастар ұйымдары мен скауттар үііымдары арасында қарама-қайшылықтар орын алып келді. 1990 жылдан бастап Бүкілодақтың пионер слетінің шешіміне сөйкес балалардың қоғамдық қозғалысының дамуына елеулі жаңа өзгерістер болды. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық пионор ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғай пысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігі тоқтатылды.

Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.

Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.

XX ғасырдық 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайтатуды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70-тен астам скауттар отрядтары жұмыс істеді. Скауттар қозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының, ізбасарларының санының өсуіне және өмірге икемділігіне, тіршілікке қабілеттілігіне мүмкіндік туғызады.

1991 жылы бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты оның құрамындағы барлық одақтас республикалар егеменді мемлекеттерге айналды. Олар бостандық алып, жастардың қоғамдық ұйымдарын жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыру қажет деп тапты.

Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін дызмет ететін балалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтын ұйымдардық бірі - балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. Олардың республикада болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістерге қатысы бар. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының мақсаты: қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбір балаға көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру.

Ұраны: "Отан үшін, жақсылық және әділдік";.

2. Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін "Атамекен", "Жұлдыз" бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. "Атамекен" бағдарламасында балаларға арналған тәлім-тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген. Олар:

• "Салт-дәстүр, әдет-ғұрып" қазақ және Қазақстандағы басқа халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен танысу. Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.

• "Шежіре" - қазақ халқының және Қазақстанда мекендеген халықтардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеу, тарихи мәліметтерді жинау, архитектуралық ескерткіштерді есепке алу.

• "Сөнбес жұлдыздар" - қазақтың және басқа ұлттардың ұлы ағартушыларының, батырлардың, ақындардық, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің өмірін, қызметін және туған өлкенің тарихын зерттеу.

• "Толғау" - балалар қазақ халқының ұлттық төл мұралары, фольклорлық-этнографиялық музыка аспаптары, т.б. мұралары туралы мағлұматтар іздестіреді.

• "Наурыз" - халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халық ойындарымен танысу.

• "Орта" - балалар табиғатты қорғаудағы мәселелерге байланысты экологиялықжорыңтар, саяхаттар ұйымдастырады.

• "Ардагер" - Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан жауынгерлер туралы деректер жинап, мұражай, ескерткіш тақталар ашу.

• "Достық"-әрбір мектепте ұлттық мәдени орталықтар ашу, шетелдердегі балалармен достық байланысты дамыту. Қазақстан тарихына, мәдениетіне із қалдырған әр түрлі ұлт адамдарының өмірімен, іс-әрекетімен танысып, зерттеу.

• "Алыстағы бауырлар" - шет елдерде тұратын қазақтармен және басқа ұлт балаларымен байланыс жасау: хат жазысу, кездесу, тәжірибе алмасу, бірлесіп шаралар өткізу, т.б.

1991 жылы Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдер ұйымдары үшін Ақмола облыстық балалар ұйымының авторлық ұжымы профессор Е. А.Дмитриенконың басшылығымен "Жұлдыз" бағдарламасын жасады.

Бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің республикалық слетінде қаралып, 1991 жылы мамыр айында қабылданды. Бұл құжатта былай делінген: "Жұлдыз" бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіне, қиындықтарды жеңіп, нағыз достар тауып, бақытты болуына көмектеседі";.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3224. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия