Студопедия — Асептика
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Асептика






Асептика деп – жарағанемесе науқас ағзасына микроорганизмдердің енуінің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жиынтығын атайды.

Асептиканың мақсаты ағзаның әсіресе науқастың операциядан кейінгі жарасын инфекциядан сақтау.

Инфекция науқастың өзінің организмде (эндогенді) орналасуы мүмкін. Оның көзі – науқас терісі, асқазан – ішек жолдары, ауыз қуысы, түрлі аурулар кезінде болатын инфекция ошақтары (тіс жегісі, созылмалы инфекция). Инфекция ошағынан микроорганизмдер жараға гематогенді, лимфогенді, қарым-қатынас арқылы беріледі. Эндогенді инфекцияның алдын алу үшін емдік – профилактикалық мекемеге ем қабылдауға келген науқастар толық зерттеуден өткізіледі. Бұл зерттеуге жалпы қан және зәр анализдері, RW-ға және 50 формаға (адамның иммунотапшылығын тудыратын вирустың антиденесін анықтау үшін) биохимиялық қан анализдері, нәжісті глистке қарау, ауыз қуысына санация жасау жатады. Аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мақсатында жедел респираторлы аурулармен ауыратын науқастарға немесе жедел жұқпалы аурулармен ауырып болғаннан кейінгі балаларға екі апта мерзім ішінде жоспарлы операция өткізуге болмайды. Жедел операциялар кезінде, уақыттың аздығынан баланы толық зерттеуден өткізу мүмкін болмаса, операциядан кейінгі кезеңде емдеу үшін қосымша антибиотиктер, антисептиктер тағайындалады.

Экзогенді инфекция жараға сыртқы ортадан ауа-тамшы жолымен (шаңның бөліктері бар ауа мұрынға, жұтқыншаққа, жоғарғы тыныс алу жолдарына түседі), қарым-қатынас арқылы (залалсызданбаған құрал-саймандардан, таңуға арналған маталардан, медицина қызметкерлерінің қолдарынан), имплантациялық жолмен (тігуге арналған және пластикалық материалдардан, протездерден) енеді.

Ауа – тамшылық жолмен енетін инфекцияның алдын- алу үшін көптеген шаралар жиынтығы өткізіледі. Оның ең негізгісіне хирургиялық бөлімшелерде асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтау принципі жатады. Қабылдау бөлімінде науқастар санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізіледі:

- гигиеналық ванна немесе душ;

- науқасқа таза киім кигізу;

- науқасты қарау.

Хирургия бөлімшесінде антисептикалық заттармен таңертең және кешке күнделікті ылғалды тазалау жүргізіліп, соңынан кварцтау өткізіледі. Қабырғаларды ылғалды маталармен 3 күнде 1 рет жуып, сүртеді. Айына бір рет қабырғалардың жоғарғы бөлігін және төбенің жарық шамдарын, терезе мен есіктің жақтауларын шаңнан тазартады. Сырқаттарға келуші адамдардың хирургиялық бөлімшеге кіруі үшін олардың сыртқы түрі, киімі және жағдайы сай болуы қажет. Медицина қызметкерінің ауыстыратын аяқ киімі, халаты (арнайы киім), бас киімі, маскасы мен қолғабы болуы керек. Арнайы киіммен бөлімшеден тыс жерге шығуға тиым салынады. Инфекцияның алдын-алу мақсатында бөлімшені міндетті түрде таза және іріңді – септикалық палаталарға бөледі.

Операциялық блокта асептика ережелері қатаң сақталынуы керек. Ауаның ластануын болдырмау үшін аймақтық принцип қолданылады: абсолютті залалсызданған аймақ (операциялық және залалсыздау бөлмесі), салыстырмалы залалсызданған аймақ (наркоз, операцияға дейінгі, жуатын бөлме), шектелген режимдегі аймақ (қанды сақтайтын, аппарат тұратын бөлмелер, жедел анализдерді жасайтын зертхана, медбикелер мен дәрігерлер бөлмесі, киім – кешек бөлмесі, дәліз) жалпы аурухана ішілік режим аймағы (бос медбикенің және бөлім меңгерушісінің бөлмесі, кір жаялықтарға арналған бөлме).

Операция және таңу бөлмелерінде тазалаудың бірнеше түрлері өткізіледі:

- алдын-ала тазалау (жұмысты бастамас бұрын дезинфекциялайтын ерітінділермен барлық горизонтальды беткейлерді сүрту, залалсызданған үстелді дайындау);

- ағымды тазалау (күні бойы өткізілетін). Пайдаланған таңу материалдарынан, құрал-саймандардан, жаялықтардан (операция бөлмесін) босату, үстелдерді, еденді дезинфекциялайтын ерітінділермен сүртіп, келесі болатын операцияға құрал-саймандар мен залалсызданған үстелді дайындау;

- соңғы тазалау (барлық операциялардан кейін, жұмыс күні аяқталғаннан соң едендер мен горизонтальді беткейлерді жуу, бактерицидті шамды қосу);

- түпкілікті тазалау аптасына 1 рет өткізіледі (барлық беткейлер тазалану керек: еден, қабырғалар, төбе, шамдар, аппараттар).

Ауада болатын инфекциялармен күресу үшін бактерицидті шамдар қолданылады. Бір бактерицидті шам 2 сағат ішінде 30 м2 ауаны залалсыздандырады. Олар операция бөлмесінде, таңу, процедура бөлмелерінде (егу бөлмесі), операциядан кейінгі және реанимация бөлмелерінде, іріңді ауруларға арналған палаталарда міндетті түрде болуы керек. Шамды қосқаннан кейін науқастар мен медицина қызметкерлері ол бөлмеден шығуы керек, ал қатаң төсектік режимдегі науқастар жаялықпен жабылуы тиіс. Сондай-ақ бөлмені желдету және вентиляция өткізу арқылы ауаның микроорганизмдермен ластануын азайтуға болады. Бактериальді фильтрі бар кондиционерлерді қолдану өте тиімді.

Хирургия бөлімшелерінде жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасының сақталыну ережелері бақыланады, тұмау мен іріңді аурулардың бар-жоғы тексеріліп, 3 айда 1 рет жұтқыншақтан стафилококк тасымалдаушылығына зерттеу жүргізіледі.

Микроорганизмдердің ауа-тамшылық жолмен таралуының алдын-алу үшін маскаларды қолдану керек. Маскалар мұрын мен ауызды толығымен жауып тұрады және оларды ылғалданған кезде ауыстыру қажет. Маскаларды операция, таңу бөлмелерінде, егу бөлмесінде, операциядан кейінгі палатада, әр түрлі манипуляциялар өткізген кезде міндетті түрде киеді.

Қарым-қатынас арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу үшін хирургиялық құрал-саймандарды, таңғыш материалдарды, хирургиялық жаялықтарды, хирург пен медбикенің қолын, операция аймағын залалсыздандырудан өткізеді. Қазіргі заманда медицина тәжірибесінде залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістері кең қолданылады.

Физикалық әдістерге жоғары қысымды бумен залалсыздандыру (автоклавтау), ыстық ауамен залалсыздандыру (ыстық бу шкафы) және залалсыздандырудың сәулелік түрі жатады.

Химиялық әдістерге жататыны газбен және химиялық ерітінділердің көмегімен залалсыздандыру.

Хирургиялық құрал-саймандар, таңғыш материалдар, операциялық жаялықтар мен киімдер, резеңкелі медициналық заттар жоғары қысымды бумен залалсызданған қорапта (бикс) залалсыздандырылады (автоклавтау). Залалсыздандыруды өткізер алдында бикстің бүйірлік тесіктері ашылуы қажет, ал қақпағы тығыздалып жабылады. Залалсыздандыруға қорабтарды (бикстерді) салудың 3 түрі бар:

- толық салу (универсальная укладка), - бұл кезде бикске таңу немесе кіші операция бөлмесінде күні бойы қолданатын заттардың бәрі салынады;

- түріне қарап салу (видовая укладка) – бұл кезде бикске материалдың немесе жаялықтың бір түрін ғана салады. Үлкен операция бөлмелерінде қолданылады;

- мақсатына қарап салу (целенаправленная) кезінде бикске белгілі бір операцияға қажетті заттардың барлығын салынады.

Залалсызданғандықты бақылау үшін бикске 3 дана залалсыздану индикаторын немесе шыныдағы фуксинмен бірге бензат қышқылы салынады. Бикстер салынғаннан соң автоклав тығыз қақпақпен жабылады. Жоғары қысымды бумен залалсыздауды өткізу күрделі шара болып есептеледі, себебі бұл кезде аппараттың жарылып кету қаупі бар. Сондықтан залалсыздандыру өткізу бөлмесінде арнайы оқыған қызметкердің жұмыс атқаруы қажет.

Залалсыздандыруды өткізудің үш тәртібі тәжірибеде қолданылады:

- 1 атм қысым кезінде, температурасы 120° - 1 сағат;

- 1,5 атм қысым кезінде, температурасы 127º - қа дейін – 45 минут;

- 2 атм қысымда, температурасы 134° дейін – 30 минут.

Залалсыздандыруды аяқтағаннан кейін, бикстер есігі аздап ашылған ыстық автоклавта бірнеше уақыт тұрады. Бикстерді автоклавтан алған кезде, бикстің бүйіріндегі тесіктер жабылады, бикске байланған клеенкаға залалсыздандыруды өткізген күн жазылады. Жабық фильтрсіз бикс залалсызданғандығын 72 сағат бойы (3 тәулік), ал фильтрлі бикс – 20 тәулікке дейін сақтайды. Ашық бикс залалсызданғандығын 6 сағатқа дейін сақтайды.

Ыстық ауамен залалсыздауды арнайы құрғақ ыстық шкафтардың көмегімен өткізеді. Ол арқылы металдан жасалған инструменттер, көп рет қолданылатын шприцтер, шыны ыдыстар залалсызданады. Барлық құрал-саймандар шкафтың металды торларына қойылады. Залалсыздандыру есігі жабылған шкафта 180° температурада 1 сағат бойы жүргізіледі. Бақылау үшін шкаф ішіндегі торға флакондағы сахарозаны, тиамочевинаны немесе өндірісте қолданылатын жабық индикатор қояды. Құрғақ ыстық шкафтарды бөлімшелердің залалсыздандыруды өткізу бөлмелерінде орналастырады.

Микробтарды сәулемен залалсыздандыру үшін иондайтын сәулелендіру (α – сәулелері), ультракүлгін сәулелер мен ультрадыбыстар қолданылады. Иондайтын сәулелендірумен жұмыс жасағанда ерекше қатаң қауіпсіздік шаралары сақталыну керек. Сондықтан ол зауыттық залалсыздандыру әдісі болып есептелінеді. Залалсызданған медициналық материалдар, құрал-саймандар, қолғаптар, шприцтер арнайы қораптарда шығарылып, 5 жылға дейін жарамды болып есептелінеді.

Газбен залалсыздандыру арнайы камераларда іске асырылады. Залалсыздандыруды формалиннің буымен (камера түбіне формальдегит таблеткасын салады) немесе этил тотығының көмегімен өткізеді. Мұндай залалсыздандырудан құрылғылардың оптикалық бөлімдері, тігіс материалдары, пластмасса, резеңкелі медициналық құрал-саймандар өтеді. Газды қоспаларға және камерадағы температураға байланысты залалсыздандыру 6 сағаттан 48 сағатқа дейін өткізіледі. Бұл әдісті аурухана жағдайында жүргізеді.

Химиялық антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыруды өткізу – залалсыздандырудың суық әдісі болып есептелінеді. Залалсыздандырудан резеңкелі медициналық заттар, аппараттардың эндоскопиялық бөліктері, металды құрал-саймандар өткізіледі. Бұл үшін 6% сутегінің асқын тотығының ерітіндісінде 3 сағат бойы 50º температурада немесе 6 сағат бойы 18-20° температурада, 1% дезокон ерітіндісінде 45 минут бойы 18º температурада, 8% первамур немесе 2% хлоргексидин ерітіндісінде 20º температурада 5 минут батырып қояды және 70º этил спирті қолданылады. Залалсыздандыруды өткізу үшін қақпағы тығыз жабылатын шыны, пластмасты немесе эмальды ыдыс қажет. Барлық ерітінділер бір рет қана қолданылады. Залалсыздандырудан кейін барлық заттар залалсызданған изотониялық ерітіндімен екі рет шайылып корнцанг көмегімен залалсызданған үстелге қойылып сақталынады. Бұл әдістің бақылауы бактериологиялық жолмен өткізіледі.

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 10229. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия