Студопедия — Науқастарды куту; физиологиялық қажеттіліктерді атқаруға комектесу 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Науқастарды куту; физиологиялық қажеттіліктерді атқаруға комектесу 1 страница






Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көмек көрсету

Қажеттіліктер. Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы медбикелік іс-шаралар

Тыныс алу - Кереуеттің бас жағын көтеру;

- науқасты “Фаулер”қалпында жатқызу;

- науқасты жөтелу техникасына үйрету;

- науқасты тыныс алу жаттығуларына үйрету;

- тұншығу кезінде өзіндік көмек тәсілдеріне үйрету;

- ингаляторды қолдану ережелерін үйрету;

 

Тамақтану - Науқасқа тамақтану кезінде көмек беру;

- науқасты адекватты тамақтануға үйрету;

- диета сақтау бойынша науқасқа және оның туыс-тарына ұсыныс беру;

 

Су ішу

- Науқасқа су ішу кезінде көмектесу;

- қажет сұйықтықтың керекті мөлшерімен қамтама-сыз ету;

 

Бөліп шығару

- Науқасты жеке дәрет ыдысы мен зәр қабылдағыш-пен қамтамасыз ету;

- науқасқа және оның туыстарына памперс, зәр қабылдағыш, нәжіс қабылдағышты қолдануды үйрету;

- науқастың әжетханаға жетуіне көмектесу;

- дефекация мен зәр шығару кезінде науқасқа қауіпсіздікті және оқшаулануды қамтамасыз ету.

 

Ұйықтау

- Ұйықтау үшін жайлы жағдай жасау;

- ұйқы бұзылуының себептерін анықтау;

- ұйқыны реттейтін дағдыларды (бал қосылған жылы сүт, ұйқы алдында серуендеу) үйрету;

- науқасты күн тәртібін құрастыруға (дем алу және жұмыс істеу режимін сақтау) үйрету; үйрету.

 

Қозғалу

- Қимыл-әрекеттер шектелуінің адамның тәуелділік жағдайына қаншалықты әсер ететінін анықтау;

- науқас пен оның туыстарын төсекте қозғалуға,емдік дене шынықтыру әдістеріне үйрету;

- науқастың қозғалуына рұқсат етілген жағдайда төсектен тұру, балдақпен, таяқпен жүру әдістерін

 

Клизмалар

Клизма деп диагностикалық және емдік мақсатта тоқ ішектің төменгі бөлігіне әр түрлі сұйықтықтарды енгізуді айтамыз.

Мақсаттарына қарай клизмалар екі топқа бөлінеді:

- тазалау және босату клизмасы;

- дәрілік және қоректік клизмалар.

Тазалау клизмасы кезінде жіберілген сұйықтық механикалық, температуралық және химиялық әсер етеді, перистальтиканы күшейтеді, нәжіс массаларының бөлінуін жеңілдетеді.

Жіберілген сұйықтықтың мөлшері неғұрлым көп болса, клизманың механикалық әсері де күшті болады. Механикалық әсерден басқа перистальтиканы жіберілген судың температурасы да күшейтеді. Атониялық іш қатуда сұйықтық температурасы +12С˚ болуы керек, спастикалық іш қатуда ішектің бұлшық еттерінің босаңсуы үшін жылы немесе ыстық клизмалар қолданылады, судың температурасы +37˚-40˚-42˚С.

 

Тазалау клизмасы

Мақсаты: ішектерді нәжіс массасынан, газдардан тазалау.

Көрсетпелер:

• Іш қатқанда;

• Уланғанда;

• Операция, босану алдында;

• Науқастың ас қорыту мүшелерін, зәр шығару жүйесін ренгенологиялық зерттеуге дайындау;

• Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау;

• Дәрілік және қоректік клизма жасар алдында;

 

Қарсы көрсетпелері:

• Тік ішектің және анус аймағының іріңді қабынуы

• Ас қорыту жолдарынан қан кету;

• Тік ішектің қатерлі ісіктері;

• Жедел аппендицит және перитонит

• Ішектерге операция жасағанда алғашқы күндері

• Жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

 

Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, оны ілетін штатив, залалсыздандырылған вазелин майы, клеенка, дәрет ыдысы (егер процедура палатада орындалатын болса), 1,5-2л жылы су, латекс қолғаптар, медициналық халат, клеенкалы алжапқыш.

Міндетті шарттар:

Жіберілетін судың температурасы іш қату түріне байланысты:

- атониялық іш қатуда- 12˚-20˚С;

- спастикалық іш қатуда- 37˚-40˚-42˚С;

- іш қатуда- 20˚-25˚С.

 

 

Іс -әрекеттер:

1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.

2. Мейірбике қолын тазалап жуып, биялай киеді, алдына клеенкадан жасаған алжапқыш кию керек.

3. Эсмарх кружкасына 1-1,5л 18-20˚С температурасы әзірлеген суды құйып штативке ілу керек;

4. Вентильді ашып, судың ағынымен ішіндегі ауаны шығарыңыз;

5. Ұштықтың басына вазелин майын жағыңыз;

6. Клеенка төселген кушеткаға сырқатты сол жақ қырымен тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызыңыз;

7. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, құйрықты ашыңыз, оң қолмен ұштықты ақырын айналдырып, тік ішекке алдымен кіндікке қарай, содан соң омыртқаға қатарласып 8-10см тереңдікке енгізіңіз;

8. Ішекке су ақырын баратындай болып, тиегін ақырын ашыңыз, науқастың босаңсуын және ішімен дем алуын сұраңыз.

 

Ескерту: науқас спастикалық ауырсынуға шағымданған кезде ауырсыну басылғанға дейін процедураны тоқтатыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, дәрігерге хабарлаңыз.

 

9. Ішекке ауа кетпес үшін кружканың түбіне аздап су қалдыр, тиегін жауып, ұштықты шығарып алыңыз;

10. Сырқатты шалқасынан жатқызып, демін тереңірек алып 10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз;

11. Дәретке унитазға, егер палатада жасалған болса дәрет ыдысына отырғызыңыз; ішек босағаннан соң шат аралығын жуыңыз.

12. Дәрет ыдысын қолданып болған соң, ішіндегі қалдық заттарды унитазға төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек;

13. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;

14. Клеенкадан жасалынған алжапқышты пен төселінген клеенканы 2 рет 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

Бірнеше минуттан кейін ішектен сумен бірге нәжіс шықса, тазалау клизмасының дұрыс жасалған болып саналады.

 

Тазалау клизмасына арналған жүйе

Тазалау клизмасы

Сифонды клизма

Мақсаты: ішекті нәжіс массасынан және газдардан эффективті тазалау.

Көрсетпелері:

• Тазалау және босату клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда;

• Іш айдайтын дәрілер әсер етпегенде тоқ ішекті жуу үшін;

• Емдік мақсатта сигма тәрізді ішек түйілуінде;

• Іш қуысына операция жасағаннан (ішектерден басқа ағзаларға) кейін;

• Динамикалық ішек өткізбеушілігінде;

• Ішектен уды, токсинді, шырышты, іріңді, сыртқа шығару үшін;

 

Қарсы көрсетпелері:

• Тік ішектің іріңді қабынуы;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Жедел аппендицит, перитонит

• Тік ішектің түсуінде, геморройда

• Тік ішектің қатерлі ісігі

• Асқазан, ішектен қан кеткенде

 

Қажетті заттар: ұзындығы 1,5м бір рет қолданылатын, ұшында бірнеше тесігі бар түтік, сиымдылығы 1литр шыны құйғыш.10- 12литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр ожау, табақ, клеенка алжапқыш, клеенка, залалсыздандырылған вазелин майы, 1рет қолданатын биялай, бетперде, іштен шыққан қалдықты құятын ыдыс (тазик);

 

Іс -әрекеттер:

1. Науқасты процедура мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.

2. Халат, клеенка алжапқыш, қолғап кию. Кушеткаға клеенка жайып, оның шетіне су құятын ыдыс немесе шелек қойылады;

3. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу;

4. Түтіктің ұшынан бастап 20-30см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

5. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, 1-2-ші саусақтармен құйрықты ашыңыз, оң қолға резеңке зондты ұстап, кіндікке қарай 3-4см енгізіңіз, сегізкөз омыртқа бойымен ішекке 20-30см тереңдікке енгізіңіз;

6.Түтікке шыны құйғышты кигізіп құйғышты қисайтып кушетканың деңгейінен төмен ұстаңыз;

7.Әзірленген құйғышты 1л сумен толтырыңыз;

8. Құйғышты біртіндеп сырқаттың денесінен жоғары етіп ұстап су құйғыштың сағасына жеткенше көтеріңіз /ішекке ауа кетпеуін қадағалаңыз/;

9. Құйғышты бұрынғы қалыпқа дейін төмендетіңіз;

10.Құйғыштың жуылған суға толуын күтіңіз;

11.Құйғышқа толған сұйықты ыдысқа немесе шелекке төгіңіз;

12.Құйғышқа қайтадан су құйып, жоғарыдағы тәсілмен жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз;

13. Құйғышты шығарып алып, іште қалған судың төгілуі үшін түтікті 15-20 минутқа дәрет ыдысына салып қойыңыз;

14.Тік ішектен түтікті ақырын шығарып алыңыз;

15. Клеенкадан жасалынған алжапқышты және төселінген клеенканы 2 рет 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

16. Дәрет ыдысын қолданып болған соң ішіндегі қалдық заттарды унитазға төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;

Сифон клизмасы ауыр манипуляция, сондықтан процедураның кезінде сырқаттың жағдайына көңіл бөлу қажет.

 

Гипертониялық клизма

Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейту, ішек қуысына сұйықтық транссудациясын жасау.

Көрсетпелер: Іштің қатуында және әртүрлі кең көлемді ісіктерде;

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Жедел аппендицит;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 100мл 10%-NaCL-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний сульфат ерітіндісі, бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) босататын ерітіндіні (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз.

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып, сұйықты ішінде 20-30 минутқа ұстап қозғалмай жатуын айтамыз (транссудат әсерінен нәжіс массалары жұмсарып, перистальтика күшееді).

10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста (арнайы медициналық шкафта) сақтау керек;

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

Клизма жасауға арналған резеңке баллон (груша)

 

Майлы клизма

Мақсаты: емдік мақсатта тоқ ішектің төмеңгі бөліктерін тазалау.

Көрсетпелер: тазалау клизмасы нәтиже бермегенде, іштің қатуында, іш қуысына операция жасалғаннан кейін алғашқы күндерде, босанудан кейін.

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Жедел аппендицит;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл майлы ерітінді (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Міндетті шарттар: майлы клизмадан соң науқас бірнеше сағат жатуы керек, сондықтан майлы клизманы түнде қойған дұрыс.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) майлы ерітіндіні (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз.

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты кийіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып бір неше сағат жатуды айтамыз;

10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы медициналық шкафта);

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

 

Дәрілік клизма

Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету.

Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Қатерлі ісіктер;

• Ішектерде операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздан- дырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) дәрілік затты (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз (дәрілік ерітіндінің температурасы 37˚С-тан төмен болған жағдайда дефекацияға алып келеді);

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты ыңғайлы етіп жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз.

10. Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы медициналық шкафта);

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

 

Тамшылы клизма

Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету.

Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Қатерлі ісіктер;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: тазалау клизмасына арналған жүйе, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық, жылытқыш t-40-45˚С

Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет, енгізілетін ерітінді 40-42˚С-ке дейін жылытылған болуы керек.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жүйені дәрілік затпен (дәрігердің тағайындағаны бойынша) толтыру, 1м биіктікте штативке бекіту, жүйенің алдыңғы және артқы қабырғаларына жылытқышты бекіту.

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты кийіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен құйрықты ашып, оң қолмен жүйенің үштігін ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Жүйедегі қысқышты ашып енгізілетін ерітінді тамшыларының жиілігін реттеңіз (минутына 60-80 тамшы);

8. Дәріні енгізіп болғаннан соң қысқышты жауып, жүйені ақырындап шығарып алыңыз.

9. Сырқатты ыңғайлы етіп жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз.

10. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

11. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

12. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

 

Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу

Ұштық, жел шығаратын түтік, асқазан зонды манипуляция жасағаннан соң залалсыздандыру алдындағы өңдеудін бірінші үш кезеңінен өтеді:

1. 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.

2. 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.

3. Ағынды су астында шаяды.

Залалсыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклавқа салынады: қысым 1,1 атм, t-120°С, уақыты 45 минут.

 

Жел шығаратын түтікті қолдану алгоритмі

Мақсаты: ішектегі газдарды сыртқа шығару.

Көрсетпелері: метеоризм, ішек атониясы, дәрілік клизманы қойған кезде

Қарсы көрсетпелер: ішектен қан кету, тік ішектің төмен түсуі.

Жабдықталуы: стерильді жел шығаратын түтікше, стерильді астауша, вазелин майы, стерильді таңу материалы, биялай, шымылдық, халат, үлкен жаялық, дәрет ыдысы, шпатель.

Міндетті шарттар: жел шығару түтікшесі 1 сағатқа дейін қойылады.

Іс-әрекетер алгоритмі:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.

2. Науқастың кереуеті жанына шымылдықты қою.

3. Науқасқа сол қырымен жатуына көмектесі, аяқтарын ішіне қарай бұгу.

4. Қолғапты кию.

5. Науқастың жамбасының астына клеенка, үстіне жаялықты төсеп қою.

6. Кереуеттің жанына орындықтың үстіне ішінде шамалы суы бар дәрет ыдысын қою.

7. Түтікшенің бас жағын 20-30см-ге дейін вазелинмен майлау.

8. Түтікшені ортасынан бүгіп, бос ұшын 4-ші 5-ші саусақтармен ұстау қажет, ал бас жағын қарындаш ұстағандай етіп ұстау керек.

9. Сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен құйрығын ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені 20-30см тереңдікке енгізу қажет.

10. Түтікшенің бос ұшын дәрет ыдысына салу керек.

11. Белгілі уақыт өткеннен соң (1 сағатқа дейін) түтікшені алу қажет.

12. Қолданылған түтікшені зарарсыздандыру ерітіндісіне салу керек.

13. Анальді аймақты вазелин майына батырылған салфеткамен сұрту.

14. Клеенка және салфетканы арнайы қапшыққа салу.Қолғапты шешу, дезерітіндіге тастау, қолды жуып құрғату


 


 

Терінің ойылып қалған жарасының алдын алуы

 

Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.

 

Ойылулардың пайда болуының себептері:

1. Күтімнің нашарлығы.

2. Салдану.

3.Тері сезімталдығының бұзылуы.

4. Қан айналымының бұзылуы.

5. Дене қызуының көтерілуі.

6. Қоректенудің бұзылуы.

7. Зәр мен нәжістің ұсталмауы.

8. Анемия.

9. Наркоздың немесе наркотиктердің әсерінде болу.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 9309. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия