Студопедия — Бап. Кешендi лицензиаттың құқықтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Кешендi лицензиаттың құқықтары






Кешендi лицензиаттың:
1) егер кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында өзгеше көзделмесе, басқа да тұлғалармен кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарттарын жасасуға;2) кешендi лицензиармен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де шарттар жасасуға, 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге

34. Сақтандыру шартының мазмұны. Сақтандыру шарты көбiне нақты (реалды) шарт болғандықтан, оның мазмұнын талдауды сақтанушының мiндетiнен жəне оған қарама қарсы болып келетiн сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында (бiрiншi кезекте) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйақысын төлеуге мiндеттi. Сақтанушы осы өзiнiң мiндетiн сақтандырылған адамға да, пайда алушыға да жүктей алмайды. Мұндай мiндет оларға заңды актiлерiмен де жүктелмейдi. Сақтандыру сыйақыларының мөлшерлерi шартпен белгiлi ақша сомасы ретiнде қарастырылады. Сақтанушы шартпен сəйкес, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тəуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасының көлемiне (мөлшерiне) қарап есептелетiн сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерiн белгiлейтiн сақтандырушы əзiрлеген сақтандыру тарифiне байланысты сақтандыру сыйлық ақыларын төлеуге мiндеттенедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру сыйлық ақыларының мөлшерлерi заңды актiлерiмен орнатылған олардың мөлшерлерiнен көп болмауы керек. Мысалы, автокөлiк құжаттарының иелерiнiң азаматтыққұқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi түрде сақтандыру жөнiндегi Ережелерге сəйкес, жеңiл көлiк иелерiнiң, 1200 кубтық сантиметрге дейiнгi двигатель мөлшерi бар микроавтобус иелерiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру үшiн, үш айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде сыйлық ақысы алынады, ал 1200ден 1600 кубтық сантиметрге дейiн кiргiзiлетiн сақтандыру сыйлық ақысы төрт айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде орнатылады жəне т.б. Сақтандыру компаниялары клиенттердi мiндеттi түрдегi сақтандырудың осы түрлерiне тарту мақсатында алынатын сақтандыру сыйлық ақыларының мөлшерiн азайтып тұрады. Сақтандыру сыйлық ақыларын төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен белгiленуi мүмкiн. Сақтандыру сыйлық ақысы əдетте бiруақтылы төлемдi. Шартта сақтандыру сыйлық ақысын бөлiпбөлiп төлеу көзделуi мүмкiн. Тараптар кезектi сақтандыру жарналарын белгiленген уақытта төлемеуге байланысты жауапкершiлiктi қарастыра алады. Содан басқа, сақтандырушының осы жағдайда шартты мерзiмiнен бұрын бұзу құқығы да бекiтiлуi мүмкiн. Бiрақ сақтандырушымен бұл шартты бұзу мүмкiндiгi жинақтау сақтандыру шарттары үшiн қарастырылмайды. Азаматтық кодексiнде енгiзiлген өзгерiстерге сəйкес, жинақтау сақтандыру шартымен орнатылған мерзiмде сақтандырушы сақтандыру жарналарын (бiрiншiсiнен басқаларын) алмаған жағдайда сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiлiгi жөнiнде сақтанушыға хабардар беруге мiндеттi.

35. Сақтандыру шартының элементтерi: Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру соманың) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген жəне сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдыққұқықтық нысаны акционерлiк қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдыққұқықтық нысаны жабық акционерлiк қоғам болуға тиiс. Жабық акционерлiк қоғамның ұйымдыққұқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi залалсыз жұмыс iстеген жəне осы кезеңде өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi жəне өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап кемiнде бiр жыл өткеннен кейiн ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуына жол берiледi. Шетелдiк қатысушылар мен заңды тұлғалар, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыруы) ұйымдарының қатысушылары бола алады. Резидент емес сақтандыру ұйымдарының қызметi шектеледi. Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан заңды тұлғалардың мүлiктiк мүддесiн сақтандыру немесе оның жеке бөлiмшелерiн жəне Қазақстан Республикасының резидентi болып саналатын жеке тұлғаның мүлiктiк мүддесiн сақтандыру, тек қана Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын сақтандыру ұйымымен жүргiзiледi. ” жəне “өмiрдi сақтандыру” салалары бойынша барабар жəне барабар емес қайта сақтандыруды жүргiзедi. Сақтанушы болып сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға келедi. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушының құқықтық жағдайы сақтандыру шартының конструкциясына байланысты өзгеруi мүмкiн. Сақтандыру шартының нормалары мен сақтандырылған адам деген түсiнiк енгiзiледi. Сақтандырылған адам – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады. Егер сақтанушымен сақтандырылған адамның жеке бастары сəйкес келмесе, оларды бəрiбiр шарттың бiр тараптары ретiнде бағалауға болады, яғни мұндай жағдайларда сақтанушының құқықтары сақтандырылған адамға ауысады. Сақтандырылған адам статусының сипаттамасы пайда алушы деген түсiнiктi есепке алмағанда толық емес болады. Ол сақтандырушы үшiн нақтылы несие берушi болып табылатын субъектiнi сипаттайды. Пайда алушы – сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сəйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға. Пайда алушы жеке де, мүлiктiк де сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың мiндеттi түрi бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актiлерiмен айқындалады, ерiктi түрi бойынша оны сақтанушы тағайындайды. Егер мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне немесе өз еркiмен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.

36. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты рента,лизинг, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдерi ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, ал құқтың англосаксондық жəне континентальдық жүйелерiнде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрi. Сонымен бiрге оның үш ғасырлық тарихы бар жəне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн толық дəлелдедi.1 Франшиздiк келiсiм деп – лицензиар белгiлi бiр iскерлiк операцияларды (бизнестi) лицензарға тиесiлi атаумен жүргiзуге жəне оның кəсiпкерлiк қызметiнiң əдiсiн пайдалануға лицензия беретiн шартты түсiнемiз. Əдетте, франшиздiк келiсiм лицензиарға рұқсат етiлген iскерлiк белсендiлiкке лицензияның əрекет ету мерзiмi iшiнде қатал бақылау жасау мүмкiндiгiн бередi.2 Франзайчинг шарты əртүрлi салаларда қолданылады. Патенттердiң тауар белгiлерi мен интеллектуалдық меншiктiң басқа да нысандарының иелерi оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиi пайдаланады. 3 Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық – жеке құқықтық институттардың бiрi болып табылады. Қазiргi заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтiк қатынастардың шынайы жайкүйi туралы айту оңай емес. Оның себептерi алуан түрлi. Қазақстанда өндiрiстiк сектор аса қиындықпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сiрə, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсендi қолданысқа ие болады. Өндiрiстiң ұлғаюы жəне франчайзингтi тиiсiнше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Басымды бағыттардың бiрi ретiнде ауылшаруашылық өндiрiсi бола алады, лицензиялық келiсiмдердi басқа да салалар үшiн қолдану жоққа шығарылмайды. Интеллектуалды меншiктi импорттардың кəдiмгi шектеулерi болып республиканың өзiндегi интеллектуалдық нəтижелердiң көлемi мен деңгейi табылуы мүмкiн. Əрине, батыс фирмаларының дамыған технологияларына қарсы тұру өте қиын. Сондықтан бiздiң экономика үшiн интеллектуалды меншiктiң iшкi нарығын қорғауға бағытталған белгiлi бiр саясатты жасап шығару қажет. Бiрақ қарсы тұру түпкi мақсатқа айналмау керек. Өз нəтижелерiмiздi олардың көп шығындылығынан ұзақ уақыттылығына, тиiмдiлiгiнiң төмендiгiне байланысты, пайдалану тиiмсiз болатын бағыттар бойынша дайын интеллектуалдық нəтижелердi шеттен алу мүмкiндiгiн белсендi түрде пайдалану керек. Экономиканың əрбiр секторында əртүрлi технологиялардың, бизнес жүргiзу əдiстерiнiң жəне т.б. қатар болуы мен бəсекелестiгi орынды болары сөзсiз. Экономиканың белгiлi бiр стратегиялық салаларын қоспағанда, лицензиялық қатынастарға тiкелей мемлекеттiк араласуға жол берiлмейтiндiгiн ескеру қажет. Яғни, франчайзингтi реттеудiң жанама əдiстерi туралы сөз болып отыр. Ал, жеке бизнес осы дамыған шарттық институттарға берiлетiн мүмкiндiктердi белсендi түрде пайдалана алады. Жарқын болашақта франчайзинг Қазақстан Республикасы кəсiпкерлерiнiң қатынастарында да кеңiнен қолданылатын болады деген ойдамыз. Бұған заңнамалық шешiм де əсер етуде. Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылғы “Кешендi кəсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы” заңында франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдауға қатысты жеке 2тарау бар. Онда франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдаудың қағидалары мен шаралары анықталған. Бiздiң заңнамада “кешендi кəсiпкерлiк лицензия” термин қолданылған, ол құқықтық қатынастардың осы тобын ажырату үшiн заң шығарушылармен шартты түрде пайдаланылған. Бiрақ əлемнiң көптеген елдерiнде франчайзинг терминi пайдаланылатын болғандықтан, қазақстандық заң шығарушылар бұл терминдi аталған бап атауындағы жақшаның iшiнде атап өтiп, Қазақстан Республикасында кешендi кəсiпкерлiк лицензия деп франчайзинг аталатындығын көрсеттi. Осылайша əлемдiк заңнамамен белгiлi бiр үндестiк жасалады. Сонымен бiрге баптардың мəтiнiнде бiздiң заңнамаға белгiлi терминология пайдаланылады. Осындай жолмен заң шығарушылар отандық құқықтық терминологияның дəстүрлерiн сақтап қалды. 1 Ресей Федерациясының заңнамасында бұл тенденция РФ АКде айқын көрiнiс тапқан, дəл сондай құқықтық институт коммерциялық концессия шарты деген атауға ие. Құқықтық классификация тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық заңнамада франчайзинг шарты мен кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты, синонимдер бола отырып, Азаматтық кодекстiң 966бабының мағынасы бойынша лицензиялық шарттың бiр түрi болып табылады..

37. § 1. Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелерi Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сəйкес меншiк қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншiк қатынастары) өз кезегiнде материалдық игiлiктердi белгiлi тұлғалар иеленетiнiмен немесе материалдық игiлiктер (заттар) бiреуге жататынымен сипатталады. 1 Ренталық қатынастарға меншiктiң екiншi – ағымды (қозғалыс) күйi де тəн болып келедi жəне айта кететiн болсақ ренталық қатынастардың осы күйiн ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттiлiгi пайда болады. Мүлiктiң қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлiк тиесiлiгiн түбiрiнен өзгерте алады немесе негiзгi меншiк иесiмен қатар мүлiктiң өзге тұлғаларға да тиесiлiгiн бекiте алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты мiндеттемелiк қатынастар құрылады жəне топтасады. 2 Осы қатынастарды реттейтiн мiндеттелiк құқық экономикалық мағынада (мəнде) меншiктiң заңи мағынада меншiк құқығы жəне өзге заттық құқықтар өтуiн (ауысуын) қамтамасыз етедi.3 Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектiлердiң тиiстi қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына жəне жүзеге асуына ықпал ететiн рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардан субъектiлердiң мiндеттемелiк құқықтары мен мiндеттерi де пайда болатыны сөзсiз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық берiледi. И. Грешников рентаның тұрақтанған түсiнiгiн берген: Рента сөздiң кең мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл – қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшiнен пайда болатын табыс. Мысалы, егiн шаруашылығында, табысты өңделетiн жер учаскелерi құнарлы топырағын жəне орналасқан жерiн пайдаланып табыс табады. Жылжымайтын мүлiктiң, кəсiпорындардың иелерi үшiн ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлiк объектiлердiң жəне кəсiпорындардың қасиеттерi келедi. Рента қарымқатынастарын реттейтiн əмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын (күшiне енгiзiлгесiн) пайда болды. Онда рентаға (рента шартына 517539 баптар арналған. Жалпы ережелердi реттейтiн нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмiр бойы асырауда ұстауды реттейтiн нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмiр асырауды қарастыратын тұрғын үйдi сату шарты ғана бекiтiлген едi. Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi рента алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiлмезгiл рента төлеп отыруға мiндеттелген. Рента шарты мүлiктi иелiктен шығаруға арналған шарттардың бiрi. Мүлiк рента төлеушi меншiгiне өтедi жəне бiр уақтылы мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе бүлiнуi қауiпi оны күтiп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтiп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатыпалу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар. Рента шартының ерекшелiгiмүлiк төлемақы төленiп, не болмаса төленбей берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 519бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты (25 тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi) немесе сыйға тарту шарты (ҚР АК 27 тарау) туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың (мiндеттеменiң) мəнiсiне қайшы болмауы керек. Аталған екi шарт нормаларының қолданбауы тiкелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкiн. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бiр нақты ерекшелiгi рента төлеушi рента алушыға (мүлiктiң алғашқы иесiне) мүлiктiң жетiспеушiлiгi, бұзылғандығы туралы сатып алусату шарты бойынша сияқты толық көлемде келiспеушiлiк айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мəнiсi оларға сатып алусату қатынастары үшiн белгiленген нормаларды барынша абайлы жəне жағдайды ескерiп қолдануды талап етедi. Рента нысанасы (заты) оны рента төлеушiсiне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланғаны негiзiнен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебi бұл шарт орындалуына кедергi жасайды. Сатып алусату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделiктерi өзгеше. Оның мүлiкте ауыртпалығы болмауына өз мүдделiгi бар болып келедi. Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бiрақ заңнама арқылы айырмашылықтар мəселесi реттелмеген. Сондықтан бiз белгiлеп (анықтап) отырған сұрақтарға көзқарастар əртүрлi болуы мүмкiн. Рента шарты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексiнiң нормалары рантье – меншiк иесi туралы үйренiштi болып келетiн көзқарасты жоққа шығарады (бiз нақты рента шарты туралы айтып келемiз). Рента алушыда тек кейбiр жағдайларда ғана мүлiктi кейiн қайтаруға талап етуге мiндеттемелiк құқығы бар болады. Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейдi. Тек ғұмырлық рента төленуi үшiн пəтер, тұрғын үй жəне өзге де мүлiк иелiктен тегiн шығарылса жəне рента төлеушiсi рента жағдайларын елеулi бұзса бұл мiндеттемелiк құқық пайда болады (ҚР АК 533 бабы 2тармақ). Осыған қатысты экономикалық мағынада бəрiбiр бұрынғы меншiк иесi өз мүмкiншiлiктерiн сақтай бередi деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншiк құқығы заңды түрде өзге субъектiге рəсiмделетiн болғасын бұл дəлелдеуiмiз (есептеуiмiз) тұрақсыз болып шығады. Рента төлеушiсi өзiне меншiктiң ауыртпалықтарын жүктеуге келiсуi үшiн салмақты себептер қажет. Жаңа меншiк иесi рентаны (табысты) алғашқы меншiк иесiмен бөлiсуге мəжбүр болғанына қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа меншiк иесi өз бетiмен де рантье болып шығады. Экономикалық ренталық қатынастар мүлiктi жалдау (аренда) шартымен де нəтижелi қамтылуы мүмкiн. Мүлiктiң жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшелiктерi, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкiншiлiк бередi (аренда шарттарын жасасу негiзiнде). Бiрақ заңгер рента шартына кəсiпкерлiк емес қатынастарды реттейтiн ретiнде қарайтынын ұмытпауымыз керек (ҚР АК 523 б. 1т., 530 б. 1т.), рента (рента шарты) осы себептен кəсiпкерлiкпен беретiн құқықтық нысан болып бағалануы мүмкiн. Аренданың реттi шарттары туралы айтатын болсақ, онда табысты ұдайы табу сипаты жоғалып қалады. Бiрақ басқа түстен қарасақ, бiз жаңа заңнама мүлiктi жалдау (аренда) мерзiмi бойынша шектеулердi негiзiнен алып бастағанын байқай аламыз. Сондықтан рента жəне мүлiктi жалдау шарттарының бұл – табысты тұрақты табу немесе таппау бойынша сөзсiз болып келмейдi. Сонда да рента алушының құқықтық жағдайы мүлiктi жалға беретiн немесе өзге қызметтi жүзеге асыратын кəсiпкер субъектiнiң құқықтық жағдайынан немен ерекшеленетiнiн айтып кетейiк. Бiрiншiден, рента алушыда кəсiпкерлiк тəуекел (қауiп) орын алады. Екiншiден, кəсiпкердi тiркеуге қатысты талаптар болмайды. Б.В.Покровский атап көрсеткендей экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар тек ренталық ренталық мiндеттемелер арқылы емес, өзге де мiндеттемелер арқылы қамтамасыз етiледi. Экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар рента алушыларының кəсiпкерлiк қызметiмен байланысты болады немесе байланыспауы мүмкiн. Азаматтық кодекстiң ерекше бөлiмiнiң жобасында тұжырымдалған ренталық мiндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол сияқты кəсiпкер ретiнде əрекет ететiн азамат та ренталық мiндеттеменiң тарапы бола алмайды. 1 Бұл айтылған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң күшiнде болып келетiн редакциясына да қатысты əдiл болып келедi. Сөйтiп, рента шарты мүлiктi пайдаланудың жаңа заңды нысаны болады. Шартты пайдалануа тұрақты жəне қажеттi жоғары пайда табу кəсiпкерлiк қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлiк едəуiр көп көлемдерде берiлуi мүмкiн. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшiн қолдану да жоққа шығарылмайды. Егер мүлiкте ерекше қасиеттер болса, онда меншiк иесi өзiне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлiк иесi болашақта алынуы мүмкiн ренталық төлемдердi де ескере алады. Сөйтiп меншiк иесi табысты бiр рет ғана болса да бiрақ аса қауiпсiз (тəуекелсiз) таба алады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнаманың жағдайын ескере отырып, рента қатынастарының жəне заем қатынастарының заңды нысандарын айқын ажырату керек. Болмаса тəжiрибеде осыған қатысты қателесулер орын алып келедi. Кейде заңгерлер бұны түсiне тұра немесе түсiнбейақ олардың ажыратылысын ескермейдi, бұл жағдайды ескермеу заңды бұрмалауға əкелiп соқтырады, мемлекетiмiздiң қаржы жүйесiне нұқсан келтiруi мүмкiн, жалпылама мүдделердi жария (қоғамдық) бұзады. Жалпылама рентада оларды бөлiп шығару мəжбүрлi қажеттi болып келетiн дербес, элементтер бар ма деген сұрақты қою орынды болады.

38. §3. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг шарты) Факторинг шарты екi түрлi қасиетке ие, оның мазмұны цессия (талап етудi беру) сияқты мiндеттемедегi адамдардың ауыстырылу нысанын еске салады. Екiншi жағынан, онда агенттiң арнайы сипаттағы қызметтердi көрсетуiмен сипатталатын агенттiк келiсiмнiң де элементтерi бар. Факторингтiң мəнiсi – қаржылық немесе өзге ұйымның (фактор) тауар сатушысын сатып алу бағасын алудан босату арқылы оның жағдайын елеулi түрде жақсартуында болып табылады. Сатушы бұл кезде оның кəсiби құзiрет аясымен қамтылатын функцияларды ғана атқарады, ол тауарлар мен құжаттарды жөнелтудi жəне т.б. жүзеге асырады. Факторинг экспорттықимпорттық операциялар аясында кеңiнен қолданылады. Мұнда субъектiлердi мемлекеттiк заем қатынастарына тартудың тiкелей жəне жанама факторларын ажыратады. Тiкелей факторинг кезiнде бiр ғана қаржы агентi болады: ол экспортердiң (сатушының) елiнде факторинг туралы келiсiмдi экспортермен бекiткен экспорт бойынша қаржы агентi. Жанама факторинг кезiнде екi қаржы агентi болады: экспорт бойынша қаржы агентi жəне импортер (сатып алушы) елiндегi импорт бойынша қаржы агентi. Жанама факторинг кезiнде сатушының факторинг туралы келiсiмi белгiлi болған шетелдiк сатып алушы төлемдi өз елiнде жүзеге асырады. Импорт бойынша қаржы агентi экспорт бойынша қаржы агентiне төлемдi сатушы елiнде төлейдi, ол алынған соманы экспортерға бередi. Экспортер мен импорт бойынша қаржы агентi арасында шарттық қатынастар болмайды. Жанама факторингтiң артықшылығы – қаржылық ұйымдардың əрқайсысының, яғни экспорт бойынша қаржы агентiнiң жəне импорт бойынша қаржы агентiнiң, жергiлiктi клиентпен iскерлiк қатынаста болуында. 1 Сондықтан, халықаралық жеке құқықтық сипатқа ие емес факторингтiң азаматтыққұқықтық қатынастары туындайды. Факторингтiң құқықтық нысандары ретiнде ашылған жəне ашылмаған факторинг ажыратылады. 2 Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бiр тарап, қаржы агентi (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттiң билiгiне бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал клиент қаржы агентiне клиенттiң (несие берушiнiң) осы үшiншi тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзiнiң ақшалай талабын қаржы агентiне бередi немесе беруге мiндеттенедi. Факторинг шарты екi жақты ақылы шарт. Факторинг шартының екi жақтылығы кейiнiрек қарастырылатын, тиiстi құқықтар мен мiндеттердiң шарттың екi тарабында да туындайтынынан көрiнедi, олар келтiрiлген анықтамада ашылған осы шарттың негiзгi мазмұнымен қамтамасыз етiлген. Факторинг шартының ақылылығы алдын ала келiсiлген соманы беруге жауап ретiнде клиенттiң факторға мүлiктiк құқықты беруiнен көрiнедi. Факторинг шарты реалды да, консенсуалды да сипатқа ие болуы мүмкiн. Кейбiр заем шарттарындағыдай ақшалай талапты берiп қаржыландыру шартының мақсатына құқықтық маңыз берiлуi мүмкiн. Жалпы ереже бойынша факторинг шартының мақсаты маңызды болып табылмайды, тараптар көздейтiн мақсаттар айқын болады, мəселен клиент шарт бойынша төлемдi өз уақытында жəне кепiлдi түрде алуды көздесе, фактор қандай да себептер бойынша берiлетiн мүлiктiк құқықтық өзiне өтуiне мүдделi болады. Негiзiнен фактордың қызығушылығы жүзеге асырылатын ақшалай төлем сомасы мен өзiне өтетiн талаптың iс жүзiндегi құнындағы айырмашылықтан пайда табу мүмкiндiгiне негiзделедi. Факторинг шарты мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң ерекше тəсiлi ретiнде қолданылуы мүмкiн. Борышқорға ақшалай талабын клиент, сонымен бiрге өзiнiң қаржы агентi алдындағы мiндеттемелерiн атқаруды қамтамасыз ету мақсатында да беруi мүмкiн (ҚР АК 729б.). Мұндай жағдайларда факторинг шарты ақшалай талапты берiп қаржыландырудың кəдiмгi шартынан өз мазмұны бойынша ерекшеленуi мүмкiн жəне клиент пайдасына төлемдi тоқтатуы немесе оның мөлшерiн шектеуi мүмкiн. Шарттық факторингтiң нысаны. Факторинг шарты жазбаша нысанда жасалуы мүмкiн. Талап етудi беру нысанына қойылатын талаптар сақталуға тиiс (346бап). Бұл талап етудi беру жүзеге асатын мəмiле қандай жазбаша нысанда жасалғанына қарай факторинг шартының нысаны тиiсiнше болуға тиiс дегендi бiлдiредi. Мемлекеттiк тiркеудi қажет ететiн мəмiле бойынша талап етудi беру осы мəмiленi тiркеу үшiн белгiленген тəртiпте тiркелуге тиiс. Бағалы ордерлiк қағаз бойынша талап ету берiлген кезде клиентпен индоссамент жүзеге асырылуға тиiс. Факторинг шартының элементтерi. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты аясында жүзеге асырылатын қызмет банкiлiк операциялар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы” Заңының 30бабына сəйкес факторингтiк операция: тауарлар (қызмет көрсету, жұмыс) сатып алушысынан төлемдi талап ету құқығын төлемеу қаупiнен бiрге алу банктермен, Қазақстан Республикасын Ұлттық банкiнiң Ұлттық банкiнiң лицензиясы болған кезде, жүзеге асырылады. Аталған заңды актiнiң 5бабының мағынасы бойынша факторингтiк операцияларды ұлттық банктiң лицензиясы негiзiнде банкiлiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүргiзуге құқылы болатын заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады. Жоғарыда келтiрiлген анықтамадан байқайтынымыз ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты екi жақты болып табылады. Сонымен бiрге Азаматтық кодекс нормалары фактормен борышқор қатынастарын да реттейдi. Олардың қатынастары құқықтық қатынастар, фактор үшiн орын алған сингулярлық құқық мирасқорлығы аясында қалыптасатынымен, олар клиент пен фактор, клиентпен борышқор қатынастарының сипатынан туындайтын кейбiр ерекшелiкке ие болады. Бұл жайлы кейiнiрек тоқталамыз. Клиент пен борышқор ретiнде потенциалды түрде азаматтыққұқықтық мiндеттемелердiң, жеке сипатқа иелерiнен басқа, кезкелген қатысушылары бола алады. Бiрақ бұл азаматтыққұқықтық институттың даму тарихы осы шарт түрiн, ең алдымен, коммерциялық айналым қатысушыларының қатынастарына қолдануды қамтамасыз еттi. Қаржыландыру жүзеге асырылатын беру пəнi ретiнде төлем мерзiмi келген ақшалай талап (мұндай талап қойылып келген талап деп аталады) та, болашақта туындайтын ақша алу (келешектегi талап) құқығы да болуы мүмкiн. Беру пəнi болып табылатын ақшалай талап клиенттiң қаржы агентiмен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегi талапты – ол туындаған кезден кешiктiрмей анықтауға (теңестiруге) мүмкiндiк беретiндей болып бегiленуге тиiс. Қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап, егер бұл шартпен оның қаржы агентiне өтудiң өзге сəтi көрсетiлмесе, қаржы агентiне ауысты деп есептеледi. Егер келешектегi ақшалай талап берiлетiн болса, ол (талап беру пəнi болып табылатын) ақшаны борышкерден алу құқығы iс жүзiнде пайда болғаннан кейiн қаржы агентiне ауысты деп есептеледi. Кейбiр жағдайларда қаржы агентiнiң талап ету құқығы белгiлi бiр оқиғаға байланыстырылуы мүмкiн. Яғни талап етудi беру сондай оқиға туындағаннан кейiн күшiне енедi. Мұндай жағдайда ақшалай талапты берудi қосымша рəсiмдеу талап етiлмейдi. Факторинг шарты пəнiнiң құрамдас бөлiгi болып клиент пайдасына қаржы агентiмен жүзеге асырылатын қаржыландыру табылады. Ол төлейтiн ақша қаражаттары шарттың бағасы болады, сондайақ олар берiлетiн несиелердiң мөлшерiн құрайтын болады. Бұл ақша сомалары шарт бойынша баға белгiлеудiң жалпы ережелерiне сəйкес анывқтауға тиiс жəне өз құрамында фактор қызметтерiнiң нарықтық құнын да ескеруге тиiс. Қаржыландыру (несиелеу) мөлшерi кез келген жағдайда берiлетiн ақшалай талаптың сипаттамасына (мөлшерiне) тiкелей тəуелдi болатынын атап өткен жөн болар. Қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi. Факторинг шартына азақстан Республикасы Қазаматтық кодексiнiң 239347баптарымен көзделген талап етудi беру туралы жалпы ережелер қолданылады. Тараптарға тəн құқықтар мен мiндеттердiң ерекшелiктерi факторинг қатынастарын арнайы реттейтiн нормалармен белгiленуi мүмкiн.

39. § 1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы жалпы ережелер. Сенiмгерлiкпен басқарудың қазiргi қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетедi. Олар бiздiң заманымызға дейiн пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлiкке иелiк ету, жасфы кiшi ханзадалар мен ханшайымдардың меншiгiне қамқоршы болу сенiм хат бойынша үшiншi тұлғалардың мүдлелерiн бiлдiру бойынша қатынастар кеңiнен таралған. Фараондардың мүлкiн жəне олардың балаларын көне египеттiк шiркеулердiң абыздары, яғни монархқа жақын адамдар басқарған. 1 Сенiмгерлiкпен басқару идеясы, құқықтың бiр затқа бөлуiне байланысты (мысалы, супервация мен энфитевзис кезiнде) рим құқығында нақтырақ көрiнiс табады. Бертiн келе ол англоамерикандық құқық жүйесiмен қабылданған болатын. 2 Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық кодексiн қабылдағанға дейiн мүлiктi сенiмгерлiк негiзде басқару қатынастарына аталас қатынастар да болған. Мысалы, бұл хабарошарсыз кеткен деп танылған тұлғаның мүлкiне, мұралық мүлiкке белгiленетiн қамқоршылық жағдайларына қатысты. Сонымен бiрге, оларды құқықтық реттеу тəжiрибе жүзiнде болмады. Осы жəне осыған ұқсас кейбiр басқа қатынастардың құқықтық мəнiсi нақтыланбаған болатын. Мүлiктi оның меншiк иесiмен басқа тұлғаның берудi қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиiмдi түрде реттеудi табу қажеттiлiгi жеке меншiктiң, сондайақ меншiктiң мақсаты бойынша мемлекеттiкке қарамақайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды. Жеке меншiктiң қалыптасуы бөтеннiң мүлкiне тұрақты негiзде иелiк етудiң, комиссия, тапсырма, сақтау жəне басқа да шарттардың дəстүрлi механизмдерiне қарағанда анағұрлым жетiлген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттiлiктi анықтады. Меншiктiң жеке жəне мемлекеттiк нысандарын бекiту, мемлекеттiк экономиканың iшкi тұйық жүйесiндегi қатынастарға қолданылатын оралымды басқару мен шаруашылық жүргiзу, мемлекеттiк меншiк жеке тұлғалардың қолына берiлуге тиiс болатын қатынастарды бiрдей реттей алмайтындыққа алып келедi. Оларды беру қажеттiлiгi əртүрлi себептерге байланысты болар едi. Ол мүлiктi жеке меншiкке түпкiлiктi жəне қайтарусыз беру туралы шешiм қабылдау кезiнде аралық кезең рөлiн атқара алады. Сенiмгерлiкпен басқару меншiктiң мемлекеттiк нысанына негiзделген шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуi кезiнде сөзсiз туындайтын шығындарды өтеуге қабiлеттi. Мəселен, ол кəсiпорын қызметiн оңтайлы жəне сауатты басқару үшiн құрылуы мүмкiн. Аталған себептердiң салдарынан базалық жүйелердi – сенiмгерлiкпен басқарудың римдiк құқықтық түп тұлғаларын жəне англоамерикандық трастсенiмгерлiк меншiк институтын талдаудан алынған элементтердi құрастыру жүрiп жатты. И. У. Жанайдаров бiздiң заңнамада сенiмгерлiк меншiк институтының пайда болуын кездейсоқтық дейдi. Сенiмгерлiкпен басқару ұзақ мерзiмдi ғылыми iзденулермен дайындалмады, лоббирленген жоқ. 1 Алайда азаматтық құқықтың осында институтына деген объетивтi қажеттiлiктердiң болуы күмəн келтiрмейдi. Реттелуi сенiмгерлiкпен басқару құқығынсыз мүмкiн емес болатын салалар да тез айқындала түстi. И. У. Жанайдаров бiздiң заңнамамызда мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару институтының пайда болуын үш жағдаймен түсiндiредi. Бiрiншiсi, нарықтық экономикаға өтумен оралымды басқару құқығы жəне КСРОның құлау кезеңiне жақын шаруаш







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1252. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия