Студопедия — Тұрмыстық мердiгерлiк.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұрмыстық мердiгерлiк.






Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алусату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша олардың нəтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар жəне т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында бөлшектеп сатып алусату шартына секiлдi бiр тарабы болып тұтынушы қатысады. Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 640650 баптарымен реттеледi. Сонымен бiрге Қазақ КСР “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №9/7 баға жəне антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiмен реттеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған белгiлiбiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нəтижесiн қабылдап алуға жəне оған ақы төлеуге мiндеттенедi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бiрге бұл шарт консенсуалды, өзара жəне қайтарымды болады. Тұрмыстық мердiгерлiк шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Жұмысты орындауға берiлген тапсырыста (шартқа немесе бекiтiлген нысандағы құжатта) мыналар көрсетiлуi тиiс: орындаушының заңды мекенжайы; тапсырысшының тегi жəне аты, оның мекенжайы жəне телефоны; тапсырыс қабылданған мерзiм, тапсырысты орындаудың басталу жəне аяқталу мерзiмi, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған жəне өткiзген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлерi, орындаушы мен тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тiзiмi, бағасы жəне саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшiн қажет екенi көрсетiледi), жөндеуге берiлген заттың зауыттық нөмiрi жəне өзге де реквизиттер. Түбiртектегi бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердiгерлiк шарты жазбаша нысанда жасалатынын бiлдiредi. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куəгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды. Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердiгерлiк шартының мiндеттi талабы (елеулi жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мəндегi нормаларға сəйкес жасалатын мердiгерлiк шартында да сияқты елеулi жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) жəне жұмысты орындау мерзiмдерi туралы жағдайлар жатады. Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкiн. Жəне жетон, талон, кассалық түбiртек жəне тағы басқаларды берумен расталуы мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша жəне осы туралы бiр уақытылы мердiгермен келiсу нəтижесiнде үлгiлерден жəне (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкiн. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне жəне оның мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс. Тапсырыс рəсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСРң “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” Заңына сəйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер жариялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 644бабына сəйкес мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетiн ақы туралы, қажеттi жəне сенiмдi ақпарат беруге, сондайақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа жəне орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мəлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс. Жоғарыда аталған мiндеттердi орындау үшiн жұмысты орындайтын кəсiпорынның қызметi туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс iстеу режимi көрсетiлген маңдайшасы болуы керек. Жеке кəсiпкер өзiнiң тiркелген органы туралы ақпаратты, көрсетiлетiн қызметтiң мiндеттi талаптарының стандарты туралы ақпаратты жəне жұмысы сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға мiндеттi. Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат оның түрлерi, ерекшелiктерi, бағасы жəне төлеу нысаны туралы) кəсiпорынның тұрақты мекенжайынан тыс, мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктiлерде, орынға барып жұмыс iстейтiн бригадалармен қызмет көрсету жүргiзген кезде де ұсынылуға тиiс. Тапсырысты қабылдау жүргзiлетiн кəсiпорынның бөлмесiнде тұтынушыға керектi ақпарат көзге көрiнетiн жерде орналасуға тиiс. Оның тiзiмi Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiнiң 5пунктiнде берiлген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрiн орындауға лицензия, тұтынушыға ұсынылатын мердiгердiң жəне өзге бұйымдардың (фурнитураның) үлгiлерi, типтiк шарттардың түбiртектердiң, жетондардың, қолхаттардың, талондар жəне мердiгер тапсырысты қабылдағанын жəне тұтынушы жұмыс үшiн төлегенiн растайтын өзге де құжаттардың үлгiлерi көрсетiлуi тиiс. Тапсырысшының тұтынушы ретiндегi құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат берумен қатар мердiгерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтердi қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етiледi. Бiр жұмысты орындау өзге жұмыстар орындалуының мiндеттiлiгiне əкелмеуi керек. Тапсырысшы өзiне жұмыс нəтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеуi керек. Бұл мiндет мердiгер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейiн орындалса ғана болып келедi. Тапсырысшы мердiгердiң мəлiмдеме жасау сəтiне дейiн орын алған өзге де шығындарын өтеуге мiндеттi. Ал негiзiнен тапсырысшының əрқашан шартты бiр жақты бұзуға құқығы бар жəне одан айыратын тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайлары жарамсыз болып келедi. Мердiгердiң негiзгi мiндетi шарт талаптарына жəне мiндеттi талап етiлген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбiр жағдайларда жұмыс мердiгердiң материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сəйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Мердiгер жұмысты шартта қарастырылған мерзiмде бiтiруге тиiс. Тапсырысты орындау мерзiмi азаматтық құқықтағы мерзiмдердi есептеудiң жалпы ережелерiне сəйкес жүргiзiледi. Мерзiм жұмыстың орындалып бiту уақытымен жəне жұмысты орындауға кiрiсу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмысты бөлiпбөлiп орындау қарастырылса, онда шартта əр орындалатын бөлiктiң мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс. Жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сəйкес жүргiзiлуi мүмкiн. Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дəл атауы көлемi (саны), сипаты жəне тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дəлелдемелер ұсыну арқылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн. Мердiгер тапсырысшының берген материалдарының дұрыс пайдаланылуы мен сақталуына жауап бередi. Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың жарамсыз жəне сапасыз екендiгiн ескертуi тиiс. Сонымен бiрге орындалатын жұмыс нəтижелерiнiң жарамдылығына, берiктiгiне қауiп туғызатын мəнжайларды тапсырысшыға ескертуге тиiс. Тапсырысшы берген материалды мердiгер бiршама немесе толығынан жоғалтып алса, (бүлдiрiп алса) онда ол сол материалды түрi мен сапасы сондай болып келетiн өзге материалмен ауыстыруы тиiс. Сонымен бiрге тұтынушы шеккен шығындар да өтелуге тиiс болады. Материалдың жекелеп бұзылуы мердiгер оған материалдардың бүлiнуiне əкелуi мүмкiн материалдардың айрықша қасиеттерi жағдайында мердiгер тұтынушының еркi бойынша ұзатпай шартты жаңартып жəне қысқа мерзiмде сондай материалдан затты дайындауға мiндеттi. Тапсырысшыға мердiгер материалдардың олардың бүлiнуiне əкелуi мүмкiн айырықша қасиеттерi туралы ескертсе, онда мердiгер материалдың бiршама немесе толық бүлiнуiне (жойылуына) байланысты жауапкершiлiктен босатылады (яғни тапсырысшы өз нұсқауын бердi деген сөз жəне осы нұсқауды орындау зиян себебi болды). Ал мердiгердiң материалдық айрықша қасиеттерi туралы бiлмегенi оны жауапкершiлiктен босатпайды. Мердiгер, егер төтенше жəне бой бермейтiн (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебiнен материалдардың бүлiнуi, жұмыстың тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiктi көтермейдi.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1330. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия