Студопедия — Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты






Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. Жоғарыда айтылғанға сүйенетiн болсақ, сенiмгерлiкпен басқару шарты бұл сенiмгер басқарушы құқықтарының өзiне тəн жиынтығын белгiлеуге жəне сонымен қатар сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының еркiн ескеруге бағытталған салыстырмалы құқықтық қатынас. Сенiмгерлiкпен басқарудың мақсаты мүлiктен кiрiс алу,мүлiктi ұлғайту немесе мүлiктi тиiстi күйiнде ұстап тұру ғана болуы мүмкiн. 1 Шарт, əрине, сенiмгерлiкпен басқарудың пайда болу негiздерiнiң бiрi болып табылады. Ол құқыққа қайшыларын қоспағанда, кез келген талап тiлекке сүйене отырып құрыла алады жəне iс жүзiнде меншiк иесiнiң немесе өзге құқық иесi құқықтарының барлық көлемiн жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Ол аралас шарттық институттар – тапсырма шарттары мен комиссия шартынан осыған қатысты ерекшеленедi. Сенiмгерлiкпен басқару меншiк иесi құқықтарын жүзеге асыруды əрқашан да көздемейтiн ескерген жөн. Мысалы, мүлiктi қамқоршыға беру кезiнде, оған қамқорға алынғандар кəмелеттiк жасқа толғанға дейiн мүлiктi сақтау мiндетi жүктеледi.2 Осы тұста Ресей Федерациясының азасматтық құқық бойынша оқулық əдебиетiнде сенiмгерлiкпен басқару қатынастарының оралымды басқару мен шаруашылық жүргiзудiң заттық құқықтық қатынастарынан ерекшелiгi туралы да айтылатындығын ескерте кеткен жөн сияқты. Ресейлiк авторлар мүлiктi оралымды басқару мен шаруашылық жүргiзу құқығының негiзiнде иеленудiң заттық құқықтық табиғатын мойындай отырып, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құқығы негiзiнде иеленуде мұны жоққа шығарады. Бiрақ бұл орайда Қазақстан Республикасының азаматтық құқық теориясында сенiмгерлiкпен басқару құқығының заттық құқықтарға жатқызылатындығы туралы пiкiр тұрақтанған. 3 Осы көзқарас негiздiрек боп көрiнедi. Мұндай түсiнiк өз кезегiнде мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын бекiту сəтiнде тараптар еркiнiң мазмұны туралы көзқарасты жəне мiндеттеменiң мəнiсiне сүйене отырып анықталатын шартта тiкелей көзделмеген, олардың құқықтары мен мiндеттерiн одан əрi бөлудi бiршама өзгертедi. Сенiмгерлiкпен басқару шарты ол бойынша құқықтар мен мiндеттер мүлiктi сенiмгер басқарушыға беру сəтiнен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып табылады. Сенiмгерлiкпен басқару шарты өз қатысушыларының қатынастарын түрлендiруге мүмкiндiк бередi. Сенiмгер басқарушы мүлiкке деген құқықтарды иеленушiнiң атынан шығатын мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын, сондайақ, сенiмгер басқарушы өз атынан iсəрекет ететiн шартты бекiтуге болады. 1 Сенiмгер басқарушы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының атынан iсəрекет ететiн кезде, əрине, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының атынан iсəрекет ететiн кезде, əрине, онда мүлiкке деген заттық құқықтардың пайда болуы туралы айтуға болмайды. Оны бекiтудiң жағдайы мен тараптардың iшкi өзара қарым қатынастарына қарай сенiмгерлiкпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкiн. Сыйақы мөлшерi бұл орайда шарттың өзiмен анықталуға тиiс. Өйткенi мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру жағдайлары сенiмгер басқарушы қызметiнiң əсерi жəне оны анықтау берлiгелiр əрбiр жеке жағдайда əртүрлi болады. Алайда егер сыйақы мөлшерi мысалы сонда да шартпен анықталмаған болса, онда олар назар аударуға тұрарлық тараптар мүдделерiне сүйене отырып анықталатын болады. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың ақылы шарты екi жақты шарт болады, өйткенi онда сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттерi көзделетiн болады. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың ақысыз шарты əдеттегiдей бiр жақты сипатқа ие болады. Онда мiндеттер сенiмгер басқарушыға жүктеледi. Ал құқықтар сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысына тиесiлi болады. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты екi жақты шарт оған екi тарап мүлiктi сенiмгер басқарушы жəне сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы қатысады. Сенiмгерлiкпен басқару шартының өзiне тəн ерекшелiктерiнiң бiрi болып, ол үшiн шарт еркiндiгiне қатысты кейбiр шектеулер көзделгенi табылады. Заңнамада көзделеген жағдайларда сол бiр немесе өзге субъект сенiмгерлiкпен басқаруды құруға тиiс. Соның iшiнде мемлекеттiк қызметшi өз мүлкiн беруге мiндеттi. Бұл орайда сенiмгерлiкпен басқаруға беруге мiндеттеу кез келген мүлiкке емес, кəсiпкерлiк маңызы бар мүлiкке таралады. Бұл акциялар үлестер, коммерциялық ұйымдардың жарғылық қорына қатысу сондайақ мемлекеттiк қызметшiге меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi өзге де мүлiк сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнiндегi мiндет ақшаға, сондайақ мемлекеттiк қызметке тұрғанға дейiн жалға берiлген өзге де мүлiкке таралмайды. Осыған ұқсас мiндеттеу басқа жағдайларда да орын алуы мүмкiн. Мысалы, қамқоршы мен қорғаншы органы өзiне заңнамамен жүктелетiн мiндеттерге сəйкес өз бетiнше өз құқықтарын жүзеге асыра алмайтын тұлғалар мүлкiнiң тағдырын шешуге қатыспай қоймай тұра алмайды. Сенiмгер басқарушы жоғарыда айтылғандай мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын бекiтуге мəжбүрлене алмайды. Сенiмгерлiкпен басқару шарты үшiншi тұлғаның яғни пайда алушының, пайдасына жасалуы мүмкiн. Бұл туралы шарттың өзiнде көрсетiлуге тиiс. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының талап етiлетiн жай жазбаша нысанын сақтамау жалпы ереже бойынша оның жарамсыздығына алып келмейдi. Қозғалмайтын мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты, қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт үшiн көзделген нысан мен тəртiп бойынша жасалады, яғни мемлекеттiк тiркеуге алынуға жатады. Кəсiпорынды сенiмгерлiкпен басқаруға беру шартын тiркеуге алу кезiнде кейбiр қиындықтар туындайды. Кəсiпорынның мүлiктiк кешенi ретiнде бөлiнбейтiндiгi туралы ұғым “бұзылады”. Бұл кəсiпорын үшiн арналған жер учаскiсiне деген құқықтарды жəне кəсiпорынның қалған мүлкiне деген құқықтарды тiркеу əртүрлi органдарда жүзеге асырылатындығымен байланысты. 1 Қозғалмайтын мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнiндегi шарттың жазбаша нысанын сақтамау немесе мұндай шартты тiркеуге алмау оның жарамсыздығына əкеп соғады. Заңнама мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының елеулi талаптарын анықтаған. Оған шарт пəнi туралы талап жатады. Шарт пəнi туралы талап сенiмгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiктiң құрамын көрсету арқылы аяқталынуға тиiс. Бұл шарттың тағы бiр елеулi талаптарының бiрi болып оның əрекет етуi мерзiмi туралы талап табылады. Сенiмгерлiкпен басқару əрқашан белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) мүддесi (пайдасы) үшiн жүзеге асырылатын болғандықтан, олар персонафикациялануға тиiс жəне сенiмгер басқарушы өзiнiң субъективтiк мiндеттерiнiң шектерiн нақты бiлуге тиiс. Сол себептен шарттың елеулi талабы болып пайда алушы туралы талап табылады. Сенiмгер басқарушы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы нұсқауларының қатаң шектерiмен шектелмейдi. Соның салдарынан мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының сенiмгер басқарушының өз бақылауында болуына қатысты кез келген талап тiлектерi дұрыс негiзге ие болуға жəне белгiлi бiр тəртiпте реттелуге тиiс. Осы айтылған орай сенiмгер басқарушының есеп беруiнiң мерзiмiнен нысаны бекiтетiн мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартына елеулi талабына қатысты заңнамалық талап жеткiлiктi түрде негiздi болып табылады. Сондайақ сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сенiп тапсырылған мүлiк кiмге берiлуге тиiс екендiгi туралы нұсқауды қамтыған талап та елеулi болып табылады. Жекелеген шарттары үшiн заңды актiлермен өзге де елеулi талаптар көзделедi. Мүмкiн мəселен кəсiпорындарды жəне акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлкеттiк пакеттерiн сенiмгерлiкпен басқаруға беру ережелерiмен (9т) кəсiпорынды немесе акциялардың мемлекеттiк пакетiн сенiмгерлiкпен басқаруға беру келiсiм шартының негiзгi талаптары көзделедi, осы нормативтiк актi мазмұнының мағынасы бойынша онда оның елеулi талаптары туралы сөз болып отыр. Оларға өндiрiс профилiн өнiм шығару көлемiн белгiлi бiр деңгейде сақтап қалу немесе оны бiрте бiрте ұлғайту туралы объект мүлкiн өрттен жарылыстардан, авариялардан, табиғи апаттардан сақтандыру жəне бiрқатар басқа да талаптар жатады. Егер сенiмгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiк үшiншi тұлғалардың құқықтары мен күрделенген болса, онда шартта осы тұлғалардың мүлiкке деген құқықтары көрсетiлуге тиiс. Шарт қосымша талаптарды да көздеуi мүмкiн, солардың бiрiне сенiмгер басқарушыға сыйақы төлеу мiндетiн оның мөлшерi мен нысанын көздейтiн талап жатады.

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1188. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия