Студопедия — Антибиотиктер, физиотерапия 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Антибиотиктер, физиотерапия 1 страница






8. сыртқы мұрынды уқалау (массаж).

- 3,6,7,8

- 2,4,5

- 1,2,3,4

- 6,7

+ 1,2,3,4,5

\/

Науқас Х. 63 жаста. Әкесі, ағасы тоқ ішектің қатерлі ісігінен көз жұмған. Өмір анамнезінде: жанұялық полипоз анықталған. Іш өтуіне, оң жақ іш аймағында ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: науқас астеникалық типті, тері жамылғысы бозғылт, іші жұмсақ, оң жақ іш аймағында ісікті түзіліс анықталып, ауырсыну байқалады. Ирригоскопия: тоқ ішектің оң жақ аймағында қуысы симметриялық дефектке байланысты тарылған. Фиброколоноскопия: тік ішекте патология анықталған жоқ, тоқ ішектің оң жақ аймағында экзофитті түзіліс нәтежесінде қуысы тарылған, көлемі 6 см дейін созылған, пальпация кезінде оңай қанайды. Гистологиялық зерттеу нәтежесі бойынша: аденокарцинома. Іш қуысының УДЗ: бауырдың оң жақ бөлігінде 2см көлемді түзіліс анықталады, айналасы тегіс емес.

Берілген аурудың диагнозын анықтаңыз?

- тік ішек карциномасы ST I T1NxM0

- тік ішек карциномасы ST II T2NxM0

- тік ішек карциномасы ST III T3NxM0

- тік ішек карциномасы ST III T3NxM0

+ тік ішек карциномасы ST IV T2NxM1

\/

Қандай белгілеріне қарап невустың малигнизация жасағаны анықталды?

+ невустың түсінің өзгергені, тегіс емес түсі, терілік суретінің өзгерісі, невустің үлкеюі, некроз ошағы бар папилломатозды элементтердің пайда болуы, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

- невустің жедел пигментациялануы, тері суретінің өзгеруі, невустің өсуі, некроз ошағы бар папилломатозды элементтердің пайда болуы, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

- невус түсінің сақталуы, тері суретінің өзгерісі, невустің үлкеюі, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

- невус түсінің және тері суретінің сақталуы, невустың көлемінің үлкеюі және тығыздалуы

- невустің тегіс емес түске боялуы, тері суретінің өзгерісі, невустың үлкеюі, қышуы, невус аймағында куйдіру сезімі, бетінде жарықтардың пайда болып қанауы

\/

Қалқанша безінің және төменгі еріннің қатерлі ісігі кезінде көптеген немесе шектелген қозғалмайтын мойындырық венасының бойындағы метастаздарда немесе бұғана үстілік лимфа түйіндерінің үлкеюінде қолданылатын операция көлемі?

- Ванаха операциясы – жақ асты және иек асты лимфа түйіндерін, жақ асты сілекей бездерімен бірге алып тастау

+ Крайля операциясы - мойын клетчаткасын мойындырық венасымен бірге фасциальді-футлярлы, төс-бұғана-емізікгелі бұлшықетпен, қосымша нервпен алып тастау

- криогенді ем

- мойын клетчаткасының фасциальді-футлярлы кесіп алу – көлемі айналасын қоршап жатқан май клетчаткасын және мойын жалпы фасциясын – жоғарғы, төменгі терең мойындырық венасы бойы, бұғана үсті, аксессорлы, жақ асты және иек асты сілекей бездері, сыртқы мойындырық венасы, тері асты бұлшық еті бірге алып тасталынады

- екі жақты Крайль операциясы

\/

Сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік және екіншілік алдын алуы дегенді қалай түсінесіз?

- сүт безінің қатерлі ісігі кезінде біріншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісігінің туындау факторларымен таныса отырып жүргізіледі. Екіншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын ерте анықтау болып табылады

- сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – аурудың этиологиялық факторларын зерттеу, канцерогенді әсерді азайту, қоршаған ортаға көмек арқылы түсіну болып табылады. Екіншілік алдын алука – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

- сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – аурудың қоршаған орта арқылы туындап, ерте бала болу қызметінің бұзылыстарын анықтау болып табылады. Екіншілік алдын алуға – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды анықтау болып табылады

- сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – ерте бала болу қызметінің бұзылыстарын анықтау және емізу болып табылады. Екіншілік алдын алуға – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

+ сүт безінің қатерлі ісігінің біріншілік алдын алу – негізі болып этиологиялық факторларды және қауып факторларын ескере отырып, қоршаған орта әсерін және канцерогендер әсерімен бірге, ерте бала күту қызметінің және емізу қызметінің ескерілуі болып табылады. Екіншілік алдын алу – сүт безінің қатерлі ісік алды ауруларын, эндокринді ауруларды және аналық жыныс ауруларын, бауыр қызметі бұзылыстарын ерте анықтау болып табылады

\/

Сүт безінің қатерлі ісігінің лимфогенді метастаз беруінде эпигастральді және іш қуысы лимфа түйіндерінің қабынуы байқалады?

- пекторальді жолымен

- бұғана асты жолымен

- қарама қарсы жол және тері асты жолы

- төс арты жолы және транспекторальді жол

+ Геротт лимфа түйіндері арқылы жүретін жол

\/

Науқас С., 40 жаста, оң жақ сүт безінде және оң жақ қолтық асты аймағында түзіліске шағымданады. Анамнезінен соңғы бір жыл ішінде түзілістің пайда болғанын анықтайды. Түсілістің өсуіне байланысты онколог көмегіне жүгінген. 25 жасында іріңді маститке байланысты оң жақ сүт безінде абсцесстің ашылғанын айтады. Іріңді маститтен кейін оң жақ сүт безінің тығыздалғанын байқайды. Маститтен кейін лактация болмаған. 32 жасында жатырдан тыс жүктілікке байланысты операция жасалған. Мамологта бақылауда болмаған. Қарау кезінде жалпы жағдайы жақсы, дене бітімі қалыпты, тынысы везикулярлы, жүрек тондары қалыпты АҚҚ 120/70 мм.сн.бб. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, Бауырымен талағы үлкеймеген. Дәреті бұзылмаған. Локальді: сүт бездері симметриялы, оң жақ сүт безінің емізікшесі ішіне енген, оң жақ сүт безінің сыртқы квадранттар шекарасында 5.5х6.0см көлемді түзіліс анықталады, ореолаға жақын орналасқан, терісі «лимон қабығы» типі бойынша өзгерген, түзіліс көлемі тегіс емес. Оң жақ қолтық астында 2.0см көлемді лимфа түйіні анықталады. Бұғана үсті лимфа түйіндері үлкеймеген. Клиникалық диагнозды анықтаңыз:

+ сүт безінің қатерлі ісігі ST III В T3N1M 0

- сүт безінің қатерлі ісігі ST II А T2N0M 0

- сүт безінің фиброаденомасы

- инфильтарция дәрежесіндегі жедел мастит

- сүт безінің фибросаркомасы

\/

Сүт безінің қатерлі ісігінің ST II B T2N1M0 тағайындалған оперативті ем көлемі?

+ радикальді мастэктомия екі кеуде бұлшықетін сақтаумен қолтық асты лимфа диссекциямен

- радикальді мастэктомия екі кеуде бұлшықетін алып тастаумен қолтық асты лимфа диссекциямен

- сүт безінің ампутациясы

- секторальді резекция

- квадрантэктомия

\/

Науқас 39 жаста, іш қуысының көлемінің ұлғаюына, іш қуысының төменгі бөлігінде ауырсыну және тарту сезіміне, соңғы 2 айда а 8 кг салмақ жоғалтуына, әлсіздікке шағымданып онкологқа келді. Анамнезінен – жоғарыдағы шағымдардың соңғы 8 ай ішінде азалап жүргенін айтады. Дәрігерге іш көлемінің үғаюына және ауырсыну сезімінің өршуіне байланысты келгенин айтты. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене бітімі қалыпты, тынысы везикулярлы, жүрек тондары қалыпты АҚҚ 120/70 мм.сн.бб. Іші асцитке байланысты үкейген, іш қуысының төменгі аймағында тығыз ісікті түзіліс анықталады. Үлкен дәреті қатқан. Кіші дәреті бұзылмаған. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. КТ зерттеуі бойынша – сол жақ аналық безінің түзілісі. Қанның онкомаркері СА 125 – 1200(нормада 30 дейін). Науқасқа қандай оперативті ем көрсетілген?

- жатырдың кеңейтілген экстирпациясы екі жақты қосалқыларымен бірге және үлкен шажырқайымен

+ аналық без ісігін алып, экспресс гистологиялық зерттеу жасап, қатерлі ісік анықталған жағдайда жатырдың кеңейтілген экстирпациясы екі жақты қосалқыларымен бірге және үлкен шажырқайымен

- цистэктомия

- қосалқыларымен жатырдың экстирпациясы

\/

Науқас Ж.Е., 49 жаста, эпигастрии аймағында ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, ет тағамдарына тәбетінің болмауына, салмағының соңғы айларда 10 кг төмендегеніне, үлкен дәретінің түсінің өзгеруіне, әлсіздікке шағымданады. Анмнезінен: осыған дейін көп уақыт бойы гасторэнтерологта бақылауда болған, 5 жыл шамасында атрофиялық гастритке байланысты. 19 жыл бойы шылым шегеді. Онколгқа қаралуға келген. Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, астениялық типті, тері жамылғысы бозғылт. Өкпесінде везикула тынысы, жүрек тондары қалыпты. АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсыну. Перитонияльді белгілер жоқ. Бауырымен талағы ұлғаймаған. Үлкен дәреті қара түсті. Зәрі қалыпты. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. ФГДС – асқазанның денесінде инфильтративті түзіліс, қуысының бітелуімен, гистологиялық зерттеу нәтежесі бойынша – шектелген дифференциальді аденокарцинома. Комиссионды зерттеу нәтежесі бойынша клиникалық диагнозы – Асқазанның карциномасы ST III В T3N2M 0, оперативті емге жолданды. Науқасқа жасалатын оперативті ем көлемі қандай?

- гастроспленэктомия лимфодиссекциямен (ЛД2)

- гастроэктомия.

+ гастроспленэктомия D2 лимфодиссекциямен үлкен шажырқаймен бірге

- операция Бильрот 2

- гастроэктомия ЛД2 мен бірге.

\/

Берілген маммография нәтежесіне интерпретация жасаңыз. Сүт безінің қатерлі ісігінің рентгенологиялық симптомдарын анықта?

- архитектоникасының сақталуы

- кальцинаттардың болуы

- емізікшенің процесске енуі

+ жұлдызды контур, спикула тәрізді тәждер

- контурының анықтығы

\/

Науқас, 69 жаста. Маңдай аймағында жаралы тері түзілісіне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша түзіліс сонғы жылдары пайда болған. Түзілістің жай өсуін байқаған. Соңғы 4 айда түзіліс аймағында жара аныталып, біртіндеп өскен. Қарау кезінде: маңдай аймағында 1,5х2,5 см көлемді түзіліс анықталады, тері бетінде шығыңқы, ортасында жаралы. Мойын лимфа түйіндері ұлғаймаған. Алғашқы диагноз қойыңыз?

- меланома

+ базалиома

- абсцедирленген фурункул

- ксератоксанома

- Педжет ауруы

\/

Науқас Б. 61 жаста, 35 жыл бойы жол жұмысшысы, шылым шекпейді. Шешесі өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмған. Құрғақ жөтелге, кеуденің сол жақ аймағында ауырсынуға шағымданады. Объективті: перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, перкуторлы дыбыстың тынықталуы жоқ. Рентгенологиялық зерттеу нәтежесі: оң жақта- патологиясыз, сол жақта дөңгелек пішінді қуысы бар түзіліс анықталады, сәулелі контуры бар, көлемі 5 см дейін. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бронхоскопия: трахея және бронхтар патологиясыз. Іш

қуысының УДЗі: бауыр және талақ патологиясыз. Диагноз және емдеу тактикаңыз?

+ өкпенің қатерлі ісігі, оперативті ем тағайындалған

- өкпенің эхинококкозы, оперативті ем тағайындалды

- өкпенің гамартромасы, динамикалық бақылау тағайындалған

- өкпе метастазы, паллиативті химиотерапия тағайындалды.

\/

Қан плазмасындағы қай электролиттің жетіспеушілігі ішек парезіне әкеледі?

- натрий

- хлор

- кальций

+ калий

- магний

\/

Селлика әдісі бұл:

- басты артқа шалқайту

- төменгі жақты алға -артқа шығару

+ Сахина тәрізді шеміршікті басу

- бір қырынға бұру

- тыныс алдыратын түтікшені енгізу

\/

Бронхоплевралды жыланкөзі бар науқаста қандай өкпелік желдетілу асқынулары болуы мүмкін:

- қан кету

- ағзаның зақымдалған жаққа қарай ығысуы

+ пневмоторакстің өсуі

- өкпенің баро жарақаты

- тромбоэмболиялық асқыну

\/

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқаста азот шығару қызметі төмендеген. Азотемияны азайту үшін қандай препарат тиімді?

- лазикс

- маннитол

- эуфиллин

+ глюкоза

- преднизолон

\/

Бір қапталында ұзақ уақыт жатқанда, қандай асқынулар кездеседі?

- өкпе шеменіне

- позициялық синдромға

+ өкпенің желдету және перфузиясының бұзылуына

- қан тетуіне

- бас ми ісінуіне

\/

Жедел панкреатиті бар науқастарда өкпелердің жасанды желдетілісін (ӨЖЖ) қандай тәртіппен жүргізеді?

- қалыпты желдетіліспен

+ жеңіл асыра желдетіліспен

- айқын асыра желдетіліспен

- біркелкі асыра желдетіліспен

- гипожелдетіліспен

\/

Асқазанның ойық жарасының тесілуіндегі перитониттің уыттылық фазасы немен сипатталады?

- брадикардиямен

+ жүректің минуттық көлемінің (ЖМК) азаюымен

- жалпы шеткі кедергінің (ЖШК) төмендеуімен

- сол қарынша жұмысының төмендеуімен

- ентігумен

\/

Перитониттің реактивті фазасындағы науқасты операция алдында дайындаудың ұзақтығы қанша уақытқа созылады?

- дайындауды керек етпейді

+1-2 сағатқа

- 3-5 сағатқа

- 6-7 сағатқа

- 10-12 сағатқа

\/

Қарау кезінде реаниматолог полижарақаты бар науқаста гипоксияны анықтады. Гипоксияны нақтылау үшін тырнақ үстіне басып қайтадан алғанда тырнақ үсті алғашында алқызыл сосын цианозды болды. Науқаста қандай гипоксия түрі?

- гипоксиялық;

+ циркуляторлы

- гемиялық;

- гистотоксикалық;

- біріккен

\/

Жедел қан жоғалтудың ең ерте белгісі болып табылады:

- гемоглобиннің төмендеуі

+ гематокриттің төмендеуі

- АҚ төмендеуі

- диурездің азаюы

- диурездің көбеюі

\/

Мендельсон синдромы дамуының алдын алу мақсатында асқазан қышқылдығын төмендететін препараттар қолданады. Қай препарат сәйкес келеді және асқазан құрамының көлемін кішірейтеді?

+ циметидин

- трисиликат магний

- су

- скополамин

- гидрокарбонат натрий

\/

Абдоминалды хирургиядағы эпидуралды анальгезияның операциядан кейінгі кезеңдегі ағымына әсері?

- тұрақсыз анальгезия

- әсер етпейді.

- әсері әлсіз

- ішек маторикасын төмендетеді Угнетает моторику кишечника

+ адекватты анальгезия және ішек маторикасын күшейтеді

\/

Жедел панкреатитті кешенді емдеуде ауырсыну синдромын басу үшін әртүрлі анальгетиктер қолданады. Көрсетілген патологияда қай анелгетиктің қарсы әсері бар?

- анальгин

- баралгин

- промедол

+ морфин

- брузепам

\/

Кейбір науқастарда премедикация кезінде дроперидолды жібергеннен кейін уайым, шаршау, қауіптену сезімдерімен сипатталатын белгілер пайда болады. Бұл жағдай қалай аталады?

- нейролепсия

- нейроциркуляторная дистония

- нейродислепсия

- нейропения

+ атараксия

\/

Қос тесікті түтіктің дұрыс орналасуын бақылау үшін жүргізіледі:

- бронхографиямен

- рентгеноскопиямен

+ өкпе аускультациясымен

- ультрадыбысты зерттеумен

- перкуссиямен

\/

Қандай анастетикті қолданғанда шынайы қауіптілік «тыныш» деп аталатын трахеобронхиалды бұтақта асқазан құрамымен тұншығу кезінде қышқылды- аспирациялық синдром дамиды?

+ виадрил

- гексенал

- натрий тиопенталы

- рекофол

- калипсол

\/

Қандай анастетик ультрақысқа әсерлі және наркоздан кейін ұзақ емес депрессияға байланысты бақылауға жеңіл болады?

+ рекофол

- кетамин

- гексенал

- промедол

- фторотан

\/

Релаксантсыз нейролептоанальгезиямен жасалған операциядан кейін науқаста кеуде клеткасы бұлшықеттерінің құрыспалық серпімділікпен қатар тыныс депрессиясы байқалады. Берілген симптоматиканы жою үшін қандай препарат қолданылады?

+ налорфин

- прозерин

- атропин

- реланиум

- кордиамин

\/

емодинамиканы тұрақтандыру үшін геморрагиялық шокта және массивті қан кетуде тиімді анестетикті көрсет?

+ кетамин

- фентанил

- натрий оксибутират

- дроперидол

- рекофол

\/

Екітесікті интубационды түтік мына жағдайда жүргізіледі:

+ тікелей ларингоскопия

- рентгеноскопия

- ультрадыбысты тексеру

- бронхография

- рентгенография

\/

АҚК-нің 30-40%-ға азаюымен массивті қан жоғалтуда жарақат сәтінен 60 минут өткесін:

+ гематокриттің төмендеуімен гемодилюция орнайды

- интерстициялық сұйықтық тамырлар арнасына баяу ауысады

- гематокрит өзгермейді

- гематокриттің көтерілуімен қан қоюланады (гемоконцентрация)

- гемоглобиннің мөлшері артады

\/

Асқазаны толық болуына күмән болған жағдайда, науқасқа интубация кезінде жасайтын қажет манипуляция

+ селика әдісі

- таза суға дейін асқазанға зондт салып жуу

- бронхоскопия

- эндоскопия

- трахеотомия

\/

Алақанның ортаңғы фасциальды-бұлшықетті құндағының беткей клетчаткалық саңылауы орналасқан.

- алақанның беткей доғасы, шынтақ және шыбық нервтерінің тармақтары

- құрттәрізді бұлшықет, шыбық нервісінің тармақтары, алақанның беткей доғасы

- алақанның беткей және терең доғасы, шынтақ нервісінің тармақтары

+ алақанның беткей доғасы, жалпы саусақ артериялары, ортаңғы және шынтақ нервтерінің беткей тармақтары

- ортаңғы, шынтақ және шыбық нервтерінің тармақтары

\/

Ашішектің артериялары қай жерде орналасқан?

- ретроперитонеальды

- мезоперитонеальды

- көлденең ішектің шажырқайында

+ ашішек шажырқайы жапырақшалары арасында

- ашішектің шажырқайы түбірінде

\/

Хирург ащы ішектің бастапқы бөлігін іздегенде қандай анатомиялық түзілісті жетекшілікке алады?

- асқазан-талақ жалғамасын

- асқазан-тоғы ішек жалғамасын

+ 12-елі -ащы ішек иінін

- 12-елі ішектің төменгі иінін

- парадуоденальды қатпарды

\/

Сүт безінің қатерлі ісігінің метастазы кезінде қандай аймақтық лимфа түйіндері зақымданады?

- қолтық астылық, бұғана астылық;

+ қолтық астылық, бұғана үстілік және бұғана астылық, көкірек айналық;

- бұғана үстілік және бұғанана астылық;

- құрсақ қуысының жоғарғы қабаты (эпигастральные)







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1206. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия