Студопедия — Мамандық «Қоғамдық денсаулық сақтау » курс 5
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мамандық «Қоғамдық денсаулық сақтау » курс 5






Осымша 2

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Қорытынды мемлекеттік емтихан салалық пәндер бойынша:

  1. Қоғамдық денсаулық сақтау
  2. Эпидемиология
  3. Коммуналды гигиенасы
  4. Тағам гигиенасы
  5. Балалар және жасөспірімдер гигиенасы
  6. Еңбек гигиенасы

Оғамдық денсаулық сақтау

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

«№1 ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КАФЕДРАСЫ»

ОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПӘНІНЕН

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Мамандық «Қоғамдық денсаулық сақтау» курс 5

Құрастыруша: магистр, Турлыбек. Д. К.

Кафедра мең: м.ғ.д, профессор М.А. Булешов

 

Кафедраның мәжіліс хаттамасы №10 03.04.2015 ж.

 

195 сурақ;

 

~ Скринингтік тесеру кезінде Н қаласында 25- 35 жас әйелдердің арасында сүт безінің ісігінің аурушаңдығының күрт таралғаны анықталды.

Сүт безінің ісігінің таралуын анықтау үшін медициналық тексерудің қандай түрі қолданылады?

| мақсатты медициналық тексеру

| кезеңдік медициналық тексеру

| алдын ала медициналық тексеру

| кәсіби медициналық тексеру

| жоспарлы медициналық тексеру

~ 40 жастағы науқас ботулизм диагнозымен ЖМК-пен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Науқас госпитализацияланды.

Берілген клиникалық жағдайды аурушаңдықтың қай түрі бойынша есепке алу едәуір дұрыс болады?

| жұқпалы

| госпитальды

| бейэпидемиялық

| еңбекке жарамдылықты жоғалтумен

| эпидемиялық

~ 35 жасар әйел жүктіліктің 39-40 аптасы мерзімінде жедел медициналық көмек көрсету бригадасын шақырды. ЖМКК бригадасы келмей жатып әйел босанды (көршісі босандырды). Әйел нәрестесімен босану үйіне жеткізілді.

Көрсетілген жағдайда қандай форма толтырылады?

|форма № 032/у «Үйде босануға көмектесуді жазу журналы»;
|форма № 025/у «Үйде босануға көмектесуді жазу журналы»;
|форма № 058/у «Үйде босануға көмектесуді жазу журналы»;
|форма № 088/у «Үйде босануға көмектесуді жазу журналы»;
~ 25 жастағы әйел дерматовенерологиялық диспансерге іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, жыныс жолдарындағы бөлінділерге шағымданып келді.Тексергенде Мерез диагнозы қойылды.

Берілген клиникалық жағдайда құжаттың қандай түрі басты болып табылады?

| аурудың алғаш анықталғандығы туралы хабарлама

| амбулаторлы карта

| жедел хабарлама

| стационарлы науқастың ауру тарихы

| ауру тарихынан көшірме

~ Тараз қаласының облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне ЖМКК бригадасымен Анафилактикалық шок диагнозымен әйел жеткізілді.

Туыстарының айтуы бойынша науқас екі күн бойы энам дәрілік затын қолданып жүрді.

Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингін қандай мекемелер жүргізеді?

| медициналық және фармацевтикалық мекемелер

| денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі

|тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі мен денсаулық сақтау департаменті

| денсаулық сақтау департаменті мен медициналық мекемелер

| денсаулық сақтау департаменті мен фармацевтикалық мекемелер

~ Перзентханаға 39 апта жүктілікпен 39 жастағы әйел жеткізілді. Босану жақсы өтті. Бала тірі туылды. 55 минут өкеннен кейін баланың тыныс алуы тоқтады, өлім тіркелді.

Бұл жағдайда өлімнің қандай түрі туралы айтылған?

| неонатальді

| интранатальді

| антенатальді

| клиникалық

| биологиялық

~ Шымкент қаласында 25-40 жасар әйелдер арасында жатыр мойнының ісігі аурушаңдығының жоғарылағаны анықталды.

Кем осуществляется перерегистрация и снятие с учета онкологических больных?

Онкологиялық науқастарды қайта тіркеу және есептен шығару кіммен іске асырылады?

| электронды санды қолы бар онкологиялық диспансердің жауапты тұлғасымен

| электронды санды қолы бар емхананың жауапты тұлғасымен

| онкологиялық диспансердің бас дәрігерімен

| денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігімен

| онкологиялық диспансердің онколог дәрігерімен

~ 33 жастағы науқас 12 жыл бойы созылмалы пиелонефритпен ауырады. Жылына екі рет алдын алу мақсатта мекен жайы боынша тіркелген емханаға қаралады. Тұрғылықты мекен жайы бойынша алдын-ала тексерілу үшін жылына 2 рет қаралады.

осы жылдар аралығында берілген науқасқа қандай құжат және қанша көлемде толтырылған?

| 12 статистикалық талон

| 24 амбулаторлы картадан көшірме

| 12 амбулаторлы картадан көшірме

| 24 статистикалық талон

| 24 тағайындау парағы

~ Статистика департаментінде аймақтағы аурушаңдықты зерттеу кезінде көрсетілген әдіс есепке алынғанның нәтижесінде жылдық есеп жасау барысында қателіктерге алып келді.

Қандай әдіс жөнінде айтылған?

| санақ мәліметтері

| қаралу мәліметтері

| алдын-ала бақылау мәліметтері

| өлім себептері бойынша мәліметтер

| мақсаттық бақылаудың мәліметтері

~ 62 жастағы науқас 10 жыл бойы полиартритпен ауырады. Емханаға жылдай қаралады.

Бұл жағдайда статистикалық есептің түрі қалай аталады?

| жалпы аурушаңдық

| алғашқы аурушаңдық

| мүгедектік

| аурушылдық

| паталогиялық зақымдану

~ Тағамды жұту қиындығының себебімен онкологиялық диспансерге 44 жастағы науқас тексерілді, көмей ісігі диагнозы қойылды.

Онкологиялық аурулар туралы хабарлама қайда және қандай уақытта жіберіледі?

| онкологиялық диспансерге 3 күн ішінде

| СЭС-ға 12 сағат ішінді

| СЭС-ға 5 сағат ішінде

| онкологиялық диспансерге 12 сағат ішінде

| СЭС-ға 24 сағат ішінде

~ К қаласының босану үйінде нәрестелер өлімінің өскені анықталды.

Жарып сою орталықтандырылған паталогоанатомиялық бөлімде болған жағдайда өлім туралы медициналық куәлік кіммен толтырылады?

|патологоанатоммен
|сот медициналық сарапшысымен

|терапевтпен

| аймақтық терапевтпен

|бас дәрігермен

~ Металлургия зауытының 46 жасар жұмысшысы Мамыров жұмыс барысында сирақ-тізе буынының жарақатын алды. Дәрігер ортопедтің қорытындысы бойынша науқасқа сирақ- тізе буынының протезі қажет.

Қандай бұйрыққа сәйкес еңбек жұмыс берушінің кінәсінен жарақат алу немесе кәсіптік аурулармен ауырған жағдайда мүгедектер протездік ортопедтік көмекпен қамтамасыз етіледі?

| № 754 2011 жыл 1 –ші желтоқсаннан

| № 512 2014 жыл 1-ші мамырдан

| № 85 2013 жыл 1-ші қаңтардан

| № 34 2011 жыл 8 –ші желтоқсаннан

| № 452 2005 жыл 8-ші желтоқсаннан

~ Дәрігер гинекологқа 38 жасар жүкті әйел жүктіліктің 25-ші аптасы, митральды клапанның ақауы, СЖЖ диагнозымен қаралды. Дәрігерлердің консилиуымынан кейін жүктілікті жасанды түрде үзуге шешім қабылданды. Медициналық көрсеткіштер бойынша жүктіліктің қай мерзімінде жасанды түсік жасайды?

| жүктіліктің мерзіміне байланыссыз

| он екі аптаға дейін

| он аптаға дейін

| жиырма аптаға дейін

| он үш аптага дейін

~ 22 жастағы науқас созылмалы тонзилиттің асқынуынан ЛОР бөлімінде емделгеннен кейін, мекен жайы бойынша дәрігерге қаралуға жіберілді.

Мекеменің жұмыс бастылығы жағдайында емхананың қай маманы осы науқасты ары қарай динамикалық бақылауды жүргізуге құқылы?

| жалпы тәжірибелі дәрігер

| ЛОР-дәрігер

| жұқпалы аурулар дәрігері

| иммунолог

| дәрігер -аллерголог

~ Дәрігерге N қаласында жұқпалы аурулармен аурушаңдықты зерттеу тапсырылды.

Жұқпалы ауруларды тіркеуге және зерттеуге қандай негізгі тіркеу құжаты бар?

| шұғыл хабарлама

| жұқпалы науқастың медициналық картасы

| егпе егуді тіркейтін карта

| қорытынды диагнозды тіркейтін талон

| стационардан шыққан науқастың картасы

~ Шахтер А өкпе ауруы бойынша терапия клиникасында және кәсіптік аурулар стационарында тексерілді. Стационарда аурудың пайда болуына кәсіптік жағдайдың әсері анықталды. Науқас еңбекке жарамды. Науқастың жағдайы жақсарып, МСБ бақылауына шығарылды.

Көрсетілген жағдайда аурушаңдылықтың қандай түріне жатқызуға болады?

| кәсіптік

| жұқпалы

| госпитализацияланған

| эпидемиялық

| эпидемиялық емес

~ Кәмілет жасқа толмаған (15 жас) медициналық училищенің студенті Ахметова Н онкологиялық диспансерге санитар қызметіне орналасуда.

ҚР 2015 ж Еңбек Кодексіне сай он алты жасқа толмаған азаматтармен еңбек шарты қалай жасалады?

| бір ата-ананың, қамқоршысының, жанашыр адамының немесе асыраушысының жазбаша рұқсатымен

|екі ата-ананың, қамқоршысының, аға әпкелерінің жазбаша рұқсатымен

| аға әпкелерінің, туыстарының жазбаша рұқсатымен

| бір ата-ананың, көршісінің және туыстарының жазбаша рұқсатымен

| екі ата-ананың, көршісінің және туыстарының жазбаша рұқсатымен

~ 36 жасар М атты науқас ЖРВИ диагнозымен дәрігер терапевтпен күндізгі стационарға жіберілді.

ҚР ДСМ 2009 ж 26 қарашадағы №798 бұйрығына сәйкес күндізгі стационардағы емдеу мерзімі:

| 3күннен аз емес және 8 куннен көп емес;

| 5 күннен аз емес және 10 куннен көп емес;

| 2күннен аз емес және 10 куннен көп емес;

| 6 күннен аз емес және 8 куннен көп емес;

| 10 күннен аз емес және 15 куннен көп емес;

~ Емханаға 35 жасар әйел іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға, жыныс жолдарынан қан аралас бөлінділерге шағымданып келді. Дәрігер УДЗ форма толтырды. Ультра дыбыстық зерттеу кезінде Жүктіліктің 15-16 аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі диагнозы қойылды.

Дәрігер УДЗ қандай форма толтырды?

| №247/т формасы
| №415/т формасы
| №60/т формасы
| №25/т формасы
| №88/т формасы

~ Медициналық мекеменің бас медбикесі маусым сайын орта медициналық қызметкерлерінің жұмысының сапасының 5-ден аз емес сараптамасын жүргізеді.

Бақылаудың қай түрі бас медбикенің міндетіне жатады?

| ішкі

| сыртқы

| біріншілік

| екіншілік

| қорытынды

~ ОКА стационарлық ем қабылдап жатқан 36 жасар науқас бас дәрігердің емдеу-ісі бойынша орынбасарына емдеуші дәрігердің науқастарға деген салқындығына, немқұрайдылығына және дөрекілігіне шағымданды.

Медициналық мекеменің құрылымдық бөлімдерінде азаматтардың шағымдарының дәлелділігінің мониторингі кіммен жүргізіледі?

| ішкі бақылау қызметімен

| бас дәрігермен

| бас медбикемен

| прокурормен

| дәрігер сарапшымен

~ Туберкулезге қарсы диспансердің 26 жасар науқасы жағдайының нашарлауына байланысты облыстық туберкулезге қарсы диспансерге ауыстырылды.

Көрсетілген науқасқа қандай медициналық құжат толтырылады?

| ТБ 09

| ТБ01

| Т058

| Т088

| Т089

~ 28 жастағы ер кісі жедел жәрдеммен бүйрек шаншуының ұстамасымен жеткізілді. Ұстама тоқтатылды. Тексеру барысында несеп тас ауруы жоқ. Аурухана науқасты жатқызудан бас тарты.

Науқасқа қандай құжат беріледі?

| еркін түрдегі анықтама

| күндік аурухана парағы

| Ауру тарихының көшірмесі

| 3 күнге еңбекке жарамсыздық

| Дәрігерлердің қорытындысы

~ Пульмонологиялық бөлімде бронхиалды демікпемен ауыратын науқаста рентген зерттеуі барысында өкпе туберкулезы анықталды.

ДКК (ВКК) қай мерзімге дейін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын созуға құқылы?

| 12 айға

| стационардан шыққанға дейін

| 6 айға

| 1 айға

| 3 айға

~ Инфекцияның мерзімді енуіне қарамастан, «Солнышко» балалар бақшасында қызамықтың өршуі байқалмайды.

Көрсетілген балалар бақшасында алдын-алудың қанда түрі бар?

| біріншілік

| екіншілік

| үшіншілік
| қайталамалы

|жоспарлы
~ Жалпы тәжірибелі дәрігерде әр-түрлі диагноздар мен науқастар бақыланады. Соның ішінде: балалардың церебральды сал ауруы, миокард инфарктысы (алғашқы 6 айында), ревматизм, күл,сібір күйдіргісі, пневмония. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес жоғарыда көрсетілген аурулардың қайсысы қоршаған ортаға зиянын келтіретін ауруларға жатады?

| күл, сібір күйдіргісі

| ревматизм, миокарда инфарктысы

| балалардың церебральды сал ауруы

| пневмония, ревматизм

| миокард инфарктысы, пневмония

~ Гинекологиялық бөлімде кезекші дәрігер 35 жасар әйелге анальгетикалық дәрілік препараттарды медициналық көрсеткіштерге байланысты қолдануға тыйым салды.

Науқас мұны жеке құқықты бұзушылық деп түсінді.

Өз құқығын қорғау үшін науқас қайда шағымдануы мүмкін?

| ЕПҰ басқармасына

| Страсбург сотына

| ЕПҰ бас мейірбикесіне

| Әкімшілікке

| Экономикалық сотқа

~ Қабылдау бөліміне 34 жастағы әйел жүректің айнуы, ішінің оң жағының ауырсынуы шағымымен түсті. Хирургтар тексерді, аппендицитке күдіктенді. Ота жасаудан науқас бас тартты. Қол хат алынды.

Тағы қандай жағдайда науқас қол хат беруге тиісті?

| ауруханаға жатудан бас тартқанда

| емделумен келіспегенде

| стационардан шығатын кезде

| тәртіпті бұзғанда

| басқа бөлімге ауысқанда

~ 54 жасар Н атты науқас жұлын ісігі диагнозымен дәрігерлердің қорытындысы бойынша паллиативті көмекті қажет етеді.

Қандай мекемелер паллиативті көмекті көрсетеді?

| хоспистер, көп салалы немесе мамандандырылған ауруханалардың құрамындағы бөлімдер

| босану үйлері, стационарлар, АДА (ауылдық дәрігерлік амбулаториялар)

| хоспистер, босану үйлері, стационарлар, АДА

| стационарлар, АДА, балалар үйлері

| балалар үйлері, босану үйлері, АДА

~ Республика бойынша аурушаңдықтың өсуін талдау барысында Денсаулық Сақтау Министірлігінде геронтологиялық аурулардың қарқындауына көңіл бөлді.

Бұл мемлекеттің халқында жас бойынша қандай түрі басымрақ?

| регрессивті

| тұрақты

| прогрессивті

| интенсивті

| стационарлы

~ 36 жасар науқас Алиева дәрігер терапевтте 5 ай бойы дәрігер терапевтте ревматоидты артрит диагнозымен бақылануда. Науқас МӘСК на жіберілді. МӘСК те құжаттарды қарау мерзімі қандай?

| құжаттардың түсу күнінен бастап екі аптадан кеш емес

| құжаттардың түсу күнінен бастап үш аптадан кеш емес

| құжаттардың түсу күнінен бастап екі күннен кеш емес

| құжаттардың түсу күнінен бастап он күннен кеш емес

| құжаттардың түсу күнінен бастап бір айдан кеш емес

~ Гинекология бөлімінде 40 жасар науқасқа жатыр миомасы бойынша ота жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы нашарлады. Науқас сотқа шағымдануға бел буды.

Бұл жағдайда жауапкершілікті кім көтереді?

| клиника заңды тұлға ретінде

| жекелеп дәрігер-хирург

| клиникаға қызмет көрсететін сақтандыру мекемесі

| лицензияны берген денсаулық сақтау департаменті

| клиниканы жарнамалайтын агенттік

~36 жасар Н атты науқас көмей ісігінің 4 сатысы диагнозымен хосписте паллиативті көмек алуда.

Паллиативті көмек көрсететін мекемелердің негізгі міндеттері?

|ауруы жазылмайтын науқастардың өмірінің сапасын жоғарылату, науқастарға паллиативті көмекті көрсету, науқастардың туыстарына үй жағдайында ауруы жазылмайтын науқастарға медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйрету

|ауруы жазылмайтын науқастардың өмірінің сапасын жоғарылату, науқастарды емдік шипажайларға жіберу, науқастардың туыстарына үй жағдайында ауруы жазылмайтын науқастарға медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйрету

| ауруы жазылмайтын науқастардың туыстарының өмірінің сапасын жоғарылату, науқастарды емдік шипажайларға жіберу, науқастардың туыстарына үй жағдайында ауруы жазылмайтын науқастарға медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйрету

| ауруы жазылмайтын науқастардың өмірінің сапасын жоғарылату, науқастарға паллиативті көмекті үйде ақылы түрде көрсету
| ауруы жазылмайтын науқастардың туыстарының өмірінің сапасын жоғарылату, науқастарға паллиативті көмекті көрсету, науқастардың туыстарына үй жағдайында ауруы жазылмайтын науқастарға медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйрету

35 жастағы цемент зауытының жұмысшысы өндірістік зақым алып нәтижесінде екі қолының білезігінен және сирақ-табан буынынан айырылды.

Көрсетілген науқасқа мүгедектіктің қай тобы тиесілі?

| бірінші топ

| екінші топ

| үшінші топ

| бесінші топ

| алтыншы топ

~ БМСК мекемелерінде анықталып табылған барлық өтіп кеткен қатерлі ісіктерді «өтіп кеткен қатерлі ісіктерді талқылау» хаттамасын толтырып талқылайды.

Қандай мерзім аралығында хаттама аймақтық онкологиялық мекемеге жіберіледі?

| ай сайын келесі айдың 10-шы күніне дейін

| ай сайын келесі айдың 5-ші күніне дейін

| келесі күні 12 сағат ішінде

| хаттаманы толтырған күннен 1 сағат аралығында

| ай сайын келесі айдың 6-шы күніне дейін

~ Босану үйлерінде барлық жаңадан туылған нәрестелерге өмірінің 2-ші 3-ші тәулігінде әмбебап аудиологиялық скрининг жүргізіледі.

ҚР ДСМ 2009 ж 28 қыркүйектегі №478 бұйрығына сәйкес аудиологиялық скрининг қіммен жүргізіледі

| дәрігер неонатологпен немесе арнайы оқытылған медбикемен

| дәрігер гинекологпен немесе арнайы оқытылған медбикемен

| дәрігер терапевтпен немесе арнайы оқытылған медбикемен

| дәрігер реаниматологпен немесе арнайы оқытылған медбикемен

| дәрігер неонатологпен немесе босану үйінің бас дәрігерімен

~ Жұқпалы аурулар ауруханасында зертханалық зерттеуге әр-түрлі диагноздармен науқастар жіберіледі. Соның ішінде: вирусты гепатит, иерсинниоз, ботулизм және т.б.

Қандай медициналық құжатта иерсинниозға микробиологиялық зерттеу тіркеледі?

| № 240-2/т журналында

| №058 т формасында

| №025 т формасында

| №088 т формасында

| №089 т формасында

~ Балалар ауруханасының емхана ісі бойынша орынбасары емхананың емдік-диагностикалық, алдын-алу және індетке қарсы қызметіне жауап береді.

Бұл қызмет қандай жағдайда тағайындалады?

| 20 және одан көп амбулаторлы қабылдауда дәрігерлер болғанда

| 15 және одан көп амбулаторлы қабылдауда дәрігерлер болғанда

| 10 және одан көп амбулаторлы қабылдауда дәрігерлер болғанда

| 25 және одан көп амбулаторлы қабылдауда дәрігерлер болғанда

| 30 және одан көп амбулаторлы қабылдауда дәрігерлер болғанда

~ 40жасар ер адам қабылдау бөліміне ұзақ уақыт бойы дене қызуының 39-40С жоғарылауына, әлсіздікке, қалтырауға шағымданып келді.

Аурухана ішілік инфекциясын алдын алу мақсатында диагнозы анықталғанға дейін науқас қайда болуы тиіс?

| диагностикалық палатада

| бокста

| реанимацияда

| дәлізде

| егу бөлмесінде

~ 30 мың тұрғыны бар тұрғын бекеттерінде мүгедектік бойынша зейнет ақыны 150 адам алады.

Берілген мәліметтердің негізінде мүгедектікті сараптау үшін қандай статистикалық көрсеткішті есептеуге болады?

| жалпы мүгедектікті

| мүгедектік көрсеткішін

| мүгедектік құрылымын

| өлім көрсеткішін

| мүгедектіктің көрнекілік көрсеткішін

~ Токсикологиялық бөлімге иісті газбен улану белгілерімен 30 жастағы әйел түсті. Бөлімнің жиналысында меңгеруші науқасты мұкият қадағалауды бұйырды.

Науқасты қадағалау жүйесі неше дәрежеден тұрады?

| екі

| бір

| үш

| төрт

| бес

~ Балалар ауруханасының жоспарлы жиналысында хирургия бөлімінің менгерушісінің баяндамасы тыңдалды. Өткен жылы емдеудің ұзақтығының орташа көрсеткіші 10 күн, ал биылғы жылы 12 күн екендігі анықталды.

Осы факторлардың қайсысы емдеу ұзақтығының көбеюіне әсерін тигізді?

| ауыр науқастардың көбеюі

| науқастардың қалауы

| дәрілердің жетіспеушілігі

| ұзақ ауруханада жату

| талдаудың кідірісі

~ Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне кеуде қуысына енетін пышақ жарақатымен 25 жасар ер кісі жеткізілді. Кезекші дәрігер науқасты 8 минуттан соң тексерді.Тағы 5 минуттан соң науқас көз жұмды.

Бұл жағдайға тән өлімнің түрі қалай аталады?

| редуцирленген

| клиникалық

| стационарлық

| медикаменттік

| ятрогенді

~ Жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне анальгетиктер мен спазмалитиктер әсер ептейтін эпигастрий аймағында қатты ауырсынуына шағымданған 40 жастағы науқас түсті. Науқас хирургия бөліміне жатқызылды. Бөлімде ауырсынуды тоқтату үшін есірткі препараттарын қолдануды ұйғарды.

Есірткі препараттарын беру туралы талапқа бөлім менгерушісінен басқа кім қол қою керек?

| бас дәрігердің орынбасары

| емдеуші дәрігер

| дәріхана меңгерушісі

| бас мейірбике

| нарколог

~ Цемент зауытының жұмысшысына (жұмысшылар саны 1800 адам) берілген, ауыр нәтижеге әкелген емдік ұсыныстарды талдау барысында оларды цех фельдшері берген екендігі анықталды.

Терапевтің бұл кәсіпорынына тіркеу мүмкіндігінің жақтығы немен байланысты?

Цемент зауытының жұмысшысына (жұмысшылар саны 1800 адам) ауыр нәтижеге әкеліп тағайындалған емдік ұсыныстарды талдау барысында оларды цех фельдшері берген екендігі анықталды.

Көрсетілген кәсіпорында терапевт дәрігердің бекітілу мүмкінсіздігі немен байланысты?

| жұмысшылардың саны 2 мыңнан кем

| фельдшер бар

| қауіпті кәсіпорын

| басшылықтың келіспеуі

| терапевт қызмезметін төлеу үшін қаржының жоқтығы

~ Кәсіпорында жұмысқа қабылдау барысында цех дәрігерімен алдын-ала медициналық тексеру жүргізіледі.

Алдын-ала медициналық тексерудің негізгі мақсаты?

| жұмысқа қабілеттілігін анықтау

| ерте сатыда созылмалы ауруларды анықтау

| қызметкерлерді динамикалық бақылау

| тұрғындарды диспансеризациялау

| науқастарды тіркеу

~ Қабылдау бөліміне қан құсу, дене қызуы 39С дейін жоғарылау шағымдарымен 32 жастағы ер кісі түсті. Науқасты тексерген дәрігер гемморагиялық қызбаға күдіктенді. Науқас және дәрігер 3 тәулік бойы карантинде болды.

Бұл жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық кіммен орнатылады?

| эпидемиологпен

| тексерген дәрігермен

| инфекционистпен

| қабылдау бөлімінің меңгерушісімен

| бас дәрігермен

~ Босанған әйел М жүктіліктің 28 аптасында босанғаннан соң 8 күннен кейін қайтыс болған баланы босанды.

Көрсетілген жағдайда босану фактысы бойынша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасы қай мерзімге дейін беріледі?

| босанудан кейінгі кезеңде 70 күнге

| босанудан кейінгі кезеңде 126 күнге

| босанудан кейінгі кезеңде 130 күнге

| босану бөлімінде жатқан күндерге

| босанудан кейінгі кезеңде 90 күнге

~ 5 жасар бала балалар бақшасының алдында ойнап жүріп сырғанақтан құлап қалады. Урологиялық бөлімге бел аймағының тұйық ауырсынуы, бүйректің соғылуы, гематурия диагнозымен түсті. 10 күн ем қабылдады. Қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Науқасқа стационардан шығу туралы көшірмеден басқа қандай құжат беріледі?

| анықтама

| ф 025

| ф 058

| ф 059

| ф 088

~ Науқас 3 ай бойы ауыр жарақат бойынша стационарлық емделуде болды.

Науқасқа үзіліссіз ауырған жағдайда ДКК еңбекке жарамсыздық парағын максимальды түрде қандай мерзімге дейін бере алады?

| 4 айға

| 1 айға

| 2 айға

| 3 айға

| 5 айға

~ Емдеу мекемесінде басқарудың стратегиялық деңгейінің негізгі міндеттеріне жатады: ЕПМ мүмкіншілігімен жаңа мақсаттарды өңдеу,жоспарланған көлемде және белгілі мерзімде қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету, ЕПМ қызметін жетілдіру.

Емдік мекемеде басқарудың стратегиялық денгейі кім болып табылады?

| бас дәрігер

| денсаулық сақтау департаментінің бастығы

| бас дәрігердің орынбасары

| бөлім меңгерушісі

| дәрігер-статист

~ Емдеу мекемесінде басқарудың тактикалық деңгейінің негізгі міндеттеріне жатады: қорларды оптимальды бөлу, бөлімшелерде мақсатты және басқару әдісін анықтау, нәтижелерге жетуді бақылау.

Емдеу мекемесінде басқарудың тактикалық денгейі кім болып табылады?

| бас дәрігердің орынбасары

| денсаулық сақтау департаментінің бастығы

| бас дәрігер

| бөлім меңгерушісі

| дәрігер-статист

~ Ересек тұрғындар арасындағы аурушаңдық бойынша талдау жедел бронхиттің 5 % өсуін көрсетті.

Аурушаңдықты зерттеудің қандай мәліметтері осы науқастар контингентінің ең көп бөлігін айқындайды?

| қаралу

| мед. тексеру

| госпитальды аурушаңдық

| жалпы аурушаңдық

| еңбекке жарамдылықты жоғалтумен жүретін аурулар

~ Шымкент қаласының емханасына дене қызуының 39С дейін жоғарылауына, іш өтуге шағымданып келді. Тексерген кезде дизентерия диагнозы қойылды.

Дәрігер қандай құжат толтыру керек?

| № 058т статистикалық талон

| № 060т статистикалық талон

| № 059т статистикалық талон

| № 069т статистикалық талон

| № 089т статистикалық талон

~ Алдын-ала тексеру жүргізген кезде дәрігер маммолог әйелде оң жақ сүт безінің аймағында тығыздалуды анықтады. Тексеру жүргізген кезде Фиброаденома диагнозы қойылды.

Дәрігер қандай құжатты толтыру керек?

| форма №090т

| форма №089т

| форма №058т

| форма №060т

| форма №065т

~ 1960 жылы Париждегі халықаралық статистикалық конференциясында қабылданған АХК-ның мақсаты...

| әр түрлі уақытта, әр түрлі елде және аймақтарда алынған аурушаңдылық пен өлімді жүйелі тіркеуге, сараптау мен салыстыруға жағдайды жасау

| 65 жастан жоғары тұлғалар арасында аурушаңдылықтың рандомизирленген жинақ мәліметтеріне жағдайды жасау

| 65 жастан төмен тұлғалар арасында аурушаңдылық пен өлім туралы мәліметтерді жүйелік тіркеуге, сараптау мен салыстыруға жағдайды жасау

| 65 жастан жоғары тұлғалар арасында аурушаңдылық пен өлім туралы мәліметтерді жүйелік тіркеуге, сараптау мен салыстыруға жағдайды жасау

| 65 жастан жоғары тұлғалар арасында аурушаңдылық пен өлім туралы мәліметтерді салыстыруға жағдайды жасау

~ Емханада науқасқа дәрігер терапевтпен ботулизм диагнозы қойылды. Дәрігер №058 т/формасын толтырды.

Дәрігер қайда және қанша уақыт ішінде шұғыл хабарлама жіберу керек?

|СЭС-ға 12 сағат ішінде

| Денсаулық Сақтау Департаментіне 6 сағат ішінде

| СЭС-ға 1 сағат ішінде

| жұқпалы аурулар ауруханасына 2 сағат ішінде

| жұқпалы аурулар ауруханасына 12 сағат ішінде

~ 42 жасар әйелге терапевтпен алдын-ала тексеру жүргізген кезде алғаш рет қант диабеті диагнозы қойылды.

Дәрігермен қандай статистикалық құжат толтырылады?

| №025т (+) статистикалық форма

| №058т (-) статистикалық форма

| №038т (-) статистикалық форма

| №028т (+) статистикалық форма

| №088т (+) статистикалық форма

~ Жалпы тәжірибелі дәрігерде әр түрлі диагноздармен науқастар қаралады. Соның ішінде: қант диабеті, жалпақ табан, сколиоз, жыныстық жолмен берілетін аурулар, семіздік.

Қандай ауру моноторингке жатады?

| қант диабеті

| жалпақ табандылық

| сколиоз

| жыныстық жолмен берілетін аурулар

| семіздік

~ Дәрігер гинекологқа 32 жасар әйел жыныстық жолдардағы бөлінділерге, дене қызуының 38С дейін жоғарылауына шағымданып келді. Тексерген кезде трихомониаз диагнозы қойылды.

Берілген жағдайда дәрігер қандай құжат толтыру керек?

| №089т/формасы

| №025т/формасы

| №090т/формасы

| №058т/формасы

| №085т/формасы

~ Науқас Н 56 жасар, дәрігер терапевтте 15 жыл бойы созылмалы гастрит диагнозымен есепте тұрады. Осы жылы алдын-ала тексеру жүргізгенде артериалды гипертония диагнозы қойылды.

Берілген науқасқа №025т статистикалық формасы қалай және қанша рет толтырылады?

| созылмалы гастрит(-), артериалды гиппертония(+) жылына 1 рет

| созылмалы гастрит(+), артериалды гиппертония(+) жылына 1 рет

| созылмалы гастрит(-), артериалды гиппертония(-) жылына 2 рет

| созылмалы гастрит(+), артериалды гиппертония(-) жылына 4 рет

| созылмалы гастрит(-), артериалды гиппертония(+) жылына 2 рет

~ Жедел медициналық көмек көрсету станциясының міндеті жедел медициналық көмек көрсету болып табылады.

ЖМКК станциясын кім басқарады?

| бас дәрігер

| фельдшер

| дәрігер терапевт

| дәрігер педиатр

| дәрігер гинеколог

~Семей облысында ядролық сынаққа ұшыраған аймақта 200 әйел жүктілік бойынша дәрігер гинекологта есепте тұрады.

Ядролық сынаққа ұшыраған аймақта тұратын әйелдерге жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтама қалай беріледі?

| 27 аптадан бастап

| 30 аптадан бастап

| 25 аптадан бастап

| 32 аптадан бастап

| 29 аптадан бастап

~ Облыстың денсаулық сақтаудың қаржылық шығындарын есептеу барысында былтырғы жылға қарағанда олардың едәуір артқаны анықталды.

Қандай фактор шығындардың қымбаттауына ең қатты әсер етеді?

| төсек-орынның бос болмауының төмендеуі

| төсек-орынның бос болмауының жоғарылауы

| 5% дейін құлдырау

| дәрігерлік кадрлардың төмендеуі

| науқастардың санының азаюы

~ Еңбекке жарамдылар, алғаш рет мүгедек деп танылғандар, мүгедектіктің себебі туралы және еңбекке жарамды тұрғындар саны туралы мәліметтер көрсетілген.

Көрсетілген мәліметтер негізінде мүгедектіктің қандай көрсеткішін есептеуге болады?

| барлық тұрғындар арасында бөлек себептер бойынша біріншілік мүгедектіктің деңгейін+

| еңбекке жарамды тұрғындар арасында бөлек себептер бойынша біріншілік мүгедектіктің деңгейін

| барлық тұрғындар арасында алғашқы мүгедектіктің деңгейін

| бірнеше жыл аралығындағы біріншілік мүгедектіктің динамикасын

| көрсеткішті есептеуге мәліметтер жеткіліксіз

~ Балалар емханасында босану үйінен шыққаннан кейін аймақтық педиатрмен жаңа туған нәрестелер қаралады.

Аймақтық педиатрмен медициналық тексерудің қандай түрі жүргізіледі?

| жоспарлы тексеру

| мақсатты тексеру

| алдын-ала тексеру

| ағымды тексеру

| жиынтықты тексеру

~ ОАА-ның аймағында өткен жылы госпитализацияланған аурушаңдылық 1000 тұрғынға 200 уақиға құрады.

Осы көрсеткіш қандай ресми құжат негізінде есептелген?

| стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы+

| қорытынды диагнозды тіркеуге арналған статистикалық талон

| ауру тарихы

| науқастарды тіркеу журналы

| еңбекке жарамсыздық парағы

~ Фабрикадағы жұмысшылар арасында 200 уақиға және 2000 еңбекке жарамсыздық күндері тіркелген.

Аурушаңдылықтың уақытша еңбекке жарамсыздықпен қандай көрсеткішін осы мәліметтер арқылы есептеуге болады?

| еңбекке жарамсыздықтың 1 уақиғасының орташа ұзақтығы+

| 100 жұмысшыларға шаққандағы еңбекке жарамсыздықтың уақиғасының саны

| 100 жұмысшыларға шаққандағы еңбекке жарамсыздықтың күндерінің саны

| жыл бойы бірде бір ауырмаған жұмысшылардың пайызы

| ұзақ және жиі ауырған тұлғалардың пайызы

~ Миграция –бұл тұрғындардың аймақтық орын ауысуы.

Егер азаматтар тұрақты мекендеуге ерікті түрде бір елден басқа елге қоныс аударатын болса миграцияның түрі қалай аталады?

| эмиграция

| иммиграция

| маусымдық

| күнде







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1927. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.062 сек.) русская версия | украинская версия