Студопедия — Кафедра мәжілісінің хаттамасы: № 8 20.04.2015 ж. 5 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кафедра мәжілісінің хаттамасы: № 8 20.04.2015 ж. 5 страница






Берілген жағдайда жұмысшылардың ағзасында бірінші кезекте қандай өзгерістер болуы мүмкін?

| Көз бұршағында

| Өт бөлінуінде

| Ас қорытуда

| Қан түзілуінде

| Ақуыз синтезінде

~ Медициналық ЖОО студенттерімен 5 отбасы тұратын тұрғын үй ғимаратын ғылыми зерттеу барысында үлкен көрінетін шаң бөлшектері анықталды. Ауа сынамасын зерттеу қорытындылары бойынша анықталғаны: шаңның майда бөлшектері, үй және зең саңырауқұлақтарының споралары, бактериялар.

Берліген жағдайда қандай іс-шараларды ұсыну қажет?

| Күнделікті ылғалды жинау жүргізу, жиі желдету

| Ауабаптағыш және жалюзи орнату

| Тұрғын бөлмелерде механикалық желдету орнату

| Ластану деңгейін үнемі анықтау

| Қосымша тұрғын аудан бөлу

~ Шағын қалада жылумен қамтамасыз ететін 2 ЖЭС орналасқан. Жергілікті органдармен шығарыстардың қоршаған ортаға әсерін сипаттау мақсатында бақылау бекеттерін орналастыру шешілді.

Берілген жағдайда бақылау бекеттерінің қай түрін қажет?

| Факел асты

| Жылжымалы

| Стационарлы

| Экологиялық

| Бақылау

~ ЖЭС маңында орналасқан Н. шағын ауданының тұрғындары үнемі құрғақ жөтелге, лоқсуға, бас ауыруына, әлсіздікке, брадикардияға жиі шағымданады. Атмосфералық ауаны аспаптық тексеру барысында келесі химиялық элементтер анықталды: көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді.

Берілген жағдайда жоғарыда атап көрсетілген заттар ағзаға лимиттеуші көрсеткіштер бойынша қандай әсер етуі мүмкін?

| Рефлекторлық және резорбтивті

| Өтайдағыш

| Тератогенді және канцерогенді

| Гепатогенді және аллергенді

| Дезинтоксикациялық

~ Көп қабатты үйдің тұрғыны Д. МСЭҚБ-на пәтерін жөндеу барысында ұзақ уақыт бойы тескіш (дрель) қолдануына байланысты көршісіне шағым айтып келді.

Тескіш (дрель) шығаратын шудың негізгі сипаттамасы қандай?

| Үздікті

| Біртекті

| Кең жолақты

| Биіктігі

| Тұрақтылық

~ Өндірістік қалада атмосфералық ауаны зиянды қауіпті заттармен ластанудан қорғауға бағытталған аймақтық шаралар жүргізу жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекетті қандай құжатты пайдаланып жүзеге асыруға болады?

| Экономикалық аудан бойынша өндірістік күштерді дамыту және орналастыру сызбасын

| Қала территориясы бойынша әскери күштерді дамыту және орналастыру сызбасын

| Қала аудардары бойынша сауда нүктелерін дамыту және орналастыру сызбасын

| Қала құрылысын салу құжатының «Санитарлық тапсырма» бөлімін

| Қала құрылысын салу құжатының «Санитарлық - техникалық жағдайын» бөлімін

~ Ірі қалада адамдардың супермаркетке кіруі тәулігіне орта есеппен 300-ден аса адамды құрайды.

Берілген жағдайда тұрақсыз шудың негізгі сипаттамасы қандай?

| Импульсивті

| Біртекті

| Кең жолақты

| Биіктігі

| Тұрақтылық

~ Атмосфералық шығарыстарды тазарту үшін мультицклон пайдаланылады.

Берілген жағдайда жоғарыда атап көрсетілген шаң ұстағыш құрылғы қандай мақсатпен пайдаланылады?

| Химиялық газдарды тазарту үшін

| Ірі диспрерсті қатты заттарды тазарту үшін

| Сұйықтықты тазарту үшін

| Майда дисперсті қатты заттарды тазарту үшін

| Бу тәрізді заттарды тазарту үшін

~ Сараптама орталығының мамандарымен атмосфералық ауа ластануының деңгейін анықтау үшін аспаптық зерттеу жүргізілді.

Тәжірибе жүзінде атмосфераның жерге жақын бөлігінің ластану деңгейін сипаттауға қабылданған шамалар:

| Максималды бір реттік мөлшер, орташа тәуліктік мөлшер

| Минималды тәуліктік мөлшер, максималды бір реттік мөлшер

| Максималды тәуліктік мөлшер

| Минималды бір реттік мөлшер

| Максималды жер маңы мөлшері, орташа тәуліктік жер маңы мөлшері

~ Ш. қаласында орта бизнесті қолдау мақсатында бекітілген санитариялық – қорғау аймақтарымен 3 өндіріс нысандарын салу жоспарлануда.

Тәжірибе жүзінде санитариялық-қорғау аймағын (СҚА) түзету қандай жағдайларда жүргізіледі жүргізіледі?

| Жел бағытының қайталануы 12,5 % жоғары болғанда

| Жел бағытының қайталануы 50 % жоғары болғанда

| Жел бағытының қайталануы 0,5 % жоғары болғанда

| Жел бағытының қайталануы 10 % жоғары болғанда

| Жел бағытының қайталануы 20 % жоғары болғанда

~ Мұнай өңдеу зауытынан атмосфералық ауаға көмірқышқыл газы, метан, көміртегі тотығы шығарылады.

Атмосфераға шекті рұқсат етілген шығарысты анықтау барысында қандай көрсеткіш есепке алынады?

| Шаң ұстағыш қондырғының пайдалы әсер коэффициенті

| Шаң ұстағыш қондырғының ауданының жалпы көлемі

| Барлық компоненттермен ластану деңгейінің сандық сипаттамасы

| Статистикалық шынайы шама

| Жергілікті жердің климаты және жел раушаны

~ Мұнай өңдеу зауытынан атмосфералық ауаға көмірқышқыл газы, метан, көміртегі тотығы шығарылады.

Атмосфера ластануының адам ағзасына созылмалы әсер етуін бағалауда ШРЕМ қандай көрсеткіші қолданылады?

| Орташа тәуліктік

| Максималды бір реттік

| Иіс сезіну шегі

| Тәжірибедегі шекті мөлшер

| Тәжірибедегі әсерсіз шек асты

~ Медициналық жоғары оқу орнының студенттерімен орта мектепті аспаптық санитарлық тексеру кезінде сыртқы жарықтану 3800 лк, оқу залында кітапхананың 150 лк құрады.

Берілген жағдайда табиғи жарықтану коэфициентінің (ТЖК) көрсеткіші қандай болады?

| 3,9 %

| 1,5 %

| 1,2 %

| 4,2 %

| 5,0 %

~ Аудандық аурухана палаталарын аспаппен санитарлық тексеру кезінде 50 м.кв. ауданы бар палата қуаттылығы 200 Вт болатын 6 шаммен жарықтанады, коэффициент е=2,5.

Берілген жағдайда жарықтанудың лк берілген деңгейі қандай болады?

| 60

| 30

| 70

| 80

| 120

~ Жоғары оқу орны студенттерімен тұрғын бөлмені ғылыми зерттеу кезінде бөлменің ауданы 72 м2, көлемі 3х3 болатын 2 терезенің бар екендігі анықталды.

Берілген жағдайда жарық коэффициентінің шамасы қанша болады?

| 1:4

| 1:3

| 1:2

| 1:5

| 1:6

~ Ауданы 40 м2, 100 Вт болатын 4 қыздыру шамымен жарықтанатын, желідегі қуаты 220 В (е=2,5) болатын тұрғын бөлменің лк жарықтануы қандай?

| 25

| 15

| 35

| 45

| 55

~ Ота жасау бөлмесінің ТЖК деңгейін анықтаңыз, егер де бөлме ішіндегі жарықтану 200 лк, ал сыртқысы 20000 лк тең болса:

| 1,0%

| 0,5%

| 1,25%

| 1,5%

| 1,75%

~А. шағын ауданының үйлері үлкен автомобиль жолының жиегінде орналасқан.

Берілген жағдайда қандай шара шудың таралу жолына бағытталған тобына жатады?

| әртүрлі экрандаушы заттарды жасау

| двигательдерді жетілдеру

| қоршау конструкцияларды таңдау

| автокөліктің қозғалысы

| тиімділігі жоғары сөндіргішпен қамту

~ А. қаласында территорияның кеңеюіне байланысты тұрғын үйлерді қарқынды салу жүріп жатыр.

Тұрғын қор тығыздығының нормативі неге тәуелді болады?

| Құрылыстың қабатына

| Ауа-райы жағдайына

| Жыл мезгіліне

| Қала категориясына

| Поселка категориясына

~ Аудандық шаштаразда қажетті қызметтерді көрсетуге арналған құралдар бар.

Санитариялық ереженің талабына сәйкес сақалға сабын жаққышты (кисточка) өңдеу үшін залалсыздандырудың қандай түрі қолданылады?

| УКС

| Қайнату

| Хлорлау

| Сүрту

| Спиртпен сүрту

~ К. қаласында автокөліктер мен теміржолдардың бойына жасыл желектер отырғызылған.

Берліген жағдайда отырғызылған ағаштар қандай топқа жатады?

| Шектеліп пайдаланылатын жасыл желектерге

| Жалпы пайдаланылатын жасыл желектерге

| Арнайы тағайындалған жасыл желектерге

| Жеке пайдаланылатын жасыл желектерге

| Пайдалануға тыйым салынған жасыл желектерге

~ Қаланы салу жоспарлануда. Жергілікті жердің бедері қыратты, беткейінің еңісі 20% жоғары, грунт суы 2-3 м тереңдікте жатыр. Шудың фоны 40-50 дБА деңгейінде. Ең ыстық айдағы орташа температура +250С, салқын айда - 100С.

Берілген жағдайға қандай қорытынды беруге болады?

| Территория жер бедеріне байланысты құрылыс салуға жарамсыз

| Территория ауа-райына байланысты құрылыс салуға жарамсыз

| Территория құрылыс салуға жарамды

| Территория грунт суларының жоғары тұруына байланысты құрылыс салуға жарамсыз

| Территория шудың деңгейіне байланысты құрылыс салуға жарамсыз

~ Жобада ықшам ауданның тұрғын қорын анықтау үшін, ауданның климаты, тұрғын қордың ауданы және ықшам ауданның ауданы берілген.

Осы берілген мәліметтер тұрғын қордың тығыздығын анықтау үшін жеткілікті ме?

| құрылыстың қабаты туралы мәлімет жоқ

| бұл мәліметтер керек емес

| жеткілікті

| тұрғын құрылыстың тығыздығы туралы мәлімет жоқ

| тұрғындардың саны туралы мәлімет жоқ

~ Ауданы 10 га жобаланған ықшам ауданда тұрғын қор 50 мың. м2 құрады. Тұрғын қордың тығыздығын анықтаңыз:

| 5 мың. м2

| 10 мың. м2

| 20 мың. м2

| 50 мың. м2

| 100 мың. м2

~ Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында қара метталургия өндірісінде газдан тазарту әдісі қолданылады. Ауаны тазарту кезінде температура 60о С-дан 250о С-ға дейін жетеді. Газдан тазарту қондырғысы ауада аэрозольдің мөлшері 0,5 мг/см3 аспағанда анағұрлым тиімді болады.

| Берілген жағдайда қандай қондырғы қолдану керек?

| Талшықты сүзгі

| Маталық сүзгі

| Скруббер

| Көбікті құрал

| Циклон

~ Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында жаңа түсті метталургия өндірісінде шаң ұстағыш қондырғы пайдалану жоспарлануда.

Берілген жағдайда қай қондырғы анағұрлым тиімді деп саналады?

|Электросүзгілер

|Талшықты сүзгілер

|Маталық сүзгілер

|Түйіршікті сүзгілер

|Баяу сүзгілер

~ Көмір өндірістік кәсіпорында бөлшегінің көлемі 1 мкм болатын шаңнан тазарту үшін арнайы қондырғы қолданады.

Берілген жағдайда қандай қондырғы қолданған ыңғайлы?

| Маталық сүзгілер

| Циклондар

| Суландырғыш скрубберлер

| Мультициклондар

| Көбікті құралдар

~ Цемент зауытында бөлшегінің көлемі 10 мкм болатын шаңнан тазарту үшін гаң ұстағыш қондырғы қолданылады.

Берілген жағдайда маталық сүзгіден кейін қай шаң ұстағыш ең тиімді болып табылады?

| Электрсүзгілер

| Түйіршікті сүзгілер

| Мультициклондар

| Талшықты сүзгілер

| Циклондар

~ Санитариялық-гигиеналық зерттеу кезінде, А. қаласының атмосфералық ауасына негізінен сонда бар өндірістерден бөлшегінің көлемі 5 мкм болатын шаңдар шығарылатынын анықталды.

Берілген жағдайда қандай шаң ұстағыш қондырғы тиімділігі ең төмен болып табылады?

| Циклондар

| Маталық сүзгілер

| Мультициклондар

| Көбікті құралдар

| Түйіршікті сүзгілер

~ Ш. қаласында атмосфераға бөлінетін кәсіпорындар шығарыстарының газдық бөліктерден тазарту үшін химиялық әдіс пайдаланылады. Әдістің негізгі мәні шығарыстың газдық ортасынан зиянды қоспалардың молекулаларын жұтқыштың сұйық фазасына алмастыруында.

Берілген жағдайда қандай химиялық әдіс туралы айтылған?

| Абсорбция туралы

| Адсорбция туралы

| Молекулярлық туралы

| Каталитикалық туралы

| Газдық туралы

~ А. қаласындағы мұнай өндіруші зауыт ластаушы незігі көздердің бірі болып саналады. Зауытта тазартушы қондырғыларда ұстанылатын жанғыш газдар атмосфераға лақтырылады.

Берілген жағдайда зарарсыздандырудың қандай түрін қолдану қажет?

| Құбырда тотықтыру

| Абсорбция

| Адсорбция

| Катализдеу

| «Құбырда» тотықсыздандыру

~ Ұйымдастырылған ыстық щығарыстардың көздері бар жаңа өндірістік кәсіпорын жобасында атмосфералық ауаны қорғау мақсатында санитарлық – қорғау аймағының (СҚА) көлемі көрсетілген.

Берілген жағдайда СҚА көлемін есептеу қай жерден жүргізіледі?

| Түтінді құбырдан

| Өндірістік алаң шегінен

| Жалпы территория шегінен

| Өндірістік цехтан

| Жасыл желектерден

~ 3 кластағы өндірістері басым Ж. өндірістік қаласында жыл сайын жасыл желектерді отырғызу жүргізіледі.

Берілген жағдайда отырғызуға ағаштардың қай түрін ұсыну қажет?

| Қара терек

| Үшкір жапырақты үйеңкі

| Ақ тал

| Қызыл үйеңкі

| Кәдімгі қарағай

~ Көктемде Ш. қаласының өндірістік аймағына «Жасыл ел» мүше-студенттері кәдімгі шыршаларды отырғызып, оларға күтім жасады. Бірақ бір айдан соң ағаштар кеуіп кетті.

Берілген жағдайда ағаштардың кебуінің себебі неде?

| Газдық ластануға төмен тұрақтылық

| Газдық ластануға жоғары тұрақтылық

| Газдық ластануға орташа тұрақтылық

| Жергілікті жердің қолайсыз климаты

| Жергілікті жердің ауа-райының өзгергіштігі

~ Т. өндірістік қаласының жергілікті әкімдігі селитебті аймақтың көгалдандыру ауданын жоғарылату туралы шешім қабылдады.

Берілген жағдайда ағаштардың қандай түрін ұсыну қажет?

| Шаған жапырақты үйеңкі, батыс туясы

| Сүйір жапырақты үйеңкі, кәдімгі жұпаргүл

| Кәдімгі қарағай, тал

| Терек, үлпілдеген қайың

| Қарапайым шегіршін, кәдімгі шырша

~ Статистикалық талдау барысында темір жолдан алшақ емес орналасқан Н. шағын ауданының тұрғындары терапевтке жиі көңіл-күйінің нашарлауына, үрейге, бас ауруына, кардиалгияға шағыммен келетіні анықталды.

Берілген жағдайда тұрғындардың терапевтке келуіне не себеп болды?

| Ифрадыбыс көзі

| Электромагнит өрістерінің көзі

| Радиация көзі

| Ультрадыбыс көзі

| Инфрақызыл сәулелерінің көзі

~ Ірі С. қаласының тұрғындарын анкеталық сұрау барысында негізгі бөлігін шаруашылық саласында жұмыс істейтін тұрғындар құрайтыны анықталды.

Берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген тұрғындар қандай топқа жатады?

| Қалатүзуші

| Қызмет көрсетуші

| Әрекетсіз

| Қосымша

| Негізгі

~ К. қаласының тұрғындарының 1/3 бөлігін қызмет көрсетуші топ құрайды.

Берілген жағдайда қаланың қызмет көрсетуші нысандарына қайсылары жатады?

| Жууханалар, дүкендер

| Металлургиялық зауыттар

| Жануаркүту фермалары

| Әскери бөлімдер

| Текстильді фабрикалар

~ А. өндірістік қаласының тұрғындарының көпшілігін тереңдетілген медициналық тексеру барысында спецификалық өкпе грануломатозы анықталды.

Берілген жағдайда тұрғындарда осы аурудың дамуына не себеп болды?

| Атмосфералық ауа құрамында бериллийдің болуы

| Ауыз су құрамында қорғасынның болуы

| Топырақтың құрамында фтордың болуы

| Тағам өнімдерінің құрамында күшән болуы

| Атмосфералық ауа құрамында мыстың болуы

~ Алюминий және суперфосфат зауыттарының шығарыстарының әсер ету аймағында өмір сүретін тұрғындардың көпшілігінде тістердің ауруы – флюороз анықталды.

Берілген жағдайда тұрғындарда осы аурудың дамуына не себеп болды?

| Фтор қосылыстарының ингаляциялық енуі

| Фтор қосылыстарының жанаспалы енуі

| Фосфор қосылыстарының ауыз су арқылы енуі

| Қорғасын қосылыстарының асқазан-ішек жолдары арқылы енуі

| Бериллий қосылыстарының ингаляциялық енуі

~ Цемент зауытының шығарыстарының әсер ету аймағында Н. қаласының тұрғындары арасында тереңдетілген медициналық қарау кезінде өкпе ауруларының жоғарылағаны анықталды.

Берілген жағдайда ауруды төмендету үшін бірінші кезекте қандай санитарлық-гигиеналық шара қолдану қажет?

| Жаңа технологиялық үрдіс енгізу

| Жыл сайын медициналық тексеру өткізу

| Жасыл желектерді отырғызуды жоғарылату

| Ауа сапасын үздіксіз бақылау

| Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

~ У. қаласының алюминий зауыттарының шығарыстарының әсер ету аймағы тұрғындарының арасында тереңдетілген медициналық қарау барысында флюороз аурушаңдығы жоғарылағаны анықталды.

Берілген жағдайда ауруды төмендету үшін бірінші кезекте қандай гигиеналық шара қолдану қажет?

| Ескі қондырғыларды жаңасына ауыстыру

| Көгалдандыру ауданын ұлғайту

| Зертханалық зерттеу үшін ауа сынамасын алуды жүргізу

| Жылына 2 рет тұрғындарды медициналық тексеру

| Бақылау бекеттерін орнату

~ Ірі өндірістік К. қаласының атмосфералық ауасын гигиеналық аспаптық зерттеу барысында 3-4 бензапирен химиялық затының жоғары құрамы анықталды.

Берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген заттың болуы қандай аурудың дамуына алып келуі мүмкін?

| Қатерлі ісіктердің

| Созылмалы гастриттердің

| Полиартриттердің

| Аллергиялық аурулардың

| Дерматиттердің

~ Аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманына болашақ құрылыс нысаны мен жергілікті жерде оның айналасындағылар көрсетілген карта ұсынылды.

Берліген жағдайда қандай құжат туралы айтылған?

| Жағдайлық жоспар

| Бас жоспар

| Қоршаған ортаны қорғау жоспары

| Түсіндірме хат

| Сметалық құжатнама

~ C. қаласында жаңа эндокринологиялық орталықтың құрылысы жоспарлануда. Бас маманға берілген нысанның жұмыс жобасы ұсынылды.

Берліген жағдайда маманмен құрылысқа жер телімін бөлу кезінде бірінші кезекте қандай көрсеткіштер есепке алынуы тиіс?

| Топырақтың физико-химиялық қасиеттері

| Топырақтағы бейорганикалық заттар құрамы

| Топырақтың құнарлылығы

| Телімнің қала орталығынан қашықтығы

| Құрылысқа бөлінген территория ауданының көлемі

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1197. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия