Студопедия — Тағам гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тағам гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары 2 страница






| Ауылда карантин ұйымдастырып, сүтті жою қажет

~ Аудандық тағам зертханасына шошқа еті жеткізілді. Зертханалық зерттеу барысында майда, домаланған, спиральға ұқсап ширатылған, мөлшері тарыдай трихинелланың дернәсілдері табылды.

Берілген жағдайда санитарлық қызмет мамандары қандай шешім қабылдауы қажет?

| ет тағам ретінде пайдалануға болмайды, техникалық жоюды қажет етеді

| тағамға шектеусіз пайдалануға болады

| жануардың зақымдалған мүшелері ғана жойылады

| ауылда карантин ұйымдастырып, етті жою қажет

| алдын-ала жылумен өңдеген соң, пайдалануға болады

~ Фермерлық шаруашылықтан еткомбинатына 500 кг ірі қара малдың еті жеткізілді. Зертханада етке зерттеу жұргізілді және сиыр цепенінің дернәсілдері табылды. Ет көлемінің 40 см-де 6 финна табылды.

Санитарлық қызмет мамандары бұл жағдайда қандай шешім қабылдауы қажет?

| тағам ретінде пайдалануға болмайды, техникалық өңдеу қажет

| тағамға шектеусіз пайдалануға болады

| ауылда карантин ұйымдастырып, етті жою қажет

| жануардың зақымдалған мүшелері ғана жойылады

| алдын-ала жылумен өңдеген соң пайдалануға болады

~ Аудандық санитарлық дәрігерлер жалпы білім беретін мектептегі оқушылардың тамақтануын тексерді. Ас мәзіріне келесі тағамдардан кіреді: көкөніс салаты, 1 тағам – щи, көкөніс сорпасы; 2 тағам –бұқтырылған ет күрішпен, қуырылған балық; 3 тағам – компот, жеміс-жидектер.

Төменде көрсетілген тамақ түрлерінің қайсысы балалар мекемелерінің тамақтануында рұқсат берілмейді?

| Қуырылған балық

| Көкөніс сорпасы

| бұқтырылған ет күрішпен

| Ши

| Көкөністен жасалған салат

~ Аудандық санитарлық дәрігерлер бала бақшада тәулік бойы қалатын балалардың тамақтануын тексерді. Ас мәзірірне келесі тағамдар кіреді: таңғы ас – күріш ботқасы, сүт қатқан шәй, нанға жағылған май; түскі ас – алма қосылған қырыққабат салаты, фрикаделькалар қосылған картоп сорпасы, флот макароны, кепкен жемістен кисель, нан; бесіндік ас – печенье, қант қосылған айран; кешкі ас – көкөніс рагуы, сүт қатқан шәй, жемістер, нан.

Төменде көрсетілген тағамдардың қайсысын ас мәзірінен алып тастау қажет?

| флот макаронын

| фрикадельки қосылған картоп сорпасын

| тары ботқасын

| көкөніс рагуын

| алма қосылған қырыққабат салатын

~Жаңадан салынатын ет комбинатының жобасына санитарлық сараптама жүргізу үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына мынандай құжаттар тапсырылды: түсіндірмелі хат, инженерлік құрал-жабдық, желілер және жүйелер, технологиялық шешімдер, архитекторлық құрылыс шешімдері.

Сараптама жүргізу үшін тағы қандай құжаттар қажет?

| Басқы жоспар

| Санитарлық қорғау аймағының жоспары

| Жер комитетінің шешімі

| Жер телімін бөлу туралы шешім

| Ет комбинатының әр қабатының жоспары

~ Жаңадан салынатын ет комбинатының жобасына санитарлық сараптама жүргізу үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына мынандай құжаттар тапсырылды: түсіндірмелі хат, бас жоспар, инженерлік құрал-жабдық, желілер және жүйелер, технологиялық шешімдер, архитекторлық құрылыс шешімдері.

Жобаны тексеріп аяқтау бойынша қандай құжат толтырылады?

| Қорытынды

| Акт

| Хаттама

| Өкім

| Шешім

~ Жедел жәрдем ауруханасына келесі клиникалық белгілерімен жасөспірім жеткізілді: бас айналу, жүрек айну, тамыр соғуының жиілеуі, судорог және есінен тану. Анасының айтуынан, ол өзі дәрігердің нұсқауынсыз, көру қызметін жақсарту үшін дәрумендік препараттар қабылдағаны анықталды.

Төменде көрсетілген дәрумендердің қайсысы жоғарыдағы клиникалық белгілерді тудыруы мүмкін?

| Ретинол

| Рибофлавин

| Тиамин

| Никотин қышқылы

| Пиридоксин

~ Мектеп асханасында түскі астан 2 сағат өткеннен кейін бірнеше оқушыда іштің бүріп ауруы, жүрек айну, диарея, бас ауруы байқалды. Кейбіреулерінің дене қызуы 390С және одан жоғары болды. Барлық ауырғандар бифштекс жеген.

Бұл улану түрі қандай қоздырғышпен шақырылды?

| Сальмонелладан

| Протейден

| Энтеропатогенді ішек таяқшасынан

| Энтерококктан

| Перфрингенс клостридиясынан

~ Дерматолог қабылдауына 6 жасар қызымен анасы келді. Қарағанда терісінде есекжем түріндегі бөртпелер, тырнаған іздер анықталды.

Баланың жеген тағамдарының қайсысында тағамдық аллергияны туғызу мүмкіншілігі жоғары?

| Апельсин

| Ірімшік

| Алма

| Нан мен май

| Айран

~ Жедел жәрдем ауруханасына ішінің бүріп ауырғанына, басының айналуына, жүрегінің айнып, құсуына шағымданған әйел келіп түсті.

Дәрігер тамақтан улану диагнозын қойды. Тамақтан улану жағдайын тексеру кезінде СЭС дәрігері, улануды шартты-патогенді микроағзалар тудырған деген күдік пайда болды.

Аталған қоздырғыштардың қайсысы берілген улануды тудыруы мүмкін?

| Энтеропатогенді ішек таяқшаларының серотиптері

| Aspergіllus туысындағы саңырауқұлақтар

| Fusarіum туысындағы саңырауқұлақтар

| Энтеротоксинді стафилококктар

| Cl.botulіnum

~ СЭС зертханасы зеңделген жеммен қоректендірілген сиыр етінен афлотоксин құрамын анықтады. Афлотоксин деңгейі рұқсат етілген мөлшерден 5 есе артық.

Осы етті ұзақ қолданатын тұрғындардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы байқалады?

| Бауырдың қатерлі ісігі

| Гломерулонефрит

| Қан аздық

| Атеросклероз

| Вегето – тамырлық дистония

~ Жұқпалы аурулар ауруханасына жүйке жүйесінің, қозғалу координациясының бұзылуы, гемаррагиялар, ісінулер сияқты белгілермен афлотоксинмен жедел улануының клиникалық көрінісімен жасөспірім келіп түсті. Сұрастыру кезінде оның арахисті жиі қабылдайтыны анықталды.

| Микотоксинмен күресу және алдын-алудың қай жолы тиімдірек?

| Арахистің ылғалдануына жол бермеу

| Арахисті сақтау кезінде ас тұзын қосу

| Қолданар алдында архисті жақсылап жару

| Қолданар алдында арахисті мұқият жуу

| Балалар мен жасөспірімдерге жылумен өңделмеген арахисті қолдануға тыйым салу

~ Мамыр айының басында әйел түскі асқа жаңа жиналған саңырауқұлақтарды қуырды. Күйеуімен түстенді. Бірнеше сағаттан соң екеуі жалпы әлсіздікпен және құсумен қатар, асқазан аймағының шаншып ауруын сезінді. Екінші күні сарғаю пайда болды.

Қандай саңырауқұлақтар уланудың себебі болды?

| Боз уқұлақтар

| Ақ саңырауқұлақтар

| Қозықұйрықтар

| Терекқұлақтар

| Тыржыңқұлақтар

~ Гепатитпен ауыратындарға басқа заттардың өт айдағыш әсерін күшейтетін, ішектің жиырылуын тездететін және ағзадан холестериннің шығуын қамтамасыз ететін тағам өнімдері ұсынылады.

Төменде көрсетілген тағамдардың қайсысы осы көрсеткіштерге сәйкес келеді?

| Көкөністер

| Балық

| Сүт

| Ет

| Теңіз өнімдері

~ Терапевт қабылдауындағы ер адам ішінің қатуына шағымданды. Қарап, бірнеше талдаулар жүргізгеннен кейін дәрігер ішек дисбактериозы деген диагноз қойып, тамақ рационын тағамның ішек бойымен қозғалысын жылдамдататын тағамдармен байытуға кеңес берді.

Төменде көрсетілген тағамдық заттардың қайсысы берілген жағдайға сәйкес келеді?

| Клетчатка

| Крахмал

| Көмірсулар

| Майлар

| Ақуыздар

~ Үйде үйрек жұмыртқасынан дайындалған қуырылған жұмыртқаны қабылдағаннан соң 8 сағаттан кейін аурудың келесі симптомдары пайда болды: дене қызуы 390С, бас ауруы, жүрек айну, іш ауруы, кейін іш өту қосылды. Нәжіс сілемейлі жиі болды. Ауру 3 күнге созылды.

Қай ауру берілген жағдайда орын алып отыр?

| Сальмонеллез

| Сібір жарасы

| Туляремия

| Сарып

| Тамақтық ботулизм

~ Қалада, жүрек айну, жиі құсу, әлсіздік, бас айналу, іштің өтуі сияқты клиникалық көрінісімен, тамақтан уланудың бұрқ етпесі пайда болды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зертханалық талдау жүргізілуі қажет?

| Бактериологиялық

| Вирусологиялық

| Гигиеналық

| Эпидемиологиялық

| Радиологиялық

~ Қалалық типті ауылда тамақтан уланудың бұрқ етпесі тіркелді. Аурудың клиникалық көрінісінің негізінде «ботулизм» диагнозы қойылды.

Диагнозды нақтылау үшін төменде көрсетілген тамақ өнімдерінің қайсысы бірінші кезекте талдауға алынуы керек?

| Консервілер

| Қырыққабат

| Пастерленген сүт

| Қайнатылған ет

| Картоп

~ Медициналық тексеріс кезінде тұрғындардың 27%-да С дәруменінің жетіспеушілік белгілері анықталды: қызылиектің ісінуі, уқалаған кезде қанауы, терісі құрғамаса да фолликулярлы гиперкератоздың болуы.

Осындай клиникалық белгілерді шектеу үшін тағам рационын қандай тамақ өнімдерімен байыту қажет?

| Көкөніс және жемістермен

| Ет және балық өнімдерімен

| Сүт өнімдерімен

| Кондитерлік өнімдермен

| Нан-тоқаш өнімдерімен

~ Еңбек қарқындылығының І тобына жататын 40 жасар әйелдің тәуліктік рационын зерттеу кезінде 70г ақуыз, 90г май, 300г көмірсулар, 1000мг кальций, 1200мг фосфорды құрайтыны анықталды. Рационның энергетикалық құндылығы 2200 ккал құрайды.

Тағам рационына қандай өзгеріс жүргізу қажет?

| Ақуыздардың мөлшерін көбейту

| Майлардың мөлшерін көбейту

| Көмірсулардың мөлшерін азайту

| Кальцийдің мөлшерін азайту

| Фосфордың мөлшерін көбейту

~ Медициналық тексеріс кезінде металлургиялық зауыт жұмысшыларының 20%-да дене салмақтарының қалыпты жағдайдан 5-14%-ға артық екендігі және Кетле индексі бойынша – 26-дан 30-ға дейін семіздіктің алғашқы белгілері(1-2 дәреже) анықталды.

Берілген топтың дене салмақтарын қалыпқа келтіру үшін рационнан бірінші кезекте қандай тамақ өнімін азайту қажет?

| Нан өнімдерін

| Шұжық өнімдерін

| Жемістер мен көкөністерді

| Ет және балық өнімдерін

| Сүт және сүт өнімдерін

~ Қаладағы асханалардың бірінде тағамнан улану жағдайы тіркелді. Дәрігерлер «стафилакоккты тағамдық интоксикация» диагнозын қойды.

Осы диагнозды қоюға негіз болған белгіні атаңыз.

| Күмәнді азық-түлікті бактериологиялық зерттеу барысында стафилококка қарсы антиденелер титрінің өсуі (гемагглютинация реакциясы)

| Өзіне тән клиникалық белгілер: жедел және кенеттен басталуы, жедел гастроэнтероколит, дене қызуының сәл көтерілуі

| Бұрқ етпенің санитарлық-эпидемиологиялық тексеру мәліметі

| Науқастың шығарындыларын бактериологиялық тексеру нәтижесі: несеп, үлкен дәреті, құсық, қан

| Бактериологиялық тексеру барысында азық-түліктің стафилококктармен залалданғаны және анықталған өсінділердің гемолитикалық қасиетке ие энтеротоксиндер түзу мүмкіндігі

~ Трихинеллез диагнозымен науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Қандай етті тамаққа қолдану берілген гельминтоздың себебі болды?

| Шошқаның еті

| Сиырдың еті

| Қойдың еті

| Қоянның еті

| Құстың еті

~ Аудандағы санитарлық дәрігерлер бала-бақшадағы балалардың тамақтануын зерттеді. Күндік ас мәзіріне келесі тамақтар кіреді: рассольник сорпасы, сүтті арпа ботқасы, көкөністер қосылған макарон, саңырауқұлақтардан жасалған салат, кисель, қара нан.

Төмендегі аталған тағамдардың қайсысын ұйымдастырылған балалар мекемелерінде беруге болмайды?

| Саңырауқұлақтардан жасалған салатты

| Рассольникті

| Көкөністер қосылған макаронды

| Сүтті арпа ботқасын

| Кисель, қара бидай ұны

~ 25 жастағы жүкті әйелдің тағам құрамындағы минералды заттардың мөлшерін зерттеу барысында 1000 мг кальций, 1200 мг фосфор, 8 мг темір, 400 мг магний, 15 мг мырыш анықталды.

Берілген жағдайда минералды құрамға қандай өзгеріс талап етіледі?

| Темір мөлшерін көбейту

| Фосфор мөлшерін көбейту

| Мырыш мөлшерін көбейту

| Магний мөлшерін азайту

| Кальций мөлшерін азайту

~ 37 жастағы тігіншінің тәуліктік рационын зерттеу барысында 75г ақуыз (оның ішінде 40-ы жануартекті), 90г май (оның ішінде 30-ы өсімдіктекті), 250г көмірсу анықталды. Рационның энергетикалық құндылығы 2000 ккал құрайды.

Берілген жағдайда рационға қандай өзгеріс енгізу қажет?

| Көмірсулардың мөлшерін арттыру

| Тағам құрамының құндылығын арттыру

| Тағам құрамының құндылығын азайту

| Өсімдіктекті майлардың құрамын арттыру

| Жануартекті ақуыздардың құрамын арттыру

~ 13 жастағы қыздың тәуліктік рационындағы ақуыз, май және көмірсулардың арақатынасы 1:1:3 құрайды.

Гигиеналық оңтайландыру мақсатында рацион құрамына қандай өзгерістер енгізу қажет?

| Көмірсулардың мөлшерін көбейту

| Ақуыздардың мөлшерін көбейту

| Көмірсулардың мөлшерін азайту

| Майлардың мөлшерін арттыру

| Майлардың мөлшерін толығымен жою

~ Тағам гигиенасы бөлімінің СЭС қызметкерлері егде адамдарға арналған демалыс үйінің бір тәуліктегі азық-түліктер жинағына сараптама жасады және ас мәзірі сүт, қойдың майы, ет, қара нан, балықтан тұратынын анықтады.

СЭС қызметкерлері ас мәзірінен қайсы азықты алып тастауды ұсынды?

| Қойдың майын

| Қара нанды

| Етті

| Балықты

| Сүтті

~ Медициналық институттың тағам гигиенасы пәнінде оқушылардың тамақтану тәртібіне талдау жүргізілді және, оқушылардың таңғы асының құндылығы 20%, түскі ас - 40%, кешкі ас- 40% құрайтыны анықталды.

Гигиеналық оңтайландыру үшін оқушылардың тамақтану тәртібіне қандай ұсыныс берілді?

| Кешкі астың құндылығын азайту

| Түскі астың құндылығын азайту

| Таңғы астың құндылығын азайту

| Кешкі астың құндылығын арттыру

| Таңғы астың құндылығын арттыру

~ Бала бақшадағы тағамдық стафилококкты интоксикацияның бұрқ етпесі балмұздақты жегенмен байланыстырылды (жеген балалардың барлығы ауырған).

Балмұздақтың стафилококкпен залалдануы мүмкін көздерді атаңыз (мүмкіндігі жоғары).

| Қолының терісінде немесе денесінің ашық жерлерінде іріңді жарасы бар қызметкер

| Балмұздақты дайындау барысында технологиялық тәртіптің бұзылуы

| Балмұздақты сату мерзімінің бұзылуы

| Балмұздақты тасымалдау ережесінің бұзылуы

| Басқа азық-түліктермен бірге балмұздақты сақтау (мысалы, ет, балық)

~ Саяжайға барған бала-бақшаның орта тобындағы балаларда дәрігер іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, бас айналу, көздің қарауытуы, кейбір балаларда қарашықтың кеңейуі байқады. Барлық топтағы балалардың тамақтану құрамы бірдей. Азық-түліктер орталық қоймадан арнайы көлікпен әкелінген. Зерттеу барысында ата-аналардың өтініші бойынша бұл топтың тәрбиешісі балаларға жолда тұрған жеке тұлғадан таңқурай сатып алғаны анықталды. Жемістер жиналар алдында гербицидтермен өңделген.

Бұл жағдайды аурудың қай тобына жатқызуға болады?

| Пестицидтермен улану

| Тағамдық токсикоинфекция

| Бактериалды токсикоздар

| Микотоксикоздар

| Ауыр металлдармен улану

~ Қала аумағын көгалдандыруға «Жасыл ел» бағдарламасына қатысқан студенттердің барлығы эпигастральды аймақтың ауырсынуына, жүректің айнуына, құсуға, субфебрильді температураға, бас ауруы мен әлсіздікке шағымданған. Барлық жұмысшылар үзіліс кезінде салқындатылған газды сусындарды, минералды суды, қытырлақ картопты, печенье, сүзбелі тоқашты тұтынған.

Төмендегі азық-түліктің қай түрі тағамдық уланудың себебі болды?

| Ірімшік қосылған тоқаш

| Қытырлақ картоп

| Минералды су

| Газдалған сусындар

| Печеньесі

~ Жедел жәрдем бригадасымен аудандық ауруханаға 23 жастағы әйел жалпы әлсіздік, бас ауруы шағымдарымен жеткізілді. Жедел жәрдем шақыртуға мимикалық бұлшық еттердің парезі себеп болды. Науқас сұраққа салғырт жауап беріп, көз алдының тұмандануына шағымданды. Таңғы аста сүзбе, шәй, түскі аста- рассольник, үй жағдайында дайындалған қайнатылған картоп консервіленген баклажанмен, компот, кешкі аста – сүт қатқан шәй, құймақ жеген.

Қандай тағамдық улану туралы айтылуда?

| Ботулизм

| Микотоксикоз

| Эрготизм

| Токсикоинфекция

| Химиялық заттармен улану

~ Жұқпалы аурулар ауруханасына кенеттен бастарының ауруына, жүректерінің айнуына, құсыққа, ішектерінің түйілуіне, қалтырау мен дене температурасының 3 күн аралығында 400С-ға көтерілуіне, құрғақ жөтелге, ал біреуінде шырыш және қан аралас қақырықты жөтелге шағымданып 6 адамнан тұратын жанұя келіп түсті. Олар кешкі тамаққа базардан сатып алған піскен балапан жегені анықталды.

Ауруларға қандай диагноз қойылды?

| Сальмонеллез

| Эрготизм

| Микотоксикоз

| Токсикоинфекция

| Ботулизм

~ Терапевтке өз ауласында әртүрлі көкөністер егетін ауыл тұрғыны келесі шағымдармен қаралды: жиі бас ауруы, тітіркенуі, эйфория, көңіл-күйінің кенеттен өзгеруі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, көрудің төмендеуі, мастық сезімнің болуы, алақан мен табандарында шаншу сезімдерінің болуы, құмарлықты жоғалтуы. Оның жылына екі рет бау-бақшасын пестицидтермен өңдейтіні белгілі болды.

Қандай патология туралы айтылуда?

| Химиялық заттармен улану

| Тағамдық токсикоинфекция

| Тағамдық интоксикация

| Улы тағамдық өнімдермен улану

| Тағамдық микотоксикоз

~ Ауылдан қалалық жәрмеңкеге сату үшін сары май әкелінген.

Сары майдағы сүт майының мөлшері қалыпты жағдайда неше болуы қажет?

| 72,5-82,5%

| 60-63,5%

| 65,3-69%

| 70-70,3%

| 50-58%

~ Ауылдан қалалық жәрмеңкеге сату үшін сары май әкелінген.

Сары майдағы сүт майының мөлшері неше болуы қажет?

| 72,5-82,5%

| 60-63,5%

| 65,3-69%

| 70-70,3%

| 50-58%

~ Педиатрдың қабылдауында 8 жасар қызда бет себореясы, қызылиектің ісінгені, нүктелі қан құйылулармен байқалған қол мен бөксенің бүгілетін беткейлерінің эпителийлерінің шектен тыс қабыршақтануы анықталды.

Қай дәруменнің жетіспеушілігі осындай өзгерістерді тудыруы мүмкін?

| Аскорбин қышқылының

| Ретинолдың

| Тиаминнің

| Цианокабаламинның

| Рибофлавиннің

~ Ауылдық дәрігерлік амбулаториясындағы дәрігердің қабылдауындағы 5 жасар ер балада көздің цилиарлы инъекциясы, ангулярлы стоматит, хейлез, тілдің қызаруы мен себорейлік дерматиті анықталды.

Қай дәруменнің жетіспеушілігі осындай өзгерістерді тудыруы мүмкін?

| Рибофлавиннің

| Ретинолдың

| Тиаминнің

| Цианокабаламиннің

| Аскорбин қышқылының

~ Медициналық тексеріс нәтижесінде Қытай тұрғындарында келесі клиникалық белгілері бар ауру тіркелді: тахикардия, демікпе, ісінулер, іштің ауырсынуы, тәбеттің төмендеуі, іштің қатуы, бұлшық еттің әлсізденуі, Вернике-Корсаков синдромы.

Берілген жағдай қандай ауруға тән?

| Бери-бери

| Минамата

| Цинга

| Квашиоркор

| Пеллагра

~ Ауруханаға 50 жастағы тұрақты мекен-жайы жоқ ер адам дерматит, деменция және диарея қосарланған үш «Д» синдромымен келіп түсті. Анамнезінен оның жиі ашыққаны белгілі болды. Клиникалық көрінісінде қалтырау мен психоз басым. Тәуліктік зәрдің биохимиялық талдауында N-метилникотинамид концентрациясының креатинге қатынасы 0,8ммоль/мольға дейін төмендегені анықталды.

Анамнезін ескере отырып, қандай ауру орын алғанын анықтаңыз.

| Пеллагра

| Бери-бери

| Алиментарлы дистрофия

| Квашиоркор

| Цинга

~ Терапевтің қабылдауындағы 19 жасар студентте ангулярлы стоматит, хейлез, тіл емізікшелерінің гипертрофиясы, бастың шашты жерлерінде және бетте себорейлі, десквамативті дерматит анықталды. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде гипохромды микроцитарлы анемия, эритроциттерде ПАЛФ-эффектісінің 1,8-ден асатыны анықталды.

Бұндай өзгерістер қай дәруменнің жетіспеушілігі кезінде пайда болады?

| Пиридоксиннің

| Ретинолдың

| Тиаминнің

| Аскорбин қышқылының

| Рибофлавиннің

~ Ауруханаға асқорыту мүшелерінің зақымдануы (глоссит, ахилия, ішек дискинезиясы) және қан жасау мүшелерінің бұзылыстарымен ауыр патологиясымен науқас келіп түсті. Зертханалық зерттеу макроцитарлы гиперхромды қан аздықты анықтады.

Берілген жағдай қай адәременділікке тән?

| В12

| А

| С

| Д

| В6

~ Металлургиялық зауыт жұмысшысы тері және шырышты қабаттарының құрғауына, көру өткірлігінің және ымыртта көру мүмкіндігінің төмендеуіне

шағымданды. Көру анализаторын тексергенде қараңғылыққа бейімделушілік

уақытының төмендеуі (5секундтан аз) байқалды.

Жұмысшыда осындай өзгерістерді қай дәруменнің жетіспеушілігі туындатады?







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1524. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия