Студопедия — Тағам гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тағам гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары 3 страница






| Ретинол

| Аскорбин қышқылы

| Тиамин

| Пиридоксин

| Рибофлавин

~ Ауылдық мектепке дейінгі балалар мекемесінде 200 бала арасында Зонне қантышқағының бұрқ етуі пайда болды. 2 күн ішінде әр топтан 27 бала және 4 қызметкер ауырды. Әсіресе ауыр клиникалық түрлері тіркелді.

Бұл жұқпалы аурудың таралу жолы қандай?

| Тағам арқылы

| Тұрмыстық-жанасу арқылы

| Су арқылы

| Жанасу арқылы

| Фекальді-оральді

~ Етті зерттеу кезінде зертхана қызметкерлері сынаманың 40 см2 ауданында 3 өлі финна бар екенін анықтады.

Осы жағдайда сараптаушы қандай шешім қабылдауы керек?

| Етті толығымен жою

| Техникалық утилизацияға жіберу

| Өңдеусіз пайдалану

| Шұжық өндірісінде пайдалану

| Термиялық өңдеуден кейін пайдалану

~ Медициналық институттың студентіне тағам гигиенасы пәнінен мына көрсеткіштермен негізгі зат алмасуды есептеу ұсынылды: жасы – 20-да, салмағы – 56 кг. Тамақтану мен ұйқыны қосқандағы энергия шығыны – 2800 ккал.

Негізгі зат алмасуды есептеу үшін тағы қандай мәліметтер қажет?

| Бойы

| Тұрмыс жағдайы

| Бос уақытын өткізу жағдайы

| Білім деңгейі

| Жанұядағы кіріс мөлшері

~ Стоматолог қабылдауындағы 25 жасар әйелде эмальдың сырылуы, симметриялық тістерде ақ нүктелер мен сызықтар болып, тістерінің жылтырлығын жоғалтқан және күнгірт түсте екендігі анықталды.

Қай минералды заттардың дисбалансы осындай өзгерістерді туындатты?

| Фтор мөлшерінің артуы

| Йодтың жетіспеушілігі

| Кальций мөлшерінің артуы

| Магнийдің жетіспеушілігі

| Натрий мөлшерінің артуы

~ Ауруханадан шыққан науқасқа дәрігер ащы, сүрленген тағамдарды, дәмдеуіштерді, бұршақ тұқымдас тұрыпты, қымыздық, жасыл пияз, табиғи кофе, қара нанды шектеуді ұсынды. Калий тұздарына, дәрумендерге бай тағамдарды пайдалануға кеңес берді. Сүт, сүт өнімдерін, жеміс пен жидектер, шырын және итмұрын қайнатпасын пайдалануды ұсынды.

Осы диета түрі қандай патологиялық жағдайда тағайындалады?

| Зәр шығару жүйесінің ауруларында

| Эндокриндік жүйенің ауруларында

| Асқазан-ішек жолдарының ауруларында

| Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларында

| Тірек-қимыл аппаратының ауруларында

~ Жаңадан салынатын мейрамхананың жобасына санитарлық сараптама жүргізу үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына мынандай құжаттар тапсырылды: түсіндірмелі хат, бас жоспар, инженерлік жабдықтар, желілер және жүйелер, технологиялық шешімдер.

Сараптау жүргізу үшін қандай құжат жеткіліксіз?

| Архитектуралық құрылыс шешімдері

| Жер комитетінің шешімі

| Санитарлық-қорғау аймағының жоспары

| Жер телімін бөлу туралы шешім

| Ресторанның әр қабатының жоспары

~ Металл құрастыру зауытында жедел тамақтан уланудың соңы өліммен аяқталды. Осы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Берілген жағдайда тергеуді кім басқару керек?

| Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бас дәрігері

| Денсаулық сақтау басқармасының кәсіби патология бойынша маманы

| Мемлекеттік еңбекті қорғау мекемесінің өкілі

| Кәсіпорын басшысы

| Кәсіподақ ұйымының өкілі

~ Асханада тамақтан улану туралы хабарламаны алғаннан кейін МСЭҚД тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. 5 күн ішінде жағдай алған орынды тексеріп, куәгерлерді сұрастырып, тағамды дайындау жағдайын және таратылу шарттарын, тез бұзылатын тағамдардың сақталу мерзімдерін тексеріп, алдын-алу шараларын ұйымдастырды және тексеру нәтижелері бойынша акт толтырылды.

Болған жағдайды тексеру кезінде комиссия қай жерде қателік жіберді?

| Тергеу мерзімдерінде

| Куәгерлерді сұрастыруда

| Жұмысты бағалауда

| Алдын-алу шараларын ұйымдастыруда

| Тергеу актісін толтыруда

~ Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мектеп оқушыларының тамақтан уланғаны туралы хабарлама алды. Себебін анықтау үшін тергеу жүргізілді және ұйымдастырылды.

Тергеу нәтижесі қай уақыттан кешіктірілмей көрсетілуі тиіс?

| 7 тәуліктен

| 2 тәуліктен

| 3 тәуліктен

| 5 тәуліктен

| 1 тәуліктен

~ 1-санаттағы сиыр етін тексеру барысында анықталды: органолептикалық қасиеті балғын етке сай. Ұшаның әр бөлігінен (көк ет, тіл, қабырға аралық еттер және т.б.) алынған 24 кесіндіні микроскоппен қарағанда бір капсула түзген трихинелла (дернәсіл) анықталды.

Гигиеналық қорытынды беріңіз:

| есептің берілуі дұрыс емес: трихинелламен ірі қара мал емес, шошқа еті зақымданады.

| ет балғын, жеуге жарамды, гигиеналық нормаға сай 24 кесіндіде трихинелла мөлшері бірден аспауы тиіс.

| еттің балғындығына қарамастан оны өртеу немесе көму арқылы толық жою қажет, себебі трихинелламен залалданған.

| еттің балғындығына қарамастан трихинелламен залалданғаны үшін техникалық өңдеуге жіберген жөн.

| еттің балғындығына қарамастан ол шартты түрде жеуге жарамды: термиялық өңдеуден соң пайдалануға болады.

~ Жаңадан салынатын нан зауытының жобасына санитарлық сараптама жүргізу үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына мынандай құжаттар тапсырылды: түсіндірмелі хат, инженерлік қондырғылар, желі және жүйелер, технологиялық шешімдер, архитектуралық құрылыстық шешімдер.

Сараптау жүргізу үшін қандай құжат жеткіліксіз?

| Басқы жоспар

| Санитарлық қорғау аймағының жоспары

| Жер комитетінің шешімі

| Жер телімін бөлу туралы шешім

| Әр қабаттың жоспары

~ Шошқа етінің әр бөлігінен (көк ет, тіл бұлшық еті, көмекей, құрсақ және қабырға аралық бұлшықеттер) алынған 24 кесіндіні гельминтологиялық тексеру барысында екі капсула түзген трихинелла анықталды. Малды соятын жерде етті 3 сағат зарарсыздандырылды және таратуға жіберілді.

Қабылданған шешімнің дұрыстығына баға беріңіз:

| қабылданған шешім дұрыс емес: ұшаны техникалық өңдеуге жіберу қажет

| қабылданған шешім дұрыс емес: етті жою қажет

| қабылданған шешім дұрыс

| қабылданған шешім дұрыс емес: ет шартты түрде жарамды, сондықтан тұзды сумен зарарсыздандырған соң, 24 сағаттың ішінде сату қажет

| қабылданған шешім дұрыс емес: ет шартты түрде жарамды, -12˚С температурада мұздатып, 10 тәуліктің ішінде пайдаланған жөн

~ Тағамдық улануды зерттеу кезінде санитарлық дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсеткен қызметкердің толтырған медициналық құжаттарымен, аурудың пайда болу жағдайын және уақытын, клиникалық белгілері,қандай материал алынғанымен және зертханалық зерттеуге жіберілгенімен мұқият танысты. алынған материалдар туралы мәліметтер көрсетілген.

Сұрау кезінде дәрігер науқастан тағы не жайлы сұрауы қажет?

| Соңғы 2 тәулікте қандай тағамдарды пайдаланды?

| Терапевте есепте тұра ма?

| Тәулігіне неше мәрте тамақтанды?

| Тамақтануда қандай азық-түліктерді көбірек пайдаланды?

| Диета ұстана ма?

~ Санитарлық дәрігерлер жоспарлы түрде орталық базарды тексерді. Тексеру барысында төмендегідей кемшіліктер анықталды: базарда залалсыздандыру тәртібі сақталмайды, залалсыздандырғыш заттар жеткіліксіз көлемде. Сатушылар санитарлық киіммен қамтамасыз етілмеген. Кремдік торттар және үй жағдайында дайындалған тағамдар, нан ашық сөрелерде сатылуда. Азық-түліктердің тауар көршілестігі сақталмайды.

Санитарлық дәрігерлер қандай шешім қабылдауы қажет?

| Акт жазып, хаттама толтыруы қажет.

| Базарды жабуы қаажет.

| Ұйғарым толтырған жөн.

| Акт жазып, қорытынды толтыруы қажет.

| 10000 теңге көлемінде айып пұл салуы қажет.

~ СЭС қызметкерлері кафеге тексеру жүргізді. Тексеру барысында анықталды: кафе арнайы салынған 1 қабатты ғимаратта орналасқан. Ас ішетін залы, 4 кабинкасы, ас блогы, қойма және қосымша бөлмелері бар. Барлық бөлмелердің ауданы жеткілікті мөлшерде. Ас блогы 2 бөлмеден тұрады, үстінде сору шкафы орнатылған газ плитасы бар. Ыдыстарды жуатын бөлмеде 3 ұяшықты ванна, ыдыстарды сақтайтын сөрелер бар. Ыдыс жуатын бөлменің қабырғасына 1,8 м биіктікке дейін плиткалар жабыстырылып, төбесі әктелген. Еденге линолиум төселген.

СЭС қызметкерлері қандай кемшілік тапты?

| Бөлменің төбесі сулы-эмульсиямен боялуы тиіс.

| Ыдыс жуатын бөлменің қабырғасы толығымен тақтайшалармен қапталуы тиіс.

| Ас блогында кем дегенде 4 бөлме болуы қажет.

| Барлық бөлмелердің еденіне ағаш төсеу қажет.

| Барлық бөлмелер сору шкафтарымен жабдықталуы тиіс.

~ 20 жастағы ОҚМФА-сы студенттің тәуліктік тағам рационын зерттеу барысында рационның құндылығы 2000 ккал, жануарлар ақуызы 50%, өсімдік майы 25%, ақуыз, май, көмірсудың арақатынасы 1:1:5,8, Са:Р= 1:1,5 екендігі анықталды.

Рационға гигиеналық тұрғыда қандай баға беруге болады?

| Рациондағы жануарлар ақуызы мен өсімдік майының мөлшері аз, Са:Р арақатынасы бұзылған.

| Рационның барлық көрсеткіштері талапқа сай емес.

| Рационның барлық көрсеткіштері талапқа сай.

| Рационның құндылығы нормадан төмен.

| Рационда ақуыз, май, көмірсудың арақатынасы сай емес.

~ СЭС қызметкерлері жеке кәсіпкердің кафесін жоспарлы түрде тексерді. Тексеру барысында анықталды: кафе аумағы абаттандырылған, көгалдандырылған, су және кәрәз жүйелері орталықтандырылған. Жылыту, желдету, жарықтандырылуы талапқа сай. Өндірістік стөлдер мен құралдарға бегі қойылмаған. Залалсыздандыру тәртібі сақталмайды. 3 азпазшының санитарлық кітапшасы жоқ.

Жеке кәсіпкерге қандай шара қолдануға болады?

| Хаттама толтырып, айып пұл салу қажет.

| Акт толтырып, кафені жабу қажет.

| Кемшіліктер туралы салық қызметіне хабарлаған жөн.

| Қызметінен аластату қажет.

| Қатаң сөгіс жариялаған дұрыс.

~ СЭС қызметкерлері азық-түлік дүкеніне жоспарлы түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында анықталды: дүкен арнайы салынған ғимаратта орналасқан, сату залы, қоймасы бар, су және кәріз жүйелері орталықтандырылған. Жарық, желдету, жылыту жүйелері талапқа сай. Тағамдық азық-түліктердің сақталуы мен сатылу тәртібі бұзылмаған. Тауар көршілестігі сақталады. Залалсыздандыру заттары жеткілікті және залалсыздандыру тәртібі сақталады.

Дүкенді жоспарлы тексеруі бойынша қорытынды беріңіз?

| Азық-түлік дүкен санитарлық гигиеналық талаптарға толығымен сай.

| Азық-түлік дүкені құрылыстық норма мен ережеге толығымен сай.

| Дүкен техникалық жағдайларға сай.

| Дүкен нормативті құжаттарға сай емес.

| Дүкен СЭС қызметкерлерінің талабына сай.

~ Тағам зертханасының қызметкерлері 1-соттағы бидай нанын зерттеу жүргізді және бидай нанының түсі ашық сары, дәмі мен иісі жағымды жаңа піскен нанға тән, нанның жұмсағын шәйнаған кезде тісте ештеңе байқалмайды, ылғалдылығы 65%, кеуектілігі 70%, қышқылдылығы 4 градус екендігі анықталды.

Берілген қандай көрсеткіш гигиеналық талапқа сай келмейді?

| Ылғалдылықтың

| Түсінің

| Кеуектілігінің

| Ішкі жұмсағының

| Қышқылдылығының

~ Тағам зертханасының қызметкерлері сүтке зерттеу жүргізді және зерттеу барысында анықтады: сүтттің консистенсиясы біртекті, дәмі мен түсі жаңа сауылған сүтке тән жағымды, түсі ақшыл, кішкене сарғыш реңі бар, қышқылдылығы 30 Тернер градусымен, тығыздығы 1,027г/см, майлылығы 3,2%.

Берілген қандай көрсеткіш гигиеналық талапқа сай келмейді?

| Қышқылдылығы

| Сыртқы түрі

| Түсі

| Тығыздығы

| Майлылығы

~ Тағам зертханасының қызметкерлері етке зерттеу жүргізді және органолептикалық зерттеу жүргізу барысында анықтады: ет қанық қызыл түсті, кескен кезде мраморностілігі жақсы, әлсіз ылғалдылығы; консистенциясы қалыпты – саусақпен басқан кезде шұңқыр тез қайта қалпына келеді; иісі балғын; еттің майы ақшыл сарғыш түсте; сүйек қуысы сарғыш түсті, қатты, сүйек қуысы толы.

Еттің балғындылығына баға беріңіз.

| Ет балғын.

| Еттің балғындығы күмәнді.

| Ет балғын емес.

| Ет бұзылған.

| Ет залалданған.

~ Тағам зертханасының қызметкерлері етке зерттеу жүргізді және органолептикалық зерттеу кезінде анықтады: еттің беткі қабаты кепкен, қара түсті қабыршақталған; кескен жері ақшыл түсті, жылтырамайды, жабысқақ қасиеті сезіледі, консистенциясы эластикалық емес - саусақпен басқан кезде пайда болған шұңқыр қайта қалпына әзер келеді; әлсіз қышқыл иісі бар; еттің майы сұрғылт түсті, қолға жабысады; сүйек қуысындағы майдың түсі қара, жұмсақ, сүйек қуысын толық толтырмайды.

Еттің сапасын баға беріңіз.

| Еттің балғындығы күмәнді.

| Ет балғын.

| Ет балғын емес

| Ет залалданған.

| Ет қатты ысталған.

~ Тағам зертханасының қызметкерлері етті зерттеу барысында анықтады: еттің беткі қабаты құрғақ, кейбір жерлері көгерулер бар; кескен жері жасылдау түсті; консистенциясы солғын - саусақпен басқан кезде шұңқыр қайта қалпына келмейді; шіріген иісі бар; еттің майы сұр күңгірт түсте, саусаққа жабысады; жілік майы серпімділігі толығымен бұзылған, сүйектен ажыратылған.

Еттің сапасын бағалаңыз.

| Ет балғын емес.

| Ет балғын.

| Еттің балғындығы күмәнді.

| Ет залалданған.

| Ет қатты ысталған.

~ Тағам зертханасының қызметкерлері балықты зерттеу барысында анықтады: балықтың сырты таза, қабыршақтары жылтыр, терісінен әзер ажыратылады. Желбезегі ашық қызыл түсті, балыққа тән иісі бар.

Балықтың сапасына баға беріңіз.

| Балық балғын.

| Балық балғын емес.

| Ысталған балық.

| Мұздатылған балық.

| Сапасыз балық.

~ Тағам зертханасының қызметкерлері балықты зерттеу барысында татталған жері және бар екенін анықтады.

Мұндай ақаулар қандай балыққа тән?

| Тұздалған балыққа

| Балғын балыққа

| Ысталған балыққа

| Салқындатылған балыққа

| Мұздатылған балыққа

~ Тағам зертханасының қызметкерлері балық консервісін зерттеді. Зерттеу барысында зат белгісіне, 3 қатарлы бедерлемесіне назар аударды.

Бедерлемедегі сандардың 2 - қатары нені білдіреді?

| Ассортименттің және аусымның нөмірін.

| Зауыттың нөмірі мен индексін.

| Өнімнің шыққан күнін, айын, жылын.

| Сақталу мерзімін.

| МЖСТ нөмірін.

~ СЭС қызметкерлері нан сататын дүкенді тексеру барысында нанның картоп ауруымен залалданғанын анықтады.

Картоп ауруының дамуына не себеп болды?

| Ылғалдылықтың жоғары болуы.

| Температураның төмен болуы.

| Температураның жоғары болуы.

| Нанның кеуектілігінің төмен болуы.

| Нан қышқылдылығының жоғары болуы.

~ СЭС қызметкерлері нан сататын дүкенді тексеру жүргізді. Тексеру барысында нан өнімдерін сату және таратылуы гигиеналық талапқа сай. Нан өнімдерін сақтау үшін арнайы сөрелер орнатылғанын анықтады.

Картоп ауруларының алдын алу үшін санитарлық дәрігерлер қандай ұсыныс жасады?

| Сөрелерді сірке қышқылының ерітіндісімен сүрту.

| Бөлмені күнделікті желдету.

| Сөрелерді ылғалды шөберекпен сүрту.

| Залалсыздандыру тәртібін қатаң сақтау.

| Арнайы шкафтармен жабдықтау.

~ Жаздық кафеде тағаммен улану тіркеліп, нәтижесінде 10 адам зардап шекті.

СЭС қызметкерлерінің кафені жабу туралы шешім шығаруға құқығы бар ма?

| Құқығы бар.

| Құқығы жоқ.

| Тек соттың шешімімен жаба алады.

| Жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен жаба алады.

| Прокуратураның шешімімен жаба алады.

~ СЭС-тің тағам гигиенасы бөлімінің дәрігерлері ауруханаға тексеру жүргізді, тексеру барысында анықталғаны: әр қабатта тағамды тарататын орын қарастырылған. Тағамды қабылдау уақатында ас ас блогынан арнайы белгі салынған эмальданған шелектермен әкеледі. Ас тарататын бөлмеде арнайы столдар жабдықталған. Әр бөлімшеде екі бөлме кептіру ыстық шкафтармен және тоңазытқыштармен жабдықталған. Ыдыстарды жуу тәртібіне ескертпелер бар. Ауыр науқастардан басқалары аурухана асханасынан тамақтанады. Науқастарға тамақты палаталарды тазалайтын қызметкер таратады.

СЭС қызметкерлері қандай кемшілікт анықтады.

| Палатаны тазалайтын қызметкердің тағамды таратуға жіберілмейді.

| Ас блогынан тағамды арнайы кастрюльдермен тасымалдау қажет.

| Барлық науқастардың палаталарда тамақтанғаны жөн.

| Тағам әр бөлімшенің өзінде дайындалуы тиіс.

| Әр бекеттің өзінде тағам тарататын орын болуы тиіс.

~ СЭС-тің тағам гигиенасы бөлімінің дәрігерлері аурухананың ас блогына тексеру жүргізді. Тексеру барысында анықталғаны: ас блогы бір қабатты, бөлек тұрған ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Су және кәріз жүйесі қалалық коммуникация желісіне қосылған. Жарықтануы аралас, жеткілікті. Желдету жүйесі табиғи, ал тағам дайындайтын цехта сору желдету жүйесі орнатылған. Құжаттарға тексеру жүргізілді.

СЭС қызметкерлерінің қай құжатты тексеруге құқығы жоқ?

| Қызметкерлердің жұмысқа шығу журналын.

| Әр қызметкердің жеке медициналық кітапшасын.

| Тағамды С-дәрумендеу журналын.

| Бракеражды журналын.

| Қызметкерлерді медициналық тексерілуін тіркеу журналын.

~ Жұқпалы аурулардың шығу себебі, пайда болу жағдайы мен таралу жолдарын анықтау үшін... жүргізіледі.

| санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу

| санитарлық-эпидемиологиялық тексеру

| санитарлық-эпидемиологиялық қарау

| санитарлық-эпидемиологиялық тәжірибе

| санитарлық-эпидемиологиялық сараптама

~ Өнімнің белгілі бір стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін... жүргізіледі.

| санитарлық –эпидемиологиялық тексеру

| санитарлық –эпидемиологиялық сараптама

| санитарлық –эпидемиологиялық қарау

| санитарлық –эпидемиологиялық зерттеу

| санитарлық –эпидемиологиялық бағалау

~ Зерттелетін нысанның қасиеттерін, сандық және сапалық сипаттамаларын, сондай ақ өмір сүру ортасы мен тұрғындар денсаулығының арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін... жүргізіледі.

| санитарлық –эпидемиологиялық зерттеу

| санитарлық –эпидемиологиялық сараптама

| санитарлық –эпидемиологиялық тексеру

| санитарлық –эпидемиологиялық тәжірибе

| санитарлық –эпидемиологиялық бағалау

~ Өмір сүру ортасындағы зиянды факторлардың адамға әсер ету деңгейін және санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды болжамдау үшін... жүргізіледі.

| санитарлық – эпидемиологиялық бағалау

| санитарлық – эпидемиологиялық сараптама

| санитарлық – эпидемиологиялық тәжірибе

| санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау

| санитарлық – эпидемиологиялық зерттеу

~ ОҚМФА студентінің тәуліктік тағам рационы келесі тағам мен сусындардан тұрады: таңғы ас – сүтке дайындалған жарма ботқасы, шәй және маймен бутерброд; түскі ас – рассольник, қой етінен дайындалған палау, компот бәлішпен; кешкі ас – құймақ тосаппен, қара кофе. Рационның энергиялық құндылығы – 2450 ккал.

Қандай гигиеналық қорытынды жасауға болады?

| Рационда шикі көкөністер, жемістер жоқ, көмірсулардың мөлшері артық; кешкі асқа қара кофені пайдалануды ұсынылмайды.

| Рациондағы тағамдар мен сусындар, сондай ақ тағамдардың құндылығы гигиеналық талаптарға сай емес.

| Рациондағы тағамдар мен сусындар, құндылығы гигиеналық талаптарға сай.

| Рационда көмірсулардың мөлшері көп, сондықтан құндылығы жоғары; кешкі асқа қара кофені пайдалануға болмайды.

| Рационның бір ғана кемшілігі бар - кешкі асқа қара кофені пайдалану.

~ ОҚМФА оқытушысының (әйел, 28 жаста) тәуліктік тағам рационын бағалауда белгілі болды: тағамның құндылығы – 2000 ккал, 3 реттік тамақтанады. Тәуліктегі жануарлар ақуызы – 55%, өсімдік майы – 30%, жәй қанттар – 50%. Дәрумендермен қамтамасыз етілуі: С – 85 мг, А – 2 мг (2000 мкг), В1 – 2,5 мг, минералды тұздар: Са – 1100 мг, Р – 1200 мг, Ғе – 10 мг.

Тағам рационына гигиеналық баға беріңіз.

| Жәй қанттардың мөлшері көп, ал темір – жетіспейді.

| Өсімдік ақуызы мен С дәруменінің мөлшері аз.

| Ретинолдың мөлшері аз, кальций - фосфор арақатынасы бұзылған.

| Барлық дәрумендердің мөлшері аз.

| Рационның құндылығы мен жануарлар ақуызының мөлшері төмен.

~ СЭС қызметкерлері ет комбинатын тексеру барысында жергілікті туберкулез ошағы бар малдың ұшасын анықтады.

СЭС қызметкерлері қандай шешім қабылдау қажет?

| Локальды туберкулез ошағын жойып, ұшаның залалданбаған бөлігін пайдалануға болады.

| Ұшаны тез арада жойып, залалсыздандыру жұмыстарымен қатар карантин ұйымдастырған жөн.

| Жылумен өңдеген соң етті пайдалануға болады.

| Ет пайдалануға жарамсыз.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1339. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия