Студопедия — АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 18 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 18 страница






\/

/\

Науқас К., 36 жас, денесінде петехиальды-дақты бөртпе пайда болды қызыл иекті, мұрыннан қан кету мазалайды. Көкбауыр шеті пальпацияланады. Қанда - Эр. 4,0 х 1012/л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгермеген, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Науқасттың сүйек кемігінде қандай өзгерістер болуы барынша тән?

- Сүйек кемігінің босап қалуы

- Бластоз 30% жоғары

- Плазмоклеткалық инфильтрация

- Қан жасау мегалобластты

+ Мегакариоцитарлы өсінділерінің тітіркенуі

\/

/\

Ер адам 37 жаста стационарға мұрыннан қан кетуге, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары әлсіз бозарған, аяқтарында және денесінде әртүрлі көлемде көгерулер бар. Қан анализінде: Эритроцит – 3,8*10/12/л; Нв-123 г/л; тромбоцит 63*10/л, Лейкоцит – 5,2*10/9/л, Нейтрофил: с/я –44 %, т/я – 3%, Моноцит – 4%, Лимфоцит – 49%, ЭТЖ –12 мм/сағ. Науқасқа тағы қандай зерттеу жүргізу керек?

+ Жұлынға пункция жасау

- Ph-хромосоманы зерттеу

- Миелопероксидазаға реакция

- Цитогенетикалық зерттеу

- Шеткері қан жасушаларын иммунофенотиптеу

\/

/\

Әйел 34 жаста жалпы әлсіздікпен, тамағының ауруына, қызыл иектің қанауымен қаралған. Тері қабаты бозарған, көптеген бөртпелер мен экхимоздар бар. Бадамшаларында - некроздық жабындылар бар.Жақ асты лимфа бездері мен көк бауыры пальпацияланады. Қанда: Эритроциттер – 2,3 млн. Hb- 73 г/л, лейкоциттер – 24 мың, бластты жасушалар – 98 %; сегмент таяқшалар – 2 %, тромбоциттер – 35 мың, ЭТЖ – 53 мм/сағ. Цитохимияда: миелопероксидаза реакциясы – оң. Иммунофенотиптеу: CD 11.CD 13.CD 14.CD15. Аталған диагноздардың кайсысы нақтырақ?

- Созылмалы миелолейкоз

- Созылмалы лимфолейкоз

- Жедел лимфобласты лейкоз

- Миелодиспластикалық синдром

+ Жедел лимфоблассыз лейкоз

\/

/\

52-жасар ер адам эндокринологқа кезекті диспансерлік тексерілуге келді. Шағымдары жоқ. 5 жыл бұрын қант диабеті анықталған. Көмірсу алмасуын коррекциялау мақсатында диетотерапия и фитотерапия қабылдайды. Объективті статусы: дене температурасы 36,70С, АҚ 140/85 мм рт.ст., ЖСЖ 72 рет\мин, ТЖ 18 рет\мин. Гликемия ашқарынға 5,9 ммоль/л аспайды; зәрде - аглюкозурия.

Төменде берілген әдістердің қайсысы қант диабетінің компенсация дәрежесін анықтайды?

+ Гликозилирленген гемоглобин анықтау

- Глюкозуриялық профиль

- Гликемиялық профиль

- Көмірсуға толеранттылықты анықтау

- Глюкозаны аш қарынға анықтау

\/

/\

35 жастағы әйел адамда стресстен кейін жүрек аймағында ауыру сезімі, ашуланшақтық, әлсіздік, денедегі діріл пайда болды. Қарап тексергенде: тәбетінің төмендеуі, гипергидроз, пальпациялағанда қалқанша безінің бірінші дәрежеге дейін ұлғаюы анықталады. Жүрек тондары айқын, ЖСЖ - 120 рет/мин. АҚ - 150/70 мм с.б.

Диагнозды нақтылуға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

- Жалпы Т3 және ТТГ анықтау

- Жалпы Т4 және ТТГ анықтау

- Тиреоглобулинге антиденелерді зерттеу

- Тиреопероксидазаға антиденелерді зерттеу

+ Т3 және Т4, ТТГ бос фракцияларын анықтау

\/

/\

Әйел 22 жаста ауруханаға вирусты гепатит күмәнданып түсті, ол маркерлік диагностика нәтижелері арқылы жоққа шығарылды. Адекватсыз әс-әрекеттер, тремор анықталады. Биохимия: АЛТ – 2,2 ммоль/л. УДЗ: бауыр паренхимасының тығыздалуы. Анамнезінде 6 ай бойы оральды контрацептивтер қабылдаған. Көзін қарау кезінде анықталды (фото). Сарысу церулоплазмин деңгейі анықталды – 0,17 г/л (норма 0,16–0,45 г/л). Диагностиканың келесі кезеңінде қандай зерртеу жүргізу керек?

 

- Ферритин деңгейін анықтау

- Анти-lkm-1 деңгейін анықтау

- 1-антитрипсин деңгейін анықтау

+ Мыстың зәрмен тәуліктіік бөлінуін анықтау

- Мырыштың зәрмен тәуліктіік бөлінуін анықтау

\/

/\

65 жастағы ер адам бас айналуға, әлсіздікке шағымданады; кейде қысқа уақытты синкопемен пульстің 35 рет мин дейін баяулауын анықтаған. ЭКГ: AV-блокада II дәрежесі Мобитц II. Тұрақты электрокардиостимулятор имплантацияланған, варфарин тағайындалды. Жүргізіліп жатқан терапияны қадағалау үшін көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША ақпартты болып табылады?

- Халықаралық қалыптастырылған қатынас

- Тромбоциттер агрегациясы

- Тромбоцитов адгезиясы

+ β-нафтолды тест

- Фибриноген

\/

/\

Аяқтарының варикозды ауруы бар 56 жастағы әйелде ентігу, төс артындағы ауру сезімі, қан қосындылары бар жөтел пайда болды. ЭКГ-да: ЖЭО оңға ығысуы, QIII S1.. Қарағанда: аяқтарының варикозды тамырларының кеңеюі. Өкпеде: оң жақта ылғалды сырылдар, перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Бірінші кезекте қандай көрсеткішті анықтау барынша тиімді:

- Халықаралық қалыптастырылған қатынасты (МНО)

- Милы натрийуретикалық пептидті

- КФК-ң МВ фракциясын

- Тропонин

+ Д- димер

\/

/\

32 жастағы ер адамда тізе және жамбас буынының артриті, табан-фалангалық буындардың артриті, оң қолдың 2-4 саусақтарының және сол қолдың 3-4 саусақтарының проксималды және дистальды фаланга аралық буындарының артриті; жамбас бұлшықеттерінде ауыспалы ауру сезімі. Қарап тексеру кезінде баланопостит, жайылған лимфаденопатия, алақанында бірнеше пустулалар, табандарының гиперкератозы, ахил сіңірінің ауру сезімі. Анамнезінде: соңғы бір жылда 15кг дене массасын жоғалтқан, 6 ай бұрын бір ай бойы түсініксіз диарея болған. Науқасқа қандай тексеру жүргізу керек?

- HLA-B27 анықтау керек

- ИФА Cl. Trachomatis-ке

- РПГА Y. Enterocolitica-ға

- ИФА Campylobacter jejuni-ге

+ АИВ-қа ИФА және иммуноблотинг

\/

/\

Науқас Т. 37 жаста қалаға 8 жыл бұрын көшіп келген. Көшіп келгенге дейін жылына 1-2 рет ЖРВИ-мен ауырған, әр эпизодтың ұзақтығы шамамен 10-14 күн болған. Шаршағыштық, тершеңдік, әлсіздікке шағымданады. Объективті тексергенде: науқастың тамақтануы біраз төмендеген, таңдай бадамша бездері борпылдақ, II-дәрежелі гипертрофия. Жақасты лимфа түйіндері 1 см-ге дейін ұлғайған, консистенциясы жұмсақ, эластикалы, қозғалмалы, қалған топтар пальпацияланбайды. Қалған ағзалар мен жүйелерде патология анықталмады. ЖҚА – моноцитоз (9%), ЭТЖ – 22 мм/сағ. Төменде аталғандардың ішінен қай зерттеуді бірінші жүргізу керек.

- Листериозға РПГА

- Лимфа түйінінің биопсиясы

- Жұлын пункциясы

- Гепатит С маркеріне ИФА

+ ВПГ, ВЭБ, ЦМВ антиденелеріне ИФА

\/

/\

35 жасар әйелді 2 жылдан бері тағам немесе дәрі қабылдауға байланыссыз пайда болып, бірнеше сағат ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелер мазалайды. Бөртпе пайда болған кездерде тыныс алудың қиындауы мен жөтел мазалайды, Қақырығында «ақ жармалар(крупинки)». ЖҚА: Эр-2,8х1012/л, Гем – 109 г/л, Л- 5,2х109/л, нейтрофилдер – 60%, эозинофилдер – 25%, лимфоциттер – 15%, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Қандай диагностикалық тактика барынша ұтымды?

- Терілік аллергиялық сынамалар жүргізу

- АІЖ патологиясын анықтау үшін ФГДС жасау

- Спирография және бронхолитикпен сынама жасау

+ Ішектік инвазияның кешенді диагностикасын жүргізу

- H.pylory анықтауға ИФА және уреазды тест жасау

 

\/

/\

Ер адам 47 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, әсіресе майлы тағамнан кейін, тұйық сипатты қатты ауру сезім пайда болады. Сонымен қатар қыжыл, кекіу, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық, терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Мейо-Робсона нүктесінде ауру сезімі бар. Науқаста қандай лабораторлы тексерулер өткізілу керек?

- Липидті профиль

- ГГТП және Сілтілі фосфатаза деңгейі

- Гликемиялық профиль

+ Амилаза және липаза деңгейі

- Алкогольдегидрогенез деңгейі

\/

/\

Әйел 37 жаста үзақ уақыт антибиотикпен ем қабылдағаннан кейін ішінің кебуіне, шуылға, жайсыздыққа, кей жағадайда кіндік аймағындағы ауру сезіміне, үлкен дәретін ұстай алмауына шағымданады.Қарап тексергенде: тәбеті төмендеген, тері қабаты құрғақ, тырнақтары сынғыш келген.Дұрыс ем тағайындау үшін қандай зерттеу жұмысын жүргізген дұрыс?

- Дем шығару кезіндегі сутегінің мөлшері

- Дуоденальды зондтау

+ Дисбактериозға нәжіс анализі

- Копрологиялық

- Колоноскопиялық

\/

/\

56 жасар әйел адам. Қан құюдан 6 айдан соң гепатит маркерлеріне ИФА жасалды: HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – әлсіз оң, HBeAg – оң, anti HBe – теріс; anti-HCV – теріс. ПТР HBV ДНК – 3,4х104 көшірме/мл. Науқасқа төменде көрсетілген қандай иммунологиялық зерттеу жүргізу қажет?

- NS3, NS4, NS5 HCV- ға антиденелер

- HGV- ға антиденелер

- ВИЧ- ға антиденелер

+ HDV- ға антиденелер

- CMV- ға антиденелер

\/

/\

Әйел 26 жаста, бірінші жүктілікте жүктіліктің үзілу қаупі дамыған кезде дюфастон (дидрогестерон) тағайындалды. Дюфастонды қабылдаудан 2 аптадан кейін тері қышуы, трансаминазалар көрсеткіштерінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) байқалған. Препаратты тоқтатқаннан кейін көрсеткіштер төмендеген. Дені сау бала туылады. Екінші жүктілік: 8-9 апталық кезінде дюфастон 10 мг күніне 2 рет тағайындалған. 2 аптадан кейін жүрек айну пайда болды, АЛТ – 982 Ед/л, АСТ – 1072 Ед/л. Билирубин жалпы – 119,0 мкмоль/л, билирубин тура – 114,78 мкмоль/л, билирубин тура емес – 4,22 мкмоль/л. Цитолиздік синдромның себебі не болып табылады?

- HELLP синдром

- Дәрілік фульминатты гепатит

- Дәрілік гепатит, цитолиздік вариант

+ Дәрілік гепатит, холестаздық вариант

- Жүктілерде бауырдың жедел майлы дистрофиясы

\/

/\

Науқас бауыр циррозымен асциттің айқын көріністерімен түсті. Сонымен қатар науқаста, белгісіз локализациялы іштің ауруы. Асцит және бауырлық энцефалопатия көріністері соңғы 1 апта ішінде жоғарлаған. ЖҚА: Л – 8,4 х109/л, СОЭ- 22 мм/с. Науқастың жағдайының ауырлауын қандай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?

- Электроэнцефалография

- Сарысуда және зәрде Na, K, Ca деңгеін анықтау

- Сарысуда және зәрде креатинин, мочевина көлемін анықтау

- Құрсақ құысының ағзаларын компьютерлі томографиясы

+ Асциттік сұйықтықты зерттеу (белок, рН, жасушалар, бак.себінді)

\/

/\

33 жасар әйел адам, тексерілуде анықталды: anti HCV IgM – оң; anti HCV total – оң. HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң. Биохимия: АЛТ – 0,74 ммоль/л. АСТ – 0,45 ммоль/л. Билирубин – 25,25 мкмоль/л, тура – 10,95 мкмоль/л, тура емес – 14,35 мкмоль/л. ПТР HCV РНК 3 генотип, 4 800 000 көшірме/мл. ПТР HВV ДНК 10 500 көшірме/мл. Бауыр эластографиясы – F1 Metavir бойынша. Берілген жағдайда вирусқа қарсы терапияның ұзақтығы?

- 24 апта

- 36 апта

+ 48 апта

- 72 апта

- 96 апта

\/

/\

Билирубин деңгейі – 44 мкмоль/л, альбумин – 28 г/л, ПТИ – 67%, асциті, гепатоспленомегалиясы бар науқасқа бауыр биопсиясын жасау ұйғарылды.

Бауыр биопсиясы кезінде қандай асқыну дамуы мүмкін?

- Өңештің варикозды кеңейген көк тамырларынан қан кету

+ Паренхиматозды бауырлық қан кету

- Спонтанды бактериальды перитонит

- Жедел бауырлық энцефалопатия

- Гепато-ренальды синдром

\/

/\

27 ж әйел жедел ауырған, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, кілегейлі- іріңді қақырықты жөтел, әлсіздік, мазасыздық. Бір апта өткен соң оң жақ қырының ауырсынуы, тыныс алуының қиындауы пайда болған. Обьективті: Оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және тыныс алуының әлсіреуі. ТАЖ-28 рет/мин., ЖСЖ-86рет/мин. R-графия: оң төменгі бөліктің интенсивті қараюы, костодиафрагмалық синустың түзелуі. Плевральды ауытқудың сипаттамасына ең дұрысы?

- Мөлдір, Ривальт пробасы теріс

- Қою, лимфоцитарлы цитоз

+ Қою, нейтрофильды цитоз

- Қою, хилезды

- Геморрагиялық

\/

/\

30 жасар әйел ЖРВИ кейін ауырды:білезік, шынтақ, алақанөфалангаралық және табанөфалангаралық буындары ауыра бастады, ісінді, қызарды, таңертеңгі сағат 11 деін созылатын құрысу пайда болды, (төсектен тұру қиын, өз-өзіне қарау қиындады); дене қызуы 38,5° дейін көтерілді. Жоғарыда айтылған белгілер ң апта боый күшейіп келе жатыр. Диклофенакқабылдайды, әсері шамалы. Объективті қарағанда: зақымдалған буындары ісінген, жергілікті температурасы көтерілген, қолбасы буындарын қысу белгісі оң, қимыл-қозғалыс шектелген. ЖҚА: Эр – 3,2, Нв – 105 г/л, Л- 13,9 *109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, СОЭ 55 мм/сағ. Осы ауруда РФ қандай нәтижесі тән?

- РФ теріс болады, оң АЦЦП тән

- РФ ауру басталғаннан 6-24 ай ішінде оң болады

+ РФ 1/64-ден төмен титрде оң болады

- РФ және АЦЦП екеуі де оң болуы мүмкін

- РФ IgMтеріс, РФ IgG – оң болады

\/

/\

Науқас, жас келіншек қолы мен аяқтарының ұштарының көп жылдар бойы әсіресе суық ауа-райында ағаруы мен көгеруіне шағымданады. Екі жыл бұрын аяғы мен қолдарында депигментация ошақтарының пайда болғанын байқаған. Кешірек аузының ашылуы қиындап, шамалы физикалық күштемеде ентігу пайда болған. Объективті – терісінде депигментация, атрофиия, қатаю ошақтары. ЖҚА – эритроцитттер 3,6× 1012/л, лейкоциттер- 4,2 × 109/л, гемоглобин – 129 г/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жургізу дұрыс?

- Ревматоидты фактор

- Антинуклеарлы антиденелер

- Екі спиральды ДНК-ға қарсы антиденелер

+ Тропоизомеразаға қарсы антиденелер (SCL-70)

- Циклді цитрулиннирленген пепетидтерге қарсы антиденелер

\/

/\

«Целиакия» диагнозы қойылған 19 жастағы науқас қыз тамақты көп жегеннен кейін пайда болған тізе буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады.

Науқасқа жасалған иммуногенетикалық зерттеудің нәтижелері қандай болуы мүмкін?

- HLA B5

- HLA B27

- HLA DR1

+ HLA DR3

- HLA DR4

\/

/\

55 жастағы науқас жедел нефритикалық синдроммен және БЖЖ-мен стационарға түсті. Анамнезінде: бронх демікпесі 30 жылдан артық. Лабораторлы: гиперэозинофилия, п-АНЦА +, зәр тұнбасының микроскопия эритроцитарлы цилиндрдер. Болжам диагноз:

- ГУС

- Өкпелік жүрек

- Гудпасчер синдромы

+ Чардж-Строусс синдромы

- Түйінді полиангиит

\/

/\

30 жастағы әйел адам, суықтанғаннан кейін әлсіз ісінулер пайда болды, АҚҚ 150/95 мм.с.б. Анализдерінде: ЭТЖ 55 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л. Зәрде: протеинурия 1.5 г/л, макрогематурия. ШФЖ 47 мл/мин. Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

- Пиелонефрит

+ Нефритикалық синдром

- Нефротикалық синдром

- Жеклеген зәрлік синдром

- Тез үдемелі гломерулонефрит

\/

/\

Науқас М., 53 жаста. Жүрек аймағында ауру сезімі, бас ауруы, қышыну, ванна қабылдағаннан кейін күшейді. «Қоян көз» симптомы, Куперман сиптомы бар. АҚ= 180/100 мм рт. ст., көкбауыр +3 см, ЖҚА: Эр. 6,9 х 1012/л, Нв – 201 г/л, лейк. 11,9 х 109/л, тромбоцит – 600,0 х 109/л, ЭТЖ – 1 мм/час. Қандай диагноз барынша тиімді?

- Пиквик синдром

- Созылмалы лимфолейкоз

- Созылмалы миелолейкоз

+ Эритремия

- Миеломды ауру

\/

/\

28 жастағы әйелде ЖРВИ фонындағы қан анализінде: Эритроциттер – 2,0*10/12/л; Нв-73 г/л; ТК -1,01, тромбоциттер- 243*10/л, Лейкоциттер – 5,2*10/9/л, Нейтрофилдер: с/я –45 %, т/я – 4%, Моноциттер – 6%, эозинофилдер – 3%, Лимфоциттер – 42%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 82 мкмоль/л, тура емес –71 мкмоль/л, Кумбс сынамасы – оң. Емдеу бағдарламасына нені қосу керек?

- Преднизолон

- Спленэктомия

- Темір препараттары

+ Цианокобаламин

- Аминокапрон қышқылы

\/

/\

Жедел лимфобласты лейкозбен күдікті науқасқа бластты жасушалардың мембранасын иммунофенотиптеу жүргізгенде келесі антигендер анықталды: CD 19+ CD 20+CD 21+CD 79+. Науқаста жедел лимфобласты лейкоздың қандай нұсқасы?

+ В – жасушалық

- Т – жасушалық

- NK– жасушалық

- Аралас жасушалық

- Дифференцияцияланбаған

\/

/\

Ер адам 26 жаста, шөлдеу, несепке жиі баруы, жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі мазалайды. Объективті: терісі құрғақ, екі беті қызыл, тынысы везикулярлы. Жүрек тондары дыбысты. Тілі құрғақ. Ішперденің тітіркену симптомдары жоқ.

Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты болып табылады?

+ Қандағы қант деңгейін тексеру

- Жалпы қан талдауы

- Жалпы зәр талдауы

- Зимницкий бойынша несеп талдауы

- Бауыр сынамаларын жүргізу

\/

/\

37 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, тез шаршағыштықты байқады. Ауыру сезімі үш ай бойы мазалайды, осы уақытта ашушаңдық, жылауықтық пайда болып, 5 кг арықтады. Объективтi: жүдеу, тері гипергидрозы, қалқанша безі қарағанда байқалады. Қолдарында майда тремор, «телеграфт бағанасы» симптомдары анықталады. АҚ - 130/60 мм.с.б. ЖСЖ – 120 рет мин.

Диагнозды нақтылау үшін немен сынама жүргізу БАРЫНША мәліметті:

- Инсулинмен

- Клофелинмен

+ Тиреолиберинмен

- Кортикотропинмен

- Калий перхлоратымен

\/

/\

Ер адам 37 жаста, терісі қола (бронзовое) түстес, гепатоспленомегалия, табан ұсақ буындарының артриті бар. Тексеру кезінде сарысулық темірдің деңгейі жоғарылауы, ЖТБҚ (ОЖСС) төмендеуі, сарысу ферритин жоғарылауы және трансферрин қанығуы 52% байқалады. Аталған патологияны емдеудің қай әдісі дұрыс?

- Гемосорбция курсы

- Д-пеницилламин

- Плазмаферез курсы

- Mars-терапия

+ Қан шығару

\/

/\

72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да сол жақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.

Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы

БАРЫНША ақпаратты?

- Жүректік натрийуретикалық пептидті

- С-реактивті белокты

- Трансаминазаны

- Гомоцистеинді

+ Тропонинді

\/

/\

Жиі салқын тиюмен ауратын 19 жастағы қыз баланы ентігу, жөтел, периодты түрде қан түкіру; физикалық күшпен байланысты бас айналу мен есінен тану мазалайды. Қарағанда: акроцианоз, төмен тамақтанулы, саусақтарының «барабан таяқшалары» және тырнақтарының «сағат әйнектері» тәріздес өзгерісі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия. ЭКГ-да: оңграмма (правограмма). ЭХОКГ-да: өкпе гипертензиясының 2 дәрежесі. Науқасқа гепарин қолданылатын базисті терапия тағайындалды. Антикоагулянтты терапияны бақылауда қандай көрсеткіш ең ақпаратты болып табылады:

- Этанолды тест

- Бета – нафтолды тест

- Тромбоциттердің агрегациясы

- Ерігіш фибринмономерлі комплекстер

+ Активтелген жартылай тромбопластинді уақыт

\/

/\

Науқас 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәул мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон қабылдап жүргенде түнгі ұстамалар аптасына 1-2 рет, сальбутамолда қажеттілік- күніне 1-2 рет, жағдайы қанағаттанарлық, физикалық жүктемені көтеруі жақсы. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбаған, бірақ эуфиллин таблетка түрінде қабылдайды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

- Преднизолон демікпені бақылауда ұстайды – сол мөлшерде қалдыру

- Будесонид қосу және жайлап преднизолон мөлшерін төмендету

- Будесонид ең жоғары иөлшерде тағайындау және преднизолонды алып тастау

- Демікпе бақылауына жеткенге дейін теотард қосу

+ Преднизолонды төмендету үшін метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

\/

/\

47 жастағы әйел адам тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын, асқазан тұсындағы сыздап ауыру сезіміне; әсіресе таң ертеңгісінгі ауызға қышқыл келуге; оң жақ қабырға астындағы ауырлау және жайсыздық сезіміне, іш қатуға шағымданады. ФГДС да: асқазанның антральді бөлігіндегі кілегей қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бірен саран эрозиялар; асқазан қуысында – шырыш пен өт; шыға берісі аңырайған. Уреазды сынама – теріс. Науқастың жағдайын келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША жақсартады?

+ Урсодезоксихол қышқылы

- Платифиллин

- Фосфалюгель

- Сандостатин

- Рабепразол

\/

/\

Әйел 49 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы, майлы құырылған тамақ ішкеннен кейін күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, кейбір кездері белдемелі ауру сезімді. Сонымен қатар эпигастрий аймағындағы, тартып ауру сезімі, метеоризм, көп мөлшерлі үлкен дәрет, қиын жуылатын. Тексерген кезде: терісі өте құрғақ, ангулярлы стоматит, іші біраз кепкен, эпигастрий аймағындағы және өң қабырға астындағы ауру сезімі. Копрологияда стеаторея және креаторея анықталды. Науқасқа қандай дәріләі препарат тағайындауға болады?

- Фестал

+ Креон

- Ксеникал

- Силимарин

- Ацидин-пепсин

\/

/\

Ер адам 28 жаста, оң мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Соңғы уақытта ауруы күшейген, тәулігіне 10-12 реттік көп мөлшерлі сұйық көпіршікті нәжіске, құсуға, бөрітпесі – 38,5 дейін, дене салмағының 7 кг азаюы, балтырындағы ісікке, бел аймағындағы ауру сезіміне бейім.Зерттеу кезінде макроцитарлы анемия, гипопротейнемия анықталды. Биопсияда:ішектің шырышты және шырыш асты қабатынан гранулема анықталды.Өткізілген емдік терапия – месалазин, будесонид, азатиоприн – тиімді болмады, науқас жағдайы нашарлады.Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс?

- Метилпреднизолон

- Циклоспорин А

+ Инфликсимаб

- Меропонем

- Тиенам

\/

/\

55 жасар науқас 4 апта бойы созылмалы вирусты гепатит С, В бойынша пег-интерферон және рибавиринмен стандартты вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Ем барысында гемоглабиннің келесі өзгерісі байқалады (г/л): 132-114-88-72. Вирусты жүктеме деңгейі: емге дейін – 3,8х105 көшірме/мл, 4 аптада – 7,2х102 көшірме/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1804. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия