Студопедия — АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 22 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 22 страница






- Нейроревматизм

+ Нейробруцеллез

- Нейросифилис

- Гийен-Барре синдромы

- Сирингомиелия

\/

/\

Қабылдау бөліміне 55 жасар еркек жеткізілді, он жыл бойы АҚҚ жоғарғы цифрларымен жүретін гипертониялық аурумен ауырады, физикалық жүктемеден кейін қатты бас ауру, қайталамалы құсу пайда болып, есінен танды.

Неврологиялық статуста: есі – кома II, анизокория, сол қарашық оң қарашыққа қарағанда кең, оң мұрынауыз қыртысы тегістелген, жоғары бұлшықет тонусынмен және сіңірлік рефлекстерімен оң жақтық гемиплегия, Баинский симптомы оң. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 1 см, Керниг симптомы екі жақтан 160° бұрыш. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

- Жедел гипертониялық энцефалопатия

- Ишемиялық инсульт

- Транзиторлы ишемиялық шабуыл

- Серозды менинги

+ Геморрагиялық инсульт

\/

/\

66 жасар еркек. Таңертең ұйқыдан соң сол аяғында әлсіздік пен ұюды сезіндіғ кейін сол қолында да қосылды. Бір күн ішінде әлсіздік өршіп, салдануы дамыды. Аурудың алдында бас ауру, тез шаршағыштық, ашуланшақтық байқалған. Неврологиялық статуста: қарашықтары D=S, сол ауызмұрын қыртысы тегістелген, тілі солға ығысқан. Оң аяқ-қолдарында белсенді қозғалыс жоқ, спастикалық тип бойынша тонусы жоғарлаған. Сіңірлік және сүйек үсті рефлекстер сол жағында оң жаққа қарағанда жоғары. Бабинский және Оппенгейм рефлексттері сол жақта шақырылады. Сол жақтық гемианестезия, гемианопсия анықталады. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған біріншілік болып табылады?

- Нимотоп (нимодипин)

+ Плавикс (клопидогрел)

- Преднизолон

- Солу –медрол (метилпреднизолон)

- Глицин

\/

/\

16 жасар бойжеткен мектепте сабақ үстінде есінен танып қалды. Тонико-клоникалық сипаттағы жайылмалы тырысу болған. Ұстама алдында өртенген резеңке иісін сезген. 10 жастан бастап жылына 1-2 рет бойжеткеннің есінде қалмайтын «қатып қалу», «кенеттен құлау» жағдайлары болған. Соңғы жарты жылда ашуланшақтық, түсінде жүру пайда болды. Эпилептикалық ұстамалар анасы жағынан тәтесінде болған. Объективті: жалпымилық және ошақты симптоматика жоқ. ЭЭГ-де – «жедел-баяу толқын» кешендері, гипервентиляциядан кейінгі пароксизмалды белсенділіктің күшеюі. Қандай диагноз ең мүмкін?

- Симптоматикалық эпилепсия

- Кіші ұстамалар

+ Идиопатикалық эпилепсия

- Эпилептикалық статус

- Типті абсанстар

\/

/\

Төменде көрсетілген симптомдардаң қайсысы шүйде нервінің невралгиясына ең тән болып табылады?

- құлақ маңы аймағындағы ауру сезімі

+ иықүстіне берілетін шүйде аймағындағы ауру сезімі

- С3-С7 қылқан өсінділерін пальпациялау кезіндегі ауру сезімі

- мойын бұлшықеттеріне күш салуы

- қолды көтергенде болатын ауру сезімі

\/

/\

25 жасар жігіт ағаш кесіші. Көктемде қалың орманда жұмыс істеп жүргенде кенелер тістеген, бірақ көңіл бөлмеген. 10 куннен кейін қатты ауру сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Дене қызуының 39° дейін жоғарлауы, тоңу, мойынындағы ауру сезімі анықталады. Тұмауратқан науқас деп амбулаторлы емделген. Науқас жағдайы нашарлап, келесі 2-3 күнде ұолдары мен мойынында әлсіздік пайда болды. Неврологиялық статусында: мойын мен қолдарының бұлшықеттерінде әлсіз салдану. Қай алдын-ала клиникалық диагноз ең мүмыкін болып табылады?

- Масалық энцефалит

- Энцефалит Экономо

+ Кенелік энцефалит

- Тұмаулық энцефалит

- Шильдер лейкоэнцефалиті

\/

/\

35 жасар әйел тұрақсыздықтың әсерінен жүрудің қиындауына, аяқтарындағы әлсіздікке, сөйлеу бұзылыстарына шағымданада. 10 жыл бойы ауырады, ауру сол жақтық ретробульбарлы невриттен басталған, 3 айдан соң көруі жақсарған. 3 жылдан соң көзінде екілену, жүрісінің тұрақсыздығы пайда болып, гормоналды терапиядан кейін басылған. 2 жыл бұрын қайта жүрісінің тұрақсыздығы, аяқтарындағы әлсіздік, аяқтарының ұюы, дизартрия қосылған. Неврологиялық статуста: Жоғары спастикалық бұлшықет тонусымен парапарез, жоғары тізе және ахилл рефлекстері, патологиялық Бабинский рефлексі, мишықтық атаксия. Қай препаратты емдеу жоспарына қасқан дұрыс болып табылады?

+ Метилпреднизолон

- Пирацетам

- Пентоксифиллин

- Диклофенак

- Церебролизин

\/

/\

53 жасар әйел түнгі аяқтарындағы атқылайтын ауру сезіміне, жүрісінің бұзылысына, әсіресе қараңғыда шағымданады. Неврологиялық статуста — қарашықтары кішірейген, D >S; сәулеге реакциясы жоқ, конвергенцияға сақталған. Аяқ-қолдарының бұлшықеттерінің күші мен қозғалыс көлемі жеткілікті. Аяқтарының бұлшықеттерінде гипотония. Сіңірлік және сүйек үсті рефлекстер қолдарында тіріленген. Тізе және ахилл рефлекстері шақырылмайды. Аяқ саусақтарында бұлшықет-буындық сезім дөрекі өзгерген. Ромберг қалпында – шайқалу. Көз түбінде – көру нервінің дисктері сұр түсті. Төмендегі диагоздардың қайсысы ең мүмкін болып табылады?

+ Нейросифилис

- Нейробруцеллез

- Нейроревматизм

- Шильдер лейкоэнцефалиті

- Iріңді менингит

\/

/\

43 жасар еркекте қатты суық тиюден кейін белдегі, жүргенде күшейетін аяқтарындағы ауру сезімі мазалай бастады. Айқын терлегіштік, буындары мен бұлшықеттеріндегі ауру сезімі, бас ауру байқалады. ЭКГ-да – синусты тахиаритмия. Анамнезінде – зоотехник, 5 жыл бой омыртқаның бел-сегізкөз аймағындағы ауру сезімі мазалайды. Неврологиялық статуста: аяқтарының әлсіз салдануы, аяқтарындағы сіңірлік рефлекстер тежелген. Р-суреттерде – 2-жақты сакроилеит, жамбас-сан буындарының артрозы. Райт реакциясы – теріс, Хаделсон реакцификалық ИФА – оң. Қандай емдік тактика дүрыс болып табылады?

- Карбапенемы

+ Фторхинолоны

- Тетрациклины

- Аминогликозиды

- Пенициллины

\/

/\

30 жасар әйел 3 күн бойы сақталған аяқтарындағы әлсіздікке, жүрісінің тұрақсыздығына, жиі кіші дәректке баруына, шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болған, стресстен кейін аяқтарының ұюы пайда болып, бір айдан соң өздігінен басылған. Бір жылдан кейін аяқтарындағы әлсіздік және жүрісінің тұрақсыздығы пайда болып, гормоналды терапиядан кейін басылған. Қарап-тексергенде: горизонталды нистагм, төменгі спастикалық парапарез, мишықтық атаксия, кіші дәретке отыру кезіндегі императивті шақырулар. Бас миының МРТда: бас миының жарты шарларының ақ затындағы көптеген гиперинтенсивті демиелинизациялы ошақтар. Төмендегі клиникалық диагноздардың ең мүмкін болып табылады?

- Буйірлік амиотрофиялық склеро

- Жедел миелит

+ Шашыранды склероз

- Сирингомиелия

- Гийена-Барре синдромы

\/

/\

48 жасар еркек іріңді гайморитпен ауырғаннан кейін 1 аптадан соң кенеттен дене қызуының 39,4º дейін жоғарлауы, қатты бас ауру, бас айналу, құсу, сандырақтау пайда болған. Неврологиялық статуста: науқас жүктелген, уаықыт пен кеңістікте бағдарланбаған. Майдаадымды горизонталды нистагм. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4см, Керниг симптомы 90°. Сіңірлік рефлекстер біркелкі жанданған. Ликвор: 340мм су.бағ. қысыммен ағада, лайлы, плеоцитоз – 2327 клетка в 1 мкл нейтрофилдер, белок –3,07г/л, қант– 35 г/л. Бактериологиялық зерттеуде ликворда грамоң диплококктар. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс болып табылады?

+ Пенициллин

- Азитромицин

- Фуросемид

- Дексаметазон

- Церебролизин

\/

/\

Қай симптом маңдай бөлігінің зақымдануында байқалады?

+ Көз алмаларының ошаққа қарай ауытқуы

- Астереогнозия

- Көру галлюцинациялары

- Гемианоспия

- Анакузия

\/

/\

52 жасар еркек қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен жеткізілді. 20 минут бұрын кенеттен далада есінен танған. Көпреттік құсу болған. Қарап тексергенде: есі – кома II, науқас толық, бет терісі қызарған. Пульсі ретті 64 рет минутына, АҚҚ 200/120 мм сын.бағ. Неврологиялық статусында: қарашықтары кеңейген, D<S, сәулеге реакциясы жоқ. Көздері сол жаққа бұрылған. Оң жақ беті «желкендейді». Ауыру қоздырғыштарына жауап қайтармайды. Оң аяқ-қолдары қозғалмайды, оларда бұлшықет тонусы төмендеген. Сіңірлік рефлекстер сол жағында оң жаққа қарағанда төмендеген. Бабинский рефлексі екі жақтан шақырылады, оң жағында айқындау. Төмендегі диагоздардың қайсысы ең мүмкін болып табылады?

- жедел ми қанайналымының бұзылысы ишемиялық тип бойынша

- бас миы қантамырларының аневризмасы

- өткінші ми қанайналымының бұзылысы

+ жедел ми қанайналымының бұзылысы гемморагиялық тип бойынша

- жұлын қанайналымының бұзылысы

\/

/\

42 жасар еркек бүгін таңертең қатты бас ауыру, көпреттік құсу, дене қазуы 40° дейін жоғарылап, жүрек қағу, ентігу, тырысу пайда болып жедел ауырды. Күндіз жедел жәрдем шақырылып ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: есі – сопор типі бойынша бұзылған, бөксесінде, санында, балтырында геморрагиялық бөрітпелер анықталды. Неврологиялық статуста: қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң. Аяқ-қолдарының парездері жоқ. Сіңірлік рефлекстері біркелкі жанданған. Шүйде бұлшықеттерінің 4 см, Кернинг симптомы 90° бұрышпен. Төменгі Брудзинский симптомы оң. Жұлын сұйықтығы лайлы, 300 мм су бағ. қысыммен ағады/ Төмендегі диагоздардың қайсысы ең мүмкін болып табылады?

- Серозды менигит

- Туберкулезды менигит

+ Менингококкты менингит

- Нейроревматизм

- Жұлындық сухотка

\/

/\

Пирамидалық жол кай жерден өтеді?

+ Iшкі капсуланың артқы аяқшасының алдыңғы үштен екісінде

- Жұлынның артқы мүйізі

- Боз шар

- Көру төмпешігі

- Мишық

\/

/\

16 жасар жігіт университетте сабақ үстінде есінен танып қалды. Тонико-клоникалық сипаттағы жайылмалы тырысу болған. Ұстама алдында керосин иісін сезген. 12 жастан бастап жылына 2-3 рет өзінің есінде қалмайтын «қатып қалу», «кенеттен құлау» жағдайлары болған. Соңғы жарты жылда түсінде сөйлеу, түсінде жүру пайда болды. Объективті: жалпымилық және ошақты симптоматика жоқ. ЭЭГ-де – «жедел-баяу толқын» кешендері, гипервентиляциядан кейінгі пароксизмалды белсенділіктің күшеюі.

Қай препаратты емдеу жоспарына қасқан дұрыс болып табылады?

- Актовегин

+ Депакин (вальпроев қышқылы)

- Циклодол (тригексифенидил)

- Пирацетам

- Глицин

\/

/\

78 жасар еркек өзін күтуді қиындататын аяқ-қолдарындағы бөгелуі, оң жаңынан басымырақ, кейде олардың тыныштық куйде дірілдеуі, қозғалысының бәсеңдеуі, қадамның ұзындығы мен биіктігінің азаюынем жүретін жүрістің бұзылысы, жиі құлауға шағымданады. Өзін 9 жыл бойы ауру санайды, сол кезде бірінші рет жоғарыда айтылған симптомдар пайда болған. Неврологиялық статуста: сол жақ мұрынауыз қыртысының асимметриясы. Гипомимия. Гипокинезия. Бұлшықет тонусы экстрапирамидті тип бойынша жоғарылаған, оң жағынан басымырақ. Постуралды тұрақсыздық айқындалған (про- және ретропульсия). Жүрісі майда тырпылдаған қадаммен, денесі алдыға еңкейген. Қай клиникалық синдром ең мүмкін болып табылады?

- Инсульт

+ Паркинсон ауруы

- Бүйірлік амиотрофиялық склероз.

- Альцгеймер ауруы

- Гентигтон хореясы

\/

/\

46 жасар еркек жалпы әлсіздік, гипергидроз, буындарындағы деформация мен ауру сезіміне, жалпы жағдайының жақсаруы мен нашарлау эпизодтарының болуына, эмоциональды лабильділікке, радикулярлы ауру сезіміне, табандарының ұюына, паестезияларға шағымданып түсті. Неврологиялық статуста: бұлшыұет тонусы төмендеген. Екі жақтан Ласег симптомы шақырылады. Аяқ-қолдарының салдануы жоқ. Алақандары мен табандарының гипергидрозы. Анамнезінде 7 жыл бойы мал шаруашылығымен айналысады. Райт реакциясы – теріс, Хаделсон реакциясы – оң. Қай диагноз ең мүмкін болып табылады?

- Церебралды атеросклероз

- Шашыранды склероз

- Нейроревматизм

- Нейросифилис

+ Нейробруцеллез

\/

/\

30 жасар әйелде ЖРВИдан кейін аяқ-қолдарындағы әлсіздік, жүрісінің тұрақсыздығы, жиі кіші дәретке баруы пайда болды. Гормоналды терапиядан кейін бұның барлығы басылған. Анамнезінде – 1 жыл бұрын 1 апта бойы көз алдынды екіліну болып, өздігінен кетір калған, дәрігерге қаралмаған. Неврологиялық статуста: горизонталды нистагм, аяқтарындағы күш 4 баллға дейін төмендеген, бұлшықет тонусы спастикалық тип бойынша жоғары, тізе және ахилл рефлекстері табан клонусымен жоғары, патологиялық Бабинский рефлексі екі жақтан оң. Бас миының МРТда: реивентрикулярды аймақта перифокалды ісінумен 3 демиелинизация ошағы бар. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс болып табылады?

- Диуретики

- Нейропротекторы

+ Глюкокортикостероды

- Антибиотики

- Антидепрессанты

\/

/\

20 жасар жігіт. 18 жасында 3-5 күн аралығында оңға қарағанда көз алдында екіленп көріну мазалйды. Бір жылдан кейін жүрісінің тұрақсыздығы, оңға басымырақ, аяқтарындағы әлсіздік, кіші дәректке баруының қиындауы пайда болып, гормоналды терапиядан кейін басылған. Неврологиялық статуста: жеңіл айқасу қитарлық оң жақта, оңға қарағанда диплопия, скандирленген сөйлеу, төменгі спастикалық парапарез жоғары сіңірлік рефлекстермен, құрсақ рефлекстері жоқ, Ромберг кейпінде тұрақсыз. Бас миының МРТда: бас миының маңдай және төбе юқліктерінде ақ затындағы және сүйелді денеде көптеген гиперинтенсивті демиелинизациялы ошақтар. Төмендегі клиникалық диагноздардың ең мүмкін болып табылады?

+ Шашыранды склероз

- Буйірлік амиотрофиялық склероз

- Жедел шашыранды энцефаломиелит

- Сирингомиелия

- Полиомиелит

\/

/\

40 жасар әйел ЖРВИ ді өткерген, толқын тәрізді қызба, жалпы интоксикация белгілерімен, буындарындағы ауру сезімімен жедел ауырды. Ірі буындары мен беліндегі ауру сезімі 3 жыл бойы мазалайды. Эпиданамнез: жиі қайнамаған сүт ішеді. Неврологиялық статуста – есі анық, сұрақтарға әлсіз жауып қайтарады. Горизонталды нистагм. Бұлшықет тонусы төмендеген. Аяқ-қолдарының акроцианозы мен гипергидрозы түріндегі вегетативті бұзылыстар.Райт-Хедделсон күмәнді. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс болып табылады?

- Гентамицин, пенициллин

+ Доксициклин, рифампицин

- Изониазид, рифампицин

- Цефтриаксон, тетрациклин

- Азитромицин, цефтриаксон

\/

/\

15 жасар ұл бала ауруханаға қолдарындағы әлсіздік пен аяқтарының тез шаршауына шағымданып түсті. 5 жасқа дейін қалыпты өсіп жетілген. Кейін қолдарындағы әлсіздік өсіп, әрен қолдарын жоғарыға көтерген, беті мен иық белдеуі арықтаған, ұйықтағанда қабақтары толығымен жабылмайды. Соңғы кездері қолдарындағы әлсіздіктің өршуі соншалықты, портфелін қиындықпен көтереді. Қарап тексергенде: амимия, маңдайын әжімдей алмайды, көздерін жұмғанда – екі жақтан лагофтальм. Еріндері қалыңдаған, оларды дүрбіге орап, беттерін үрлей алмайды. Иық белдеуі бұлшықеттерінің атрофиясы, белдік лордоз күшейген. Сіңірлік рефлекстер қолдарында төмендеген. Төмендегі клиникалық диагноздардың ең мүмкін болып табылады?

- Дюшеннің үдемелі бұлшыұет дистрофиясы

- Беккердің үдемелі бұлшыұет дистрофиясы

- Шарко-Мари ауруы

+ Ландузи-Дежерина үдемелі бұлшыұет дистрофиясы

- Штрюмпел ауруы

\/

/\

36 жасар әйелде бір жыл бұрын жұмыс істеп отырғанда «басынын соғылғаны сияқты» сезім болды. Мезетте қатты бас ауыру мен жүрек айну пайда болды. Бас ауырғаны біртіндеп азайып бір айдан кейін науқас жазылып кетті. Осыдан 2 күн бұрын эмоциональды жүктемеден соң қайтадан бастың «соғылуын» сезді. Қатты бас ауру,жүрек айну, көп ретті құсу пайда болды. Клиникаға госпитализацияланды. Объективті: АҚҚ 115/70 мм рт. ст. Пульс 50 рет минутына, ретті. Жүрек тондары анық. Неврологиялық статусында: бас-ми нервтері патологиясыз, аяқ-қолдарының парездері жоқ. Шүйде бұлшықеттерінің айқын ригидтілігі және екі жақтан Кернинг симптомы 120° анықталады. Қай препаратты тағайындау бірінші орында болып табылады?

- Кавинтон (винпосан)

- Пирацетам

+ Нимотоп (нимодепин)

- Глицин

- Преднизолон.

\/

/\

Төменде көрсетілгендердің ішінен «Шынайы обьектіні қате қабылдау» мағынасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?

- галлюцинация

- псевдогаллюцинация

- егіздер сандырағы

- дереализация

+ иллюзия

\/

/\

«Өз денесін бұрмалап қабылдау»анықтамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?

- егіздер сандырағы

- дереализация

- галлюцинация

- иллюзия

+ деперсонализация

\/

/\

27 жастағы ер адам, газбен уланудан кейін фиксационды және ретроградты түрдегі есінің бұзылысы байқалды. Жоғалған есін науқас ойдан құрастыру арқылы толтырады, шын мәнісінде болмаған нарсені «есіне түсіреді». Сонымен қатар әңгімелесу барысында болған жағдайларды айтады, бірақ уақыты орны сәйкес келмейді. Берілген бұзылысқа полинейропатия қосылған. Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

- синдром Кандинский-Клерамбо

- депрессивті синдром

- психоорганикалық

+ Корсаков синдромы

- делириозды синдром

\/

/\

Науқас әйел 40 жаста, күйеуімен ажырасқаннан кейін апатия, жалпы әлсіздікке, өмірге деген қызығушылығының жоғалуына шағымданады. Қандайда бір қажеттілік жоқ. Жұмысқа «еңбектеніп балаларды асырау үшін» барады. Әңгімесінде ажырасу мәселесі айтылады, ары қарай өз өмірін қалай жалғастыратынын білмейді.

Қай синдромға жатады?

- Кандинский-Клерамбо синдромына

+ депрессивті синдром

- психоорганикалық

- Корсаков синдромы

- делириозды синдром

\/

/\

Жедел құтқару тобындағы солдат 19 жаста. Әскери кезекшілікте жүріп кенеттен қаруын жерге тастай салып киімін шеше бастады. Ескертуге құлақ аспады. 3 минуттан кейін өз өзіне келген ол шешілген киімдерін көріп таң қалды. Қандай жағдай болуы?

- аменция

+ сананық бұлыңғырланып қаруытуы

- онейроид

- транс

- делирий

\/

/\

17 жастағы қыз балада жоғары дене қызуымен тұмау. Қарау кезінде тынышсыз, алаңдаулы. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортаны бағдарлауы бұзылған. Төсегінен жиі атып тұрып жастығының, төсегінің, кроваттің астынан бірдеңе іздейді. Елесіндегі жәндікті қағу мақсатында қабырғаны қолымен қағады. Уақыт өте қорқып ызаланады, өзімен өзі сойлеседі.

Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

- Кандинский-Клерамбо синдромы

- депрессивті синдром

- психоорганикалық

- Корсаков синдромы

+ делириозды синдром

\/

/\

Ер адам 57 жаста, стенокардиямен зардап шегеді, өз денсаулығына алаңдайды. Алдыңғы қатарға «жүрегі тоқтап қалатындай» қорқыныш сезімі шығады. Соған қарамастан өз жағдайының негізсіз,ақылға қонымсыз екенін түсінеді,бірақ өз еркімен басуға қауқарсыз.

Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

- фобиялық синдром

- истериялық синдром

+ обсессивті-фобиялық синдром

- депрессивті синдром

- сандырақ синдром

\/

/\

5 жасөспірім тобы қиғаш жанған темекі тартады. 10 минут кейін көңілді, қатты күледі, жанынан өткен адамдардың таңғалып қарауына қарамастан, бет аузын тыжырайтады, секіреді. Ағаштан түскен бұтақтарды үлкен кесілген ағаш секілді көреді, осы нәрсе оларды қатты күлдіртеді. Жасөспірімдер қандай наркотикалық затты қолданғанын анықтаңыз:

- героин

+ гашиш

- «экстази»

- барбитураттар

- алкоголь

\/

/\

28 жастағы ер адам кеуде клеткасын, мойын және бетінде герпетикалық бөртумен инфекционды бөлімшеге түседі. Ұйқысыздыққа, көніл-күйдің түсуіне, қорқыныш, өмір сүргісі келмейтіндігі туралы ойлар мазалайтынына шағымданады. Анамнезі бойынша еш жерде жұмыс істемейді, алкоголь, наркотик қабылдайды. Қай маманның кеңесі қажет?

- Дерматолог

- Инфекционист

+ Психиатр

- Нарколог

- Терапевт

\/

/\

Ер адам 37 жаста, соңғы 3 айда қозу жағдайында,тежелген,әйелдерге ретсіз комплимент айтады. Үнемі күліп жүреді, анық емес сөйлейді, ретсіз әзілдейді. Қарапайым санауда қате жібереді,мақал мен мәтелдердің мағынасын түсінеді.Өз жағдайына сын жоқ. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

- электроэнцефалография

- Вассерман реакциясы

- психологиялық зерттеу

- реоэнцефалография

+ ультрадыбыстық зерттеу

\/

/\

39 жастағы ер адам 18 жасынан бастап алкоголь қолданады. Соңғы 3 жылда күнде ішеді. Толеранттылық тәулігіне 800 мл араққа өсті. Масаюдың амнестикалық түрі байқалады. Алкоголь ішпеген күндері тітіркенгіш, түнде нашар ұйықтайды, қан қысымы көтеріледі. СІЗДІҢ ШЕШІМІҢІЗ:

- сау

- алкоголизмнің 1- сатысы

+ алкоголизмнің 2- сатысы

- алкоголизмнің 3- сатысы

- симптоматикалық делирий

\/

/\

Трамвай аялдамасында 17 жасар жасөспірім ес түссіз табылды. Қарап тексергенде: тыныс алу тежелген, қарашықтары «нүктелік», ауру тітіркендіргіштеріне жауап бермейді, брадикардия. Шынтақ бүгілістерінде көктамыр бойымен көптеген қатаюлар және қан құйылулар. Мүмкін болатын диагноз?

+ опиаттармен жедел улану

- есірткі қолданумен шақырылған галлюцинаторлы синдром

- каннабиноидтармен жедел улану

- жедел гипогликемиялық кома

- галлюциногендермен жедел улану

\/

/\

«Қоршаған әлемнің шынайы еместік сезімі» сипаттамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?

- Сахналау сандырағы

- Метаморфопсия

- Көру иллюзиясы

+ Дереализация

- Деперсонализация

\/

/\

«Шындыққа сәйкес келмейтін, түзетуге келмейтін, патологиялық негізде пайда болған ойлар» сипаттамасына сәйкес келетінін көрсетіңіз?







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1429. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия