Студопедия — Аз. Терапия, Ішкі аурулар, Ас қорыту жүйесінің синдромдары мен аурулары, қаз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аз. Терапия, Ішкі аурулар, Ас қорыту жүйесінің синдромдары мен аурулары, қаз






Вариант 1

$$$001

Ер адам, 50 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болады?

А) ЭхоКС

В) ЭФГДС

С) Асқазан рентгенографиясы

D) Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

Е) Спирография

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= NS

 

$$$002

Әйел адам, 65 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыт селективсіз стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) қолданады. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы СЕҚҚП кері әсерін алдын-алуға және тежеуге мүмкіндік береді?

А) Протонды помпа ингибиторлары

В) Н2 -блокаторлар

С) Антибиотиктер

D) Антацидтер

Е) М-холинолитиктер

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= РА

 

$$$003

Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді. Жоғарыда айтылған жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?

А) Ойық жара перфорациясы

В) Перидуоденит

С) Ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы

D) Ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы

Е) Ойық жарадан қан кету

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= РА

 

$$$004

Әйел адам, 25 жаста, әдеттегі мөлшерде тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында толу сезімі, аптасына бірнеше рет пайда болатын тез тою сезімі, кекіру, іштің кебуі, лоқсу, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Осы шағымдар жарты жыл бойы байқалады. Рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның моторлы – тасымалдаулы (эвакуаторлы) дискинезиясы анықталды, ФЭГДС – қалыпты. Мүмкін болатын диагноз қандай?

А) Ойық жаралы ауру

В) Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру

С) Созылмалы гастрит

D) Созылмалы панкреатит

Е) Функционалдыойық жаралы диспепсия

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= РА

 

$$$005

Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай синдромға тән?

А) Темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы

В) Ішектің тітіркену синдромы

С) Мальабсорбция синдромы

D) Демпинг-синдром

Е) Мальдигестия синдромы

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= ZO

 

$$$006

Әйел адам, 32 жаста, ақшылқоңыр түсті, көпіршікті, май тәрізді, жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм, дене салмағының төмендеуі шағымдарымен қаралды. Шырышты қабаттың биопсиясында бокал тәрізді жасушалар санының көбеюі, эпителий аралық лимфоциттер санының жоғарылауы, бүрлердің атрофиясы, беткей және ойықтық (ямочный) эпителийдің лимфоциттермен инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде арпа, сұлыдан жасалған тағамдарды қабылдай алмау (непереносимость). Осы науқасқа қандай ұсыныстар жасау қажет?

А) Антибиотиктермен курстық терапия

В) Ұн тағамдарын шектей отырып ем-емдәмді ұстану

С) Адсорбенттерді үнемі қабылдау

D) 5-аминосалицил қышқылы препараттарын үнемі қолдану

Е) Холеретиктерді үнемі қолдану

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$007

Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?

А) Ойық жаралы ауру

В) Созылмалы колит

С) Созылмалы гепатит

D) Созылмалы холецистит

Е) Өт шығару жолдарының дискинезиясы

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 

$$$008

Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Қандай диагностика әдісі патологияны дәлелдеуге мүмкіндік береді?

А) Вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау

В) Қанның биохимиялық анализі

С) Бауыр биопсиясы

D) Бауырды УДЗ

Е) Радионуклидті сканирлеу

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$009

Ер адам, 45 жаста, ұзақ уақыт ішімдікті көп қолданады. Қанмен құсуға шағымданады. Объективті: мәңгірген, сөзі түсініксіз, асцит, құрсақтың алдыңғы қабырғасының көктамырлары кеңейген, спленомегалия, АҚ-80/60 мм.с.б., ЖЖЖ - 110 рет мин. Науқасты жүргізу тактикасының келесі қадамы қандай?

А) Жаңа тоңазытылған плазма құю

В) Антибиотикотерапия

С) Вазопрессин енгізу

D) Өңештің баллонды тампонадасы

Е) Көк тамырды эндоскопиялық бунақжіптеу (лигирование)

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$010

Әйел 25 жаста, күніне 5 рет болатын ботқа тәрізді нәжіске, іштің кебуіне, дефекациядан кейін басылатын іштің ауырсынуына, іште діріл сезімі, толық тыныс ала алмау сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Нәтижелі жүргізу тактикасы қандай?

А) Спазмолитиктер + пробиотиктер

В) Антибиотиктер + пребиотиктер

С) Психотропты терапия + лоперамид

D) Пребиотиктер + диоктаэдриялық смектит

Е) 5-НТ3-рецепторының антагонистері + пробиотиктер

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$011

Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Мүмкін болатын диагноз қандай?

А) Ішектің қатерлі ісігі

В) Гранулематозды колит

С) Ишемиялық колит

D) Амебиаз

Е) Бейспецификалық жаралы колит

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 

$$$012

Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай диагностика әдісі осы симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді?

А) Жалпы қан анализі

В) Нәжісті микробиологиялық зерттеу

С) Ирригоскопия

D) Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

Е) ФГДС

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$013

Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?

А) Жедел миокард инфарктысының абдоминалды түрі

В) Жедел ішек түйнелісі (непроходимость)

С) Жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы

D) Созылмалы панкреатиттің өршуі

Е) Бос құрсақ қуысына ойық жараның перфорациясы

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 

Вариант 2

$$$001

Ер адам, 50 лет, темекіні көп шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы төмендеген. Мүмкін болатын диагноз қандай?

А) Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру

В) Созылмалы гастрит

С) ЖИА. Күш түсу стенокардиясы

D) Бронх демікпесі

Е) Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 

$$$002

Ер адам,30жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті:пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Қандай зерттеу әдісі патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді?

А) Асқазан ішілік рН-метрия

В) Жалпы қан анализі

С) Уреазды сынама

D) Асқазан рентгенографиясы

Е) Дуоденалды сүңгілеу

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$003

Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды помпа ингибиторы, кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?

А) Н2 –блокаторларымен үзілулік (прерывистое) курстық терапия

В) Антибиотиктермен демеу (поддерживающая) терапиясы

С) Хирургиялық емдеу

D) Цитопротекторлармен курстық терапия

Е) ПИИ демеу терапиясы

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$004

Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IVқабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Жоғарыда аталған симптоматиканың ұзақ болуы қандай патологияның дамуына әкелуі мүмкін?

А) Созылмалы гастриттің

В) Диафрагманың өңештік саңылауы жарығының

С) Ойық жара ауруының

D) Эмфиземаның

Е) Диафрагма жарылуының (разрыв)

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$005

Ер адам, 50 жаста, ішімдікті көп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін үдейтін іштің жоғарғы бөлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді?

А) рН-метрия

В) Уреазды сынама

С) Дуоденалды сүңгілеу

D) Эластазды сынама

Е) Глюкозотолерантты сынама

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$006

Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы көпіршікті көп мөлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен келген, ол жерде теңіз өнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді Escherichia coli анықталды. Патологиялық өзгерістердің мүмкін болатын себептері қандай?

А) Созылмалы панкреатиттің өршуі

В) Бейспецификалық жаралы колит

С) «Саяхатшылар диареясы»

D) Іш жүргізетін препараттарды қабылдау

Е) Псевдомембранозды колит

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 

$$$007

Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық көрсеткіштерінде қабыну өзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдары кеңеймеген, өтімді, өт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм, көлемнің 1/3 бөлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмады. Консервативті терапия барысында қандай препарат нәтижелі?

А) Метронидазол

В) Вазилип

С) Церукал

D) Урсофальк

Е) Холецистокинин

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

$$$008

Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының иөмендеуіне, лоқсуға, ауызда ащы дәмнің болуына, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына, терінің қышуына, қызыл иектің қанағыштығына, зәрдің қара түсті болуына, нәжістің ағаруына шағымданады. Объективті: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Мүмкін болатын диагноз қандай?

А) Созылмалы вирусты гепатит

В) Созылмалы холецистит

С) Созылмалы панкреатит

D) Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Е) Гемолитикалық анемия

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 

$$$009

γ-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфотаза белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен гипербилирубинемия қандай синдромның биохимиялық көрсеткіштері болады?

А) Мезенхималды-қабынулық синдром

В) Холестаз синдромы

С) Цитолиз синдромы

D) Портокавальды шунттау синдромы

Е) Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= ZO

$$$010

Әйел адам, 25 жаста, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын әш кебуі мен іште ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?

А) Тиреотоксикоз

В) Іш жүргізетін препараттарды қабылдауға реакция

С) Гранулематозды колит

D) Бейспецификалық жаралы колит

Е) Ішектің тітіркену синдромы

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 

$$$011

Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде қандай топ препараттарын қолданған мүмкіндігінше тиімді?

А) Антибиотиктер

В) 5-аминосалицил қышқылының препараттары

С) Адсорбциялаушы

D) Пробиотиктер

Е) Пребиотиктер

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$012

Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай топ препараттары осы жағдайдың дамуына себеп болды?

А) β2-агонисттер

В) Метилксантиндер

С) Муколитиктер

D) Антибиотиктер

Е) Иммуномодуляторлар

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Гастроэнтерология: национальное руководство / под ред. В.Т.Ивашкина, Т.Л.Лапиной, 2008г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= NS

 

$$$013

Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің төмендеуі, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялаудаалдыңғы құрсақ қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы, тамырлардың көрінуі, гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі. Жоғарыда айтылған көрініс қандай патологияға тән?

А) Антральды атрофиялық емес гастрит

В) Ойық жара ауруы

С) Созылмалы атрофиялық гастрит

D) Бейспецификалық жаралы колит

Е) Асқазанның қатерлі ісігі

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі }= РА

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1779. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия