Студопедия — Жазбаша тест сұрақтары. IX нұсқа.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жазбаша тест сұрақтары. IX нұсқа.






1. Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсететін есімдік түрі

а) сұрау ә) өздік б) жіктеу в) сілтеу г) белгісіздік

 

2. Белгісіздік есімдігімен келген сөйлемді көрсет.

а) Ұялсам да ештеңе дей алмадым.

ә) Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды.

б) Күнікей күйеуінің келуіне түк айтпады.

в) Ақсақалдар жиылып, бір-екі рет бас қосса да, дым бітіре алмады.

г) Қартқожаның ойына әлденелер келді.

 

3. Қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті арқылы істелетінін білдіретін етіс түрі

а) ортақ етіс ә) өздік етіс б) ырықсыз етіс в) өзгелік етіс г) негізгі етіс

 

4. Есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалары арқылы шақтың қай түрі жасалады?

а) келер шақ ә) өткен шақ б) осы шақ в) нақ осы шақ г) ауыспалы осы шақ

 

5. -ғалы, -ғанша, -мастан, -ысымен, -майынша қосымшалары етістіктің қай категориясына тән?

а) көсемше ә) есімше б) қимыл есімі в) етіс г) сипат

 

6. Жетімсіз қимылды білдіретін етістік түрі

а) ет ә) қыл б) жазда в) де г) бол

 

7. Бір морфемалы аналитикалық формант қалай белгіленеді?

а) -а сал ә) ø емес б) -п ал в) -п өт г) -ған бол

 

8. Үстеуге тән белгіні көрсет.

а) тек қана көмекшілік қызметте қолданылады.

ә) алғашқы лексикалық мағынасынан айырылған сөздер.

б) есімдерше көптеледі, септеледі, жіктеледі.

в) тұлғалық жағынан да, мағынасы жағынан да тиянақсыз сөздер.

г) грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер.

 

9. Идиомаланған тіркестен болған үстеуді тап.

а) бет-бетімен б) қолма-қол г) алдын-ала

ә) бұрын-соңды в) томаға тұйық

 

10. Қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға үстеудің қай түрі жауап береді?

а) мекен үстеу б) сын-қимыл үстеу г) мөлшер үстеу

ә) мезгіл үстеу в) мақсат үстеу

11. Өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын сөздер.

а) шылау сөздер б) одағай г) үстеу

ә) бейнелеуіш сөздер в) еліктеуіш сөздер

 

12. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады

а) шылаулар б) қосымшалар г) одағайлар

ә) жалғаулар в) көмекші есімдер

 

13. Осы қазір он-он бесі Жомарт қарт пен Еламанды ортаға алыпты. Сөйлемде сан есім қай мүшенің қызметін атқарып тұр?

а) бастауыш ә) пысықтауыш б) баяндауыш в) анықтауыш г) толықтауыш

 

14. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

а) Ақ көбейді. б) жүйрік-ақ екен г) жаңбыр жауды.

ә) Ойлыға таман жылжу в) сең үстінде кету

 

15. Қазақ тілінде жинақтық сан есім нешеу?

а) 5 ә) 6 б) 7 в) өте көп г) 30

 

16. Септік жалғауында тұрған есімше тұлғалы сөзді табыңыз.

а) оқығандар ә) айтатынымды б) көргенсің в) жолығатын г) бергем

 

17. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Марат осында қалуды қалады. в) Ол орнынан қозғала қоймады.

ә) Күн ашылса игі еді. г) Қар көп түсті.

б) Омар досына құпия сырды ашты.

 

18. Көңіл-күй одағайлы сөйлемді тап.

а) – Ойпырмай, өрт болмағай еді! – деген досының сөзін естіді.

ә) – Тәйт! – деп жекіріп алды да, босағаға бір-ақ соқты.

б) – Мыш-мыш, мысығым, көзі қысық мысығым.

в) Тай ежелгі асаулыққа салып тағы мөңкіді.

г) Тек, тантымай сөйле!

 

19. Әр етістің жұрнағын тап.

1. өздік етіс а) -ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н

2. ырықсыз етіс ә) -дыр, -дір, -тыр, -ғыз, -гіз

3. ортақ етіс б) -ын, -ін, -н

4. өзгелік етіс в) -ыс, -іс, -с

а) 1а, 2в, 3г, 4б б) 1а, 2б, 3в, 4г

ә) 1в, 2а, 3г, 4б в) 1б, 2г, 3а, 4в

 

20. Етістіктің болымсыз түрін көрсет.

а) бар, кел, оқы, жаз. в) е, ет, де, оқы, жаз.

ә) барма, барған жоқ, келген емес. г) жазда, қылма, болма

б) тұзда, гүлде, ойна, ойла.

 

21. Сөйлемде анықтауыш қызметін атқаратын сөз қай септікпен келеді?

а) барыс ә) көмектес б) ілік в) шығыс г) жатыс

 

22. Грамматика нені зерттейді?

а) грамматика лексемаларды зерттейді.

ә) грамматика тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді.

б) грамматика дыбыстарды зерттейді.

в) грамматика жергілікті тілдік ерекшеліктерді зерттейді.

г) грамматика сөздің дұрыс айтылу нормаларын қарастырады.

 

23. Грамматиканың салаларын көрсет.

а) лексикология, фонетика в) морфология, синтаксис

ә) диалектология, тіл тарихы г) синтаксис, морфонология

б) лексикология, морфология

 

24. Қазақ тілінде еліктеуіш сөздер қай жылдан бастап сөз табы ретінде саналады?

а) 1970 жылдан бастап тоғызыншы сөз табы ретінде саналады.

ә) еліктеуіш сөз табы ретінде 1980 жылы қосылды.

б) Қазақ тіліне еліктеуіш сөздер 1954 жылы қосылды.

в) 2002 жылдан бері еліктеуіш сөздер оныншы сөз табы ретінде көрсетіліп келеді.

г) ХІХ ғасырдан бастап жеке сөз табы ретінде көрсетіледі.

 

25. Адамзат атауларын көрсет.

а) көрпе, ыдыс, тамақ в) орман, өзен, тау

ә) әке, әкім, немере г) ғалым, жануар, дос

б) дәрі, егін, өнер

 

 

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

№3 хаттама, 11 қараша, 2014 ж.

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі З.Ж.Мүтиев

 

 

Филология факультетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді.

№3 хаттама, 12 қараша, 2014 ж.

Факультеттің ОӘК төрағасы А.А.Раманова

 

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1091. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия