Студопедия — Йымның салық саясатын қалай түсінесіз?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Йымның салық саясатын қалай түсінесіз?






Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясатын жүргізгенде бастапқы қондырма болып тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, салық төлеушілерден салықтық төлемдерді төлету ғана емес, сонымен қатар салық салу әсерімен қалыптасқан шаруашылық экономикалық қатынасты жан-жақты бағалау саналады. Осыған байланысты салық саясатын салықтық зандарда жазылғандарды орындау ғана емес, оны жетілдіру деп түсінеміз.

Кәсіпорындардың табысына салынатын салық ҚР-ның бюджетіне келіп түсетін соманың ең көп бөлігін құрайтын және экономикамызға тікелей әсер ететін маңызды салықтың бір түрі. Нарықтық экономика тұсындағы кәсіпкерлік қызмет аясындағы ең белсенді салық болып отыр. Осыған орай экономикамыздың жағдайы тұрақты болу үшін экономика жүйесіндегі салық механизмінің тиімділігін жетілдіруіміз қажет. Осындай тиімділікті арттыру барысында салық саясаты өте тұрақты болуы тиіс. Қазіргі таңда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда салық төлеуден жалтару етек алуда. Салық қылмыстарының өсуіне жол бермеу барысында мемлекет өндірушілердің іскерлік белсенділігін түсірмейтіндей етіп, тиімді салық деңгейін белгілеуі қажет.

Егер салық қойылымы 100% мөлшерінде белгіленсе, онда ешқандай кәсіпкер, өндіруші бір нәрсе өндіруге келіспес еді. Кәсіпкердің тұрақты жұмыс істеуі және мемлекет табысының жеткілікті болуы салық ставкасына тікелей әсер етеді. Сондықтан осыларға лайықты салық ставкасын белгілеу қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында алынып жүрген негізгі салықтардың бірі болып, кәсіпорындар табысынан алынатын табыс салығы болып табылады. Заңды тұлғалардың табыс салығы жалпы мемлекеттік тікелей алынатын салықтар қатарына жатады. Бұл салық түрі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 қыркүйек «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығына сәйкес 1995 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды тұлғаларға табыс салығын салу жөнінде жаңа тәртіп күшіне енді. Бұл жарлықтың қабылдануы Республикамыздағы салық жүйесін реформалау басы деп айтуға болады. Бұл реформаның негізгі мақсаты өндірісті жандандыруға және салық жүйесін халықаралық стандартқа жақындатуға бағытталған еді.

Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық пен табыс салығының айырмашылығы: салық төлеуші салық жылының қорытындысы бойынша, яғни қаржылық- шаруашылық есеп нәтижесі жөнінде есептеп табыс салығын төлейді, салықтық есептің деректері негізінде, ал ол өз кезегінде жеке бухгалтерлік есептен айрықша есеп түрі болып табылады. «Жылдық жиынтық табыс» және «шегеріс» сияқты категориялар әрекет ете бастады. Олар Республикамыздың салық жүйесін барынша халықаралық стандартқа жақындатты және барлық салық төлеушілер үшін әділетті табысын анықтап, салық салынатын табысты, шегерістерді және жылдық жиынтық табысты белгіленген тәртіп бойынша жүргізу құрылымын енгізді.

Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық орнына Қазақстан Республикасының 2004 жылы 12 маусымында қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңында, яғни салық кодексінде корпоративтік табыс салығы енгізілді. Корпоративтік табыс салығы бойынша негізгі өзгерістер жылдық жиынтық табыс құрылымында көрініс тапқан. Корпоративтік табыс салығын есептеу әдістері сақталынған жағдайға салық ауыртпашылықтары жылдық жиынтық табыс пен салықтық шегерімдерді төмендету. Салық жылдық жиынтық табысқа салық жылы ішіндегі төлеушінің әртүрлі көздерден тапқан барлық табыстары жатады. Корпоративтік табыс салығы – негізгі маңызды салық, оның бюджеттегі үлестік мөлшері 55 – 60% құрайды. Корпоративтік табыс салығын оң қаржылық нәтижеде алатын, яғни табыс, заңды тұлғалар төлейді. Салықты осы түрін бөлу негізінде жататын, маңызды түсініктердің бірі- резиденттік. Ол тіркелген жер бойынша заңды тұлғаның түпкілікті салық жауапкершілігін ұсынады. Сонымен, резиденттердің, барлық көздерден алынатын барлық табыстардың шетелдік көздерін қоса алғанда, осы салықтың аумағында салық салынады.

Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының салық жүйесіне беретін енгізілген салық болып табылады. Осы салықты алудың бастапқы мақсаты мемлекеттік зейнетақы, әлеуметтік қамсыздану және медициналық көмекті қамтамасыз ету құқықты іске асыру үшін қаражаттарды жұмылдыру. 1999 жылдық қаңтар айынан әлеуметтік салықты енгізу, сонымен қатар, әлеуметтік бағдарламаларға бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін де қажет болды. Әлеуметтік салықтың қысқа мерзімді қызмет ету уақытында бірнеше өзгерістер енгізілген.

Келесі жаңа салық – қосылған құн салығы (ҚҚС). Ол Францияда пайда болған, ол табыс алушылардан алынады және бағаның ішіне кіреді. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналу процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнын бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорт кезіндегі аударымды білдіреді.

 

6.Жылдық жиынтық табысқа (ЖЖТ) анықтама беріңіз? Жылдық жиынтық табыс – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. 1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны; 2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы; 3) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

5) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру; 6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚРның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;

7) инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін – ҚР-ның инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар.

7.Жылдық жиынтық табыстың (ЖЖТ)түрлерін атаңыз? 1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері: 1) өткізуден түсетін табыс; 2) құн өсімінен түсетін табыс; 3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; 5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;6) провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс; 7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс; 9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс; 10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс; 11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс; 12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс; 13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс; 14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері; 15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар; 16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс; 17) дивидендтер; 18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты; 19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады; 20) ұтыстар; 21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс; 22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс; 22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс; 23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс; 1) Өткізуден түсетін табыс өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткізуден түсетiн табыс болып табылады. Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына қосылған құн салығының және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi. 2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ: 1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс; 2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс; 3) роялти; 4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады.

2) Құн өсімінен түсетін табыс 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;

Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа: 1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы; 2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер; 5) Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс 2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс: 1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап; 2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап; Құрылған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыс.

1. провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына барабар мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс Мыналар:

1) талап ету құқығын алатын салық төлеуші үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма; Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс. кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс; 1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 913. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия