Студопедия — Студент білімін бағалау саясаты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Студент білімін бағалау саясаты






Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Ережесінен үзінді

 

1. Студенттердің білімін бақылау мен бағалау балдық-рейтингілік жүйе бойынша жүзеге асырылады:

 

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың эквивалент саны Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0   Өте жақсы
А- 3,67 90 – 94
В + 3,33 85 – 89 Жақсы
В 3,0 80 – 84
В - 2,67 75 – 79
С + 2,33 70 – 74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65 – 69
С - 1,67 60 – 64
D + 1,33 55 – 59
D 1,0 50 – 54
F   0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

 

2. Ағымдық бақылау оқу үрдісінде студенттің білімін, оның аудиториялық сабақтардағы белсенділігі мен өздік жұмыстарын уақытылы орындауын жүйелі тексеруге бағытталған. Әрі студенттің семестр бойындағы жалпы жұмысын, яғни практикалық сабақтарға қатысуын (семинар), ОСӨЖ жұмыстарын орындауын, ағымдық бақылауларды тапсыруын, шығармашылық белсенділігін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағалау жүргізіледі. Ағымдық бақылау оқытушымен жүргізіледі (лектормен).

3. Бағалау тәртібі: әр семестрде межелік (аралық) бақылау 2 рет өтеді. Әрбір межелік бақылау апталығына дейін профессор-оқытушы құрамы білім алушыларды (практикалық, лаборатория, семинар, СОӨЖ, СӨЖ және т.б.) сабақтарында 3, 5, 7, 10, 12, 14 аптада бағалап, оны «Platonus» бағдарламасына 100 балдық жүйемен енгізіп отырады. Сонда әрбір студенттің қорытынды бағасының 25 пайызын (практикалық, лаборатория, семинар,

СОӨЖ, СӨЖ және т.б.) сабақтарынан, 35 пайызын межелік бақылаудан, қалған 40 пайыз емтиханнан жиналады. Межелік бақылауға студент ағымдық бақылаудан кем дегенде 50 балл жинағанда ғана жіберіледі.

Қорытынды баға төменде көрсетілген формуламен есептелінеді:

Орташа ағымдық баға (ОАБ) = 0.25 коэф

Межелік(аралық) бақылау(МБ) = 0.35коэф

Емтихан (Е) = 0.40 коэф

ОАБ = (Аб1+Аб2) /2*0,25

МБ = (М1+М2)/2*0,35

Е = Е*0,40

Қорытынды бағалау = ОАБ+ МБ+ Е

4. Барлық бақылаудың түрі және межелік, қорытынды бақылаудағы тест және басқа да сұрақтар, тапсырмалар міндетті түрде пән силлабусында келтіріледі.

5. Студентттің белсенділігін, өзара бәсекелестігін арттыру үшін профессор-оқытушылар тарапынан жоғары бағалауды негізсіз қойылуын алдын алу мақсатында жоғары бағалар дифференциалды түрде беріледі. Топтағы жалпы студенттің санының пайыздық көрсеткішіне байланысы:

А (өте жақсы) – 10 %

А- (өте жақсы) - 15 %

В+ (жақсы) - 15 %

6. Межелік және қорытынды бақылау кестеге сәйкес өткізіледі. Бір күнде 4 межелік бақылаудан артық қойылмайды.

7. Қорытынды бақылауға (емтиханға) кірер алдында студент пән жүргізетін профессор-оқытушыға анкета толтырады.

8. Компьютерлік тест, ауызша, жазбаша және шығармашылық түрінде болатын межелік немесе қорытынды бақылаудың сұрақтары, тапсырмалары студенттерге алдын-ала беріледі.

9. Білім алушылар межелік және қорытынды бақылауға жеке куәлік, сынақ кітапшасы және логин-парольмен кесте бойынша келуін пән оқытушылары қамтамасыз етеді.

10. Төлем ақысын келісім-шарттағы мерзімге сәйкес өтемеген студенттер сессияға жіберілмейді.

12. Ғылыми мектептің директоры келесі жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) студентке межелік және қорытынды бақылауды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат береді.

13. Кесте бойынша тапсыратын студенттер келген күннен бастап, 3 күн ішінде өтінішін анықтамалармен бірге ғылыми мектеп директорына тапсырады. Кесте бойынша тапсыратын межелік және қорытынды бақылаудың тапсыру мерзімі 4 жұмыс күні.

14. Емтихан кезінде барлық ақпараттық, есептегіш құралдарды пайдалануға немесе басқа студентпен сөйлесуге, көшіруге тыйым салынады. Бұл талап орындалмаған жағдайда емтихан тапсыру тоқтатылып, акт толтырылады. Акт толтырылған студенттер 7 кун ішінде ақылы түрде тапсырады. Оқытушы рұқсатымен методологиялық ақпарат көрсеткіштерді пайдалануға болады.

15. Қорытынды бақылауда алынған жақсы бағаны жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

16. Бақылауға келмеген студентке ақпарат тізіміне (ведомостіне) «келмеді» деген белгі қойылады.

17. Қорытынды бақылау нысанында "канағаттанарлықсыз" баға алған студенттер сол пәнге жазғы семестрде қайта қатысып, ақылы негізде қайта тапсыруға құқылы.

18. Курстан курсқа көшу GРА (Grade Point Average) балын жинаған студент келесі курсқа көшіріледі.

19. Педагогикалық іс-тәжірибеден академиялық қарызы бар студенттер 1 қыркүйек пен 30 қырқүйек арасында тапсыруға құқылы.

20. Студенттің оқытылатын пәндерге жазылуы сол пәннің пререквизиттерін меңгерген жағдайда ғылыми мектеп директорының рұқсатымен жүзеге асырылады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 941. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия