Студопедия — Ысқаша мазмұны
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ысқаша мазмұны






Негізгі түсініктер, пән және тарихы. базалық (негізгі) түсініктер.

Жобалау – жобаны құру процессі: табиғатты қорғау схемаларын, материалдарды, мүмкін болатын объектінің моделдің, прототиптің жобасын. Адамның шаруашылық және басқа да қызметтерінің алуантүрлілігінен жобалау түрлерінің алуантүрлілігі туындайды. Жобалаудың дәстүрлі түрлері – сәулетті-құрылысты, машинақұрылысты, гидротехникалық. Салыстырмалы түрдегі жаңа түрі – табиғат қорғау жобалау. Жоба (проект) термині тек қана болжамды объект моделін құру деген ұғымды ғана білдірмейді. Оның тағы бір мағынасы – белгілі бір құжаттың, жоспардың, ойдың шамамен, жобалап алынған мәтіні. Оқу кеңесінің шешеімінің жобасы, оқу жоспарының немесе дипломдық жұмыс жоспарының жобасы деген ұғымдар бар.

Экологиялық жобалау, ал дәлірек, жобалаудың экологилық құрамдас бөлігі, кең мағынада – адамның қоршаған ортаға тікелей негативті әсер ететін шаруашылық немесе басқа да қызметінің қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау және болжау. Жобалау объектісінің спектрі өте кең. Бұл – өндіріс технологиялары, жаңа материалдар, бос экономикалық зоналарды дамытудың бас жоспары, ГЭС-тердің жобалары, мұнай-газ құбырлары трассаларының жобалары.

Экологиялық жобалау терминнің тар мағынасы - табиғат қорғау мәні бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау және негіздеу процессі.

Геоэкологиялық жобалау –экологиялық жобааудың ерекше бірақ кең тараған түрі. Әртүрлі геотехникалық жүйелерді – Жер сферасының ландшафты шегіндегі физика-географиялық объектілерін жобалау – геоэкологиляқы жобалаудың мәнін құрайды. Сонымен, жобаны экологиялық негіздеу – жобалаудың сатысы. Оның барысында эксперимент және болжау негізінде жобаларды жүзеге асыру кезінде жағымсыз экологиялық салдар нақты экологиялық гормалардан аспайтындығы немесе жоба мемлекеттік нормативтік құжаттармен заңдастырылған экологиялық талаптарға сәйкес екендігі дәлелденеді.

Экологиялық экспертиза –жүзеге асырылғалы тұрған шаруашылық немеcе басқа да қызметтің экологиялық талаптарға сәйкес екендігін бекіту.

Географиялық экспертиза – «тұрғындар – шаруашылық – табиғат» типіндегі интегралды жүйелердің даму заңдылықтарының бейнесінің объективтілігін тексеруге мамандандырылған ғылыми бағыт. Географиялық экспертиза – аймақтық саясаттың перспективаларын бейнелейтін аймақтық болжамдар бағалауының ең аяқтаушы бөлігі. Аймақтық саясаттың стратегиялық сипаты мемлекеттің табиғи-ресурстық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық потенциялын сақтауды (көбейтсе тіпті жақсы) қамтамасыз етуі керек.

Экологиялық аудит – шаруашылық және басқа да қызмет субъектісінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық стандарттар мен нормативтердің талаптарын сақтауын тәуелсіз кешенді құжатты бағалау және бұндай қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау.

Жобалаудың геоэкологиялық принциптері – жобалық мекемелерді табиғи ресурстарды анағұрлым рационалды пайдалануды, адамның өмір сүру ортасын сақтауды қамамасыз етуге шақыратын әрекеттерге бағыттайтын ұсыныстар мен сілтемелер.

Табиғи географиялық ландшафт –биоценозы мен топырағының біртиптілігімен сипатталатын, жергілікті бір климат пен бір ылғалдандыру жүйесі жағдайында бір морфқұрылымда қалыптасқан аймақтық геожүйе, салыстырмалы түрде біртекті шекара.

Табиғи -антропогенді ландшафт – адам өзгерткен ландшафт, жартылай басқарылады.

Антропогенді ландшафт – адамның толығымен өзгерткен ландшафты.

Бағалау – бағаны орнату әрекеті.

Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ОВОС) –жобалық құжаттаманың құрамындағы негізгі бөлім, ол келесілерден тұрады: а)жобаланып отырған объектінің қоршаған ортаға әсерін болжау (шекараның заманауи ландшафтары және оның компоненттері); б) мүмкін болатын салдар мен өзгерістерді экологиялық, экономикалық және әлеуметтік бағалау. ОВОС жобаның алтернативтерін талдауды яғни қойыған мақсатқа басқа жолмен жету тәсілдерін қамтиды.

Норма (латынның norma сөзінен, басқаратын бастау, ереже, үлгі) – заңдастырылған бекітілім, расталған міндетті тәртіп, бекітілген шама, орташа мән. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалаудың мәні оның сапасының нормативтерін бекітуде. Қоршаған табиғи ортаға шаруашылық қызметтің негативті әсерінің алдын алу үшін келесідей нормативтер белгіленеді: рұқсат етілген шекті шығарылымдар (РЕШШ) және заттар тасталымы (РЗТ), заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормалары (ЗКШН), рұқсат етілген физикалық әсерлер норативтері.

Геожүйелердің, ландшафттың тұрақтылығы – сыртқы ықпалдар жағдайында норма шегінде, критикалық шамалардан аспайтын шекте функционалдық және құрылымдық сипаттамалар мәнін ұстап тұру қабілеті.

Геожүйелердің қалпына келуі – геожүйелердің сыртқы әсерлерден кейін бастапқы жағдайға қайта оралу қабілеті.

Географиялық болжау – географиялық объектілердіңболашақтың белгіленген бір сәтіндегі жағдайын болжау.

Геотехникалық жүйе – табиғи және техникалық бөліктерінің бір-бірімен тығыздылығы соншалық, бір бүтіннің құрамында әрекет ететін физикалық-географиялық өлшемдіктердің түзілісі. Бұның анағұрлым кеңірек ұғымы табиғи-техникалық жүйе – техника мен табиғаттың немесе табиғи және техникалық жүйелердің бірлесуі. Табиғи-техникалық жүйелердің мысалы ретінде қаланы, парникті, жер асты қайығын, ғарыш кемесін, инкубаторды алуға болады.

Табиғи-шаруашылық жүйелер – табиғи ресурстардың, өндіруші күштердің, өндіруші қатынастардың және сәйкес ұйымдастырушы-экономикалық формалар мен мекемелердің шекаралық өзара қарым-қатынасының жиынтығы. ТШЖ-дің негізінде тұрғындар қызметінің әртүрлі түрлері – өнеркәсіп, ауыл-орман-су шаруашылығы, рекреациялық шаруашылықтар жатыр.

Экологиялық тәуекелділік – шаруашылық әрекетті жүзеге асырғаннан кейін қоршаған қоршаған орта және адам үшін жағымсыз салдардың пайда болу мүмкіндігі.

Экологиялық геоақпараттық жүйелер (ЭГАЖ) – шекаралық координатталған мәліметтерді жинап, сақтап, өңдеп, таратуды жүзеге асыратын автоматтандырылған аппаратты-бағдарламалық жүйелер. ЭГАЖ-дың басты қызметі – басқарушылық шешімдерді ақпараттық-картографиялық қамтамасыздандыру. ЭГАЖ-дың негзінцифрлік экологиялық мәліметтер базалары мен автоматты картографиялық жүйелер құрайды.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1900. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия