Студопедия — Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.






Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың сегіз түрі бар:

- Қорықтар;

- Ұлттық парктер;

- Табиғи парктер;

- Қаумал (кіші қорық, қорықша);

- Табиғат ескерткіштері;

- Дендрологиялық парктер мен ботаникалық бақтар;

- Емдеу-сауықтыру жерлері мен курорттар;

- Дәстүрлі табиғат пайдалану территориялары.

Жобалау кезінде мемлекеттік билік органдары ЕҚТТ-ың басқа да категорияларын (қалалық ормандар мен парктер, жасыл зоналар, биостанциялар, микроқорықтар, қорғалатын табиғи ланлшафттар, жағалау желілерін және т.б.) орнатуы мүмкін екендігін ескеру керек.

Қорықтар. Олар типтік және бірегей экологиялық жүйелердің жануарлар және өсімдіктер бірлестіктері мен жекелеген түрлерінің, өсімдік және жануарлардың генетикалық қорының, табиғи процесстер мен құбылыстардың табиғи барысын зерттеу және сақтау мақсатында құрылады. Қорықтарға артылатын негізгі міндеттер:

- Қорғалатын табиғи кешендердің табиғи қалпын сақтап отыру және биоалуантүрлілікті сақтау;

- Экологиялық мониторинг өткізу, соның ішінде «Табиғат жылжазбаларын» жазу арқылы;

- Ғылыми зерттеулер жүргізу;

- Табиғат қорғау саласындағы мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауда жәрдемдесу;

- Экологиялық ағарту;

- Мемлекеттік экологиялық экспертизаларға қатысу.

Ұлттық парктер. Бұл ЕҚТТ-дың ерекше түрі, бұнда табиғи және тарихи-мәдени объектілерді сақтау және танымдық демалу міндеттері қоса қамтылады.

Табиғи парктер. Табиғи парктер оларға мерзімсіз берілген жерлерде ғана емес, соынмен қатар басқа жер пайдаланушылар жерлерінде де орналасуы мүмкін. Табиғи парктердің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

- Табиғи ландшафттарды сақтау;

- Демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау және рекреациялық ресурстарды сақтау;

- Табиғи парктер территориясын рекреациялық пайдалану жағдайында экологиялық балансты сақтау;

- Табиғат пайдаланудың экологиялық оңтайлы түрлерін жасау және енгізу.

Қорықшалар. Қорықшалар болып табиғи кешендер немесе олардың компоненттерін қалпына келтіру және экологиялық балансты сақтау үшін ерекше маңызға ие территориялар табылады. Табиғат және табиғи ресурстарды сақтаудың нақты міндеттеріне қарай қорықшалар әртүрлі профильді болуы мүмкін:

- Кешенді;

- Биологиялық;

- Палеонтологиялық;

- Гидрологиялық;

- Геологиялық.

Табиғат ескерткіштері. Экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда бірегей, орнына келтірілмейтін, бағалы табиғи кешендер мен жасанды және табиғи объектілер. Табиғат ескерткіштері ЕҚТТ ретінде көптеген аймақтарда кеңінен қолданылады. Олардың негізгі мақсаты – табиғи жағдайда сақтау.

 

14.3. Табиғат қорғау объектілерінің маңындағы территорияларға әсері. Жоғарыда аталғандай, табиғат қорғау объектілерінің негізгі мақсаты – консервациялық, ал тағы да бір маңызды функцияларының бірі – реттеушілік, яғни маңындағы территорияға әсер ете отырып жүзеге асрыылатын функция.

Изоляцияланған орман массивінің ареалында үш кіші зона айырықа көрсетіледі:

- Маңындағы территориялардың барлық компоненттеріне тікелей физикалық әсер ету;

- Ағын мен жергілікті климатқа әсер;

- Ақпараттық әсер.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1617. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия