Студопедия — Пәннің сипаттамасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пәннің сипаттамасы






АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары құқық мектебінің;

Директоры

З.ғ.д., профессор

У.Шапақ ___________________________

Ж.

 

 

«ШАРТТЫҚ ҚҰҚЫҚ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандығы: 5В030200-«Халықаралық құқық»

 

Оқу нысаны Күндізгі

Барлығы 3 кредит

Курс 3

Семестр 5

Дәрістер 30 сағат

Семинар сабақтары 15 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 23 сағат

СӨЖ 67 часов

Емтихан 3 семестр

Еңбек көлемі 135 сағат

 

Астана 2014

Пәннің сипаттамасы

«Шарттық құқық» пәні студенттерге азаматтық-құқықтық мамандану аясында оқытылады. Мүліктік айналымды құқықтық реттеудегі шартқа тиесілі орынның маңыздылығы шарттық құқық пәнінің оқытылуын айшықтай түседі.

Пәнді зерттеу барысында болашақ заңгер үшін қажетті ұғымдар, заңдар және шартты жасасу мен рәсімдеудің принциптері сондай-ақ, олардың мазмұны жөіндегі ілім меңгерілмек.

Азаматтық айналымдағы шартты жасасу, өзгерту және бұзуға қатысты қоғамдық қатынастар сондай-ақ, шарттық қатынастардың ортақ заңдылықтары, қызмет етуінің принциптері, әралуан шарттық қатынастардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі «Шарттық құқық» пәнінің зерттеу объектісі болып табылады.

Сатып алу сату, тасымалдау, мердігерлік және басқа да әралуан шарттардың түрлері туралы нормалар жинақталған Азаматтық кодекстің тарауы – «Міндеттемелердің жекелеген түрлері» деп аталады. Осы тұста, ҚР АК (Ерекше бөлімі) алғаш рет бекітілген міндеттемелерге ерекше назар аударған жөн болар еді. Соңғыларының ішінен келесілерді атап айтуға болады:

- кәсіпорынды сатып алу сату және жалға алу;

- қаржылық жалға алу (лизинг);

- ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг);

- кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг);

- мүлікті сенімгерлікпен басқару;

- тұрақты және өмір бойғы рента;

- бөтеннің мүддесінде тапсырмасыз іс-әрекет ету.

 

Пәнді зерттеу барысында көзделетін мақсаттар мен міндеттер:

Осы оқу курсын зерттеу нәтижесінде студенттерде шарттарға қатысты туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін азаматтық заңнаманың нормаларын тәжірибеде қолдана білу қабілеті қалыптасуы қажет. Шарттық қатынастардың мәні мен табиғаты, шарттардың нақты түрлері жайлы ауқымды түсініктің студенттерде қалыптасуы осы пәнді оқытудың мақсаты болып табылады. Студенттер тек, шарттардың әралуан түрлерінің барлығын біліп қана қоймай, сонымен бірге, оларды жасау механизмдерін, оңтайлы нысанын таңдауды, оған қол қоюдың тиімді уақыты мен орнының қыр-сырын жетік меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, шарттың жарамдылық мерзімі мен оның тараптарының жауаптылығы да назардан тыс қалмауы қажет.

Алға тартылатын міндеттер:

Ø Шарттық құқықтың нормалары мен институттарын азаматтық құқықтың бір саласы ретінде зерттеу;

Ø Шарт ұғымы мен оның азаматтық заңнамадағы орнын зерттеу. Азаматтық-құқықтық шарттардың мәмілелермен, сондай-ақ әралуан салалардағы шарттармен байланысын айқындау және оларды жіктей білу;

Ø Рим құқығындағы, еуропалық мемлекеттердің заманауи құқығындағы міндеттемелердің туындау және шарттар мен шарттық құқықтың даму тарихын зерттеу. Міндеттемелік және шарттық құқық нормаларының ара қатынасын айқындау;

Ø Шарттық құқық нормаларының табиғатын зерттеу. Шарттар туралы нормалардың уақыттағы, кеңістіктегі және субъектілері бойынша қолданысын зерттеу. Шарттар туралы нормалардың түсіндірілуінің маңызын зерттеу;

Ø Жария шарттардың, қосылу шарттарының, сондай-ақ шарттардың міндетті жасалуының ерекшеліктерін зерттеу;

Ø Шарт ережелері ұғымын, шарт нысанын және оның мемлекеттік тіркелуін талдау. Шарттардың жіктелуін, сондай-ақ шарттық нысандарды айқындау;

Ø Шарт тараптарының құқықтық мәртебесін айқындау және зерттеу. Шарт пен үшінші тұлғалардың ара қатынасын айқындау.

Ø Шарттық жауаптылықтың нысандарын, негіздерін және жалпы ережелерін сондай-ақ олардың тәжірибеде қолданылуын зерттеу.

 

 

Дәрістердің тақырыптық жоспары (күндізгі оқу нысаны)

Тақырып және сауалдар тізімі Сабақтың мақсаты мен міндеттері Көкейтесті мәселелері
       
  Шарт азаматтық құқықтық категория ретінде (2 сағат) 1. Шарт-мәміле ұғымы. Шарттағы ерік және ерік білдіру. 2. Шарт еркіндігі және оның шектелуі. 3. Шарт жарамсыздығы. 4. Шарт жасалуының жалпы тәртібі. 5. Шарттың міндетті жасалуы. 6. Алдын ала жасалатын шарт. Жария шарттар. Қосылу шарты. 7. Шарттың ережелері. 8. Шарттың нысаны және оның мемлекеттік тіркелуі. 9. Шарттардың жіктелуі. Шартты мәміле ретінде айқындай білуі және құқықтық қатынас ретіндегі аталған ұғымды шарттан ажырата білу қажет; шартты жарамсыз деп танудың негіздерін айқындау; шарттың жасалу тәртібін білу және оны жіктей алуы қажет. Шартты құқықтық қатынас ретінде айқындай білуі қажет; шарттың елеулі ережелерін білу; үшінші тұлғалардың құқықтары мен шарт тараптарының құқықтарын үйлестіре білу: шарт мазмұнын дұрыс жіктей білуі тиіс.   Даулы және бастапқыдан жарамсыз мәмілелер, шарттағы ерік және ерік білдіру, жария шарттар мен қосылу шарттары. Шарттағы тараптардың құқықтық мәртебесі, шарттың нысаны, атаулы және атаусыз шарттар.  
2. Шарттың орындалуы, өзгертілуі және тоқтатылуы. (4 сағат) 1. Шартты орындау. 2. Шартты өзгерту және бұзу. 3.Шартты тоқтатудың арнайы жағдайлары. 4. Шартты өзгертудің арнайы жағдайлары (тараптардың алмастырылуы). 5. Шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. 6. Кепіл шарты. Шарт бойынша алынған міндеттерді орындау, шартты өзгерту және тоқтату тәртібін білу, шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерін айқындай алуы қажет. Шартты орындаудан біржақты бас тарту, шарттағы тараптарды алмастыру, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің жекелеген әдістері.
  Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттар (4 сағат) 1. Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттардың ерекшеліктері. 2. Сатып алу сату шартының ұғымы мен мәні. 3. Сатып алу сату шартын орындау және оны бұзғандығы үшін тараптардың жауаптылығы. 4. Сатып алу сату шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуінің ерекшеліктері. 5. Айырбас шарты. 6. Сыйға тарту шартының ерекшеліктері. 7. Рента шартының және оның жекелеген түрлерінің ұғымы мен мазмұны.   Шарт жасаса білу, заңнаманың ой-қырынан хабардар болу, келесідей мәселелер бойынша білікті болу: тұтынушылардың құқықтары және олардың азаматтық-құқықтық қорғалуы; жылжымайтын мүлікті сатып алу сату шартының нысаны; жылжымайтын мүлікті сатып алу сату шарты бойынша меншік құқығының ауысу сәті; жекешелендіру шартының ерекшеліктері. Айырбас, сыйға тарту, рента шарттары. Сатып алу сату шартының және оның жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу.    
  Мүлікті уақытша пайдалануға беру жөніндегі шарттар(4 сағат) 1. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттардың ерекшеліктері. 2. Мүлік жалдау шартының ұғымы. 3. Лизинг шарты. 4. Кәсіпорынды жалдау шарты. 5. Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты. 6. Экипажымен қоса көлік құралын жалдау шарты (уақытша фрахттау). Көлік құралын сақтандыру. 7. Прокат шарты. 8. Мүлікті уақытша тегін пайдалануға беру шартының ұғымы және ерекшеліктері.   Жалға алу шартын жасаса білу, заңнаманың ой-қырынан хабардар болу, жалға алу шартын жасасу тәжірибесі, жалға алу шартының нысаны мен мерзімдері, мүлік жалдау шарты бойынша төленетін ақы, мүлік жалдау шартын өзгерту және бұзу, мүлік жалдау шартын қайта жаңарту және қайта жасасу, лизинг пәнінің кездейсоқ жойылу не бүліну қаупі, көлік құралдарының жекелеген түрлерін жалға алу сияқты мәселелерді талдау білуі қажет. Мүлікті тегін пайдалануға ұсыну шартының жасалу тәжірибесін білу, мүлік жалдау шарты бойынша берілетін мүліктің кездейсоқ жойылу не бүліну қаупі сияқты сұрақтарды талдай алуы және ондай шарттарды жасаса білуі қажет. Жалға алу шартының және оның жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу.  
  Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттар 4 сағат) 1. Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттардың ерекшеліктері. 2. Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттардың жекелеген түрлері. 3. Мердігерлік шарты: жалпы ережелері. 4. Тұрмыстық мердігерлік шарты. 5. Құрылыс мердігерлік шарты. 6. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты. 7. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері. Мердігерлік шартын жасасудың тәжірибесін білу, мердігерлік шартындағы материалдардың кездейсоқ жойылу қаупі, жобалау-сметалық құжаттама сияқты сауалдарды талдай білулері тиіс және мердігерлік жұмыстарды орындауға шарттарды жасай алулары қажет. Мердігерлік шартының ерекшеліктерін зерттеу.  
6. Көліктік шарттар(4 сағат) 1. Тасымалдау түрлері және олардың құқықтық реттелуі. 2. Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі. 3. Жүктерді тасымалдау шарты. 4. Жолаушыларды тасымалдау шарты. 5. Фрахттау (чартер) шарты. 6. Жалпы қолданыстағы көлікпен тасымалдау шарты. 7. Көліктік экспедиция шарты.   Тасымалдау және көліктік экспедиция шартының жасасу тәжірибесін білу, тасымалдау шартындағы тараптардың жауаптылығы, әуемен тасымалдаушының жауаптылығының ерекшеліктері, тікелей аралас қатынаста жүктерді тасымалдауды реттеу, экспедиторға ұсынылатын құжаттар және өзге де ақпараттар сияқты сауалдарды жетік меңгеруі тиіс. Тасымалдау шартының және оның жекелеген түрлерінің сондай-ақ, көліктік экспедиция шартының ерекшеліктерін зерттеу.    
7. Заемдық міндеттемелер. Факторинг (4 сағат) 1. Заем шартының ұғымы мен нысаны. Шартты жасасу. 2. Заем шартындағы сыйақы. 3. Заем пәнін ұсыну. 4. Заем алушының міндеттемесін орындатуды қамтамасыз етудің әдістері. 5. Заемның жекелеген түрлерінің ерекшеліктері. 6. Заем пәнін қайтару. 7. Факторинг шарты: ұғымы, пәні және ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының нысаны. 8. Тараптардың жауаптылығы. 9. Борышқордың қарсы талабы. 10. Ақшалай соманы қайтару. Банк сферасындағы шарттардың жасалу тәжірибесін білу, заем алушының міндеттемесін орындатуды қамтамасыз ету әдістері, факторинг шартының ерекшеліктері сияқты сауалдарды талдай білулері қажет. Банк сферасындағы шарттардың жасалу ерекшеліктерін зерттеу.  
8. Азаматтық айналымдағы басқа шарттар. (4 сағат) 1. Заттық құқықтық қатынас сферасындағы шарт. 2. Мүлікті бөлу туралы шарттар. Ұжымдық құрылымдарды құруға бағытталған шарттар. 3. Авторлық шарттар. Жер пайдалану шартын, сервитут, жай серіктестік туралы шарттарды, құрылтай шарттарын жасай алу, аталған шарттардың мазмұнын білу және оларды тәжірибеде қолдана алу Сервитут, мүлікті бөлу туралы шарттар. Үй серіктестік туралы шарт.
Барлығы: 30 сағат

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары (күндізгі оқу нысаны)

Тақырып № Тақырыптар және олардың сағаттық мөлшері Ауызша сұрау Есептерді, көкейтесті өзекті мәселелерді шешу Семинар сабақтары бойынша тапсырмалар Сағаттық мөлшері
  Шарттық құқықтың түсінігі және дамуы 1. Шарттық құқықтың түсінігі және оның маңызы 2. «Шарттық құқық» терминінің пайда болуы 3. Ежелгі Римдегі шарттық құқықтың қалыптасуы 4. Қазіргі таңдағы шарттық құқықтың дамуы және оның маңызы 5. Қазақстандағы шарттық құқықтың негізін салуышылар және олардың еңбектері Ауызша сұрау. 1 сағат
  Шарттың құқықтық реттелуі. Шарттық құқық нормаларының сиапты және қайнар көздері 1. Шарттар жөніндегі азаматтық заңнама нормаларының жүйесі 2. Халықаралық шарттар және шарттардың азаматтық-құқықтық реттеуі 3. Шарттарды құқықтық реттеудегі әдет-ғұрып, іскерлік айналым қалыптарының орны 4. Шарт туралы нормалардың уақытқа қарай, кеңістікке қарай, тұлғаларға қарай әрекет етуі 5. Шарт туралы нормалардың талқылануы. Шарттық қатынастарды құқықтық реттеудегі сот және аралық соттар тәжірибесінің маңызы. Әрбіреуіне мысал келтіре отырып, шарттардың жіктелуі бойынша сызба құрастырыңыз. 1 сағат
  Мәміле ретіндегі шарттың ұғымы. Шарт еркіндігі және оның шектелуі 1. Шарт-мәміле ұғымы. Шарттағы ерік және ерік білдіру. 2. Шарт еркіндігі және оның шектелуі. 3. Шарт жарамсыздығы және мәміле жарамсыздығы. Даулы және бастапқыдан жарамсыз мәмілелердің жарамсыздығының құқықтық салдары. 4. Шарттарды жасасудың жалпы тәртібі. 5. Шарттардың міндетті жасалуы. 6. Сауда-саттық барысында шарттарды жасасу. 7. Алдын ала жасалатын шарттар. 8. Шартқа дейінгі даулар. 9. Жария шарттар. 10. Қосылу шарттары. 11. Шарттарды түсіндіру. Кейін жарамсыз болып табылатын, заңнама нормалары бұзыла отырып жасалынған кез-келген шарт жобасын жасау. 2 сағат
  Шарттық міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық. Шарттық қатынастар қатысушыларының құқықтарын қорғау 1. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір жалпы ережелері жөнінде 2. Шарттық жауапкершілік нысандары 3. Шарттық жауапкершіліктің негіздері мен шарттары 4. Шарттық қатынастардағы қорғауға деген құқық 5. Шарттық қатынастардағы құқықты қорғау тәсілдері 6. Шарттық міндеттемеде несие берушіні қорғау 7. Шарттың жарамсыздығының өзекті мәселелері 8. Жария-құқықтық қатынастардағы мүліктік айналым қатысушыларын қорғау Топпен жұмыс 1. Цессия шартының жобасын жасау. 2. Кепіл шартының жобасын жасау. 3. Кепілдік шартының жобасын жасау. 4. Айып төлеу жөнінде келісім даярлау. 5. Кепілпұл туралы келісімнің жобасын даярлау. 1 сағат
  Меншікке мүлікті беру жөніндегі шарттар 1. Сатып алу сату шартының ұғымы мен мәні. 2. Сатып алу сату шартының түрлері. 3. Тауар жеткізілім шарты. 4. Энергиямен жабдықтау шарты. 5. Келісім-шарт жасасу шарты. 6. Жылжымайтын мүлікті сату шарты. 7. Айырбас шарты. 8. Сыйға тарту шарты. 9. Рента шарты. Топпен жұмыс 1. Энергиямен жабдықтау шартын жасау. 3. Қозғалмайтын мүлікті сату шартын жасау. 4. Қайырмалдық шартының жобасын жасау. 5. Тұрақты рента шартының жобасын дайындау. 2 сағат
  Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттар 1. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттардың ерекшеліктері. 2. Мүліктік жалға беру шартының ұғымы. 3. Шартты орындау. 4. Жалға берілген мүлікті ұстап-күту. Мүлікті жақсарту. Шартты тоқтатқан ретте мүлікті қайтару. 5. Лизинг шарты. 6. Кәсіпорынды жалға алу. 7. Үйлер мен ғимараттарды жалға алу шарты. 8. Экипажымен қоса көлік құралын жалдау шарты (уақытша фрахттау). Көлік құралын сақтандыру. 9. Прокат шарты. Топпен жұмыс 1. Прокат шартының жобасын даярлау. 2. Экипажымен көлік құралын жалдау шартының жобасын даярлау. 3. Лизинг шартының жобасын даярлау. 4. Тұрғын үйді жалдау шартының жобасын жасау. 5. Ссуда шартының жобасын жасау.   1 сағат
  Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттар 1. Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттардың ерекшеліктері. 2. Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттардың жекелеген түрлері. 3. Мердігерлік шарты: жалпы ережелері. 4. Тұрмыстық мердігерлік шарты. 5. Құрылыс мердігерлік шарты. 6. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты. 7.Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері Топпен жұмыс 1. Мердігерлік шарты мен өтелмелі қызмет көрсету шарттарының арақатынасын кесте түрінде көрсету. 2. Тұрмыстық мердігерлік шартының жобасын даярлау. 3. Құрылыс мердігерлігі шартының жобасын даярлау. 4. Өтелмелі қызмет көрсету шартының үлгісін даярлау. 1 сағат
  Көліктік шарттар 1. Көліктік шарттың ұғымы. 2. Көліктік шарттардың жүйесі. 3. Тасымалдау шартының ережелері. 4. Тасымалдау шартының тараптары. 5. Әуемен тасымалдаудың ерекшеліктері. 6. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарты. 7. Ілесуге алу шарты. 8. Экспедиция шарты. Топпен жұмыс 1. Көлік экспедициясы шартының үлгісін даярлау. 2. Жүкті автомобильмен, темір жол көлігімен, теңіз және әуе көлігімен тасымалдау шартының жобасын дайындау. 1 сағат
  Есеп айырысу және несие қатынастары аясындағы шарттар және банктік қызмет көрсету аясындағы шарттар 1. Есеп айырысу және несиелік операциялар. 2. Есеп айырысу нысандары. 3. Заем шарты. 4. Заем алушының міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері. 5. Заемның жекелеген түрлерінің ерекшеліктері. 6. Заем пәнін қайтару. 7. Факторинг шарты: ұғымы, пәні және ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының нысаны. 8. Тараптардың жауаптылығы. 9. Борышқордың қарсы талап қоюы. 10. Ақшалай соманы қайтару. 11. Банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі және түрлері. 12. Банктік шот шартының түсінігі, нысаны, мазмұны 13. Банк салымы шарты 14. Ақша аудару туралы шарт Топпен жұмыс 1. Банкпен жеке немесе заңды тұлғаға несие беру жөніндегі шарт жобасын даярлау. 2. Жеке тұлғалар арасындағы қарыз шартының жобасын жасау. 3. Банктік шот шартының жобасын дайындау. 1 сағат
  Сақтау шарты. Сақтандыру шарты 1. Сақтау шартының түсінігі және нысаны. 2. Сақтау шартының түрлері. 3. Сақтандыру жөніндегі жалпы ережелер. Сақтандыру қатынастарын құқықтық реттеу. 4. Сақтандырудың түрлері. 5. Сақтандыру құқықтық қатынасының қатысушылары. 6. Сақтандыру шарты: түсінігі, мазмұны және нысаны. 7. Сақтандыру шартының елеулі ережелері 8. Мүліктік сақтандырудың жекелеген түрлері. 9. Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың ерекшеліктері Топпен жұмыс 1. Жеке тұлғалар арасында жасалынған сақтау шартының жобасын даярлау. 2. Секвестр жөніндегі шарттың жобасын әзірлеу. 3. Тауар қоймасында сақтау шартының жобасын жасау. 4. Мүліктік сақтандыру шартының жобасын даярлау. 5. Өмір мен денсаулықты сақтандыру жөніндегі шарт жобасын әзірлеу. 6. Автокөлік иесінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын дайындау. 1 сағат
  Тапсырма шарты. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау. Комиссия шарты 1. Тапсырма шартының түсінігі мен мазмұны. 2. Тапсырма шартындағы сыйақы 3. Тапсырма шартының тоқтатылуы, менімнің ауысуы. 4. Тапсырма шартындағы құқыққабылдаушылық. 5. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау. 6. Комиссия шартының түсінігі мен нысаны. 7. Тапсырма шарты мен комиссия шарты арасындағы айырмашылықтар. 8. Комиссиялық тапсырамын орындау. 9. Комиссионердің жауапкершілігі. 10. Комиссия шартының тоқтатылуы. Топпен жұмыс 1. Жеке тұлғалар арасындағы тапсырма шартын дайындау. 2. Заңды тұлғалар арасындағы тапсырма шартының жобасын даярлау. 3. Комиссия шартының жобасын дайындау.   1 сағат
  Мүлікті сенімгерлікпен басқару. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты 1. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі мен түрлері. 2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының субъектілері мен объектілері. 3. Франчайзинг шартының түсінігі, нысаны. 4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері. 5. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тоқтатылуы Топпен жұмыс 1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының жобасын жасау. 2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының жобасын даярлау. 1 сағат
  Авторлық шарттар 1. Авторлық шарттың түсінігі. 2. Авторлық шарттардың жіктелуі. 3. Шарттың мазмұны. 4. Авторлық шарттың тоқтатылуы Авторлық шарттың жобасын әзірлеу. 1 сағат
Барлығы: 15 сағат

СОӨЖ орындау және тапсыру кестесі (күндізгі оқу нысаны)

№ п/п Тақырыптардың аталуы Сағаттық мөлшері СОӨЖ өткізу аптасы
1. 1 тақырып. Шарттық құқықтың ұғымы, оның дамуы және қайнар көздері. 2 сағат 1-2
2. 2 тақырып. Шарт мәміле ретінде. Шарт құқықтық қатынас ретінде. 5 сағат  
3. 3 тақырып. Шартты жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату 3 сағат  
4. 4 тақырып. Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттар 5 сағат  
5. 5 тақырып. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттар 2 сағат  
6. 6 тақырып. Жұмыстарды орындау және өтемелі қызмет көрсету жөніндегі шарттар 2 сағат  
7. 7 тақырып. Тасымалдау шарты. Көліктік экспедиция шарты 3 сағат  
8. 8 тақырып. Есеп айырысу және несиелік қатынастар және банктік қызмет көрсету сферасындағы шарттар 1 сағат  
Барлығы: 23 сағат

СӨЖ орындау және тапсыру кестесі (күндізгі оқу нысаны)

№ п/п Тақырыптардың аталуы Сағаттық мөлшері СОӨЖ өткізу аптасы
1. 1 тақырып. Шарттық міндеттемелерді қамтамасыз ету әдістері 5 сағат 1-2
2. 2 тақырып. Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттар 5 сағат 3-4
3. 3 тақырып. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттар 5 сағат  
4. 4 тақырып. Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету жөніндегі шарт 10 сағат  
5. 5 тақырып. Көліктік шарттар 5 сағат  
6. 6 тақырып. Есеп айырысу-несие қатынастары сферасындағы шарт 5 сағат  
7. 7 тақырып. Банктік қызмет көрсету сферасындағы шарттар 5 сағат  
8. 8 тақырып. Сақтау шарты 5 сағат  
9. 9 тақырып. Сақтандыру шарты 5 сағат  
10. 10 тақырып. Тапсырма және комиссия шарттары 5 сағат  
11. 11 тақырып. Мүлікті менімгерлікпен басқару шарты. Франчайзинг шарты 7,5 сағат  
12. 12 тақырып Азаматтық құқықтағы өзге де шарттар 5 сағат  
Барлығы: 67,5 сағат






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1510. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия