Студопедия — В.Хализев. Теория литереатуры, Москва, 2005.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

В.Хализев. Теория литереатуры, Москва, 2005.






Ф. 7.03-08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

Келісілді Бекітемін

Филология факультетінің ОІ және АТ жөніндегі

деканы Б.М.Тілеубердиев проректор Қ.Байболов «___»_________2014ж «___»__________2014ж.

ЖҰМЫСТЫҚ Оқу БАҒДАРЛАМАСЫ

Пәнi Әдебиет теориясы (АТ 4308)

Факультеті Филология

Мамандығы 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті

Oқу түрі күндізгі

Курсы 4

Семестрі7

Кредит саны 2

Дәріс сабақ 15 сағ

Практикалық сабақ 15 сағ

ОСӨЖ 30 сағ

СӨЖ 30 сағ

Барлық сағат саны 90 сағ

Емтихан 5 семестр

Аралық бақылау (модуль) саны 2

Барлық балл: ағымдағы және аралық бақылауға 60

Қорытынды бақылауға 40

 

 

Шымкент, 2014 ж.

 

 

Жұмыс бағдарламасы БҒМ ҚР Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы РОӘК 22.0б.2006ж. бекіткен типтік бағдарлама негізінде түзілген.

 

Жұмыс бағдарламасын дайындаған Қалшабеков А.Б.

 

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

 

№ ______ Хаттама «____» _________________________2014ж.

 

Кафедра меңгерушісі: _____________ ф.ғ.к. доцент Омаров Н

 

 

Жұмыс бағдарламасы Филология факультетінің әдістемелік комиссиясында мақұлданды «___» __________ 2014ж. Хаттама №

 

ӘК төрағасы: _____________ п.ғ.к.., ЖетпісбаеваГ.

 

 

Жұмыс бағдарламасы кафедралармен келісілген (кафедралар тізімі, пән аттары, меңгерушілердің аты-жөні мен қолы, мерзімі)

Кафедра__________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі___________________________________қолы, мерзімі________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

1. Пәннің оқу процесіндегі мақсаты, міндеті мен орны.

1.1 Пәнді оқытудың мақсаты: Көркем әдебиетті, әдебиеттің халықтығын, көркем бейнені және оның жасалу жолдарын, көркем шығарманың композициясы мен сюжетін, тілін, өлең құрылысын, әдеби үрдісті, әдебиеттің тектерін (эпикалық тек, лирикалық тек, драмалық тек) және олардың түрлерін, көркемдік әдістерді, әдеби ағым-бағыттарды, стиль мәселесін жан-жақты түсіндіру.

1.2 Пәнді оқытудың міндеті:Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру әдебиет теориясының негізгі принципі екенін, көркем шығарманың тақырыбы, идеясы туралы түсіндіріп, олардың түрлерін таныту. Халықтық мұрат, ұлттық асыл қасиет, адамдық ізгілікті бейнелеу – шығарманың озық идеялылығының белгісі екенін ұғындыру.

1.3 «Әдебиет теориясы» курсын меңгеру үшін студенттерге қажетті пәндер тізімі: халық ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы, тіл біліміне кіріспе т.б.

2. Оқу жоспарынан көшірме:

2.1 күндізгі оқу формасы үшін

 

 

Семестр   Апта саны Сағаттарды семестр бойынша сабақ түрлеріне бөлу Барлық сағат Қорытынды бақылау
дәрістер Практ. сабақ Семинар Зертханалық сабақ Сстуденттердің жеке жұмысы Курстық жоба, жұмыс СӨЖ ОСӨЖ
                       
                      емтихан
                       
барлығы                      

3. Пәннің мазмұны

 

Модульдер, тараулар, тақырыптар атаулары мен олардың негізгі мазмұны Модулге, тарауға, тақырыптарға берілген сағат саны Әдебиеттер
дәрістер Зертхана. сабақ Практ. сабақ СӨЖ ОСӨЖ
             
Модуль 1. Әдебиет теориясының зерттейтін мәселелері  
Кіріспе. Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. Оның негізінен көркем әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері мен көркем-идеялық мәнін, қоғамдық сипатын, даму заңдылықтары мен көркем туындыны бағалау, талдау принциптерін зерттеп анықтайтын ғылым екендігі. Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелердің негізінен 3 циклдан (қаламгердің өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшелігі, шығарманың әдеби-көркемдік құрылымы, әдеби процесс жайы) тұратындығы.           1,2
Әдебиет теориясының әдебиеттану ғылымындағы жетекші сала екендігі, оның мәнісі.Әдебиет теориясының эстетика, өнер, теориясы, философия, тіл білімі т.б. ғылымдармен байланысы. Әдебиет теориясының әлемдік әдебиеттану ғылымының жетістіктеріне, бұрынғы озық, прогресшіл әдеби-теориялық ой-пікірлерге сүйенетіндігі, уақыт талабына сай жаңаша козқарастармен байып, толығып отыратын ғылым екендігі.Қазақ ұлттық әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихына қысқаша шолу.           3,4,5
Қазақ ұлттық әдебиет теориясығылымының қалыптасу тарихына қысқаша шолу.           6,7,8
Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері. Өнердің бір түрі ретіндегі сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Сөз өнерінің образдық-суреттілік табиғаты, мұның әдебиеттің басты ерекшелігі екендігі «Образ» ұғымының сөз сипатына, сөзбен сурет салу яғни көркемдікке және әдебиетгегі көркем бейнеге қатысты мағына-мәні. Образдылык- көркемдік сырлары. Көркем образ, оның өмірді көркем таныту құралы екендігі. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық, философиялық мәні. Көркем образдың нақтылық, жалпылық қырлары, олардың бірлігі. Көркем образдың тарихи жағдайға, ортаға тәуелділігі. «Мәңгілік бейнелер» сыры.           7,8,9
Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері. Өнердегі типтілік мәселесі. Бұл жайлы түсініктер. Өмірдегі типтік көрініс-құбылыстар және олардын өнер үшін мән-маңызы. Типтендірудің өнердің басты заңдылығы екендігі. Бұл жайлы Гегель, Белинский толғамдары. Типтендірудің турлері, ерекшеліктері. Типтендірудің нақтылы кезең шындығына, тарихи жағдайга қатыстылығы.           8,9,10
КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі. Әдеби шығарма - көркемдік әлемі. Көркемдік ұғымы, көркемдік шарттары, оның мазмұн мен пішін мәселесіне тікелей қатыстылығы. Өнер туындысының мазмұны мен пішіні, олардың өзара бірлігі. Туындыны пішін мен мазмұн бірлігі тұрғысынан қарастыру реалистік эстетиканың негізгі принципі екендігі. Мазмұн мен пішін элементтері. Мазмұн мен пішіннің бірлігі жайлы түрлі толғамдар. «Мазмұнсыз пішін» ұраны - жалған ілім. Жаңа мазмұн - жаңа пішін.           9,10,11
Сюжет пен фабула мәселесі. Композиция. Көркем шығармадағы сюжет мәселесі. Сюжеттің атқаратын басты көркемдік-идеялык функциясы. Сюжет және фабула туралы ой-пікірлер (Аристотель, Гегель, Веселовский, Потебня, Шкловский, Томашевский, Горький, Ревякин т.б.). Қазіргі әдебиеттану ғылымында негізінен «сюжет» терминін қолдану басымдығы, себебі. Сюжеттің автор дұниетанымы мен идеяға қатыстылығы. Сюжеттің XIX ғасырдағы, XX ғасырдағы анықтамалары. Сюжет тұрлері. Сюжеттік желілер. Сюжет және көркем тартыс. Тартыс түрлері. Тартыстың характерді таныту, даралау тәсілі екендігі. Гегель, Белинский тартыс, коллизия туралы. Қазақ әдебиетіндегі сюжет түрлері (М.Атымов). Композициялық бүтіндік мәселесі.           12,13,14
1 Модуль бойынша барлығы            
Модуль 2.Әдебиет тектері  
ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ Әдеби жанрлар теориясы.Әдебиетті текке, түрлерге (жанрларға) бөлу-жіктеу принциптері (Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов).«Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні, қолданылу аясы.Жанрдың тарихи категория екендігі. Эпостық тек - эпикалык бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері. Эпикалық жанрлар.Роман жанры теориясы (Белинский, Байтұрсынов, Бахтин т.б.)- Роман -эпопеяның жанрлық табиғаты.           14,15,16
Лирикалық жанрлар. Лирикалық туындылардағы ішкі ғалам сыры, субъективтік сипат. Ода, элегия, сатиралық лирика т.б. тән жанрлық ерекшеліктер. Драмалық жанрлар ерекшелігі (Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов, Горький т.б.).Трагедиядағы қасірет, комедиядағы күлкі, драмадағы тұрмыстық жайлар сыры. Аралас жанрлар табиғаты.           17,18
ӘДЕБИ ПРОЦЕСС. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі Әдеби процесс - әдеби даму. Көркемдік даму заңдылықтары. Адамзат мәдениетіндегі сабақтастық. Әдеби даму және дәстүр жалғастығы. Дәстүр жалғастығының үш ұрғыда көрінуі. Дәстүр ұғымының үздік, дара суреткердің сөз өнеріндегі айрықша көркемдік жетістік-тағылымы екендігі. Дәстүрден тағылым алу үйрену мен оны шығармашылықпен игеру, жалғастыру екендігі. Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі. Дәстүрді шығармашылыкпен игерудің жаңашылдыққа әкелетіндігі, ал жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туғызуға дайындығы. Төл әдебиетіміздегі көркемдік дәстүрлер, олардың сөз өнерінің дамып,өсуіндегі мән-маңызы. Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы. Әуезовтің тарихи роман дәстүрі. Әлемдік әдебиет дамуындағы озық дәстүрлер және олардың қазақ әдебиеті дамуына ықпалы. Дәстүрдің маңызын мойындамайтын көзқарастарға сын.           18,19
Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп. Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік әдіс туралы толғамдар тарихына шолу. Белинский реалды және идеалды поэзия туралы. Реализмнің ерекшелігі жайлы Энгельс, Плеханов пікірлері. Кеңестік әдебиеттанудағы көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. Көркемдік әдістер арасындағы байланыс -сабақтастық. «Сыншыл реализм» мен «социалистік реализмге» өнер мен әдебиеттің саясаттану идеалогиясы деп қараушылық. Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп әдеби дамудың формалары екендігі, әдеби процестегі орны, байланыстылығы. Әдеби мектептің үздік суреткердің жаңашылдық дәстүрінің тікелей шығармашылық ықпал- әсерімен қалыптасатындығы. Орыс («Гогольдің натуралдық мектебі», «Некрасовтың мектебі» т.б.) және қазақ («Абайдың ақындық мектебі» т.б.) әдебиетіндегі әдеби мектептер.           19,20,21
БАТЫС ЕУРОПА ЭСТЕТИКАСЫ ТАРИХЫНАН (ХҮІІ-ХҮШ ғғ) Классицизм өнері эстетикасы. ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде (Франция т.б.) орнаған абсолюттік монархиялық ел билеу жүйесі. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы. Классицизм эстетикасының көне грек енері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы, нормативтік сипаты. Өнер мұратын жоғары қауымның мүддесімен ұштастыруы, шектеулілігі. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты - классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы.           21,22
ХҮШ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы. ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары. Ағартушылық реализмнің дамуы. Қоғам өмірінде өнер, білім, ғылымның кеңінен насихатталуы. Ағартушылық эстетикасы ның классицизмнің нормативтік, сословиелік шектеуліліктерін т.б. қайшылықты жақтарын батыл сынауы. Д.Дидроның, И.Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы, өмірмен байланысын күшейту, шынайылығы т.б. озық ой-толғамдар. Лессинггің «Лаокон...» еңбегінің маңызы. Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары. И.Кант эстетикасьшдағы қисындылық ұғымы, әсемдік, асқақтық, олардың шарттары. Г.В.Гегелъ эстетикасындағы қайшылықты және құнды пайымдаулар. Г.В.Плехановтың әдеби-эстетикалық көзқарасы. Г.В.Плеханов- орыстың классикалық сынын XIX ғ. аяғында жалғастырушы сыншы, эстет, әдебиет теоретигі. Г.Плеханов эстетикасындағы басты мәселелер: өнердің генезисі мен өзіндік ерекшеліктері, қоғамдық құбылыс екендігі, дүниетаным, реализм мәселелері, көркемдік шарттары, пішін мен мазмұн бірлігі, сынның екі актісі, «өнер өнер үшін» деген көзқарасқа сын, т.б. Реализм үшін күресі.           23,24
Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар XIX ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар. Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы. Реализмге қарама-қарсылығы. Маринетти, А.Бретон, Хосе Ортега-и-Гассет тағы басқалары модернистік өнердің мақсат-міндеті, ерекшелігі туралы. Модернистік әдебиет түрлері (экзистенциализм, абстракционизм, символизм, сюрреализм, футуризм т.б.) өкілдері.           24,25
XX ғ. басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік-декаденттік бағыт-ағымдар. Бұлардың қазақ поэзиясындағы кейбір көріністері. Модернистік бағыттағы туындылар үлгілеріндегі пішін тұрғысындағы, адамның ішкі әлемін танытудағы кейбір көркемдік жетістіктер. Модернистік өнерге қазіргі көзқарас.           27,27,29
2 Модуль бойынша барлығы            
Пән бойынша барлығы            

3.1. Әрбір модуль бойынша практикалық сабақтардың тақырыптары

1 Модуль. Әдебиет теориясының зерттейтін мәселелері

1. Әдебиет - сөз өнері. Әдебиеттану ғылымы және оның салалары. Әдебиеттану ғылымы және оның қосымша салалары

2. Көркем әдебиет. Әдебиеттің обьектісі - өмір шындығы. Әдебиет - адамтану ғылымы.

3. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін

4. Көркем шығарманың тақырыбы. Көркем шығарманың идеясы

5. Көркем бейне және авторлық дүниетаным. Көркем бейненің жасалу жолдары. Көркем бейненің жіктелуі

6. Көркем бейнені жасау жолындағы қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері

7. Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті

8. Көркем шығарманың тілі. Поэтикалық тіл. Кейіпкер тілі және автор тілі

9. Поэтикалық фигуралар. Өлең құрылысы

 

2 Модуль. Әдебиет тектері

1. Дүние жүзі поэзиясындағы өлеңдер жүйесі

2. Силлабикалық өлең жүйесі

3. Тоникалық өлең жүйесі

4. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі

5. Метрикалық өлең жүйесі

6. Өлең сөздегі ырғақ және қара сөздегі ырғақ

7. Поэзия мен көркем қара сөз

8. Әдеби даму, әдеби процесс

9. Әдеби даму заңдылықтары

10. Дүние жүзі әдебиетіндегі құбылыстар қатынасы. Әдеби ағым-

бағыттар. Әдебиеттің тектері мен түрлері

 

 

3.2. Модульдер бойынша СӨЖ номері және атауы

І модуль. Әдебиет теориясының зерттейтін мәселелері

1. Сөз өнері – қоғамдық сананың айрықша бір саласы. Оның эстетикалық сипаты.

2. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларында сақталған алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар.

3. Көркем ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Каламгер фантазиясының көркем бейне жасаудағы ролі.

4. Мазмұнның тақырып пен идеяға, пішіннің образдар жүйесіне қатысы. Тақырып табу және шығармашылық үрдіс.

5. Композиция мен сюжеттің арақатынасы. Сюжеттен тыс элементтердің композицияға қатысы. Әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін тәсіл.

 

 

6.Тіл мен ойдың арақатынасы. Көркем тілдің интонациялық-синтаксистік мәнерлілігі. Өмір мен өлеңдегі ырғақ заңдылықтары.

7.Әдебиет дамуының тарихи кезеңдері, мәдени-тарихи дәуірлері. Әдеби үрдістің қоғам дамуымен қатынасы.

8.Әдебиеттегі тек, түр және жанр мәселелері. Эпос - адам мінезін терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр.

9.Лириканың шындықты адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне астастыра суреттейтін психологиялық қасиеті.

10.Драманың негізгі белгілері: шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіруі; шиеленіскен тартыстар төңірегіне жинақтауы; оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсетуі.

11.Көркемдік әдіс мәселелері. Көркемдік әдіс және өмір шындығы.

12.Стиль және шығармашылық ерекшелік.

 

2 модуль. Әдебиет тектері

ІЗ. Дәстүр жалғастығы - әдеби даму заңдылығы.

14. Жаңашылдық көріністер.

15. Қазақ поэзиясындағы әдеби бағыттар мен ағымдар /XIX ғ./.

16. Орыс классицизмінің өзіндік ерекшеліктері.

17. ХҮІІІ ғ. Батыс Европадағы ағартушылық дәуір эстетикасы.

18.Ортега-и-Гассет — модернистік өнер теоретигі.

19. Қазақ прозасындағы модернизмнің кейбір көріністері.

2О.М.Бахтин роман жанрының зерттеушісі.

21.Роман-эпопеяның жанрлық ерекшеліктері.

22.Дәстүрді мойындамайтын көзкарастар.

23.Өзің қалаған бір өлеңді мазмұн мен пішін бірлігі түрғысынан талдау.

24.Жыраулар поэзиясындағы бейнелілік

 

3.4 Курстық жоба(жұмыс) тақырыптары

4. Пәннің және ТОҚ әдістемелік қамтамасыз ету

4.1 Оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулық, дәрістер жинағы, кейстер, портфолио, ПОӘЖ, анықтамалар, баспасөз құралдары, Интернет-ресурстар және т.б.

Негізгі әдебиеттер

1. А.Байтұрсынов, Әдебиет танытқыш, Алматы, Атамұра, 2003.

2. А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе, Шымкент, Нұрдана-LTD, 2012.

3. А.Қалшабеков. Әдебиеттану ғылымына кіріспе, Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспахана орталығы, 2013.

4. Ақжол Қалшабеков. Асқар Сүлейменов шығармашылығындағы көркемдік ізденістер. Кандидаттық диссертация авторефераты, Алматы, 2005.

5. А.Қалшабек. Профессор Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми орбитасындағы бес тарап //Абайтану. Мекемтас Мырзахметұлы. Астана, Деловой мир, 2010, 2-кітап.

6. А.Қалшабек. Мархабат мәнзелдес мақамдар //«Оңтүстік Қазақстан» газеті, 31.03.2012.

7. А.Қалшабек. Кеңестік дәуірдегі эмиграциялық әдебиет // «Қазығұрт. кz» журналы, №8, 2012,

8. А.Қалшабек. Модернизм мәнісі, //«abai kz» ақпараттық порталы, 11. 15. 2013.

9. Е.Ысмайылов. Әдебиет теориясының мәселелері, Алматы Қазақ университеті, 2011.

10. Шейх Ахмет Хұдайдад Тарази. Көркем сөз өнері, Алматы, Таңбалы, 2013

11. Ғ.Райс. Сөз өнері теориясы. Алматы, Таңбалы, 2010.

12. С.Мақпыров. Адамтану өнері. Алматы, Арыс, 2009.

13. Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969

14. З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

15. Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991

16. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы, Ана тілі, 2006.

Қосымша әдебиет

 

 

1. А.Ысмақова. Алаш әдебиеттануы, Алматы, 2007.

2. Ұ.Еркінбаев. «Әдебиет танытқыштың» теориялық негізі, Алматы, Ғылым, 2008.

3. В.Хализев. Теория литературы, Москва, 2005.

4. Д.Ысқақұлы.Сынталқы. Алматы, 2005.

В.Хализев. Теория литереатуры, Москва, 2005.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3497. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия