Студопедия — Тоныкөк тас жазулары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тоныкөк тас жазулары.






Ұлттық журналистиканың ілкі белгісі ежелгі түрік руна алфавитімен бәдізделген Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерден көрініс тапқан. Мұндай ескерткіштер қатарына ғылыми ортада белгілі болған Білге қаған (683-734), Күлтегін (684-731), Тоныкөк, Күлі Чор, Мойын Чор, қар Чор, т.б. жәдігерлердегі сюжеттер мен оқиғалар желісі, образдар бейнесі мен жер-су атауларына байланысты суреттеулерден публицистік белгілердің нышанын, ақпарат таратудың көшпелілерге ғана тән ерекшеліктерін аңғаруға болады. Ежелгі көшпелі төрүктер ақпаратты тасқа басу арқылы сол дәуір шежіресін айнаға түскендей болашақ ұрпақтың мәңгі есінде қалдыруды көздеген.

Орхон ескерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан өзгеше саналатын жазба – Күлтегінге арналған ескерткіш. Жазбада өмірде болған тарихи оқиға баяндалады. Құтлығ қаған (Ілтеріс) тұсында түркі мемлекетінің күш – қуаты артып, ерекше қарқынмен дамыған. Ол 682 жылы қайтыс болғаннан кейін, балалары Могилян мен Күлтегін жас болып, таққа туысы Мочжо (Қапаған) отырады. 716 жылы Қапаған дүниеден қайтқан соң, таққа Білге қаған отырады. Дәл осы кезде Білге түркі мемлекетінің күш – қуатын арттыруға көп еңбек сіңіреді. 731 жылы түркінің атақты қолбасшысы Күлтегін дүниеден өтеді. Інісін өмірлік есте қалдыру мақсатында Білге қаған Кошо – Цайдам ойпатындағы Қараболғасун ескі қорғанның солтүстігіндегі Эрдени – цзу пұтқанасы маңында Күлтегін тас жазуын орнатқызады. Оны жазған Иоллығ тегін атты жазбагер.

Бұл ескерткішті тұңғыш тапқан орыс ғалымы - Н.М.Ядринцев. 1890 жылы Г. Гейкель бастаған фин – угор қоғамы, 1901 жылы В.В. Радлов бастаған Орыс Ғылым академиясының экспедициялары ескерткіш орнатылған жерге барып, жазуды тексеріп қайтқан.

1902 жылы Учжоудағы ағылшын консулы К.Кэмпбелл Күлтегін жазбасына қатысты бірсыпыра зерттеу жүргізген. 1909 жылы француз саяхатшысы Ля Кост, 1912 жылы В.Л. Котвич, 1958 жылы чех археологы Л. Иисль қарастырады. Жалпы бұл жазуды дат оқымыстысы Вильгельм Томсен, әйгілі ғалым В. В. Радлов, кейін С.Е. Малов өз тілдеріне аударады. Түпнұсқаны зерттеуде В. Бартольд, С.Г.Кляшторный, т.б. ғылымдар зор еңбек сіңірді. Көне түркі жазбаларын қазақшаға аударуда зерттеу ісінде Ғұбайдолла Айдаров, Құлмат Өмірәлиев, Мырзатай Жолдасбеков еңбектері зор. Кейінгі жылдары ақындар Қадыр Мырза Әли, Темірхан Медетбек «Күлтегін» жазбасының еркін поэтикалық аудармасын жасады.

«Күлтегін ескерткішінің биіктігі – 3,15 м, ені – 1,24 м, қалыңдығы – 0,41 м. Ескерткіштің жоғары жағы бес бұрышты. Оның қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Екінші жағанда ескерткіштің орнатылған күні – 1 тамыз, 732 жыл деп жазылған».

Күлтегін ескерткішіндегі жазу екі бөліктен тұрады. Ол негізгі беттегі 40 жол жазу – үлкен жазу (КТҮ) деп, ал сол жақ бетіндегі 13 жол жазу – кіші жазу (КТК) деп аталады.

Ғұлама М.О. Әуезов: «Мұнда батырдың жас шағынан бастап өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрлысына ұқсастық бар», - деген ой білдірген.

Ал академик Ә.Х. Марғұлан болса: «Өткен дәуірдің жыршылары қандай ерлік жырын жырласа да, оның бәрі материалистік негізге тіреліп, болған тарихи уақиғаны, тарихи фактілерді жырлаған», - деп жазады.

Көне жазба ескерткішінің ішінде осындай нақтылы фактілерге негізделген «Күлтегін» тарихи жәдігерінің үлкен жазуы 428 өлең жолынан, бір – бірінен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түрік халқының ұлы ата – бабалары туралы, екінші хикая – түріктерді тамғаштардың бағындырып алғаны жөнінде, үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналғаан, төртінші хикая – Қапаған қаған туралы, бесінші хикая – Білге қағанды жыр еткен, алтыншы хикая – Күлтегін туралы жыр».

Профессор Б.Кенжебаевтың: «Қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес, кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық көрсететын әдебиет нұсқалары болуы ықтимал», - деген тұжырымдары ежелгі түркі дәуірінде туған ғажайып ескерткіштерге де қатысты айтылса керек.

Көне түрік жазбаларын зерттеп, зерделеу ісіне үлес қосқан, профессор М. Жолдасбеков: «Қазақ әдебиетінің басы, нәр алар қайнар көзі қайсы, қайдан басталады дейтін сұрақ қазақ филологтарын көптен толғантып келе жатқан мәлім. Бұл сұрақ замандар бойы жасалған халықтық мәдениетіміздің бастауын танып, оның кейінгі қалыптасу жолдары мен заңдылықтарын анық та айқын байқау, сөйтіп, оларды бүгінгі әдебиетіміздің өзіндік, ұлттық белгілерін айқындауға жұмсау талабынан туып отыр», - деген пікір білдірген.

Күлтегін жазбасы тарихи тұрғыдан да, әдеби шығарма ретінде де зерттеліп жүр. Ескерткішті публицистикаға жақындататын – жазбада көне түріктердің қоғамдық – саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің келтірілуі дер едік. Жырдың бастауындағы жолдарға назар аударайық: «Биікте көк тәңірі, // Төменде қара жер жаралғанда, // Екеуінің арасында адам баласы жаралған. // Адам баласы үстіне ата – тегім // Бумын қаған, Істемі қаған отырған.// Отырып түркі халқының ел – жұртын // Қалыптастырған, иелік еткен».

Шын мәнінде де Бумын қаған да, Істемі қаған да өмірде болған адамдар. Олар – түрік мемлекетін алғаш құрған елбасылар. Түрік тарихын зерттеуші С.Г. Кляшторный: «Түркі мемлекетінің негізін қалаған адам 551 жылы қаған атағын алған Бумын деп есептеледі», - десе, филология ғылымдарының докторы Т.Жұртбай: «Барша түркі жұртын бостандыққа бастаған Бумын қағанды ақ киізге орап, арбаның үстіне көтеріп отырғызып, хан сайлады. Сол күннен бастап исі түркінің қамын ойлап, намысын қорғаған Бумын қағанды Елхан – бүкіл елдің ханы деп жариялады. Бас – басына бытырап жүрген түркі тайпаларының басы бір тудың астына бірігіп, тарихта әйгілі болған түркі қағанатын құрды». Сонымен Күлтегін жазбасы түрік қағанаты мемлекетінің болғандығы, оның алғашқы ханы Бумын болғандығы туралы нақты деректі жеткізіп отыр. Ғасырларды аттап өтіп бізге жеткен тағы бір есім – Істемі. Естеми қаған кезінде түркі мемлекеті күшейіп, бұрынғыдан да қанатын кеңге жайған. «Естемидің әскері 555 жылы Батыс теңізіне жетті, мұны Каспий емес, Арал теңізі деп түсінген дұрыс, өйткені Фирдоуси Естеми билеген елдің шекарасын Шыңнан (Қытайдан) Жайхұнның (Әмударияның) жағасына дейін және Гүлзарұнның (Сырдария) арғы бетіндегі Шаш (Ташкент) қаласына дейін деп анық көрсеткен». Қарап отырсақ, сонау ерте замандардың өзінде қазіргі Қазақстан мемлекетінің батыл да күшті болып қалыптаса бастағандығын аңғарар едік. «өйтіп, түркілер бір жарым жылдың ішінде қазіргі Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Хорезмді өзіне бағындырып алды».

Күлтегін жазбасындағы назар аударатын жайт – сол уақытта жаугершілік заман болғандығын, «Төрт бұрыштағы халықты көп алған, бәрін бейбіт еткендігін», «Ілгері – Қадырқан қойнауына дейін, кері – темір қақпаға дейін жайлағандығын» аңғарамыз. Осындағы Қадырқан қойнауы, Темір қақпа сол кездегі жер аттары.

Тағы бір публицистикалық сарын «Бектері халқының ымырасыздығынан табғаш халқының алдауына сенгендігінен, - Арбаына көнгендігінен...» түркі мемлекетінің ыдырағандығы туралы тұтас көрініс. Бұл да тарихи шындық. Көршілес Қытай мемлекетіне бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды. Ол заман да өтті.Осы тасқа қашалған рух пен пафосқа толы өршіл сөздер – бүгінгі ұрпақты бабалар қателіктерімен тәрбиелеп тұр, сабақ болатындай саяси ахуалды баян етіп тұр.

Публицистикадағы «факт» терминінің баламасына «оқиға» деген түйіндер айтылып жүр. Күлтегін жазбасындағы публицистикалық белгілердің бірі – «осы оқиғалар» дер едік. Жазбада бірнеше оқиға бірінен кейін бірі хронологиялақ нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін ерліктері уақыттық жағынан кезек – кезегімен, өмірдегі билік құру уақытымен кезеңдестіріліп баяндалады.

Жазба ескерткіштегі тағы бір назар аударарлық тұс - өмірде болған Күлтегін батырдың ерлігінің дәріптелуі.

«Түркі халқы үшін // Түн ұйықтамадым, // Күндіз отырмадым. // Інім Күлтегінмен бірге,// Екі шадпен бірге // Өліп – тіріліп ұлғайттым… // … Терістікте оғуз халқына қарсы, // Шығыста – қытай, татабы халқына қарсы// Түстікте – табғашқа қарсы // Көп қолмен он екі жорық жасадым», - деген жолдарда түркі халқының басына күн туғанда, Күлтегін сияқты ердің жауға қарсы аттанғандығы, кімдермен, қанша жасында, қандай ат мініп айқасқанына дейін дәлме – дәл көрсетіледі. Күлтегін шайқастары оның жасы өскен сайын, шын мәнінде күшейіп, әрі қарай жалғаса береді. Бұл баяндардан байқайтынымыз – Күлтегін батырдың өмірде болған адам екендігі, сол кезде өмір сүрген халықтардың нақты аттары, жер – су аттары жиі кездеседі. Күлтегін шайқастары бейлеленетін тұстар – нағыз публицистикалық сарынды байқатады. Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегін 684 жылы туап, 731 жылы өлген. Бауырының қазасына қабырғасы сөгілген Білге қаған табғаш (қытай) қағанының зергер бәдізшісі Шоң Сеңүнді алдыртып, мәңгі есте қалдыру үшін құлыптасқа түркі елінің тарихын, Күлтегіннің ерлігін ойып жаздырды. Негізгі тексті баяндаушы – баба жырау Иоллығ тегін. Ал жерлеу рәсіміне тегіс қағанынан Мақраш таңбашы, Оғуз Білге таңбашы, Қырғыз қағанынан Тардуш ынаншы Чур, т.б. қатысқандығы жырда көрсетілген. Күлтегін қазіргі Моңғолиядағы Орхон өзенінен 40 шақырымдай жердегі Қараболғасун қаласы қасындағы төбеге жерленді, сол жерде бабалар тарихынан сыр шертетін тас ескерткіш бой көтерді.

Публицистикада – ой, идея басты рөл атқаратындығы белгілі. Күлтегін ескерткішінде ғасырлар бойы нұр шашып тұрған негізгі жәуһар ой, идея – түркі халқын ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыру, ата – баба дәстүрін берік ұстау болса керек.

Түйіндей келгенде, Күлтегін жазбасы – VІ- VІІ ғасырлардағы түркі қағанатының қоғамдық – саяси өмірін, жаугершілік замандағы ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлар хақындағы, шындық деректерге сүйенген, елдің тұрмыс – тіршілігін, әдет – ғұрпын дәл бейнелеп берген өлмес ескерткіш. Шындық өмірді, ақиқат болмысты көрсеткен жазба – көркем шығарма, тарихи жәдігер болумен қатар, қазақ публицистикасының да қайнар бастауының бірі деп батыл тұжырым жасауға болады.

Орхон жазба ескерткішінің ішіндегі бізге жеткен үлкен қазынаның бірі – «Тоныкөк жыры». Күлтегін жырының авторы Иоллығ тегін болса, Тоныкөк жырының авторы – Білге Тоныкөктің өзі деген жорамал бар. «Тоныкөк – Білге қағанның қайын атасы және әйгілі әскери маман. Ол жас кезінде 13 жыл Жүнгоның (Қытайдың) астанасында тұрып тәрбие алғаан. Ол осы ескерткішті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болған соң бұл ескерткіш оның моласының басына қойылды...».

Тоныкөктың Қытай елінде өскендігі жырдың алғашқы жолдарында – ақ көзге ұрып тұр: «Білге Тоныкөк – мен өзім табғаш елінде тәрбиелендім, өстім», «Тарихшы Ма- Шаңшудың айтуынша, осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен қарлақ елінің Сабек тайпасынан шыққан адам» Тоныкөк Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың ақылшысы, Күлтегін батырдың батагөйі болған,көп жасаған дана қарт. «Тоныкөк Білге 716 жылы Күлтегінге қолбасшылықты аманатқа тапсырғанда 70 жаста болатын. Ал 727 жылы қытай императоры елші жіберіп, жылына 100 мыңдай тай жібек беруді ұсынған келісімінің тұсында ғұлама Білге билікке қатысқан. Демек, дала абызы 646 жылы туып, тоқсан жас жасаған. Сонда, «жеті жүз жігітті ерткен ұлығ шад» Құтлықтың сарбаздарына қосылып, «ақыл иесі, сөз иесі» өзі болып, Елтерісті қаған сайлаған кезде отыз алты жаста екен» [63,119б.].

Күш – қайраты бойындағы сол шағын Тоныкөк жыршы былайша көрсетеді: «Елтеріс қаған [өзінің] ақылды, [үзеңгілес] жолдасы [бар] үшін алып болғаны үшін, - Табғачка [қарсы] он жеті [жолы] соғысты, Қытайға [қарсы] бес [жолы] соғысты, Оғузға [қарсы] бес [жолы] соғысты. Сондағы ақылшысы(50) тағы мен – ау едім, қолбасшысы тағы мен едім.

Елтеріс қағанға, Түрк Бөгү қағанға, түрк [Білге қағанғғға, түрк] Қапаған мен Білге Тоңуқуқ ақылшы серігі мен болдым...

...Тәңір жарылқасын! Бұл Түрк елінің үстіне жарақты жау келтірмедім, [жал - құйрығы] түйілген атты шапқыздым (жауға ел үстіне ат ойнақтатқызбадым» - жазбаның дәл осы жолдарында ескерткіш авторы Тоныкөктің қандай адам болғандығы нақты тарихи деректермен баяндалады.

Жырдың басты қаһарманы Тоныкөк – хандардың ақылшысы, дана адам ғана емес, бүкіл түркі елінің тағдырын ойлайтын абыз қарт, жасында қолына қару алып жауға шапқан батыр да, қалың түркі еліне жол көрсеткен жолбасшы, қол бастаған қолбасшы.

Тоныкөк ескерткіші Күлтегін жырымен бір мезгілде жазылғаннан кейін болу керек, жазылу стилі, композициялық құрылымы, баяндау тәсілі, сөз қолдану ерекшеліктері, түрік тіліне тән екпінді пафосы жағынан ұқсас. Көлемі – 313 өлең жолынан тұрады. Құлыптаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Келімбетовтің пікірінше жырдың жалпы оқиға желісін он төрт топтамаға бөлуге болады. Әр топтама: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытындыдан тұрады.

«Бірінші топтамада түркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалу тарихы, екіншіден – аман қалған түріктердің бас қосып, бірігуі; үшіншіде – сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы, төртіншіде – Елтерісті қаған етіп жариялағаны, ел ішіндегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны; бесіншіде – оғыздардан тыңшы келіп, олар елін шапақ болып жатқаны; алтыншыда – түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің рөлі; жетіншіде – оғыздармен болған соғыс туралы; сегізінші топтамадан бастап, он үшіншісіне дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген қиян – кескі соғыстары жыр етіп баяндалады.

«Тоныкөк» жырының ең соңғы – он төртінші топтамасы бүкіл жырдың қортындысы сияқты. Мұнда түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап – атап айтады да, соның бәрінде түркілердің жеңіске жеткенін, сол жеңістердің өзінен - өзі келмегені, оған Тоныкөк өзінің ақыл – кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны сөз зергерлеріне ғана тән зор шеберлікпен суретиеледі».

Тоныкөк жазбасының өзіндік ерекшелігі ретінде мына жайтты айтпай кету мүмкін емес. Оқиғалар тізбесі,жойқын шабуылдар мен түркі мемлекеттігін сақтап қалу жолындағы жанталас ұрыстар басты кейіпкер Тоныкөктің атынан баяндалғанмен, мұнда – түркі халқы бастан кешірген қанкешті күндер мен жанкешті жылдар көрініс табады. «Түрк Білге қаған еліне [арнап] жаздырдым. Мен Білге Тоныккөк», - деген жолдар да Білге Тоныкөк өз атын тарихта қалдыруды емес, түркі халқының тарихын келешек ұрпаққа жазып қалдыруды мансұқ тұтқан. Елтеріс қаған таққа отырғаннан кейінгі әлсіздеу түркі мемлекетінің ахуалы мына жолдарда сайрап тұр: «Ақылшы серігі, атақты серігі мен болдым. (Елтеріс қағанның – Б.Ж.) Шұғай Құз бен Қарақұмды жерлеп (қоныстап) отырар едік. Халықтың тамағы тоқ еді. [Бірақ] жауымыз төңірегімізде айналып ұшқан жыртқыш құс сияқты еді[де],біз жемтіксияқты едік. Осылайша [қысыл – таяң жағдайда] отырып, тіршілік жасадық».

Әскері аз, бытыраңқы түркі елі тізе қосып жауға бірігіп аттануы керек болды. Әйтпесе, төрт бұрышты жайлаған басқа халықтар түркі халқын мүлдем жойып жіберу қаупін туғызды.Яғни сол көне дәуірлердегі ең басты мақсат – түркі мемлекеттігін қалай да сақтап қалу еді. Тоныкөк жазбасының да – негізгі көтерген қоғамдық - әлеуметтік мәселесі де, түпқазық, алтын арқау жемісі де осы.

Күлтегін жырындағы «Білге қағанның таққа отыру баяны. Білге қаған мен Күлтегін батырдың Көк Түрік мемлекетін күшейту жолында жүргізген жорықтары баянындағы», «Түрік халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым», - деген жолдар Тоныкөк жазбасында да кездеседі: «Сонда түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым.» Елін, жерін сүюдің ең айқын көрінісі осы болар. Ал «түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген үндеу сөзде қуатты публицистикалық үн бар. Ол сонау терең ғасырлар қойнауынан ұрпаққа жеткен жігерлі, намысты, жалынды сөз.Сол сөздің күшімен, айбынымен түркі тектес халықтар бүгінгі территориялық тұтастығын, мемлекеттігін сақтап келе жатқандығы – түрік рухынан өшпес бейнесі бола алады.

Тағы бір жерде сол кездегі бабалардың елін, жерін қорғау үшін талай – талай белден асып, әскері аз болса да, жаудан ақыл – айласын асырып, қапыда қалдырып, күшпен емес ақыл – парасатпен жеңіске жеткендіктері баяндалады:

«Ол сөзін естіп қол (әскер) жүргіздім.Алтынжысты жолсыз (жермен) астым. Ертіс суын өткелсіз жерден өттік. Түн қаттық. Болчыға таң ата жеттік». Тіл келтірді (әкелді). Сөзі мынау: «Жарыс жазығында он түмен әскер жиылды», - дер. Ол сөзін естып бекер: «Көтерілейік, қайталы. Ару ұят жақсы (босқа қырылғаннан таза ұят көп артық)» - деді. Мен былай дедім: «мен Білге Тоныкөк, Алтынжысты аса келдік, Ертіс суын кеше келдік. Келген [кісі] алып!» - дедім. Түймеді (түсінбеді, өкіліме түспеді).

«Тәңрі, Умай, Ұйық жер – су жар берді емес пе, неге қашамыз? көп [екен] деп неге қорқамыз, аз дейік. Неге басынады? (неге басылып қаламыз?) тиелік!» - дедім. Тидік (тиіп бердік). Бытыраттық (быт - шыт қылып қуып жібердік). Осы үзіндіде де түрк жауынгерлерінің көп қиындықты бастан кешіп, өз рухтарын «Ару ұят жақсы», «көп деп қорықпа, аз деп басынба» деген сияқты қанатты сөздермен көтеріп, қалың жауды қақырата жеңгендігін қазір де көріп отырғандай елестейді. Бұл – көне жазбаның сенімді де сергек тілге суарылып, шын өмірде болған оқиғалардан бастау алғандығының дәлелі.

Қазақ публицистикасының туу арналары – осы жалынды леппен тасқа қашалып жазылған «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінде жатыр деуге толық құқымыз бар. Кеңес дәуірінде бұндай ғылыми байламдарды айту – басын қатерге тігумен бірдей еді. Қазақ публицистикасының зерттелуіне бүкіл ғұмырын арнаған, профессор Т.С.Амандосов та өз еңбектерінде бұл мәселеге жанамалап болса да соқпай кеткен жоқ. Ертеректе жазған «Қазақ публицистикасын зерттеу туралы» атты мақаласында: «Арғы тамырын көне дәуірден бастаған қазақ публицистикасы (ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық бағытта қалыптаса бастады», - деп жазыпты. Арғы тамырын көне дәуірден бастаған, - дегенде профессор Амандосовтың ойы да осы жазбаларға бағытталған болса керек. Сол мақаланың соңына таман «Баяндалған пікірімізді қорыта келгенде қазақ публицистикасын зерттеу жан – жақта қолға алуына тиісті. Мұны қолға алғанда бұл зерттеулер мынадай бағытта жүргізілуі керек:

Көне түркі ескерткіштеріндегі жер – су аттары, ру – тайпа аттары мен өмірде болған тарихи тұлғалы адамдардың аттары аталуының өзі – бұл мұраларды публицистикалық жазбаларға жақындата түседі. Ескерткіштегі аталатын Алтын йыш – Алтай тауы, Ертіс угуз – Ертіс өзені, Кем – Енисей өзені, Інчу угуз – Сырдария, Селеңе – Селенгі өзені, Бұқара, Қадырқан, Қара көл, Өркен, Өтукен т.б. жер – су аттары, оғуз, түргеш, арғу, уйғыр усын, түрк, қырғыз, қарлұқ, ізгіл, қыпшақ т.б. ру тайпалары мен унут – тибет, қытай, тоқар халықтарының аттары кездесуі көне замандарда тасқа қашалғаан мұралардағы публицистикалық элементтерді молайта түседі. Бумын қаған, Ілтеріс қаған, Білге қаған, Бүгі қаған, Ечим қаған, Озмыс тегін сияқты түркі мемлекеті қағандарының, үш түркі қағанының кеңесшісі Тоныкөктің, әскер қолбасшысы Күлтегіннің, Түргес тайпасының бегі Күлі-Чордың, Түркі бегі Есбараның, сондай-ақ, Тінесі, Тоқра-Сүміг, Иамтар, Күлбілге, Оғузбілге, Ынанчы- Чор, т.б. өмірде болған кісі аттарының аталуы да көне түркі ескерткіштерінің бүгінгі қазақ публицистикасына бастау болғандығын айғақтайды.

Жалпы көлемі-13 руналық жазу жолына сыйып тұрған ескерткіште көне түркі мемлекетінің саясаты, экономикасы, мемлекет басқару құрылымы, басқа халықтармен қарым – қатынасы, геосаяси бағдарлары қамтылған.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 4538. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия