Студопедия — Дәріс №3
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс №3






Тақырыбы: Қазақ публицистикасының көшбасшылары

Жоспары:

Ш.Уәлихановтың хат, мақала, ғылыми мақалалары мен жолсапар очерктері.

Ы.Алтынсариннің мақалалары мен очерктері және этнографиялық мақалалары.

А. Құнанбайұлының еңбек. білім, тәлім-тєрбне такырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық элементтер мен қара сөздері.

1. Қазақ публицистикасының алғашқы үлгілері қатарында Ш.Уәлихановтың хат, мақала, ғылыми мақалалары мен жолсапар очерктері екіншіден, Ы.Алтынсариннің кезінде "Оренбургский листок" газетінде жарияланған мақалалары мен очерктері және этнографиялық мақалалары, үшіншіден, А. Құнанбайұлының еңбек, білім, тәлім-тәрбие тақырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық элементтер мен қара сөздері жатады.

Қазақ публицистикасының тарихы туралы толғанатын болсақ, қазақ жазба әдебиеті мен жазба публицистикасының қатар туып, қалыптасқандығына куә боламыз. Қазақ баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеуші, профессор Х.Н. Бекхожин өз еңбегінде қазақ публицистикасының негізін салушылар ретінде Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев есімдерін атайды. Зерттеуші М.И. Фетисов Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерін қазақ демократиялық публицистикасының алғашқы үлгілері ретінде баға береді.

Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалық мақалалары мен очерктерінде өзі өмір сүрген тұстағы қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғады. Мәселен, Шоқан «Сот реформасы» атты мақаласында 1864 жылы қазақ елін билеу және онда сот жүргізуге патша өкіметінің жасаған өзгерістеріне қарсылық білдіріп, батыл сынға алады.

Шоқан «Сахарадағы мұсылманщылық туралы» мақаласында әйел теңдігі мәселесін көтерді, «Қазақтардағы шамандықтың қалдықтары» атты әйгілі публицистикалық шығармасында дін тақырыбын, «Қазақтардың қонысы туралы» мақаласында патша өкіметінің жерді бөліске салудағы теңсіздігін жазды. Оның Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковке жазған хаттары да – қазақ эпистолярлық публицистикасының тамаша үгілері. «Оңтүстік сибирьлік тайпалар тарихы жөнінде», «Абылай», «Қырғыздар туралы» публицистикалық мақалаларының тарихи танымдық маңызы зор. Ал «Жоңғария еңбектері» деген шығармасы – қазақ жолжазбаларының алғашқы үлгілерінің бірі. Шоқан бұл шығармасын 1860 жылы Петербургте жазып, 1861 жылы А.Н. Бекетовтің редакциясымен шығып тұрған «Орыс география қоғамының запискаларында» тұңғыш рет жариялады.

Шоқан орыс әліпбиін қабылдау идеясын, қазақ тіліне тән дыбыстарды қосымша таңбалау қажеттігін қазақ зиялылары ішінде бірінші айтқан Шоқан болатын.

2. Қазақ жазба публицистикасының атасы болып саналатын қаламгердің бірі – Ыбырай Алтынсарин. «Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» әрі оқулық, әрі көпшілікке арналған публицистика және көркем әдебиет шығармаларының жинағы, халыққа әртүрлі білім беретін энциклопедиясының ролін атқарды» - деп жазды профессор Х. Бекхожин. Алтынсарин публицистикасы ағартушылық функцияны атқарды. Ыбырай өзінің 1862 жылғы бір хатында: «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық. Бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыыз. Қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық. Мәселе оны ағартуда болып отыр», - деп жазды. Дәл осы ойлар оның көп публицистикалық шығармаларының алтын арқауы болды. Оның алғашқы публицистикалық мақалалары «Оренбургский листок» газетінде басылды. Алтынсарин көтерген ауқымды қоғамдық мәселелердің бірі – отырықшылыққа үндеу болатын. Бірақ ол қазақ халқының көшпелі тұрмысқа негізделген салтын бірден жойып жіберуге қарсы болды. Ол түбінде, бірте – бірте отырықшылық саясатының қажеттілігін көпшілікке түсіндіруге тырысты. «Әрбір халық прогресті жолмен дами отырып, ақыр аяғында көшпелі салтпен отырықшылыққа айналуға тиіс», - деген тұжырымы Ыбырай – публицист ойларының өміршендігін көрсететін дәлел. «Қазақ даласындағы ашаршылық жайында» деген мақаласында, жұт болып, аштық жайлаған қазақ халқының аянышты халін суреттей келіп, публицист патша үкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан кезі де болды. В. Катаринскийге жазған хатында, шұрайлы жерлерді тартып алып, күштеп отырықшылыққа енгізу саясатын әшкерлеп: «Осындай ерсі жобаларды оқығанда және естігенде салың суға кетеді. Сондықтан қолайсыздау істеп отырғанымды біле тұрсам да, өзімнің оған қарсы екендігімді білдіруге бел байладым», - деп патша саясатына ашына ашық қарсылық білдіреді. Жалпы Ыбырай публицистикасына тән қасиеттердің бірі – батылдық, өткірлік деген ойдамыз.

Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл» деген шығармасы – нағыз жазба публицистикасының алғашқы үлгілерінің бірі. Оған себеп кейіпкер ретінде тарихта болған адам алынған. Сонымен бірге оқиғаның болған уақыты да нақты көрсетіледі. «Сейітқұл, құрметті Тілеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша 1830 жыодарда өтіпті – міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен халық Қабырға суының бойында әлі көп», - деп шындыққа құрған оқиға екендігін дәлелдейді автор. Алтынсарин шығармасындағы Қыпшақ Сейітқұлдың ұрпақтары қазіргі күнде де Қабырға өзенінің бойында, Қостанай облысы Аманкелді ауданында егін шаруашылығымен айналысып келеді. Публицистиканың күш – қуаты, онда айтылған ойдың өміршеңдігіне – бұл да бір дәлел болса керек.

3. Батыс және Шығыс мәдениетінің қайнарынан қанып ішкен ғұлама Абай шығармалары да – қазақтың жазба публицистикасының көрнекті үлгілері болғандығы айқындалған. «Абай өзінің туындыларында оқу – ағарту, философия, педагогика, әдебиет пен өнер, мораль жөнінде және қоғамдық өмірдің проблемалық мәселелері жөнінде сөз қозғады». «Күлембайға», «Назарға», «Көжекбайға», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Зама ақыр жастары», «Қайғы шығар ілімнен», «Қатыны мен Масақбпй», «Күйісбайға», «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап», т.б. көптеген өлеңдерінде өз заманындағы адамдар бейнесін жасай отырып, сол кездегі қазақ қоғамының жамандығынан жиренеді, жақсылығына үйренеді. Қоғамдық маңызы зор бай, идеяларды әсіресе жастар санасына сіңіруге тырысты. «Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қарасөздері – нағыз публицистикалық шығарма», - деп айқын көрсетіпті профессор Х. Бекхожин.

Абайдың жиырма төртінші сөзінде: «Осы күнде жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адамбар, екі миллион қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, сақтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрттануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді – біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас – аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді – біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін – бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?», - деп қынжылады, қазақ бойындағы келеңсіз кепиеттерді сынға алады, оны қоғамның дерті ретінде сылып алып тастауды көздейді, санасында сәулесі бар жастардың намыс отын жанып, жарық жолға, жарқын болашаққа сүйрейді. Міне – Абай публицистикасының негізгі желісі осылайша өріледі. Абайдың қара сөздері қоғамдық, азаматтық ойларға толы. Бұл қазақ публицистикасының тамаша бастама үлгісі болып табылады. Абай қара сөздері ойға, түйіндеу, топшылауларға молынан қаныққан. Мұңда Абайдың өзгеге ұқсамайтын өз үні, өршіл публицистің өз идеялары бар.

Тапсырма: Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы», «Сахарадағы мұсылманшылық туралы», «Қазақтардағы шамандықтың қалдықтары», «Қазақтардың қонысы туралы», «Оңтүстік сибирлік тайпалар тарихы жөнінде», «Абылай», «Қырғыздар туралы», «Жоңғария еңбектері» публицистикалық мақалаларын конспектілеу.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1701. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия