Студопедия — Газеттің публицистиканың алғашқы жанрларын қалыптастырудағы ролі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Газеттің публицистиканың алғашқы жанрларын қалыптастырудағы ролі.






Түркістан генерал - губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын "Туркестанские ведомости" газетіне қосымша ретіндеайына төрт рет (екі саны- өзбекше, екі саны-қазақша) шығарыла бастады.Қазақстанда публицистиканың қалыптасу кезеңі "Түркістан уалаятының газеті" шығуымен тұспа-тұс келеді. Өйткені, ғалым Т. Қожакеевтің айтуынша, "Түркістан уалаятының газеті" - қазақ топырағында туып, қазақ сахарасына алғаш тараған түңғыш газет еді. Патша өкіметі өз бұйрық-жарлықтарын қазақ тілінде жергілікті халық өкілдеріне жеткізу үшін қазақша газет шығаруды қажет етті. Сондай-ақ сол кездегі қазақ оқырмандарының ұлттық талаптарының бірі ана тілінде газет шығару мәселесі болатын. «Газетті шығарушы басында генерал-губернатордың тілмашы Ибрагимов, ал кейін генерал-губернатор канцеляриясының тілмашы Чанышев болды...»."ТУГ" Түркістан генерал-губернаторлығына қарайтын Жетісу, Сырдарияға ғана емес, Ақмола, Омбы, Семей, Көкшетау, Қызылжар, Қарқаралы уездеріне де тараған.

Газеттің редакторы - ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, орыс және шығыстың тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов пен И. Ибрагимов еді.

Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов Шоқан Уәлихановпен таныс, тіпті жақын дос болған деген деректер бар. Омбыда кадет корпусында оқыған. Шаһмардан Ибрагимов газет ісіне басшылық жасаумен бірге, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, басылымның бейресми бөлімінде ондаған ғылыми мақалалары жариялады. Басылымның аудармашысы, әрі әдеби қызметкері болып Қасен Жанышев, Заманбек Шайқыәлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.

Газеттің мақсат-міндеті, бағыт-бағдары орыс тілінде шыққан "Түркестанские ведомости" басылымының алғашқы нөмірінде айырықша көрініс тапты. Онда былай деп жазылған: "Біздің пайымдауымызша Түркістан өлкесінің қазіргі әкімшілігінің міндеті мынандай: орыс үкіметіне бағынған халықтарды екінші мәрте жеңу. Бірақ оларды қара күшпен емес, ақыл-оймен және рухани басымдылықпен жеңіп шығу. Сонымен патша өкіметінің отаршылдық саясатының түпкі мақсаты жергілікті халықтың санасында өзгеріс жасауға бағытталды. Сол үшін де қазақ халқына түсінікті тілде газет шығару қолға алынған болатын.

Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Россияға жаңадан қосылған өлкенің жай-жапсарын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылды. Бірақ осыған қарамастан газеттің ресми емес бөлімінде Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталуымен байланысты бұл өлкедегі қазақтардың шаруашылығындағы прогрестік өзгерістер, егіншілік отырықшылықтың артықшылығы туралы мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетіне қатысты материалдар көбірек орын алған.

"Түркістан уалаяты газетінің" ресми бөлімі болды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім ғылым, өнер және әйел теңдігі мәселелері қаралды. Газетте жоғарыда айтылған жағдайлардан басқа мәдениет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар, мәселен ауыз әдебиетінің үлгілері де жарияланып тұрды.

Патша өкіметінің жарлық, бұйрықтары жергілікті тілге аударылып, басылып отырды Газет материалдарында XIX ғасырдың екінші ширегіндегі саяси ахуал, сол кезде өмір сүрген нақты шенді адамдар есімдері көрсетіліп түрған. Мұның өзі ертеде жарияланған хабар-ошардың жылдар өте келе публицистикалық деректілігінің құнды бола түсетіндігінің айғағы.

"Түркістан уалаяты газеті" оқу-білім жөнінде, оның маңызы туралы материалдарға да орын беріп, қазақтарды ғылымға қызықтыра білді. Мысалы, 1870 жылдың 10 желтоқсан күнгі нөмірінде күн тұтылатындығын, оның себеп-салдарын жазды. Екіншіден, осы мақалада телеграфшысы жайлы баяндай келіп, ол арқылы қиыр шеттен жылдам хабар алуға болатыны, сол кезде Орта Азия мен Ресейдің 25 қала аралығында осындай телеграф байланысы орнатылғанын және қай қалаға телеграмма жіберудің қанша теңге тұратыны хақында тізім берілген.

Қай халықтың болса да жазба әдебиеті мен әдеби тілінің дамуына баспасөздің әсер ететіні белгілі. Бұл газетте қазақтың сол кездегі, яғни жетпісінші жылдардағы Орынбай, Ораз, Майлықожа, Мәделіқожа сияқты көрнекті ақындардың шығармалары мен айтыстарының, қазақтың ауыз әдебиеті мұраларынына да болса басып шығуы Алтынсарин Ыбырай мен Құнанбаев Абай негізін сала бастаған жаңа жазба әдебиетіміздің қалыптасуына себебін тигізе алды.

Салық Қарауылұлы Бабажанов қазақтың көптеген мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын жинап, осы газетке бастырған. Қарақалпақтың өз кезінде атағы шыққан лирик ақыны Әжінияз Қосыбаев (1824-1878) пенТорғай облысына қараған Тама руынан шыққан қазақтың Кәмеш деген дарынды қызының айтысы жарық көрген.

Сібірді бағындырған Ермак туралы аңыз, орыс халқының мақалдары, арабтың атақты "Мың бір түн" хикаясы қазақ тіліне аударылып басылды.

Түркістан өлкесі таулы аймақтарында (Алматы, Ташкент төңірегінде, Түркіменстанда) жер сілкінгенін үзбей хабарлап тұрған. Әлемдік даңқты саяхатшы Магеланның жердің шар тәрізді екенін дәлелдегені туралы еңбекті қазақшаға аударып басты.

ХҮШ ғасырдың туындылары "Қобыланды", "Қозы Көрпеш Баян сұлу", "Алпамыс" эпостарын халыққа жеткізуде үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, Доспамбет, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен өлеңдері және ауыз әдебиеті туындылары жарияланып тұрған.

Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірбаяндық деректері, қызмет жолы, ағартушылық қызметі, оның зираты хақында мағлұмат беретін тұңғыш тарихи портреттік очерктің алғашқы нұсқалары да осы газет бетінде басылды. Әйгілі хан тұқымы, полковник Тезек төренің дүниеден қайтқаны туралы да хабар жарияланды (ТУГ. 1878, 1 сентябрь, №23).

«Түркістан уалаятының газетіндегі» жарияланымдар: "Мәлім-нама", "Әр түрлі хабар", "Телеграф", "Ығламнама", "Орыс газетінде жазыпты", 'Тазеттерде жазыпты" деген айдарлармен орыс баспасөзінің кейбір жаңалықтары жүйелі түрде аударма түрінде көшіріліп, беріліп түрған. "ЬІстанбол хабары", "Газеттен алған сөз", "Ығлам" айдарлары да сондай сипатта болды.

Түркістан өлкесіндегі ішкі жаңалықтарға да баса назар аударылып отырды. Оларда қазақ елді мекендеріндегі түтін саны, әлеуметтік ахуал туралы нақты деректер де кездеседі. "Түркістан уалаятының газетінің" басты өзгешелігі – негізінен ақпараттардан тұратын газет. Сондықтан алғашқы қазақ газетінде ақпараттық публицистиканың түрлі пішіндері қалыптасты. Очерк, сұхбат, шағын мақалалардың өзі өте сирек кездеседі. Негізінен Түркістан губерниясының жаңалықтары, губернаторлар, генерал-лейтенант Колпаковскийдің, генерал-адъютант фон Кауфманның іссапармен қайда барғаны жөнінде әр түрлі айдарлармен қысқа есептер, авторсыз, редакциялық заметкалар жиі беріліп тұрған.

"Біздің газетті алып түрған бір адам өзінің жолаушы жүргенде басынан өткенін газетке жазып шығармақ болып біздерге жазып жіберіпті" (ТУГ. 1875, №20). "Жазып жіберген кісі - Ташкенттік Мірмұхамет деген" (ТУГ. 1875, №20) - деп авторы да айқын көрсетіледі. Мұнан шығатын қорытынды "Түркістан уалаятының газеті" бетіндегі әлгі жолжазба публицистиканың жолсапар очеркі жанрының; алғашқы көріністерінің бірі ретінде атауға болады.

Басылымда діни тақырыпқа да назар аударылып тұрған. Мысалы, "Мұсылманның оразасы біздің есеп бойынша өткен октябрьдің жиырмасыншы, жұма күні басталған болса керек. Мейрам он тоғызыншы ноябрьде жексембі күні болады" (ТУГ. 1872, 4 декабрь, №21), - деген шағын хабарда көпшілікті имандылыққа шақырған. Ал 1874 жылғы бір нөмірде Рамазан айына Ташкенттегі мұсылман жұртының әзірлігі айтылған (ТУГ. 1874, 12 ноябрь, №20). Қазақ тілінде шыққан алғашқы газетте қазақ әдебиетінің көрнекі өкілдері туралы, олардың шығармалары туралы да мағлұматтар жолығады. Әдеби нұсқалардың жариялануы алғашқы қазақ газетінің әдебиет насихатшысы болғандығына айқын дәлел бола алады.

"Орыс газеттері жазыпты" деген айдармен 1872 жылғы газет нөмірлерінде Ресейде шығатын басылымдарға шолу жасалып тұрған. Бұл алғашқы қазақ газетіндегі - публицистиканың шолу жанрының; туып, қалыптасқандығына айғақ бола алады.

Quot;Түркістан уалаятының газетінің" бетінде публицистиканың жанрлары түңғыш рет қалыптаса бастады. Заметка, есеп, фельетон, мақала, корреспонденция, хат, шолу, жолсапар очеркі, портреттік очерк, гылыми-танымдық очерк сияқты жанрлар алғаш осы газет бетінде көрініс тапты. Қазақ баспасөзіндегі жарнаманың алғашқы нұсқалары да осы газетте жарық көрді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1104. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия