Студопедия — Quot;Қазақ" газетінің зерттелуі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Quot;Қазақ" газетінің зерттелуі.






Әлихан Бөкейханов (1866 – 1937) 1913 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатовтармен бірге «Қазақ» газетін ұйымдастыруға ат салысады, Бүкілресейлік земство одағының жұмысына қызу араласады.Қазақ газетінде қазақ публицистикасын жаңа белеске көтерген қалам қайраткерлерінің бірі - Әлихан Бөкейханов болды. Өзінің алғашқы публицистикалық шығармаларын “Дала уалаяты газетінде”, “Айқап” журналында жариялаған Ә.Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде екі жүзге жуық мақалалар мен аудармалары басылған. Оларда қазақ елінің ең түйінді деген мәселелеріне тоқталған. Қазақ елінің жері, отырықшы болуы, патша үкіметінің қазақ еліне жүргізіп отырған саясаты, сот, әкімшілік туралы бай мағлұматтар берілген.

“Қазақ” газетінің бетінде эпистолярлық публицистика ерекше дамыды. Бұл жанр елге үндеу айтудың, маңызды мәселелерді жеткізудің, белгілі бір қоғамдық мәні зор жағдайлардың шешімін табудың таптырмас құралына айналды. Алаш көсемдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатовтың көптеген публицистикалық шығармалары эпистолярлық үлгіде жазылады. ''Қазақ '' газетінде жарияланған ашық хаттар ХХ ғасыр бойындағы аса маңызды саяси мәселелерге арналып жазылды. Ел басына күн туғанда, тығырықтан шығудың бірден - бір жолы қазақ оқырмандарының қалың көпшілікті дұрыс жолға салуға бағытталған, бүкілқазақтық үндеу үлгісінде жазылған ашық хат арнау болатын.

“ Қазақта ” жарияланған тарихи мәні зор ашық хаттың бірі – ''Алаштың азаматына '' деген атпен жазылды. Оған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов үшеуі қол қойды. Ашық хат жалпы қазақ халқына арналды. “Қазақ ” газетінің белсенді қоғамдық – саяси қызметі 1917 жылы ерекше көрінді. Оған осы кездегі ел өміріндегі қат- қабат саяси өзгерістер де зор ықпал етті. Қалам қайраткерлерінің өткір публицистикалық мақалалары мен ашық хаттары, есептері көптеп жарияланды. Бұл жыл қазақ публицистикасының даму тарихында да ерекше орын алады. Мақала, корреспонденция, заметка, есеп, репортаж, ашық хат, шолу, памфлет түріндегі публицистикалық шығарманың қай- қайсысы болса да саяси бояуы қанық, ойы айқын, тұжырымы дәлелді, айтар идеясы анық болып келеді.

Оның күні кешеге дейін ғылыми тұрғыдан бір жақты бағаланып, түрлі кедергілер салдарынан кемшін зерттеліп келгені бүгінде ешкімге де жасырын емес. Оның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ мерзімді баспасөзі негізінен ұлттық мәселелерді көтеріп, елдің біртұтастығы мен шынайы бостандығы жолындағы бірден-бір күрес құралына айналуы кешегі кеңестік тоталитарлық жүйенің сіреспе таптық идеологиясына қайшы келгендігінен еді. Осы себептен де мұндай бағыттағы басылымдарға тарихи шындық тұрғысынан зерттеу жүргізуді мұрат тұтқан ғалымдардың алдынан түрлі тосқауылдар күтіп тұрды. Тіпті «ұлтшылдықтың көрінісі» деп те айып тағылып, сыналып-мінеліп, қуғын-сүргінге ұшыраған кездері де жоқ емес.

Қазан төнкерісіне дейінгі газет-журналдардың толыққанды зерттеу жүзін көрмеуінің екінші себебі айналасы он-он бес жылдың ішінде екі мәрте әліпбиімізді (графикамызды) өзгерткен, алдымен, арабшадан латыншаға (1929), одан кириллица жазуына (1940) көшірген үстемшіл орталықтың тілімізге әдейі жасаған қиянат, қастандығынан туындайды. Бұл да, сөз жоқ, тарихи жәдігерлерімізді игеруді ауырлата түскен қиындықтардың бірі. Алдыңғы екі жазудан қол үзген кейінгі ұрпақ үшін мұрағат материалдарын түп нұсқалық негізде оқып, кәдеге жарату бұл күнде аз қиындық келтіріп отырған жоқ. Оған ұлтымыздың рухани мұрасы болып табылатын мұрағат қазыналарына күні кешеге дейін жол жабық болып, екінің бірінің қолы жете бермегендігін қосыңыз. Мұны аз санасаңыз, ондай қымбат асыл қазыналарымыз бір жерде жинақталып ұсталынбай, әр қиырда жанашырсыздықтан шаң басып, шашылып жатуы да аз кедергі емес екені белгілі. Бұл жайлар бүгінгі күні де толық шешімін тауып отыр деп айта алмаймыз.

Алаш баспасөзі - XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының шежіресі, дәлірек айтқанда, 1907-1925 жылдар аралығындағы халқымыз бастан кешкен күрделі кезеңнің айнасы. Ендеше, оған тыңғылықты зерттеу жүргізу арқылы Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ даласының қайшылыққа толы тарихи жағдайын жан-жақты айқындап, терең тани түсуге мүмкіншілік туады деген сөз. Сондай-ақ басылым материалдары арқылы сол кездегі ұлттық азат ойдың басты арналарын танып-біліп, олардың басы-қасында болған қазақ зиялыларының ұстанған жол, мақсат-мұраттарын анықтауға жол ашылады. Сонымен бірге ұлттық сананың ұйытқысы бола білген Алаш баспасөзінің «пікір тайқазанында» әбден пісілген халқымыздың өсіп-еркендеуіне қатысты негізгі идеялар егемен еліміздің іргетасы қаланып жатқан бүгінгі күні де қоғамдық мол-маңызын жоғалта қойған жоқ.

Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, «газет әдебиет тобына жататын нәрсе болғандықтан, жазылған сөздер мағына жағынан толымды, көңіл жағынан қонымды, тізуі тәртіпті, сын алдында сымдай боларға тиіс» (Қазақ. - 1917. № 216) десек, осы қағида алдарына тартылған туы болған, одан бірде-бір ауытқымаған Алаш баспасөзінің бүгінгі журналистер қауымы үшін үлгі аларлық өнегелі тұстары ұшан-теңіз. Оның үстіне, Мұхтар Әуезовтің «Шолпан» журналының 1923 жылғы 4-5-номерлерінде жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген мақаласында берілген баға бойынша, «жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын - «Қазақ» газеті» болуы да ол туралы терең талданған еңбектің қажеттігін байқатады. Сонымен бірге «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп шырылдап, тілімізге төнген қауіпті сейілтіп, оның таза сақталып қалуына газет-журнал арқылы жанұшыра әрекет еткен алаш азаматтарының ізгі істерінен өнеге алу да - уақыт сұранысы. Ол бүгінде мемлекеттік мәртебе алған тіліміздің көсегесін көгерту үшін ауадай қажет.

Алаш баспасөзі, соның ішінде әсіресе «Қазақ» газеті – төл журналистикамыздың дамуына тигізген ықпал-әсері орасан зор басылым. Оны теориялық және практикалық жағынан байытып қана қоймай, журналистерді баулу мектебіне айналғанын ешкім теріске шығара алмайды. Осы орайда, Алаш зиялылары шоғырынан шығып, әлемге танылған, сол арқылы қазақ халқының атын дүнис жүзіне паш еткен ұлы Мұхаңның, Мұхтар Әуезовтің «Ақ жол» газетінің 1923 жылғы 4 ақпандағы санында жарияланған мына пікірі сөзіміздің жандандыра түсері хақ: «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған орнекті білім, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығынан жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр». Алаш баспасөзінің газетінің қадір-қасиетін танып-білу үшін ғана емес, сонымен қатар осы күнгі ұлттық журналистикамыздың қанатын кеңге жая өркендеуіне қосар үлесі мол болғандықтан да жете зерттеуді қажет етеді.

«Қазақ» газетінің осыған дейінгі зерттелуі жайына тоқталсақ, оны шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңі газет шығып тұрған уақыттан өзінің «тұзы кем болғанша, артық болсын» дейтін сүйікті нақылы мен «қазақ ауылын Қазан сыпыртқысымен аршып шығу» деген атақты ұраны арқылы танымал Голощекиннің Қазақстанға келгенге дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақытта жарық көрген еңбектер негізінен газеттің атқарған қызметін шынайы бағалап, оны оқырманға таныстыру, жан-жақты насихаттау мазмұндас болып келеді. Оған газеттің «бас жазушысы» Ахмет Байтұрсыновтың, «екінші жазушысы» Міржақып Дулатовтың «Қазақта» жарық көрген мақалалары мен кейіннен баспа бетін көрген естеліктерін және сонымен қатар С.Асфендияровтың, М.Әуезовтің, Т.Рысқұловтың осы басылымға берген бағалары мен ой-пікірлерін жатқызуға болады. Екінші кезеңін кешегі кеңестік әкімшілік-әміршілдік жүйе тұсында жарық көрген зерттеу еңбектер құрайды. Бұл кезде «ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы күрес науқаны өрт болып, жалын құшып тұрғандықтан, тарихи шындық қаз-қалпында баяндалмай, бұрмаланып көрініс табады. Тіпті ақиқат ауылынан бұра тартып, бір жақты қаралауға жол берген туындылар да жоқ емес.

«Қазақ» газетін кеңес өкіметіне жау қылып көрсетіп, оны сынап-мінеуді мақсат тұтқан мақалалар 1925 жылдан жарық көре бастаған. Осы жылдың 5 мамырында Орынборда шығатын «Еңбекші қазақ» газеті «Қазақстанда қандай газеттер болды?» деген мақала жариялайды. Оның авторы - белгілі жазушы Сәбит Мұқанов. Осы мақалада «Қазақ», «Сарыарқа», «Жас азамат», «Бірлік туы» секілді бейресми ұлттық басылымдарға алғаш рет қысқаша анықтама беріліп, «олардың барлығы 25 октябрь төнкерісінен кейін кеңеске қарсы газеттер» ретінде жабылғандығы хабардар етіледі. Арада дәл бір жыл өткеннен кейін аталмыш газетте Ә.Байділдаұлының «Баспасөз күніне» деген мақаласы жарық көрген. Мақала мақсаты - заман талабына үн қату. Сондықтан оның сарынынан Қазан төңкерісіне дейін қазақ баспасөзі қалыптасып болмаған, оның дамуына тек кеңес дәуірінде ғана айқара жол ашылды деген жалаң партиялық ұрда-жық ұранның салқын лебі есіп тұр: «Жұрттың көбіне белгілі төңкерістен бұрын қазақта оңған баспасөз болмаған....Бардың өзі молдалар мен байлардың қолынан әрмен аспайтын», - деген жолдардан соны аңғарасыз,

Осы мақалада күні кешеге дейін бір жақты қаралаудан көзін ашпаған Қазан төңкерісі қарсаңындағы бірқатар басылымдарға алғаш рет «байшыл-ұлтшыл, алашордашыл» деген «кінә» тағылады. Бұл ретте сол кезең тынысын әрі мақала авторы қаламының «ұшқырлығын» әсіресе-бейнесіз жеткізу үшін мақаладан үзінді келтірейік: «Бұлардың бірлі-жарымы болмаса, көбінің бағыты «Қазақ» газетінің бағытына ұқсас, ұлтшылдық бағыт болды. Көбі: «ұраным, қорғаным сен, Алаш! Жолыңа құрбандық мал мен бас» деп, недәуір айбындады. «Алаш» үшін құрбандыққа бастарын байлады. Бірақ тап тартысы күшейіп, Октябрь төңкерісі қаматтанған кезде көбі кімнің «құрбаны» екендіктерін көрсетті. Байға, жуанға болысып, октябрьге қарсы шықты».

Міне, осындай айыптаулар қазан төңкерісіне дейінгі басылымдардың, соның ішінде, ең алдымен, «Қазақ» газетінің басына қара бұлт болып тарихтың «ақтаңдақ» беттеріне айналуына негізгі себеп болғандығы баршамызға мағлұм.

Бұдан екінші кезеңдегі зерттеулердің баршасы бір жақты, «Қазақты» сынап-мінеп, қаралау бағытында болыпты деген ұғым тумауы керек. Жоғарыдағы айыптауларды, амал жоқ, қайталай отырып, «Қазақтың» артық тұстарын айтып қалуды мақсат тұтқан қаламгерлер де жоқ емес. Бұл қатарда Б.Кенжебаев, Х.Бекхожин сынды ғалым-зерттеушілердің есімдерін атауға болады. Сонымен бірге көрнекті қалам қайраткері С.Мұқановтың 1932 жылы жарық көрген «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабынан да таптық идеология талаптарына сай, саяси айыптау тұрѓысында жазылғанына қарамастан, қазақ баспасөз тарихына қатысты кейініректе жарық көрген еңбектерге енгізілмей қалған бірқатар соны деректер мен оң пікірлерді кездестіруге болады. Сонымен бірге апталықтың ұлтымызға еткен қызметін аша түсуі де кітапты ауызға алуымызға себеп болып отыр: «Айқапта» шала піскен мәселелерді дұрыстап пісірді. Көмескі пікірлерді айқындады. Сонымен қатар «Қазақпен» қазақтың тілі туды. Таза қазақ тілінде шыққан баспасөз «Қазақ» газеті ғана болды. «Қазақ» газетінің тілінен өрбіп, қазақша оқу құралдары шықты - деген жолдардан бүгінгі біздің ұғымымызға қайшы келмейтін тарихи шындықтың тұңғыш рет пердесі түріледі. Аталмыш еңбектің екінші қайтара жарық көрмей, мұрағат қапасында «құлыпталып» ұсталып келуінің басты себебі де сондықтан деп білеміз.

«Қазақ» газеті зерттелуінің сөз болып отырған екінші кезеңінің еншісіне қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде алғашқылардың қатарынан ойып тұрып орын алатын тұлғалы ғалымдар - Б.Кенжебаев пен Х.Бекхожиннің еңбе ктері енеді. Олардың зерттеулері бүгінгі талап тұрысынан шындықты бүркемелегендей болып көрінгенмен, кезінде ағынға қарсы тоған іспетті тоталитарлық жүйенің тар шеңберіне сыймай, сіреспе таптық идеологияның сынына ілігіл, қараланып отырғанын ұмытпауѓа тиіспіз. Оған төмендегідей дәлелді деректер бар.

Қазақ баспасөзінің тарихын, оның ішінде «Қазақ» газетін зерттеушілер турасында сөз қозғағанда есімін айрықша атауға тиісті тұлға белгілі әдебиеттанушы ғалым Бейсембай Кенжебав. Оның бұл саладағы қызметі - өз алдына жеке зерттеуге лайық толымды еңбек. Біз бір ғана қырына тоқталайық. Б.Кенжебаев - қазақ баспасөзі тарихы тақырыбында тұңыш рет арнайы еңбек жазып, тыңнан түрен тартқан, соқтықпалы, соқпақсыз өмір жолының ыстығына да күйген, суығына да тоңған, алайда алған бағытынан қайтпаған үлкен ғалым, айтулы азамат. Ғалымның «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты тарихи очеркі -осы салада баспа бетін көрген алғашқы кітап. Бір қарағанда, еңбек замана үнімен сарындас, таптық идеология тұрғысынан, марксизм-ленинизм классиктерінің шығармалары негізінде жазылғандай көрінуі ғажап емс. Сөйтсек, оның астарлы мән-мағынасы да жоқ емес екен. Зерттеушінің онсыз да айтыла-айтыла әбден жауыр болған саяси айыптауларды қайталай отырып, бір кездері қалың қазақтың қамқоршысы болған газет-журналдардың, тым болмаса, аты ұмыт болмай, жаңа ұрпақтың құлағына сіңе берсін дегенді мақсат тұтқанына төменде көзіңіз жетеді.

Ә.Бөкейхановтың газетте жарық көрген шығармаларының ішінде публицистиканың ақпараттық жанрлардың шоғырына жататын есеп жанрында жазылған шығармалары баршылық. “Үшінші Дума һәм қазақ”, “Дума һәм қазақ”, “Төртінші Дума һәм қазақ”, “Мұсылман сиезі”, “Торғай облысының мұжық- қазағының съезі”, “Жалпы Сібір сиезі”.т.б жазғандарын есеп жанрының қазақ публицистикасындағы алғашқы үлгілері ретінде атауға болады.

Есеп-бұл сөздің өзінен көрініп тұрғандай, қандай да болмасын бір оқиға туралы хабарлауды білдіреді. Есеп – газет- журналдың ертеден келе жатқан жанрларының бірі. ХVII ғасырдың өзінде Англияның, Францияның, Германияның газеттерінде корольдер мен князьдар сарайындағы әртүрлі ресми қабылдаулардан хабарлар жарияланып отырғаны кейінірек парламент мәжілістері мен айтыстарынан есептері жариялана бастағаны бізге баспасөз тарихынан белгілі Алғашқы орыс газеті “Ведомостидің” бетінде де оқырмандар орыс армиясы флотының жеңістері жөнінде, патшаның сапарлары жөнінде есептер жарияланған [167,213 б].

“Ел өмірінің елеулі оқиға саналатын съездер, жиналыстар, мәліметтер мен кеңестер және осы сияқты оқиғалар әр кезде публицистиканың шағын жанры- газет есебінің өзегі болып табылады ” [31, 166 б.], - профессор Т. Амандосов. Т. Кожакеев есеп жанры туралы былай дейді: “ Хабарлама жанрлардың ендігі бір түрі - есеп қоғамдық, әлеуметтік мәселелер сөз болған жиналыс, мәжіліс, кеңестерден, съезд, пленум, конференциялардан, әр түрлі жарыстардан, бұқаралық мерекелерден, ресми қабылдаулардан жазылады” [32, 44]. “Дума һәм қазақ ” атты есепке Қазақтың думаға кіру тарихы терең тәптіштеп баяндалады. Ішкі министр Булыгин, генерал – губернатор Сухотин дегендердің кесірінен қазақтан Думаға депутат сайланбайтынын айтады. “ Қазақ ақылсыз, мылқау болса мұның депутаты жау жаққа шыққанмен зарары аз. Қазақ ақылды шешен болса, бұл қазақты думадан тысқару керек ” /Қ.1913, №23 /, - деген Сухотин жандаралдың сөзін келтіреді. “Мұсылман сьезі” – 1914 жылы 15-25 маусымда Петербургте болған тұңғыш мұсылман сьезі туралы жазылған кеңейтілген есеп. Мұнда мұсылман депутаттарының ағасы башқұрт Мұхамед Тевкелевтің ішкі істер министрімен жолығып, съез шақыруға рұқсат алғандығы айтылады. Әлихан Бөкейханов рухани мекемелерде қағазды қазақ тілінде жүргізуді ұсынады. ''Қазақ '' газетінде жарық көрген “Жалпы Сібір сьезі ” /Қ. 1917, № 251/ есебінде “ Қыр баласы ” деген атпен қол қояды. “ Бөкейханов 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды Г. Н. Потанин бастаған Сібір автономиясы қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиеленіске түсінуне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді ” [169, 402- 403 бб.],- деп көрсетті тарихшы, профессор М. Қойгелдиев.

Бөкейханов – публицистің тағы бір көп қалам тербеген шығармалары эпистолярлық публицистика жанры. Эпистолярлық деген гректің ''epistola '' сөзінен шыққан, қазақшаға аударғандағы мағынасы жазбаша үндеу хат. Эпистолярлық публицистика көбіне хат түрінде, жеделхат түрінде көрініс табады. Хат- публицистиканың таңдамалы жанрларының бір түрі болып табылады. Онда мәліметтер жиынтығы, өтініш, нұсқау, жарлық, жеке бір адамның екінші біреуге жеке жолдауы да мазмұндалады. Ал хат жанрында жазылған шығарма деп айтуға тұрарлық шығарма Ә. Бөкейхановтың ''Ашық хат Жапон баласына '' деген жарияланымы /ДУГ. 1900 №1/. Осындай прогрессивті бағыт ұстаған «Қазақ» газетінің бетінде жарияланған «Қазақтың өзгеше мінездері» мақаласы М.Әуезовтің алғашқы қадам алысы еді. Бұл туынды сол уақыттағы қазақ арасындағы ірі қоғамдық құбылыстар жайлы сөз қозғап,халық тұрмысының өсіп- дамуы жағдайларын әңгімеледі.

«Қазақтағы неше түрлі болып тұрған ауыр халдерінің түп негізі, тамыры қайдан тарап, бұл күйге ұшырғанда ешкім колға алып,матбұғат жүзінде қозғап корген жоқ. Соның үшін бұл терең сауалды жұрттың есіне салып, жүректі қыздыруға сөз бастап отырмыз» - деп басталады мақала.

«Халықтың өзіне мінезін түзету қолымыздан келмейді. Жалғыз – ақ үмітіміз, қаруымыз оқығандарда. Оқығандар – ендігі жас балалардын өздері үлгі болып, надандықтардан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті»,- деген тұжырыммен өткен дәуірге қайта оралуды емес,алға қарай ұмтылуды уағыздайды, Қазақтың оқыған, білімді азаматтарына үлкен сенім артады.Мақаланың томенгі жағына «Семей семинариясында оқыйтын Аймауытов Һәм Әуезов», деп қол қойылған.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мақалаларының көбісі қазақ ағымы туралы, қазақ тілін насихаттау түрінде жазылған. Мәшһүрдің ұлттық санасы сол халықтың Россиядағы революция толқынымен ояна бастаған кезін мақала ретінде жазып, газет беттеріне басуға берді. «Сайлау» мақаласы газет бетіне алғаш рет жарыққа шықты. «Сайлау» мақаласындағы жалпылама тақырып Ақмола Губернасы Қазақстан Республикасына көшіуі туралы, губернада ревком мүшесі құрылғаны туралы айтылған.Ақмола губернасының қазағы туралы, іс басында жүргендер өз дегендерін істеп, өз адамдарын сайлап қоюуы, әр адамның орынға таласуы туралы жазылған.

«Сайлау» мақаласы Газетіміздің өткен санында да хабар айтып едік: Ақмола губернасында 15 августан қалдырмай губерналық ревком таратылып, болыстық, ояздық һәм губерналық исполкомдар құрылмақ болды. Екінші түрлі айтқнда – губернамыздың барлық ісі жоғарыдан белгіленіп, уақытша отырған адамдардың қолынан алынып, елдің өзі білетін, өзі сенетін, өзі сайлаған адамдардың қолына тапсырылмақ.

Ал енді исполком қандай мекеме, бұған мүшелерді кім сайлайды? Жауабы мынау: исполком жоғарыдан жасырып беретін мекеме емес, елдің өзі құратын мекеме, һәм оның мүшелерін ел жиылыс қылып, өзі сайламақ. Жақын болсын, жат болсын – ел өзі білетін, өзі сенетін адамдардан сайламақ. Жоғарыда исполком елдің түп иесі дегеніміздің мәнісі осы.

Биыл Ақмола губернасы Қазақстан Республикасына көшкен соң, түрлі толқынды себептермен біздің губернамызда ревком құрылып еді. Болыстық, ояздық һәм губерналық. Бұл күнде губернамызда ревкомдар құрылуға себепші болған жағдайлар жайланды. Толқындар басылды.

«Баланың білегі ауырса, Ананың жүрегі ауырады», - деген мақаласында қай жаста, қай кезде болмасын адамның күні адаммен. Алыс сапарда, немесе түзде жүрген баласының үйде отырып тілеуін тлеп, қамын ойлаған ата – ананың көңіл күйіндегі қамығу, сағыну махаббаты, үміт, тілегі осы мақала арқылы айқын жеткізілген. Бала мен ананың ортасындағы ажырамас сүйіспеншілікті, ыстық махаббатты осы мақала арқылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халыққа ана сағынышын бірақ ауыз сөзбен жеткзген.

«Қала болу керек деушілердің пікірі»

Рас, қазақ халқының жер суға ие болып, жаз жайлау, күз күзеу, қыс қыстауда тарлық көрмей төрт түлігі сай болып, тай құлындап, тоқты қоздап, қосты жылқы, желілі түйе, отарлы қой, қайғы жоқ, еріккеннен бірінің малын біріқуып, кең далда құлан – киікше сайран еті жүрген күні болған, ол күндер енді көздерінде ғана елестейді. Мұның себебі не, халықтың өсіп, жердің өспеуі һәм тозуы, қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап жерсіз мұжықты үкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып, ата мекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі, 15 – 20 жылдан бері бұл көшпелі мұжықтардың келіп бітуінің ұшы көрінбей, бұлай болғанда енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып, ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал.

Жер жүзіндегі халықтардың һәммесі болмаса, қала болып отыр. Мал бағып көшіп жүрмегендіктен қырылып қалғаны естілмейді. Қайта бұл күнде көзіміз көріп ғақылымыз жетпей тұрған не түрлі тамаша нәрселерді (отарба, телеграмм) шығарып тұрған солар. Олар бізден кедей емес, бізден өнерсіз емес, бізден күшсіз емес. Бұларды көре тұра, біз қазақтар да қала болып, малдың санын кемітіп, бағасын көтеріп, егін салып, сауда қылып, оқу оқып, өнер тауып, өзіміз де алдағы жұрттың істегенін істеп, солардың жолына түсейік, сол уақытта ғана қатардағы халықтардың бірі бола аламыз.

Осы мақалаға қысқаша тоқтала кетсек, қазақ жайлы, қазақтың төрт түлігі, қазақтың кең байтақ жері туралы айтылған. Қазақ халқы басқа жұрттарға еліктеуі, малдарын онды – солды шашуы, қазақ халқы аяғынан тік тұруы, қайтадан бәрін жаңа күйінде бастауы қарапайым сөзбен жазылған.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1433. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия