Студопедия — Бірлік туы" газеті
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бірлік туы" газеті






Алдымен «Бірлік туы» шығу тарихына арналған бірнеше деректерге назар аударалық. Бірінші, 1917 жылдың Ақпан төңкерісінен соң Рессейде қос өкімет орнап өмір мен өлім үшін шайқас жүріп жатқан кезде большевиктер Рессей мен Шығыстың Мұсылман еңбекшілеріне: «Уақытты өткізіп алмаңдар, ғасырлар бойы жерлеріңізді жаулап алып келгендерді серпіп тастаңыздар. Ендігі жерде күлге айналған жерлеріңізді олардың тонауына жол бермеңіздер. Өз елдеріңіздің қожайыны өздеріңіз болуға тиіссіздер. Тұрмыс-тіршіліктеріңізді сіздер өздеріңіз салт-дәстүрлеріңізге сай, өз қалауықтиярларыңызға орай құрауға тиіссіздер». Екіншіден, «Мустафа көтерген «Бірлік туы» дегени жарияламаның алғы сөзінде: «Негізін Шоқайұлы Мустафа қалаған бұл газелт Ташкент шаһарында 1917 жылдың 24 маусымнан 1918 жылдың сәуір айының ортасына дейін жарық көріп тұрған. Мұны да кеңес үкіметі жапқан. «Бірлік туының» мәдениеті, танымдық, тез ақпар жеткізушілік деңгейі – жалпы сапасы өте жоғары. Салыстыра қарағанда, 1920-1925 жылдары шыққан басылымдардан көш ілгері. Газетке Мустафа Шоқайұлы, Балғынбайұлы қ., Қожанұлы С., Дулатұлы М., Мәметұлы, Қожанұлы, Сарыбайұлы, Құлетұлы, Басықараұлы, Шәрменұлы, Майлыұлы сынды арыстар атсалысқан», - дегшен дректер келтіреді.

Үшінші,осы тақырыпта қалам тартқан шетелдік қандасымыз Денгиз Балғыным өзінің «Газет неге «Қазақ» аталады», - атты мақаласында: «1918 жылы 4 наурызда «Қазақ» газеті «Қызыл цензурадан» өтпейтін ой-пікірлер жариялайтындығы үшін большевиктер тарапынан тыйым салынып, Орынбор қаласындағы редакция жабылды. Бұдан кейін «Қазақ» газетінің негізгі бағытына қосылмайтын басылым қызметкерлері «Үш жүз» социалистік саяси партия құрып, Ташкент қаласына осы аттас газет шығарады. Бұл газеттің редакторы Көлбей Тоғысов болды. Ал «Үш жүзге» қосылмаған «Қазақтың» қызметкерлері бағыттарын жалғастыру үшін «Бірлік туы» газетін шығарып, соның маңына топтасты. Бұл газеттің редакторы болып Қожанұлы Сұлтанбек, Шоқай Мустафа, Болғанбай Қайретдин қызмет етті», - деп қысқа қайырады.

«Алаш» 1916 жыл ы 26 қарашадан бастап 1917 жылдың ортасына шейін, Ташкент қаласында аптасына бір рет шыққан. Редакторы Көлбай Тоғысов, шығарущысы Мәриям Тоғысова. «Туркестанский курьер» баспаханасында басылып тұрған. Газеттің шығуы жайында «Алаш» газетінің алғашқы санында: «Россия қарамағындағы елдердің бірі болу үшін қазақ халқының шешетін мәселелері көшпелілік пен отырықшылық, оқу-ағарту ісін жөнге қою, мем лекеттік Думаға катысу, сот ісін жөндеу, әйел мәселесін көтеру, елдің тұрмыс-хәлін түзету» деген. Міне,газеттің негізінен осы мәселелері көтергенін ондағы басылған мақалалардан байқауға болады. Қ. Тоғысов «Жоғалсын Романовтар» деген мақаласында 300 жыл Россияны билеген Романовтар туралы айта келіп, әр халық өз алдына егеменді ел, демркратиялық керек деген. Газетте Т.Жанбатаевтің «Бізге нелер керек?» деген мақаласында қазақ жастарын оқуға, мәдениетке, қазақ елін мәдениетті ел қатарына жеткізу үшін еңбек етуге шақырған. Т. Жомартбаевтің «Достыққа достық парыз, іс, душпаныңа әділ болу» деген мақаласында елді мәдениетті болуға, ол үшін оқу-білімге шақырған. Абайдың нақыл сөздерін келтірген. «Ояну керек» деген мақалада артта қалған қазақ елінің оқуға, өнер-білімге жетілу үшін жастарды оқыту, қала болып, отырықшылыққа көшу, Мемлекеттік Дамуға депутат сайлау керектігін жазған. «Гүл шашамыз» деген мақалада уақытша үкіметте елге бостандық әкеледі деп түсіндіріп, елді бостандықты қорғауға шақырған. «Көкшетауда бостандық тууы» деген мақалада қазақ елінің Рессейге бағынғаннан бергі жағдайына тоқтала отырып, патшаүкіметі құлады деп, енді оқуға, өнер-білімге ұмытылуға, жабылып қалған мектептерді қайтадан ашуға үндейді. С. Дөнентаев «Азаттық күні» деген өлеңін қазақ халқының патша құлдығынан босағанына арнаған.

Газет бетінде әйел теңдігі жайында көптеген мақала, әңгіме, өлеңдер бар. А.Баржақсин «Жанды мәселе» деген мақаласында әйел мәселесіне тоқтала отырып, әйелдің қиналғанда жолдас екендігін, адам – ата, һауа – ана туралы аңыз-әңгіме келтіреді. «Жібекті түтпесе жүн болады, қызды тәрбиелемесе күң болады» әйелдер тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. «Қайғылы қыздың зары» деген өлеңінде бас бостандығын аңсаған қыздың аянышты хәлі суреттелген. Б.Майлин «Не қымбат?» деген өлеңінде әйел теңдігі туралы айта келіп, «қыздың кедейге – мал, байға – қызық» екендігін әшкерлеген. «Алаш» газетін бастырушы Мәриям Тоғысова болуы сол кезде қазақ әйелдерінің ояна бастауының бір белгісі болса, газет беттерінде бірнеше әйел қалам тербегенін де байқаймыз. «Қыз баланың зары» деген өлеңінде жас буынға білім, тәрбие беру үшін ананың өзі білімді, тәрбиелі болуы керектігін жазған. Газет бетінде белгілі ақын-жазушылардың алғашқы өлеңдері мен әңгімелері басылған. Б.Майлин, Ж.Аймауытов пен М.Әуезов студент кездерінде жазған мақаласы кездеседі.

1917 жылғы 22 санынан бастап «Алаш» газетінің редакторы Түзел Жаңбаев болғаны туралы, «Алаш» газетіндегі Жанбатаевтың «Оқушыларға өтініш» деген мақаласында Қ. Тоғысыновтың халық мәжілісіне, Петербордағы шаруалар съезіне уәкіл болып сайланғаны хабарланған, газеттің 22 саны сақталған. Петербордағы Салтыков Щедрин атындағы кітапханада газеттің 22саны сақталған.

"Жас азамат" газеті - «Қазақтың ұлттық баспасөз тарихында елеулі орны бар «Қазақ» газетінің бағытын жалпы жұртқа мәшһүр етуге жәрдемдескен, азаматтық ой-саны ілгерілетуге септігі тиген, ұлт тәуелсіздігін жоқтап, отаршылдық езгіге қарсы тұрған қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси газеті.

Қазақ жастар баспасөзінің төлбасы – «Жас азамат» газеті 1918 жылдың сәүір айында барлық жастар ұйымдарын біріктіріп, басын қосқан «Жас азамат» ұйымының органы болып есептеледі. Бұл біріккен ұйымның төрағасы – Байділда Мырзаұлы, басқарма мүшелері С. Сәдуақасұлы, М. Сейітұлы, Т. Досымбекқызы, Ә. Бәйділдәұлы сияқты қазақтың біртуар ұл-қыздары болатын. Ол осы ұйымның тілі – «Жас азамат» газетінің редакторы Қ.Кеменгерұлы еді.

Бұл саяси-қоғамдық, экономикалық басылымның алғашқы нөмірі 1918 жылы 30 шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрген. Сөйтіп, «Жас азамат» газетінің алғашқы нөмірі «Жас тілек» атты бас мақаламен ашылған. Онда «Жас азаматтың» мақсат мүддесі көрсетіледі: «Өмір тәжірибесінің білім аздығының кемдігіне қарамай, төрт түлігі сайланбай «Жас азамат» тәүекел кемесіне мініп, тұрмыстың таласатын, күресетін майданына шықты. Келешектің қараңғылығы, саяси-ахуалдың күн сайын құбылуы, қалың өрттей, кеселді дерттей, апаты күшті күндердің тууы, дүниеде болу-болмауы, әлінің майданға қойылуы ұлттың өмірлі хуқықтары аяқ астына тапталып, зорлықтың қан соруы «Жас азаматтың» үстіне ауыр жүк салып отыр. Қоғамдасып, қолтықтасып, күш беріп ауыр жүкті тиісті орнына жеткізу – жастардың бас міндеті, үлкен борышы. «Жас азаматтың» алтын идеалы, әүлие мақсұты, негізгі жолы – ұлт босандығы, ұлт теңдігі».

Өздерінің осындай ұйым құрып, газет шығару сырын оқырмандарына жолдаған «Ашық хатында» осы ұйымның кіндік комитеті: «Ел көп тобырдың ортасында аяқ-асты бас қосайық деген пікір туып еді. Бұл пікірді туғызған – көкті қаптаған қара бұлт бөлшеуик дауылы еді. Бұл дауылдан қырғыз- қазақ елін шамамыз келгенше тарих алдында кіеәсіз болармыз, өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде боламыз деген мақсұт та еді», - деп түсіндіреді. Шындығында бұл дауылдан «Жас азамат» ұйымы да, оның үні «Жас азамат» газеті де құрбансыз құтылған жоқ. Бұл туралы кезінде С.Сейфулин: «Жалғыз-ақ аз болсын, көп болсын, қолынан келгенше қайрат көрсетіп жатқан Алашорданың жастары екені газеттерден көрінеді. Алашорданың жастар ұйымы барлық Қазақстанның ұлтшыл жастарына нұсқа беріп, Қызылжарда «Жас азамат» газетін шығарып жатыр, - деген мақаласында орыс тілінднгі бір басылымның оқушылары болмағандықтан қазақтын бір газеті мен біржурналы жабылып қалыпты деген жалған хабарына қарсы: «Бұл хабар бекер: «Жас азамат» күні бүгінге шейін шығып отыр. Қаржы жағынан кемдік көріп, тоқтай ма деген кірбің болып еді. Енді тоқталмас дейміз. Өйткені, Омбы жастары әдебиет кешіненмың сом, Семей жастары 5000 мың сомдай көмек жіберіп отыр. Тағы сондай көтермелеушілер табылатын көрінеді», - деп тойтарыс берген. Жоғарыда «Жас азаматтың» бірінші нөмірінде оның мақсат-мүддесін білдірген «Жас тілек» деген мақала жарияланды дедік. Бұдан баска газеттің осы нөмірінде Омбыдағы Алаш партиясы бас комитетінің «Алаш азаматтарына!» деген ашық хаттары басылған. Онда ел ағалары соңдарына ерген жастарға: «Алаш орда тігілді, ақ тау көтерілді. Енді әркім шамасына қарай ұлтына қызмет қылуы тиіс», - деп отырып, «Жастар! Атқа мін! Басқа ұлттар көрсін!», - деп ұран тастады. Мұндағы келесі бір азулы мақала «Бүлдіргеннен бүлдіргі алма»,- деп аталады. Авторы «Ел баласы». – Ол: Большевиктер орыс зиялары мен жұмыскер – қарашекпенділердің жүк түседі, бұл ауру бізге жұғып жүрмесін», - деген ой айтып, елді бірлікке шақырады. Бұдан басқа газетте елдің ішкі, сыртқы жағдайымен қатар шет ел жаңалықтары да жиі жарияланып тұрған.

Басылымда жер мәселесіне көп көңіл бөлінген. Мәселен, «Қазақ жері» деген мақалада «Қазақ жерін Рессей – сүлік сорды. Болшеуик көп нәрсе істеген жоқ, бірақ қазақты түгел кедейлендіріп, орысты жібермекке бел буды»,- деген жолдар арқылы халықтың көңілін нақты мәселеге аударса, «Өлген тірілмекші» деген екінші бар мақалада «Қазақ жерінің бір кезде әзірейліболған переселен мекемесі қайтадан тіріледі деген қауесет бар»,- дей отырып бүйте берсек жер бетінен ұлт ретінде жойылып кетуи қауіп бар, сонда одан құтылудың жолы қандай болмақ деп отаршылдықтың бұғауынан босаудың жөн жобасын жазады.

«Жас азаматтағы» енді бір топ мақала жаңа өкімет, саясат ісіне арналған. Мысалы, большевиктердің іс-қимылы, қарапайым халықпен екі арадағы қарым-қатынас туралы Байдідә Мырзалыұлы мен Ғабділә Назайбекұлы өздерінің «Бұны не дейміз?» атты мақаласында: «Жетісу жағында болшеуиктер қазақ болсын, қазақ – орыс болсын қойдай қырып, қанын судай ағызып жатыр. Ең аяғы емшектерге нәресте балалары мылтықтың ұшына шаншып, қанын ағызып жатқанда, біз қолымыздағы болшеуиктерді еркелетіп отырған жөніміз қалай?..», - деп халыққа сұрау салады. Осыған орай авторы көрсетілмеген «Саясат күйі» атты мақалада Ресейдегі уақытша үкімет пен Алаш Орда арасындағы мәселелер сөз болса, екінші бір мақалада «Уфада «Учредительное собрание» мүшелері мен социал-революция партиясы кіндік комитеті мүшелерінің абақтыға жабалғаны» ай тылып, алаңдаушылық білдірілген.

Осындай қиын-қыстау кезеңдегі қазақ қоғамының жағдайын, саясат сахнасындағы теңсіз күрес жайлы «Жас азаматтың» бетінде М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі, М. Дулатовтың «Алаш құрбаны», «Бір керекті нәрсе, «Жазушылар» (авторы-Смағұл Баекебайұлы), «Қағаз ақша», «Көлбай, Шәймерден қашып шықты», «Біздің ұлтшылдар» деген сияқты түрлі жанрдағы материалдарда сол кездегі шындықты айна-қатесіз көрсететін бұлтартпас фактілер бар.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3002. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия