Студопедия — Ташкентте шығарылған қазақ басылымдары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ташкентте шығарылған қазақ басылымдары






XX ғасыр басы қазақ даласында да қат-қабат өзгерістер кезеңі болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың өршуінен болған күйзеліс, азаттық көтерілістер, патша үкіметінің құлауы, Уақытша үкіметтің билікке келуі, "Алаш" автономиясының құрылуы, осы саяси дүмпулер 1917 жылғы күздегі Қазан төңкерісіне алып келді. Петроградта болған зор саяси төңкеріс бұрынғы Ресей империясының кең аумағының түкпір-түкпіріне жайыла бастады. Кеңес өкіметі елді басқару үшін алдымен жергілікті аймақтардағы ұлттық мәселеге, баспасөзді дамытуға баса көңіл бөлді.

Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытша өкіметтің тұсында қазақ жерінде де облыстық, уездік комитеттері құрылғаны мәлім. Мысалы, Ақмолада кұрылған осындай "Қазақ" комитетінің құрамында С. Сейфуллин де болған. Бұл комитет сол кезде бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен.босату, олардың орнына жұмысшы кедейлерді іске тарту, дінмен күрес және қазақ әйелдеріне бостандық әперу сияқты төңкерісшіл шараларды жүзеге асырумен айналысқан.

Осы комитеттің қасынан Сәкен 1917 жылдың сәуір айында "Жас қазақ" ұйымын құрды. Оның мүшелері алғашқы кезде 40-50-ден аспаса, кейін көбейе түсті.

Бұл ұйымның мақсаты — халық арасына заң, білім тарату, жаңа саясат істеріне қатысу болып табылады. Ол ұйымның жарғысынан: "Жас қазақ" Ресейдің ең дұрыс жобалы төңкерісшіл (революцияшыл) партиясымен қатар майданға шығады. Онан соң Ресейдің құрама (федеративная) республика болуын қуаттайды" деген жолдарды оқуға болар еді.

Алайда "Жас қазақ" үйымының ең басты қызметі деп біздер олардың мүшелік жарнадан және елден жиналған қаражатпен қазақ баспаханасын құрып, 1917-1918 жылдары "Айна" деген журналдың бір санын, "Тіршілік" деп аталатын газеттің бірінші нөмірін шығарды.

Шығыс Қазақстанда 1918 жылы 10 сәуірден бастап "Голос Алтая" газетін, Орынборда 1918 жылдың 3 сәуірінен "Қазақ мұңы" газетін, Жетісуда 1918 жылы 8 наурызда "Заря свободы" газетін шығару қолға алынды. Мұнан кейін де "Мұғалім" (1919), "Қазақ тілі" (1919), ревком органы "¥шқын" (1919) атты басылымдар оқырманға жол тартты. Бұл аталған газет-журналдар негізінен Кеңестік саясатты жүргізуде басты құралға айналды. Дегенмен де кейбір басылым беттерінде ("Дұрыстық жолы", "Қазақ тілі") қазақ халқының мүддесін басым қорғаған жарияланымдар басылды.

Қазан төңкерісінен кейін "Қазақ", "Алаш", "Сарыарқа", "Бірлік туы", "Жас азамат" газеттері мен "Абай" журналы ұлтшылдық туын көтерген басылымдар ретінде айыпталып, большевиктердің күшімен біртіндеп жабыла бастады. Олардың орнына жер-жерде Кеңес өкіметінің саясатын жүргізетін мерзімді басылымдар бірінен соң бірі шығып жатты. Алашорда үкіметі таратылды. Қазақ даласыңда бар билікті Кеңес өкіметі өз қолына алды. Дәл осы кезде қазақ зиялыларының алдында екі түрлі жол тұрды. Бірі - саясаттан мүлдем іргені аулақ салу да, екіншісі - жаңа саясатпен айналыса жүріп панасыз әрі көшбасшысыз қалған ұлт болашағына қызмет ету Осы орайда ғалым Т. Кәкішевтің дерегіне сүйенер болсақ, Алаштың ардақ тұтқан азаматтарының көпшілігі 1919 жылы 5 сәуірдегі өкіметтің "кешірімімен" екінші жолға түсуге мэжбүр болады. Бұл туралы М.Әуезов өзінің "Қазақ оқығандарына ашық хатында" айқын жазды: "Қазақ оқығаны екі жарылатын замандар әлі туған жоқ... Қазіргі күнде қай қалада болса да мекеме атаулыда үйіліп, қақтығып, арызын жеткізе алмай көзін сүзіп жүрген қазақ көп. Өзге уақыттардан осы күнде олардың арыздары, мұңдары тіпті көп... Сонымен бүгінгі мекеме атаулыда бос қалып жүрген қазақтардың мұң-мұқтажын орындау керек. Қашып, бұғудың ешбір себебі жоқ. Қазақ оқығанының Совет үкіметіне істеген ешбір жазығы жоқ. Совет үкіметі үлкен жазығы бар адамдарды да қатарына кіргізіп пайдалы қызметімді істеймін десе, қумайды.

Егер қазақ оқығандары Совет үкіметінің қабағынан қорқып қашса, айтатын сөзіміз осы; оқығанның қайсысы болса да азғантай пайда келтіре аларлығы болса, тезінен қала-қалаға келіп қызметке кіруі керек". Сөйтіп ол өзінің ашық хатында төңкерістен кейінгі қазақ жайлы көрсетіп қана қоймайды, барша оқығандарды қиын-қыстау сәтте бірлікке, ынтымаққа шақырады. "Кеңес үкіметі" деп тұрып, қалың қазақ елінің, тұтас қазақ ұлтының қамын ойлауға тура келетін заман туғандығын жеткізеді. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Смағұл Садуақасұлы, Хайретдин Болғанбайұлы Сұлтанбек Қожанұлы т.б. алғашқылар болып сол жолға түсті де, төңкерістен кейін шыққан газеттер төңірегіне топтасып, ұлт болашағы үшін қызметке кірісіп кетті. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында шыққан басылымдардың бәрі де большевиктік жолға түсті, партиялық нұсқауларды жүзеге асыруды мақсат тұтты. Олардың негізгі мақсаты - қазақ халқына кеңес өкіметінің саясатын түсіндіру, партия сөзін жеткізу болды. Ұлтты ойландырып-толғандыратын көптеген проблемалар, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің озық үлгілерін насихаттау екінші кезекке сырылып тасталды.

Кеңес мемлекетінің басшысы В.И.Ленин Қазақстанды полиграфиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне тікелей араласты. Ол 1920 жылдың 4 маусымында В.В.Воровскийге жазған хатында: "Қырғыз жолдастар әріп құйғыш, баспахана және қағаз алуға көмек сұрайды. Оларды қабылдап, барынша көмектесуді өте-мөте сұраймын", - деп жазды.

1925 жылы қазақ газеттерінің саны он екіге дейін өсті. Журналдар ("Қызыл Қазақстан", "Пионер", "Таң" т.б.) жарық көрді. Қырғыз мемлекеттік баспасы тек бір жылдың ішінде ғана қазақ тілінде 200-ге тарта әр түрлі кітаптар мен кітапшалар шығарды". 1921 жылы Орынборда "Еңбекші Қазақ" (қазіргі "Социалистік Қазақстан"), 1922 жылы "Жас қайрат" (қазіргі "Лениншіл жас") газеттері, "Әйел теңдігі" (қазіргі "Қазақстан әйелдері") журналы шықты. Сондай-ақ Ақмола, Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Ақтөбе, Қостанай т.б. қалаларда қазақ тілінде газеттер шыға бастады. Қазақстанның өзіндік полиграфиялық базасы қалыптасып, газет-журналдар саны өсе түсті. Алғашқы жылдарда шыққан газет-журналдар қатары "Ақ жол" (1920-1925), "Актюбинский вестник" (1918), "Ауыл" (1923-1930), "Беднота" (1920-1921), "Бой за коммунизм" (1919-1920), "Болыпевик" (1920-1921), "Бостандық туы" (1921-1928), "Бұқара" (1920-1921), "Бухтарминская жизнь" (1921), "Вестник Семиреченского трудового народа" (1919), "Власть труда" (1921-1922), 'Вольное слово" (1918), "Вперед" (1924) т.б. басылымдармен молықты. Бұл газет-журналдардың бәріне тән ерекшелік - олар "партиялық басылымдар" деген ат алды. Қазақ даласында "партиялық баспасөз", "партиялық публицистика" деген ұғымдар қалыптаса бастады.

Кеңестік дәуірдің 20-шы, 30-шы жылдарындағы қазақ публицистикасы негізінен үш бағытта дамып, өркендеді:

· Біріншісі - Кеңестік саясаттың күшті ықпалының нәтижесінде дамыған қоғамдық-саяси бағыт. Бұл бағыттың көшбасында тұрған - қайраткер Сәкен Сейфуллин.

· Екінші бағыт - қазақ халқының ауыз әдебиетінің кәусарынан қанып ішкен, кестелі де шұрайлы қазақ тілінің байлығы мен әуезділігін қатар астастырған көркемдік бағыт. Бұл бағытта тұтас мектебін қалыптастырып кеткен - шебер публицист Ж Аймауытов.

· Үшінші бағыт - қоғамдағы келеңсіз жайттардың бет-пердесін ашып берген сыншылдық, сатиралық бағыт. Осы бағытта заманында өндірте жазған, кеңестік қоғамның көлеңкелі жақтарын юмор мен сатираны қолдана отырып, айқын көрсетіп берген - Бейімбет Майлин.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1611. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия