Студопедия — Ілияс өлеңдеріндегі уақыт бояулары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ілияс өлеңдеріндегі уақыт бояулары






Әбділда Тәжібаев Ілияс поэзиясы жөнінде төмендегідей тұжырым ұстанады: «Біздің байқауымызша, мүмкін үстірт те болар, Ілияс Жансүгіров лирикалары үш басқышқа бөлінеді, әрине шартты түрде: Бірінші басқыш - Ілиястың әлі өзін таппаған, өзгелерге көбірек ұқсайтын тұсы. Екінші басқыш - Ілиястың өзін-өзі таба бастаған, бірақ ақындық мәдениеті жетіспегендіктен өлеңдерінің әрі шұбарлаң, әрі шұбар тұсы. Үшінші басқыш- Ілиястың жас жағынан да, өнерлілік жағынан да толыққан, өлеңінің түрі мен мазмұнын келістіре тауып, лирикалық жырларына эпикалық қуат берген тұсы.

Ақынның алғашқы ізденістерінің бірі «Күзгі гүлге» (1912ж.) деп аталады. Күзді адам көңілінің қамығу, торығу сәтіне сәйкес толғау (суреттеу емес) халық әдебиетінде бар тәсіл. Ілияста суреттеу, астарлау бар. Табиғатпен тілдесіп өскен қыр баласының көңіл-күйі мен күз кейпіндегі көрініс астасып жатыр. Гүл - ежелден нәзіктіктің, адалдықтың, әдеміліктің символы. Ақын гүл арқылы табиғаттағы өсіп-өну, өзгеру процестерін лирикалық кейіпкердің ой өзегінен өткізеді.

1915 жылы жазылған «Бұлбұл» деген өлеңінен тынысы кең, екпіні ерекше, сөзді түйдек-түйдек тастайтын ақынды танимыз.

«Сайрадың құйқылжытып, құбылжытып,

Тамсандым, таңдайымның суын жұтып.

Толқытып, толықсытып, емірентіп,

Қиқуға қызықтырдың, қылдың ынтық».

Осы жолдарды оқығанда шапқан сайын өршеленетін қас жүйрік көзіңе елестейді. Өлең барған сайын ағылып, екпіндеп, нәрлене береді, қуаттана түседі, өзінен өзі дыбыс ырғағын тудырып, тамаша музыкаға айналады.

Ілияс поэзиясы бір толқынды бір толқын кимелеп, кең айдында қосылғанша өрекпіп тыным таппайтын тау өзендерінің тасқыны тәрізді. Ілияс өлеңдеріндегі жолдар да бірін-бірі бастырмалатып, бірін-бірі асықтырып, бірін-бірі екпіндетіп ала жөнеледі. Ішкі ұйқастармен шебер өрілген өлең жолдары жүрекке жылы тиіп, ойға орнығып қалады.

Ілияс ақындығының алға нық қадам басуына Абай өлеңдері өз әсерін тигізді. «Абайдың кітабы қолыма 1916 жылы түсті. Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзім де біртүрлі сергектік, сілкініс, жүрегім де жаңалық сезгендей болды. Жазуға талабым оянды. Келсе де, келмесе де шұқылап, өмірді өлең кыла бастадым... Тақырыпқа да, түрге де Абай түрінде қызықтым»,- дейді. «Бұлбұлға», «Әншіге», «Қалпымыз», «Тілек», «Өзіме», «Көңілдің жүгірісі», «Жанды сөз», «Алдымда» деген өлеңдері Ілиястың ақындық өрісі мен аяқ алысының қалыптасқанын байқатады. Бұл кезең – жас Ілияс өмірге қызығып, ішіндегі ақындық өнерін төге бастаған шақ. Жас Ілиястың шығармалары өте таза, сылдырлап аққан бұлақ суындай. Көбінесе жаратылыстың түрлі-түрлі әдемі құбылыстарын, құстардың, жәндіктердің көріністерін, дауыстарын суреттейді. Өмірге жаңа аяқ басқан жас Ілияс қоршаған табиғатты, өмірді өлеңдеріне арқау еткен. Бұл кездегі ақын шығармаларының негізгі сарыны ағартушылық, сыншыл реализм бағытында болған, ал өлең үлгісі жағынан үйренген мектебі, алған өнегесі - Абай поэзиясы.

«Жаңа әдебиет» журналының 1931 жылғы 6-7 санында жарияланған мақаласында Ілияс Жансүгіров: «Мен қалам жұмысына 20 жылдан бастап араласа бастадым. Одан бұрын жазуға қызу ынталану, күшті ақын-жазушылардың жазғандарына еліктеу, оларды жаттау, ауызша айту, газет-журналдардағы сөзге бүйір қызу сияқтылар болса да баянды, байыпты емес, өнер емес еді»,- деп жазыпты. Өзі айтқандай ақын шығармашылығындағы үлкен бетбұрыс «Арыным» өлеңі жазылған 1920 жылдардан басталады:

Алқынамын, басылмайды арыным.

Тау селіндей екпін, қайрат, сарыным,

Жарлы-жалшы, жақыбайды жарылқау

Жандағы ауру, жүректегі жалыным....

Бұл жылдар ақын Ілиястың енді лапылдап, қанат қомдаған бүркітше, алғашқы жыр мен өлеңдер бұлағын ағыта бастаған шағы еді.

Қара бұлт бұраң бұлықсып,

Қара інген тауды қапсаған, -

дейді. Ақын өлеңін оқығанда, оның әр сөзіне жете мән бере, түсіне оқуымыз керек. Мәселен, «қара інген тауды қапсаған» және «томсарды қасы қапсағай» деген жолдар бар, осындағы «қапсаған» және «қапсағай» сөздері әр түрлі мағынада қолданылған жеке сөздер. Алғашқы «қара інген тауды қапсаған» дегені, інген тауды бөксерлеп, қаптап жайылып жатыр деген сөздердің орнына қолданылған. «Тобылғы торы құнандай, Томсарды қасы қапсағай» дегендегісі - ақынның поэтикалық тіліндегі сөз саптауындағы теңеу, яғни қапсағай қас - қаптаған қас. Шынайы өнер адамында жаттандылық болмайды. Ол бір ізбен, бір қалыппен жүре бермейді де, ізденіп, өзіндік өрнек табады.

Қазақ ортасында өлең өнері ертеден-ақ ерекше орын алды десек, табиғатты жырлау кенже қалған тақырыптардың бірі. Ілияс мұны сезінбеуі мүмкін емес. Сезінді де, осы тақырыпқа ерекше ден қойды. Ілиястың табиғат лирикасына орай жазылған қай өлеңін алып қарасаңыз да, ондағы стил өрнегі, суреткерлік дара тұлғасы айқындалып тұрады.

Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,

Босаға, маңдайша мен табалдырық,

Кереге алты жапсар, алпыс уық,

Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.

Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,

Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,

Он бес бау ішкі-сыртқы белдеу, желбау,

Тұскиіз көрпе, көпшік, шай шымылдық

Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,

Алаша, бешпет, көйлек, сәлі бөрік,

Самаурын, үстел кесе, шәйнек, шәугім,

Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік...

Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған. Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа серпін, жаңа үрдіс.

«Жетісу суреттері» өлеңі Ілиястың ең айшықты шығармаларының бірі. Өз тұрғысында М.Әуезов бұл шығарманы бағалап, былай деген еді: «Мен Ілиясты бұрын білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін» дейді. «Жетісу суретінде» ақын 52 тіршілік иелерін атап өтеді. Аңдар: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр шибөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат таутеке, арқар, қарақұйрық, суыр, марал т.б. Жыртқыш құстар: тазқара, балтажұмар, құмай жұртшы, су бүркіт, лашын, тұйған, тұнжыр, тынар, мықи, ителгі, бәрпі, қырғи, тұрымтай, бидайық, бүркіт, тығанақ тағы басқа да құстар мен қазірде ұмыт болған ағаш-шөптердің атаулары өлеңде ерекше жарасым тауып, табиғи түрде орын тепкен.

Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,

Ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар.

Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,

Үйеңкі, сырғай, балғын, тораңғылар,

Сарыағаш, түйеқұйрық бауыр құрттар,

Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік,

Сықылды ағаштардың талайы бар...»-деп, Жетісудың бай, шүйгін табиғатын жырға қосады. Тегінде, «Жетісу суреттері», «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетсудағы су суреті», «Жетсу жәндігі», «Жер түгі»,тәрізді бес бөлімнен, 333 жолдан тұратын көлемді туынды. Бұл шығарма асқан шебердің қолынан шыққан, құлпырып жайнаған, ерекше пафоспен жазылған қазақ поэзиясындағы еш қаталанбас құнды поэзиялық мұра.

1923-1925 жылдары ақын Ілияс Жансүгіровтің ғажайып өсу кезеңі болды. Осы жылдары «Мезгіл суреттері», «Жайлау», «Көктемде», «Бұлақ бойында», «Лермонтов» өлеңдерін жазып, ақындық қуатының қарымын көрсетті, ақын шығармашылығындағы жаңа леп, жаңа мазмұнмен бірге тақырып байлығы, жанрлық түрлену, өзіндік өрнек, шығармашылық шырқау биікке шарықтау байқалады. Ілияс өлеңдері Жетісудың ғажайып өлкесі сияқты. Онда аспанмен таласқан мұнарлы шыңдар да, құламалы құздар да, тас арасынан тасқындап атылып жатқан тау бұлақтары да бар. Ілиястың өскен ортасы ақын-жыршыларға толы болды. Солардың ішінде, әсірісе, Әсет өлеңдеріне ерекше көңіл бөлді. Әсет ақындығына табынып «Тұңғыш тоғысу» атты шағын балладасын жазды.Елуден астам өлеңдерін баспа бетіне даярлайды. Осылай бірер жылдың ішінде халқына танымал ақын, тамаша журналист, белді қоғам қайраткері болып қалыптасады.

1926 жылы «Күнгей» өлеңін жазады. Күнгей - таудың күннің нұры түсетін бір беткейі. Осы бір әсем құбылысты автор ақындық үлкен сезіммен оқырманына жеткізе алған. Өлеңде эстетикалық қуат басым.

Кәрі асқар мәңгі меңіреу, ежелгі құз,

Томсарып жатыр әлі жамылып мұз.

Жел қуып, қара тұман қақ жарылып,

Асқарға шыға келді күліп бір қыз.

Көз алдымызға тамаша картина тұтастай тұра қалады. Тыныш жатқан марғау табиғатқа жан бітті, қозғалысқа түсті. Бұл жерде желдің қара тұманды қууы мен қара тұманның қақ жарылып, асқардан бір қыздың күліп шыға келуі тұтастай бейне, сол бейнеліліктің нәтижесінде табиғаттың тамаша суреті жан біткендей сұлулана, құлпыра түседі. Әр сөз, әр тармақ өзара бір-біріне жарығын түсіріп, көркемдік-эстетикалық қызмет атқарып тұр. Ешқандай әсірелеу жоқ. Тау арасында жасырынып тұрған әсем көрініс жарқ етіп сыртқа шықты. Ақынға жүгінейік:

Отты көз ойнақтаған, алма албырт бет.

Шыққанда қалып едік күн екен деп.

Жоқ күн емес, халықтың жаңылғаны,

Бұл сұлу күннің күні күнгей еді.

Табиғатты жандандыру күшіне енді. Күнгей — сұлу қыз бейнесінде алынып тұр. Осы әдісті Ілияс 1930 жылы жазған «Бәйшешекпен безенген» өлеңінде қайталайды. Қыр гүлі бәйшешекті қыз бейнесінде алады. Ақын табиғатқа еркелей үн қатып, адамша сырласады. Өзінің шат көңілін табиғатты елжірей сүйген жүректің нұрлы сезімі арқылы білдіреді.

Ілияс поэзиясы табиғаттың өзіндей еркін, өзіндей жас қалпында барған сайын жарқырап нұрланады. Ілияс поэзиясында драматизм, лирика, ой, тарихи толғаныстар бас қосып, бөлінбейтін тұтас бір бөлшекке айналып, бірігіп кетеді. Мұндай сан қырлы шеберлердің әдебиет тарихында сирек кездесетіні белгілі.

Ақынның поэзия саласында шыққан биігі -1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне шыққан «Гималай» өлеңі.Ақын бұл өлеңін Үндістанда болған оқиғаға арнап жазған. Бірақ өлең жеке бір оқиғаға үн қосу ғана емес. Онда жинақтаушылық сипат бар. Ақын Гималай бейнесінде отаршылдық тұрмыстың тақсіретін тартқан Шығыстың, яғни оның өз сөзімен айтқанда «Жиһангер жайлаған Шығыстың» сипатын, сондағы халықтың тағдырын суреттейді. Өлең осындай терең мазмұндылығымен бірге айырықша көркем де. Ақынның Гималай тауын - көктің кіндігі, жердің түндігі деп суреттеп, халықтың ұлылығын соған ұқсатуы зор шеберлікті танытады. Өлеңнің өзгеше, тегеурінді ырғағынан да халықтың каһар-күші, қайрат-қажыры сезіліп тұғандай.

«Гималай» - Ілиястың айрықша айшықты, әдемі, мазмұны мен түрі қиысқан, төрт тақтасы түгел жатық, тыңнан ойғандай тұтас, қорытып құйғандай сом, кесек шыққан көркем туындысы. Оның идеясы – терең, нақ, шын өмірлік идея. Оның екпіні мен әуені табиғи сезімнен туған, нағыз толқыған ақын жанын жарып шыққан.

І.Жансүгіровтің қоғамдық қайраткерлігі оның ақындық еңсесін басқан жоқ, қайта көтере, биіктете түсті. Оның өмірге көзқарасы, дүние тануы кеңейген сайын шабыты да шарықтап, өлеңшіл құдіреті арта түсті. Кеңес өкіметінің нығаюы, ауылды коллективтендіру жемістері, алғашқы бесжылдық жеңістері, қазақ елінің өнеркәсіпті, өнерлі, сауатты елге айналуы, халықтар достығының салтанат құруы ақынға қанат бітіріп, оның барша шығармашылығының қайнар көзі болды.

«Кең далам, кемеліңе келген далам,

Гүлденген шат-шадыман елмен, далам!

Жадырап жаз өмірдің күні астында,

Жамырап жайраңдасып өрген, далам!»-

деп, шаттық жырын жырлаған Ілияс туған халқының кешегісі мен бүгінгісін ой елегінен өткізіп, үлкен жырға, кесек дастандарға қалам сілтейді.

Ілиястың қолтаңбасын да ешкіммен шатастырмаймыз: терең асқақ сарынды, от-жалынды, өткір тілді, тотының түгіндей көркем суретті. Профессор Б.Кенжебаев Ілияс жайлы мақаласында поэзиясынан үш үлкен қасиетті бөліп айтыпты. Соның біріншісі- ақын шығармаларының бір кездегі негізгі тақырыбы ән-күй, көркем өнер мәселесі «Бұлбұлға», «Әншіге», «Жас бұлбұлдарға», «Әнші», «Тұңғыш тоғысу», «Лермонтов», «Домбыра» т.б

Ілиястың профессор Б.Кенжебаев түстеп-таңбалап беретін екінші қасиеті: оның өресі биік, өрісі кең, жарастыны қалт жібермей сезетіні, көңілге түйіп, келелі ой - пікір қозғайтын кемелділігі, айтарын ажарлап көрсетуге бояу, әшекей таба білетін суретшілігі.

Ілияс лирикада да, эпикада да терең ойдың, үлкен сезімнің, ұшқыр қиялдың ақыны болумен бірге, сөзді жалаң айтпайтын, әр әрекет, қимылды, мінезді, құбылысты образға бөлеп, жұтынып тұрған сырлы да сұлу, бай мазмұнды сурет салатын құдіретті ақын болды. Ол әрқашан ақын жүрегін жарып шығатын шын сезімді, нақты қаймағы туырылған көріністі жырлады.

Ілияс сын - сықақ өлеңдерді көп жазды. Қоғамдағы жексұрындыққа, зұлымдыққа, надандыққа, асқандық пен әдепсіздікке төзбеді. «Тапанша»,»Ала бие», «Ит- ай», «Бай- бәйбіше», «Қонақтар мен қожайын», «Некешілер», «Өк, көк өгіз», «Ықшылбай», «Келін отауында».

Тапсырма: Өз қалауы бойынша Ілиястың екі өлеңін жаттау.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2866. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия