Студопедия — KV.ВТПО.2.2 Delphi-де программалау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

KV.ВТПО.2.2 Delphi-де программалау

Оқу бағдарламасы(силлабус)

Күзгі, көктемгі семестр 2014-2015 оқу жылы

 

Лектор: Ә. Н.Нұрғұлжанова ауд. 2416, 2406 [email protected]

Дәрістемелік сабақтардың өту уақыты тіркеу бөлімінің жеке кестесіндегі жазба бойынша

Зертаханалық сабақтардың өту уақыты: сабақ кестесі бойынша

Оқу материалы: «Delphi-де программалау» пәні 5 модульден тұрады:

1) «Объектілі-бағдарланған визуальді программалау»;

2) «Delphi визуальді объектілі- бағдарланған тілінің жүйесі»;

3) «Delphi программасының кітапханасындағы компоненттерге шолу»;

4) «Windows-ке арналған қосымша программаларды әзірлеу»;

5) «Delphi программасында мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшаларды құру».

 

Тақырып (модуль) Сағат саны
Дәрістер ТС ЗС ОЖБӨЖ БӨЖ
  Объектілі-бағдарланған визуальді программалау   -      
  Delphi визуальді объектілі- бағдарланған тілінің жүйесі   -      
  Delphi программасының кітапханасындағы компоненттерге шолу   -      
  Windows-ке арналған қосымша программаларды әзірлеу   -      
  Delphi программасында мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшаларды құру   -      
  Барлығы:   -      

Пәнді оқыту кезінде жоғарғы оқу орындарына арналған Delphi-де программалау оқулықтарына, оқу құралдарына, сол сияқты берілген әд ебиет тізіміндегі қосымша материалдарға сүйенеміз.

Курс мақсаты: «Delphi-де программалау» пәнінің мақсаты ЭЕМ-де мәліметтерді өңдеудің тиімді құралы болып табылатын программалық жабдықтаудың теориялық негіздерін және практикалық пайдалануын оқыту. Студенттерге ЭЕМ-де есептеуіш жүйелерде және желілерде программалық жабдықтауды іске асырудың принциптерін, әдістерін және құралдарын үйрету. Ақпараттық жүйелерде жобалау барысында программалық құралдарды пайдаланудың практикалық негізін қалау.

Студенттер оқу процесінде келесідей материалдарды білуі тиіс: ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтаудың түрлерін, Windows архитектурасының негіздерін, қолданбалы программаларды құрудың технологиясын және құралдарын; программалық жабдықтауды орнатуды, қазіргі кездегі қолданбалы программаларға пайдаланылатын программалау технологиясын; программалық жабдықтауды лицензиялаудың негізгі әдістерін және құралдарын, олардың даму тенденциясын; Delphi программасының негізгі мүмкіндіктерін пайдаанып, ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтауды іске асырулары қажет.

Бұл курсты жемісті игеруге арналған қажетті шарттар: «Программалау технологиясы», «Информатика», және «Алгоритмдеу және программалау технологиясы», «Ақпараттар теориясы», «Ақпараттық жүйелердің программалық құралдары» пәндері бойынша алған білімдеріне негізделеді.

Өздік жұмыс: оқытушының тапсырмасы бойынша күнделікті орындалады. Өздік жұмыс ОСӨЖ жүргізудің алдында беріледі. Уақытысында өткізілмеген жұмыс қабылданбайды және бағаланбайды.

Оқу нәтижелерін бақылау жүргізуге күнделікті үлгерімі, білімдерінің №1, 2 аралық бақылауы, емтихан кіреді.

Үлгерімге кунделікті бақылау жүргізу: оқу сабақтары кезінде жүргізіледі. Күнделікті үлгерімдерінің барлық бағалары 100 % шкала бойынша қойылады. Дәріс сабағы әр сабақта бағаланады (сабаққа қатысу – 30%, дәріс конспектісін дайындау – 50%, белсенділігі - 20%). Семинар сабақтары бойынша (сабаққа қатысу - 30%, әр тапсырманың уақытысында орындалуы - 50%, белсенділігі - 20%). Зертханалық, сабақтар бойынша әр сабақта бағаланады (сабаққа қатысу - 20%, рұқсат ету рейтингі - 10%, әр тапсырманың уақытысында орындалуы - 30%, жұмысты қорғау - 40%). Сонымен қатар студенттің уақытысында орындалған СӨОЖ жұмыстары (курстық жоба) есептелінеді. Тапсырманың орындалу графигінен кеш тапсырылуы студенттің төмен оқу үлгерімі процентін береді.

Үлгерімге аралық бақылау жүргізу: аралық бақылау оқу процессінің кестесіне байланысты екі рет өткізіледі (сегізінші және он бесінші апталарда), онда күнделікті бақылаудағы білімдері мен пайыздық үлгерімі ескеріле отырып, күнделікті үлгерімдеріне қортынды жасалады.

Рұқсат ету рейтингі: аралық бақылаулардың ортамен есептелген бағасы. Қорытынды бақылауға (емтиханға) рұқсат беру үшін білімнің 50 % құрау қажет.

Білімдеріне аралық бақылау жүргізу: Күнделікті сабақтарда қосымша ескертусіз және дайындықсыз, модульді оқып біткен соң жазбаша формада орындалады.

Емтихан: Сабақ кестесі бойынша семестр біткен соң, рұқсат ету рейтингі оң болғанда (50 %-дан кем емес) болады. Жақсы баға қойылған кезде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Егер, сіз емтиханға белгілі бір себептермен қатыса алмайтын болсаңыз, ертерек хабарлап, сіздің қатыса алмау себеіңізді растайтын құжатты беруіңіз керек. Барлық емтихандарды тапсыратын кезде өзіңізбен бірге «Сессияға жіберілді» деген тіркеу бөлімінің мөрі соғылған сынақ кітапшасы болу қажет.

Бағалар: Аралық бақылау нәтижелері жалпы бағаның 60 %-ын құрайды (оның 15 % - тәжірибелік сабақтары бойынша аудиторияда және үй жұмысына берілген есептерді шығаруға, 15 % - зертханалық жұмыстарды орындау мен қорғауға, 10 % - дәрістік сабақтардағы белсенділікке, 20 % - за өздік жұмыстар тапсырмаларын орындауға қойылады), ал қорытынды емтихан жалпы бағаның 40 %-ын құрайды.

Сіздің қорытынды бағаңыз жүз баллдық шкаламен есептеледі. Жіберілген сабақтар мен орындалмай қалған СӨЖ тапсырмалары үшін баға қосылмайды.

Курсты аяқтауға арналған соңғы мерзімдер: пән семестр бойы оқылып, сессия кезінде кесте бойынша емтихан ретінде тапсырылуы қажет. Егер сіз курсты кесте бойынша курсты аяқтап, емтихан тапсырмасаңыз, онда осы пән бойынша кредиттер сіздің транскриптіңізде ескерілмейді. Курсты аяқтау үшін сізге пәнді жеке оқып, тапсыру үшін деканның рұқсаты керек (ол үшін себепті жағдайларды растайтын сәйкес құжат болуы шарт). Себепсіз жағдайларда сізге тіркеу бөліміне барып, осы курсқа (бір кредитке бекітілген төлемақы төлеу негізінде)қайта жазлуыңыз керек.

Студенттер тәртібінің ережесі: міндетті түрде ҚазККА корпоративтік Кодексін ұстану қажет, сабақ кезінде ұялы телефондар өшіріліп, компьютерлер және басқа да қосымша құрылғылар қолданылмауы қажет.

Сабаққа қатысу: Сабақтың барлық түрлеріне міндетті түрде қатысу керек. Кешігуге болмайды, егер кешігетін болсаңыз осы сабаққа тиісті балл сізге қойылмайды.

Себепті жағдайларға байланысты сабақты жіберіп алсаңыз, курстастарыңыздан өткен сабақ материалдары бойынша кеңес алып, берілген тапсырмаларды өз бетіңізше орындауыңыз керек.

Қойылатын талаптар: әрбір сабақ кезінде өздік жұмыстар мен дискуссиялар жүргізіледі, сондықтан да сіз әрбір сабаққа дәріс материалдарын алып келіп, келесі дәріс, тәжірибе және зертханалық сабақтарға дайындалуыңыз керек. Қосымша материалдарды да оқу пайдалы болып табылады.

Дұрыс баға алу үшін сізге сабақ кезінде сәйкес тақырып бойынша конспект жазу керек, жалпы айтылатын деректерді тыңдап, ойыңыздан өткізіп, түсінбеген мәліметтер бойынша сұрақ қоюыңыз қажет. Өздік жұмыстардың тапсырмалары материалдарды бекітуге және тез әрі тиімді түрде жұмыс жасау қабілетіңізді арттыруға, дамытуға арналады.

 

Дебиет

 

1. Нургулжанова А.Н., Хабидолда Е. Бағдарламаны әзірлеудің құрал жабдықтары пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: ҚазККА, 2010. – 104б.

2. Хабидолда Е., Нургулжанова А.Н. Delphi тілінде программалау пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.– Алматы: ҚазККА, 2008. –62б.

3. Нургулжанова А.Н. Бағдарламаны әзірлеудің құрал жабдықтары. Оқу-әдістемелік құрал – Алматы: ҚазККА, 2011. – 104б.

4. Инструментальные средства разработки автоматизированных систем с применением искусственного интеллекта. Джусупов А.А. Алматы, ИИА «Айкос», 2005. 960.

5. Учебный курс Delphi 6. Фаронов В.В. М.: Издатель Молгачева С.В. 2001, 672.

6. Delphi 7 на примерах. Шпак Ю.А. Киев «Издательство ЮНИОР», 2003, 379.

7. Базы данных: от проектирования до разработки приложений. Чекалов А.П. СПб.: БХВ-Петербург. 2003, 384.

 

 

Пәннің оқу бағдарламасы (ПОБ - Силлабус) «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының отырысында талқыланған және оң шешім алған («08» қыркүйек 2014 ж. № 1 хаттама).

 

«Есептеу техникасы және

акпараттық жүйелер»

кафедрасының меңгерушісі Абенов М.М.




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Политика выставления оценок | Алматы, 2014

Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 614. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия